Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет4/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев – қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинаушы, баспа 
әдебиетіне бастырушы, жариялаушы, орыс тіліне тәржімалаушы, көне мұраны жүйеге салып
талдау жасаушы зерттеуші. 
Ә.Диваевтың мұрағатына үңілсек, оның ең алғаш қолына қалам алып, фольклорлық 
мұраны жинауы шағын жанрдан басталғанын көреміз. Мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары 
сияқты шағын жанрлар. 
Қазан төңкерісіне дейін ғалымның жинаған материалдары газет-журналдарда басылып 
отырғаны болмаса, өз алдына жеке кітап болып шыққандары аз. Тек Кеңес кезеңінде ғана жарыққа 
шыға бастады. Ол жинаған батырлар жыры 1922-23 жылдары Ташкентте тоғыз кітап болып 
басылды. 1924 жылы тұрмыс-салт өлеңдерінен құраған «Тарту» атты жинағы, ал 1926 жылы 
Қызылорда да «Балаларға тарту» жинағы шықты. 
Оның зерттеушілік эстетикасында халық поэзиясы алдыңғы кезекте тұрды. Халық 
поэзиясын үш топқа (эпикалық, лирикалық, драмалық) жіктейді де, толық мысал келтіреді.
Қ.а.ә. Диваев пікір айтып, өз ойын топшыламаған жанр жоқ десе де болғандай. Академик: 
«Бір де бір ұлт өзінің халық шығармашылығын молдығы және әр салалығымен қазақ-
қырғыздардай мақтана алмайды. Поэзияның қай саласын алмаңыз: эпикалық па, прозалық па, 
лирикалық па-сіз олардан тек көшпелі халыққа тән қасиетпен ерекшеліктерді көресіз» -деп 
қорытады. 
Қ.а.ә. жинау ісі, зерттеу кеңес дәуірі кезеңде көбірек қолға алынды. Шағын мақалалардан 
бастап, үлкен ғылыми еңбектерден кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылды. 
Қ.а.ә. зерттеуі ісіне М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Х.Жұмалиев, Н.Смирнова, 
Е.Исмайлов, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, академик А.Оралов, М.Ғабдуллин т.б. 
әдебиетшілер мен зерттеушілер қатысты.
3 дәріс. Тұрмыс-салт өлеңдері, лирикалық діни өлеңдер. 
Жоспары: 
1. Басты тұрмыс-салтқа байланысты өлең жырлар. 
2. Төрт түлік жайындағы ұлттық жанрлар. 
3. Аңшылық, мергеншілік жайындағы өлең-жырлар көркемдігі. 


4. Бесік жыры, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер, т.б. оларға тән ерекшеліктер. 
5.Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлардың маңыздылығы. 
6. Лирикалық діни ұғымдағы шығармалардың а.ә. орны. 
7. Көңіл-күйін білдіретін шығармалардың өміршеңдігі, қолданыстағы ерекшелігі. 
Орыс халқының ұлы жазушысы М.Горький: «Халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-
тіршілігін, күйін, әдет-ғұрпын жақсылап зерттейміз десек, оны дұрыстап түсінеміз десек, ауыз 
әдебиетін білуге тиістіміз» деген. 
Әр халықтың тұрмыс тіршілігі, күн көрінісі, әдет-ғұрпы, салты, қоғамдық өмірі, 
эканомикалық жағдайы, салт-санасы туралы, оның қоғам, заман ағымына қарай өзгеруі туралы. 
(Баяндау) 
Қазақтың ауыз әдебиетінде халқымыздың өткендегі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, 
салтын елестететін шығармалар өте көп. Әрине олардың қай кезде пайда болғанын айтып, 
ажырату қиын. Ауызша таралып, жоғалмай бүгінгі жеткен тұрмыс-салтқа байланысты туған 
шығармалардың шығуы, даму тарихын және олардың кейбір басты түрлерін кеңінен танысып 
білгеніміз жөн. 
Соның ішінде бастылары мынадай: 
1. Төрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы шығармалар. 
2. Үйлену салтына байланысты шығармалар. 
3. Діни ұғымға байланысты туған шығармалар. 
4. Көңіл-күйін білдіретін шығармалар. 
а) Төрт түлік мал жайындағы шығармалар. 
Ш.Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» дейтін еңбегінде, ал академик 
М.Әуезов «Қазақ ертегілері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайында туған 
шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың ой-өрісі төмен сатыда тұрған кезінде 
шыққандығы айтады. 
Ғалымдар төрт түлік мал жайында шығарылған өлең, жырлардың алғашқы нұсқалары ерте 
заманда, қазақ арасына ислам діні енбестен бұрын туғандығын дәлелдейді. 
а) Наным-сенімнен туған төрт түлік жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері жайында. 
ә) «Қазықұрт тауы» әңгіме жыры жайындағы аңыз туралы. 
б) Ойсыл-қара, Шопан-Ата, Жылқышы ата (Қамбар), Сексек ата, Зенгі-баба мал иелерінің 
атауларының туындауы.Аурудан сақтап, жалбарынуы... 
в) «Жылқышы ата», «Малдың баласын сүюі», «Түйе-түйе, түйелер» өлеңдерінің маңызы.
г) «Төрт түліктің кеңесі», «Иесі мен сиырдың айтысы»,
«Ешкі мен қойдың айтысы» өлеңдерінің шығуы жайында. 
д) Мал атауларына байланысты адам аттарының қойылуы, теңеулердің пайда болуы жайында. 
Аңшылық жайындағы өлең-жырлар. 
Аңшылық, мергендік туралы қазақ халқы ерте кездің өзінде-ақ әр алуан ұсақ өлеңдер, 
әңгіме-жыр, ертегілер шығарған. Бұлардың қайсысында болса да, аң алуан кәсіп етуді халық 
жақсылық іс, өнер деп түсінетіндігін аңғарады және осы жолда ерлік жасап, ел-жұрттың аңының, 
құстың етімен асыраған адамдарды ардақтап жырына қосады: оларды ер аттандырады, батырлық 
тұлға бере суреттейді.
Бұндай суреттеулер «Қамбар ата», «Құламерген», «Жоямерген», «Жерден шыққан желім 
батыр» жыр-ертегілерінде, «Қожкендет» әңгіме жырында кең образдар арқылы берілген. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет