Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Қазақтың шешендік сөздерін жинап



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет26/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың 
бірі-белгілі ғалым В.В.Радлов. Ол халық ауыз әдебиетінің өзі құрастырған жинаққа бірнеше 
шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді: «Қазақ тілі-исламның 
бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін-түркі сипатын сақтап қалған тіл, рас, мұнда да 
бірен-саран жат сөздердің енгендігі байқалады. Бірақ ол сөздер қазақ тілінің үндестік заңына 
бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына қосылған. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына 
қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті». 
Қазақтың шешендік-тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап, жариялаушы ғалымдардың 
бірі-Ыбырай. Ол өзінің «Қазақ христоматиясына», «Ізбасты», «Байұлы», «Жәнібек батыр», 
«Жиренше шешен» дейтін тапқырлық-шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынады. 
Осы сияқты қазақтың шешендік-тапқырлық нұсқаларын алғашқы қағазға түсірген 
А.Васильевтің, А.Диваевтің, М.Көпеевтің т.б. қолжазбаларынан, кейбір мерзімді баспасөздердің 
беттерінен кездестіруге болады. 
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде де бөле зерттеуді М.Әуезов 
жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ әдебиетінің тарихын жасауға 
арналған зерттеуінде М.Әуезов «Билер айтысы» деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік 
сөздердің кейбір түрлерінен мысалдар келтіреді. Одан бері отызыншы жылдары ш.с. жинау, 
зерттеу ісіне үлес қосқан адамдардың бірі-С.Сейфуллин. Сәкен «Қазақ әдебиеті» дейтін кітабында 
«Билердің сөзі» деген тарау енгізіп, шешендік сөздерді дербес жанр деп қарайды. 
Қазақ шешендік сөздерін арнайы зерттеген бір еңбек Әмина Маметованың «Қазақ 
билерінің шешендік сөздер және оның әдебиеттегі орны» (1945) дейтін кандидаттық 
диссертациясы еді. 
Шешендік сөздер-ғасырдан-ғасырға ұласып, су түбінде жатқан асыл тастай жарқырап 
халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұраның бірі. 
Шешендік сөз-халықтың тіл қазынасы, сан ғасыр жүріп өткен тарихымыздың шежіресі. 
Шешендік-қадірлі өнер.

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет