Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет19/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Жұмбақ айтысы. Қазақ халықының тұрмыс тіршілігіне, әдет-салтына байланысты туған 
айтыс өлеңдерінің тағы бір түрі-жұмбақ айтыс. Бұл айтыс та ойын-сауық үстінде көпшіліктің 
жиналған жерінде айтылатын болған. «Жұмбақ айтыс» бүкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны 
секілді. Өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады. Сондықтан мұндай айтысқа түсу үшін 
ақынның өлеңді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Бұған қоса ақын тапқыр, білгір және тез ойлап, 
шапшаң жауап беретін болуға тиіс. «Жұмбақ айтысына» қатысушылар жұмбақ ететін нәрселерін 
көбінесе адамға таныс, деректі заттардан алады, бір затты екіншісіне салыстыру үшін жұмбақ 
шығарады. Бұл ретте: аспан, жаратылыс дүниесі, хайуанаттар, адам, оқу-білім, еңбек кәсіп 
құралдары т.б. 
Қазақта айтысқа қатысқандар көп болғанмен де, олардан «Жұмбақ айтысына» 
араласқандары аз сияқты. Дегенмен бұл айтысқа қатысқан Рысжан, Әсет, Шөкей, Қүнбала, 
Нұржан, Сапарғали секілді ақындар өткен. Бұл жағынан Әсет «айыр көмей жез таңдай, қаусырма 
жақ» атанған ақын. 
Дін айтысы. Дін иелері ерте кезде қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін поэзияны, соның 
ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір 
жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни 
әңгіме-үгіттер таратқан. Дін айтысы қазақтың айтыс өлеңдеріне, оның қалыптасып дамуына зор 
ықпал-әсер жасаған айтыс емес. Өлеңдік жағынан алғанда, дін айтыстары үздік шыққан айтыс 
тобына жатпайды. Тек дін жайын сөз еткен қара дүрсінді өлеңдер болып келеді. 
Ақындар айтысы. Айтыс өлеңдерінің ішінде ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан 
күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері ақындар айтысы. 


Қазақтың айтыс өлеңдерін зерттеушілердің айтуына қарағанда, шын мәніндегі үлкен 
айтыс, яғни ақындар айтысы, мөлшермен алғанда ХІХ ғасырда туған.
Әрине ақындар айтысына екі ауыз сөздің басын ұйқастырып қосатын өлең 
шығарушылардың барлығы қатысқан емес. Ақындар айтысына ақындық беті ашылған, біраз 
даярлықтар жасап келген ысылған адамдар ғана араласқан. Бұл жөнінде С.Мұқанов «Айтыс және 
ақын» дейтін еңбегінде (1941), Жамбыл шығармаларының толық жинағына (енген) жазған 
кіріспесінде (1946), М.Әуезов «Айтыс өлеңдері» және (Жамбыл айтысының) «Жамбылдың 
айтыстағы өнері» туралы зерттеуінде (1948), Есмағанмет Исмайлов «Ақындар» атты 
монографиясында (1956) ғылым үшін мәні бар бірнеше факторлар келтірген. 
Айтыс-ақындар үшін сөз таласы, сөз барымдасы емес. Ол-ақындық өнер салыстыратын, 
жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл 
жайды жақсы ұғынып, мол дайындықпен келетін болған.
Әдебиет тарихында қалған басты айтыстар: «Әсет пен Рысжан айтысы», «Кемпірбай мен 
Шөже айтысы», «Жанақ пен Түбек», «Балта ақын мен Шөже айтысы», «Жамбыл мен Досмағамбет 
айтысы», «Жамбыл мен құланаяң Құлманбет айтысы», «Сабырбай мен Тойбала айтысы», 
«Кеншімбай мен Ақсұлу айтысы», «Сүйінбай мен Тезек төре». Қазақ еліне ақындық аты шыққан 
айтыскер ақындар: Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Тоқжан, Орынбай, Балта, Біржан, Әсет, Рысжан, 
Майкөт, Сабырбай, Сара, Кеншімбай, Нұрпейіс, айтыс пірі Сүйінбай, Жамбыл, бұлармен қатар 
айтысқан ақын қыздар: Тойбала, Күнбала, Ақсұлу, Дәме, Ақбала, Манат, Шөкей, Ажар, Тәбия, 
Айқын, Хадиша, Рысжан, Шәріпжамал, Ұлбике т.б. 
Қыз бен жігіт айтысынан «Біржан мен Сараның», «Омарқұл мен Тәбияның» айтыстары 
басты орын алған.
Ақындар айтысының түрлері: түре айтыс, сүре айтыс, қайым айтыс, жұмбақ айтыс, қыз бен 
жігіт айтысы. 
Қазақ халқының ертеде туған айтыс сөздерінің түрлері бұлар ғана емес, мәселен, Жетісу 
жағында «Тау өлең», «Жер өлең», «Су өлең» деген айтыстар болған, сондай-ақ ерте кезде «Мал 
мен иесінің айтысы», «Өлі мен тірінің айтысы» сияқты түрлері де болған. (Боздақ пен Ақбаланың 
айтысы). Айтыс өнері-өміршең. Бүгінгі таңда бұл өнердің қанаты биікке шарықтап тұрған шақ. 
Жылдан жылға ақындар қатары толықтырып, өнер иелерінің ақындық қабілеті, тапқырлық пен
шешендіктері халық алдында шыңдала, даму үстінде. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет