Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Фольклор және ұлттық болмыстар



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет27/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Фольклор және ұлттық болмыстар. 
Жоспары: 
1. Тұсаукесер, тұмар тарту, тұлым қою әдет-ғұрыптары, 
2. Бет сызу, енші, ерулік, ен-таңба, жаза, дүре салт-дәстүрлері. 
3. Жасау, сауға, сауын айту, сауын алу, тоқымқағар, түс жору әдет-ғұрып, салттары. 
Қазіргі таңда бір-бірімен ию-қию араласқан халықтардың түп-төркінінде негізгі ерекшелік 
болмысы болатыны шарттылық. Әр ұлт өзінің ұлттық болмысы, қалыптасуы арқылы 
өзгешеленеді. Халық ауыз әдебиетінің мұраларында көненің көзіндей болып көрінетін ұлттық 
болмыс ұғымдары ұлтымыздың алтын қорындағы қазынасы. Бүгінгі күнде қолданыста бары, жоғы 
да нағыз қазақи тірліктің негізі. Ұлттық болмыс-ұлттық тұлға.
Тұсаукесер-ырым. Бұл сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жұмсалатын 
ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл бала кейін ала жіпті аттамасын деген 
ұғымнан шыққан. Баланың аяғын пысық әйелдерге қидырады. Еріншек, жайбасар адамдарға 
қидырмаған. 
Тұмар тарту-ырым. Бала ауырғанда әке-шеше молдаларға дұға жаздырып, оны үшбұрыштап 
матаға не теріге орап тігіп, баланың мойнына тағып қояды. Бұл тұмар «пәле-жаладан, тіл-көзден, 
ауру-сырқаудан сақтайды» деген діни ұғымнан туған. Тұмардың түрлері көп. Оны кейде жас 
төлдерге, ауырған малға да тағады. 
Тұлым қою-ғұрып. Баланың (ұл-қыз) кішкентай кезінде шашын өсірмей шекесіне шоқ қояды. 
Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады. Тұлымы желбіреген деген ұғым 
осыдан қалған. 
Бет сызу-әдет. Кейбір ерсі, ұлт мінез, қылықтарды көргенде әйелдердің сұқ саусағымен бетін 
сызатын әдеті бар. Бұл ұялудың немесе жаман сөзден шошынудың белгісі. Ертеде Шығыс 
елдерінде тәртіп бұзған әйелдердің бетін тіліп қоятын қатаң заң болған. Қазақ әйелдерінің кейде 
әдепсіз қыз-келіншектерге «бетің тілінсін» деп қарғауы, бәлкім, осындай қатал тәртіптен қалған 
шығар.



жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет