Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


 дәріс. Балалар фольклоры



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет20/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
12 дәріс. Балалар фольклоры. 
Жоспары: 
1. Бала тәрбиесінің алғашқы мектебі. 
2. Балаларға тән фольклорлық жанрлар, олардың тәрбиелік-тағымдық мақсаты. 
Балалар үшін оларды қоршаған орта, табиғат пен қоғамдық құбылыстар құпия сырларға 
толы жұмбақ дүние болып көрінеді. Осының барлығы бала есі кіре бастағаннан-ақ білуге 
құмартады, «Мынау не?», «бұл қалай?» деген сұрақтар қоя бастайды. Баланың алғашқы ұстазы-
әжесі мен атасы, шешесі мен әкесі, ағасы мен апасы. 
Ертеректе бала тәрбиелейтін мекемесі, мектебі, медресесі кемшіл болған қазақ елінде 
баланы бағып баулу, күтіп тәрбиелеу ісін өмірлік тәжірибесі мол қариялар атқарған. Көп жасаған 
көпті көрген кәрі құлақты ата мен әжелер балаға тілі шыққаннан бастап қысқаша әңгіме, ертек 
айтып береді. Және де сол әңгімелерді баланың өзі күнделікті көріп-біліп жүрген жануарлар 
дүниесінен бастайды. Қой сүйеді баласын қоңырым деп, қойдан-қойға жүгірген момыным деп, 
Ешкі сүйер баласын лағым деп, тастан-тасқа секірген шұнағым деп деген секілді қысқа 
өлеңдермен, тақпақ сөздерімен әрбір төлді мінездей, суреттей отырып таныстырған. Баласы 
қандай болғанымен оған деген ата-ананың мейірін, ықыласын әсірелеп, Кірпі баласын 
«жұмсағым» деп, Қарға баласын «аппағым» деп сүйеді деп сәбилеріне күлкі сыйлаған. Сырттай 
қарғанда осынау күлкілі, әзілді өлеңдердің астарында ана мен бала арасындағы ізгі ниетті 
аңғартатын абзал ой жатыр. Одан әрі «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды», «Тұлпардың өз 
тұяғы өзіне май» деп ата-ананың ойлағаны баланың қамы мен пайдасы, олардың ұрысқанын да кек 
тұтпау керек дегенді аңғартады. «Жығылсаң қой тұяғын төсейді, сиыр мүйізін төсейді» деп қозы-
лаққа, бұзау торпаққа мінуден шошытып, «Жылқы жалын төсейді, Түйе шудасын төсейді» деп 
баланы қиын да болса болашақ көліктеріне үйір ғып бейімдей береді. «Отпен ойнама-күйесің, 
қоянды қума шаршайсың», «Біреуге пышақ кезенбе, қара пышақ қарыс ұзарады» деп қауып-
қатерден сақтандырады. Осы сияқты ақыл-кеңестер баланың есінде ұзақ сақталады. 
Ақыл-мінез нышаны ата-анадан. Сондықтан да халық әр нәрсе тегіне тартады дейді. Бірақ 
ақыл-мінез баламен бірге туғанмен жүре жетіледі. Дәннің өсуі-өнуі топырағына, күтіміне 


байланысты болатыны сияқты бала ақыл-есінің қалыптасуы да өскен ортасына, алған тәрбиесіне 
байланысты. Қазақ ақылды тартылмайтын дарияға, тотықпайтын алтынға, таусылмайтын қазынаға 
балайды. Ақыл көп көрумен, үлгі (өнеге алумен, оқумен толысады. Мінез туа пайда болғанымен) 
жүре қалыптасады, түзеледі. Ы.Алтынсарин бір әңгімесінде балаға бір қисық ағашты көрсетіп: 
«Ол күтілмегендіктен сондай қисық болып өскен, тәрбиелемесе сен де сондай қисық-қыңыр болып 
өсесің» деген. Халық жақсылықтың белгілерін: адамдық, қайырымдылық, арлылық, әдептілік
еңбеккерлік, т.б. Жамандықтың көріністері: арамдық, мейірімсіздік, арсыздық, әдепсіздік, 
жалқаулық, қорқақтық, сатқындық т.б. белгілерді бір-бірімен салыстыра қойып жас балалардың 
бойына өрісті мақал-мәтелдері, ойлы жұмбақтары, қисынды жаңылтпаштары, ғажайып ертегілері, 
фантазиялық өтірік өлеңдері арқылы бойларына дарыта білген.
Мәселен, «жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, 
қаларсың ұятқа», «Бидайдың тіктігі-дәні жоқтығы, жігіттің тіктігі-ақылы жоқтығы», 
«Жақсылықтан қашпа жамандықдыққа баспа» т.б.
Тәлім-тәрбие беретін, өнер-білімге шақыратын халық мұралары жас буынды жақсылықты 
үйренуді, адамдықты бойға сіңіруді қалыптастырады.
Жазба әдебиет сықылды, ауыз әдебиетінің де өз тыңдаушысы оқушысы бар. Ертегі, әңгіме 
шығарушылар оларды да ескереді. Ертегіні кімге айтады, не үшін айтады, ертегінің мақсаты не? 
Шығарушылар мұны аңғарған. Мысалы балаларға арнап шығарған «Қотыр торғай», «Башбай 
батыр», «Өзі бір қарыс, сақалы қырық қарыс», «Құйыршық», Қырық өтірік т.б. ертегілері 
құрылыс, сюжеті, тілі жағынан басқа ертегілерден мүлде ерекше. Бұлар-үлкен кісілер емес, 
балалардың ой-санасы, дүниетану дәрежесіне лайықтап шығарылған ертегілер. Қолданатын сөздер 
де балалардың ой-санасы тән етіп алынады. Бала қиялын биікке көтереді, оқиға желісімен 
шешімге жетелейді, кейіпкер мінезінен ғибрат алуға тәрбиелейді. 
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтына байланысты балаға берілетін тағылым құралының 
бірі-жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы әр бір сөзді асқан шапшаңдықпен шебер айтуға, тіл 
ұстартуға баулиді. Үйретуші баладан әр бір сөзді шапшаңдата, тездеде айтуды талап еткен. 
Жаңылтпаш сөздері қарасөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқастарға да құрылған. Сонымен бірге 
тұрмысқа қажетті дағдылыққа үйрету де бақылауға алынған. Мысалы:
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай кім томағалайды, 
Кім томағалайды мен томағаламай. 
Егер үйренуші жаңылтпаштың сөздерін орамына келтіріп айта алмаса, бүлдірсе, жұрт алдында 
күлкі боласың деген сөздермен талпындырып отырған. Халқымыздың ертедегі салты бойынша 
бала зердесін өтірік өлеңдердің тағылымдық ауқымы арқылы да қалыптастырылған. Бұл алуандас 
өлеңдерді күлкілі, қызық сюжеттерге құрғызған, бала фантазиясының мол болуын қажет еткен. 
Өйткені өтірік өлең, оны сюжеті қиыннан құрастырылуды, түймедей нәрсені түйедей етіп, 
болмаса, керісінше түйедей нәрсені түйедей етіп көрсетуді тілейді. Бала қиялы суреттелетін 
нәрселердің бәрін көз алдындағы заттардан, нақтылы шындықтан, жалпыға түсінікті көріністен 
алады.
Күн көрісі тұрмыс-тіршілігі төрт түлікке байланысты болғандықтан, адам баласы мал 
өсіруді негізі кәсібі етіп, олардың қыр-сырын ұрпағына үйретіп отырған. Әр түлікті жырға қосып, 
оның қасиетін, қажеттілігін танытқан. Бұл ретте тәжіриебесі мол қариялар мал басын өсіруге 
болатындығын өлең-жыр арқылы бейнелеп көрсеткен. «Мал баққанға бітеді» деген даналық 
сөздері мен қортындылап, жас балалардың есіне осы ойларын қоя берген. Онда айтатыны: жалқау 
болма, еңбек ет, мал өсір, бұлай етепесең, азып кетесің деп, ақыл-өсиетін айта келген. Мұны: Асық 
ойнаған озар, Доп ойнаған тозар, 
Бәрінен де қой бағып, Құйрық жеген озар-дейтін балаларға арналған өлеңінен көруге 
болады. Сол секілді балаларға арналған «Түйе, түйе, түйелер» деген өлеңде мал басының қалай 
құралатынын, бұл жөнінде не істеу керектігін көрсетеді. Сондықтан халық әдебиетті ойға сиымды, 
ақылға қонымды тұрмыстық өлеңдермен балалар саласына да әсер етуді қатерден шығармаған. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет