Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет18/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
11 дәріс. Айтыстар. 
Жоспары: 
1.Айтыс туралы ұғым. 


2.Айтыс түрлері ( «Қыз бен жігіт айтысы», «Дін айтысы», «Жұмбақ айтысы»). 
3.Ақындар айтысы. 
Ертедегі қазақ халқының жасаған ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы-айтыс өлеңдері. 
Қазақ айтыс өлеңдері жайында үлкенді-кішілі зерттеу жасаған С.Мұқанов, М.Әуезов, 
Е.Исмайлов, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин т.б. айтуына қарағанда, «айтыс» деген сөз бірнеше 
мағынада қолданылған. «Айтыс» екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, 
жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Және айтыс қара сөз, өлең түрінде 
де болған. Әдебиет көлеміне енетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да-осы 
өлең түрінде айтылатын айтыстар. 
Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңін мазмұнына , тақырыбына қарай екі түрге 
бөлуге болады. Біріншісі-халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрыпына байланысты туған 
айтыстар. Екіншісі-шын мәніндегі ақындар айтысы. Ақындар айтысы қазақ айтыстарының ең 
күрделісі болып табылады. 
Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрыпына 
байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде, ойын- сауық үстінде шығарылған. 
Оларды шығарушы да ақындар болған. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері 
болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді. Ең алдымен, ол ойын-сауық ретінде, 
халықты көңілдендіру, күлдіру негізінде туғандығын аңғартады. Екіншіден, бұл айтыстарда 
халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына салтына байланысты туған әр түрлі ұғым, түсініктері 
аралас жүреді. 
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты, әдет-ғұрыпына қатысты туған
айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде бастылары: «жар-
жар», «бәдік айтыс», «қыз бен жігіт айтысы», «жұмбақ айтыс». 
Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына байланысты ойын-сауықтар 
кезінде айтылатын және ол ойын-сауыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең 
қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер 
шығарған. Олардың осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға икемі бар, бірақ өздерінің 
ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып, ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты 
көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатын болғандықтан, халық оны «Қыз бен жігіт» 
айтысы деп атаған. 
Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі 
қалжың ретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды
ойын сауыққа лайықты жеңіл-желпі күлдіргі жайлар болады. 
«Қыз бен жігіт айтысының» өлеңдік құрылысы көбінесе халыққа белгілі он бір буынды 
өлең түрінде келеді. Және қазақ өлеңдерінің алғашқы түрлерінде кездесетін қайталаулар дәстүріне 
көбірек колданып отырады. Негізгі ойларын өлеңнің үшінші, төртінші жолдарында білдіреді. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет