Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Халық ауыз әдебиетінің жанрлық тегі, түрлері



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Халық ауыз әдебиетінің жанрлық тегі, түрлері. 
 
Ауыз әдебиеті шығармаларының әрбір жанрының поэтикалық ерекшелігі бар. Фольклор 
шығармаларының әр түрлі жанрындағы сюжеттің мәні бірдей бола бермейді. Ол сол жанрлардың 
атқаратын қызметіне, табиғатына байланысты. Ауыз әдебиеті жанрларының ерекшілігі олардың 
поэтикалық, тілдік стильдерінен де байқалады.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің өздеріне тән айырмашылықтарын мынадай белгілер 
арқылы ажыратамыз: 
1. Ауыз әдебиеті-ұжымдық шығарма. 
2. Нұсқаларының әр түрлі болуы. 
3. Ауыз әдебиеті шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталаулар жиі ұшырайды. 
Қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдер тұрақты ұйқастар жиі ұшырайды. 
Қоғамдық дамудың әр кезеңі ауыз әдебиетін мазмұнды, жанры, түрі жағынан байытып, 
молықтырып, кемелдендіріп отырады. Сондықтан ол сан ғасырдың жемісі. Ел тіршілігінде 
өзгерістер-замана лебі, тұрмыстағы, шаруашылықтағы жаңалықтар, адамдардың дүниеге жаңа 
көзқарасы-осының бәрі ауыз әдебиетінің мазмұнына да, жанрына да, түріне де әсер етті.
2 дәріс. Фольклорлық әдеби мұралардың зерттелуі, жиналуы, қалыптасуы.
Жоспары: 
1. Қазақ ауыз әдебиеті зерттеудің алғашқы қадамдары. 
2. Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің маңызы. 
3. В.Радлов еңбектерінің маңызы. 
4. Г.Потанин еңбектерінің маңызы. 
5. Ә.Диваев еңбектерінің маңызы. 
Тарихи жырлар 
Жұмбақтар 
Эпостық 
жырлар 
Шешендік сөздер 
Лиро-эпостық 
жырлар 
Айтыс 
өлеңдері 
Тұрмыс-салт
жырлары
Ертегілер 
Мақал-мәтелдер 


6. Кеңес кезеңіндегі зерттелулер. 
Әдебиетші Б.Кенжебаевтың зерттеуіне қарағанда: «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері ел 
арасында ХІХ ғ жинала бастаған. Бұған себеп болған жағдайлардың бірі- Қазақстаннның Ресей 
мемлекетіне қосылуы еді»-дейді ол. Патша үкіметі Ресейге қосылған елдерді билеу үшін, олардың 
эканомикасын тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын т.б. білуді мақсат етеді. Бұл үшін ел 
арасына арнаулы экспедициялар шығарады, оның жұмысына орыстың тарихшы, әдебиетші 
ғалымдары да қатысады. Және де бұл жұмысқа 1845 жылы Петербургте құрылған және өз кезінің 
ғылыми орталығы болып танылған Ресейлік география қоғамы да араласады. Осы қоғамның 
бөлімшелері Омбыда, Орынборда ашылады. 
Ресейлік география қоғамының арнаулы экспедициялары және адамдары қазақ ауылына 
бірсыпыра ғылыми жұмыстар жүргізеді. Олар қазақ халқының шаруашылығы, тарихи, қоғамдық
тұрмыс-тіршлігі, әдет-ғұрып, мәдениетімен танысады, көптеген материалдар жинайды. Мұнымен 
қатар, олар ел арасынан қазақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін жинап, жазып алады.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті еңбек еткендер-Ресей география 
қоғамының мүшелері: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, И.Березин, А.Васильев, А.Алектеров, Г.Потанин, 
Н.Ильминский, Ә.Диваев, А.Харузин, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Н..Пантусов т.б. олар 
қазақ ауыз әдебиеті аса бай мұра деп бағалаумен қатар, сол мұраны ел арасынан көптен жазып 
алуға зер салады, жинаған материалдарын қазақ және орыс тілдерінде жеке кітапша етіп 
шығарады, екі тілді газет-журналдарға бастырады. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы 
игілікті істері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде күшейе түседі және бұл жұмысқа О.Әлжанов 
Б.Дауылбаев, Ж.Айманов, М.Бекімов сияқты қазақ жастары белсене араласады.
Ауыз әдебиетін жазып алу ісіне Абай мен Ыбырай да қатысады. Жоғарыда аталған 
адамдардың ішінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде Шоқанның, 
Радлов пен Потаниннің қызметі айрықша еді. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет