Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет29/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Сауын айту-ғұрып. Бір елде асу, үлкен той өтетін болса, ол күні бұрын (ай,жыл) жан-жаққа 
хабарланып, сауын айтылады. Бұл-жәй шақыру емес, әр ел ас, тойға салт-дәстүрмен, яғни, батыр-
балуанмен, жүйрік атымен, ақын-жыршысымен, сойыс-сабасымен келсін дегенді білдіреді. Және 
ол асқа келгендер бір-бірінен асып түсуге тырысады. 
Сауын алу-салт. Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «Сауынға» 
деп белгілі бір мерзімде сауа тұратын бие немесе сиыр сұрап алады. Сауын алушы өз алған малын 
төлімен аман әкеліп, қайта табысуына кепілдік береді. 
Тоқымқағар-салт, ырым. Бұл-жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. 
Мұнда арнаулы мал сойылып, немесе сыйлы мүшелер салынып, ет асылып, кең дастархан 
жасалады. Ойын-сауық болып, өлең, жыр айтылады. Бұл салт «Алыс сапарға кеткен жігіттің 
тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін» деген жақсы тілек білдіруге байланысты.
Түс жору-ғұрып. Түс жору-түркі халықтарының ертеден келе жатқан ғұрпы, әдеті. Халық 
ішінде түс жору арқылы болашақты болжайтын және оған сендіре білетін адамдар, әулиелер 
болған. Түстің жаманы да, жақсысы да болады. Бірақ жорушылар көбінесе жақсылыққа жорыған. 
Бата-тілек, өсиет сөздер. 
Жоспары: 
1. Қазақ халқының сөз өнерінің құдіреті. 
2. Бата-тілек тағылымы. 
3. Өсиет тағылымы, өміршеңдік. 
Қазақ халқы-әсершіл, нәзік жанды, талантты халық. Олар сөз әсеріне, одан алар эмоцияға 
қатты ден қойған. Ойдың ұшқырлығынан, сөздің ұтымдылығынан, тілдің шешендігінен, кестелі де 


көркемдігінен рухани қанағат алатын болғанын, өлеңдетіп жырлатып айтуға бейімділігі 
қалыптасып, қанға сіңген қасиетке айналғандығын көреміз. Сөз жоқ ,ойды, көңіл пайымын 
мәнерлеп, жыр тілімен жеткізу толғамды сөзбен айтудың әсері кім-кімді де баурап алары сөзсіз. 
Халық өз тұрмыс-тірлігіндегі қарекеттердің бәрін де өнерде серік еткеніне өмірдің өзі куә. Өйткені 
өнердің ықпалы қашанда күшті, сөзі өтімді, тәрбиелік қуаты басым болып келетіні белгілі. Бұдан 
халқымыздың рухани болмысын, ішкі жан дүниесін, ой әлемін, тереңнен қуат алып ғасырлар бойы 
жасаған ой-өнерін, тіл байлығын сөйлеу мәдениетін, тұрмыс этикасының өзіне тән сипатқа ие 
болып қалыптасқанын көреміз. Мұның өзі құнын жоғалтпай келе жатқан ерекшелігі мен 
артықшылығы болып табылады.
Тамырын тереңге жайып, біте қайнасқан халықтың салт-дәстүрі ғана мәңгі жасай бермек. 
Ол әр кезеңнің ыңғайына қарай өзгеріп, көркемдік пішінде жаңарып, айтар сөзі түрленіп отыруы 
әбден заңды, бірақ қашанда халықтың сипатын сақтап қалатыны аян. Осы орайда ұлы сыншы 
В.Г.Белинскийдің: «Әдет-ғұрып өзінің көнелігімен бекиді, бірақ оған әркез уақыт сәулесі түсіп 
отырады. Ол ата-бабамыздан қалған мұра есебінде буыннан-бунға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып 
келеді. Әдет-ғұрып халықтың бітім тұлғасын жасайды, топтастырады, онсыз халық бет-пішінсіз 
соғылған мүсін тәрізді»-деген. 
Осынау салт-дәстүріміздің сәнін келтіріп, мәнін арттыра түсетін өміршең жыр жүлгесінің 
бірі-бата-тілек. Өз топырағымыздан жаралып, өз жеріміздің ауасы мен суынан нәр алып, шынайы 
халықтық сипатқа бөлініп салтымызға сіңісті болып кеткен, бірақ кез-келген жайға арналып 
айтыла бермейтін бата-тілектің қарапайым тәрбиелік, тағылымдық мәнін орасан зор екендігін 
ешкім жоққа шығара алмайды. Оның өн бойынан бәрінен де-ой ұшқырлығын, ақыл-парасатты, 
өмірлік тәжірибені, кемелдік пен көсемдікті, шешендік пен шеберлікті байқауға болады. Әр 
кезеңде туған әрбір бата-тілек бүтін бір дүние іспетті. Ол өзінің терең философиялық астарымен, 
эстетикалық тағылымымен, көркем құнарымен, тілдік кестесімен ерекшеленіп тұрады. Бата-
тілектердің өзіндік сөздік жүйесі, ұлағаттық үлгісі, мағыналық мәні болған. Мысалы ол мынадай 
нұсқаларда айтылған:
«Күнің шуақты болсын, 
Көлің суатты болсын! 
Қонысың өрісті болсын, 
Еккенің жемісті болсын! Немесе 
Жүздерің жайнап, 
Келісті болындар! 
Толған айдай, 
Өрісті болыңдар!» Осы бірер бата-тілектің өзінен-ақ 
көп жайды түйіп, онаң халық тіршілігіндегі, тұрмысындағы орны мен рухани салмағын толық 
түсінгендей боламыз. Мазмұны жағынан сан түрлі боп келетін бата-тілектер халық арасына 
кеңінен тараған. Халық ақындарының белгілі бір өмір жайына, тіршілік сабағына ой тоқтатып, 
бата-тілек арнамағаны кемде-кем. 
Бата-тілекпен тамырлас, ойы өзектес өсиеттер де көркемдік, мазмұндық жағынан тіпті 
басқаша түр алып, олардан қай жағынан да олқы түспейді. Өсиеттің өрісі кең, ойы терең, айшық-
ажары астарлы және төгілме екпінде, ұзақтау болып келеді. 
Халық өсиеті айырықша ынта қойып тыңдаған. Оны ұлағатқа, ақыл-сатқа болған. Өміріне 
қажетті өнеге жол деп қабылдаған. Мұндай ойлы өсиет өміршең, ол халық тірлігімен терең 
астасып, бірге жасайды. 
Мәселен, «Саясы жоқ бәйтерек, 
Саздауға біткен талмен тең. 
Ағайының көп болса, Ұлы шеру көлмен тең.» деп 
төкпелетіп айтқан Шал ақынның шабытты шумақтары өмір-тіршіліктің сабақтарын алдымызға 
тартқандай болады. Ақынның көреген көзі, ояу көңілі өмірлік жәйттерді жалаң көріп қана қоймай, 
адам мен тіршіліктің мән-мағынасына байланыстыра толғақты түйіндер жасайды.
«... Басшысы нашар жолығып, Ынтымақ кетсе ел ғаріп, 
Қатарынан кем тартып, Қуаты кетсе ер ғаріп...»деп жырлаған Құлыншақ ақын өсиеттерінен де 
қорғасындай қойылар салмақтылық, ойлылық, пайымдылық пен парасаттылық еседі, өсиетпен 
өмірлік тәжрибе шендесіп шымырлап-ақ жатыр. Халықымыздың қадірлі ақын-жыраулары 
Асанқайғы, Қазтуған жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақын, 
Жанақ ақын, Дулат, Махамбет, Қобыланды Бөрібайұлы, Шөже, Сүйінбай, Нұрым, Абыл, 
Майлықожа, Қашаған, Ақан сері т.б-дың қайсысында да ел ішіне кең тараған шығармаларынан 


бұндай өнеге, адамгершілік қасиеттердің астарына терең бойлаған, ғибраттық мәнін осы күнге 
дейін жоймаған өсиеттер көптеп кездеседі. Олар халықтың қасиетті мұраларына айналып, бізге 
асылдың көзіндей болып жетті. Бұған кейінгі кездердегі дәуір тынысын білдіретін өсиеттерін 
қоссақ, бұл дәстүрдің өмірлік жалғасының куәсі боламыз. Шынтауытқа келгенде бұл өсиеттердің 
тақырып ауқымы да, айтар ойы да, көтерер әлуметтік мәселелері де, эститекалық пайымы да, 
моральдық және тағылымдық уағыз-өсипасы да бұрынғыларға қарағанда өзгешілігімен көзге 
ұрады. Қазіргі ақындарымыз өздері өмір сүріп отырған ортадан ой тартып от алады. Ел мен жер, 
адалдық пен адамгершілік, бақыт, ұрпақ тәрбиесі, өнеге тағылым, білімдік мәселелерін кеңінен 
қозғайды. Әлеуметтік мәселелерді астарлай жеткізіп, өміршеңдік рухпен мақсат қоя жырлайды. 
Ұрпақ қадамына тағылым сыйлар қазақ баталарының ауқымы кең, тақырыбы жан-жақты: 
Шілдехана батасы, ат қою батасы, бесік батасы, тоқым батасы, жол батасы, (ұзақ жол) той батасы, 
дастархан батасы, ықылас батасы, тілек-бата діни бата, мал батасы, ұл бала батасы, қыз бала 
батасы, жас келін батасы, еңбек батасы, теріс бата, қарғыс қайыру батасы т.б. 
Халқымыздың «Батасыз құл жарымас, баталы ұл арымас» деген қағидалы сөздің астары 
кең ұғымнан құралған өшпес мағыналы. Өйткені қазақ мұрасы: бата, өсиеттің өрісі кең, өміршең.

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет