Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


 дәріс. «Лиро-эпостық жырлар



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет17/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
10 дәріс. «Лиро-эпостық жырлар.  
Жоспары: 
1. Лиро-эпостық жырлар туралы түсініктер.
2. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры, зерттелуі. 
3. «Қыз Жібек» жыры, зерттелуі. 
4. «Айман-Шолпан» жыры, зерттелуі 
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос 
деп аталады.
Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі-ел жайы болса, лиро-эпостық 
жырлардың одан біраз айырмашылығы бар. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы 
халықтың ертедегі жалпы-әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-
біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. 
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостық жырлар да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай 
ғасырмен бірге жасасып, әр түрлі жағдайлардың, таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай 
өзгеріп отырған. Ұрпақтан-ұрпаққа көптеген өзгеріске ұшыраулар арқылы жеткен. Халықтық 
сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар 
мен 
кемшіліктердің 
кездесуі 
осыдан.
Қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бінеше үлгілері бар. 
Солардың ішінде бастылары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз-Назымбек», 
«Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Айман-Шолпан», «Есім сері-Злиха». 
Лиро-эпос жырының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан айрықша орын 
алатыны және халық арасына көп тарағаны-«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жайындағы жыр. Бұл жыр 
бірі-біріне ғашық болған екі жастың өмірін ғана баяндаған дастан емес. Ол соны мен қатар, 
қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр.
Бұл жыр тек қазақ арасында туып, қазақ еліне ғана тараған жыр емес. Ол ерте кезде бір-
бірімен қарым-қатынас жасаған, көшіп-қонып көршілес болған, тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас 
башқұрт, барабын татарлары, ұйғыр, алтай елдерінде айтылып жүрген жыр. Жыр жайында 
зерттеп, еңбектер жазған ғалымдардың анықтауынша жырдың 16 нұсқасы бар. Зерттеу 
мәліметтеріне қарағанда жыр нұсқалары 1830 жылы шығыс әдебиетін және араб тілін зерттеуші 
орыс ғалымы Сабулоков Семей губерниясына қарасты бір жыраудан жазып алса, 1834 жылы 
Омбыда кеңседе іс жүргізуші қызметіндегі Г.Дербісалин жырдың бір үлгісін хатқа түсірген. 1841 


жылы Аягөз округтік приказының тілмашы Андрей Фролов жазып алған.1856 жылы Ш.Уәлиханов 
Жанақ ақыннан естігендерін жазып алғанын айтады. М.Путинцев деген кісі 1865 жылы жырдың 
бір вариантын жазып алып, мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған. Академик В.Радлов 
жырдың бір нұсқасын қазақ арасынан жазып алып, оны өзінің үшінші томына (1870) енгізген. 
Петербург университетінің профессоры И.Н. Березин өзінің «Түрік хрестоматиясы» дейтін 
кітабында (1876) жырдың бір вариантын жариялайды.М.Пантусов 1898 жылы ғашықтар моласын 
зерттеп, жыр нұсқасын жазып алады және әуелі Ташкентте, кейін Қазанда шыққан «Орта Азияның 
ескі заманы» дейтін кітабында бастырған. Бұлармен қатар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының 
кейбір үлгілері, үзінділері 1877 жылы «Ақмола облыстық ведомосында» (№1, 3), «Нива» 
журналында (№2, 1899), «Дала уалияты» газетінде ( 1894, 1899 жылдар), «Торғай газетінде» 
басылған.1878 жылы жылдардың бір варианты «Хисса Қозы Көрпеш» деген атпен Қазанда 
Ш.Хұсайыновтар баспаханасында шығарылды, оны 1890, 1894, 1896, 1905 жылдары қайта 
шығарған. Кеңестік дәуірде 1925 жылы Москвада, 1936 жылы Жанақ жыршының айтуындағы 
нұсқасын М.Әуезов Алматыда шығарды. 1939 жылы «Батырлар жыры» жинағына енсе, 1959 
жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы жырдың алты вариантына құрылған жинақ шығарды. Кейін 
Ғ.Мүсірепов пьеса жазып, кинофильм түсірілді. 
Лиро-эпос жырларынан ел арасына ауызша да, баспа арқылы да ертерек тарағаны-«Қыз 
Жібек» 
М.Әуезовтың айтуына қарағанда, «Қыз Жібек» жырының бір варианты өткен ғасырдың 
тоқсаныншы жылдарында Қазанда басылған. Ы.Дүйсенбаевтың зерттеуінде былай дейді: «ХІХ ғ 
екінші жартысында Зайсан жағында Валиолла Тухватуллин деген мұғалім болыпты. Ол ел 
арасынан «Қыз Жібек» жырын жинайды да, 1894 жылы Қазанда бастырады. Кейіннен бұл вариант 
1896, 1897, 1905, 1909, 1911 жылдары қайта шығарылады. Жырдың осы варианты 1925, 1933, 1939 
жылдары да басылды, 1958 жылы «Қазақ эпосы» деп аталатын жинаққа енді». 
«Қыз Жібек» жырының Валиолла вариантты орыс тіліне де аударылып басылған («Песни 
степей».1940) және жазушы. Ғ.Мүсірепов либреттосы бойынша, компазитор Е.Г. Брусиловский 
«Қыз Жібек» атты опера жазып, сахнаға шығарды. 
«Қыз Жібек»-сюжеті құрылысы жағынан, көркемдік шеберлігі жағынан да көрнекті 
жырдың бірі. Тақырыбы мен мазмұны әдет-ғұрып салттан алынған «Қыз Жібек» оқиғасы 
екіншісімен байланыстырыла баяндалады. Жыр оқиғасы желісін үзбей тізбектеле айтылады. 
Жырда әсіресе оқиғаны сипаттау арқылы баяндау әдісі мол қолданылады. Көш картинасы, 
Жібектің сұлулығы, отау келбеті, т.б. Мұнымен қатар, жыршы ақын сөйлету әдісін қолданғанды 
ертедегі қазақ поэзиясының әр алуан үлгілерін: естірту, жоқтау, қоштасу, жалбарыну, айтыс т.б. 
ретімен пайдаланып отырады. 
Қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туған жырдың бірі-«Айман-Шолпан». 
Жырдың ел арасынан жазып алған нұсқасы, 1896 жылы Қазан қаласында басылып шықты. 
Жырдың қысқаша мазмұны 1901 жылы «Торғай газетінде» (№17) басылады. Ал 1902 жылы 
«Торғай облыстық ведомосы» (62) жырды қазақ тілінде жариялады. Бұл Қ.Жұмалиев құрастырған 
«Халық поэмалары» деген жинаққа 1939 жылы енді. М.Әуезов жырда айтылған әңгімелерді 
негізге ала отырып, «Айман-Шолпан» атты пьеса (1934) жазды. 
«Айман-Шолпан» жырының оқиғасы реалистік өмірде алынған. Жырдың басы 
кейіпкерлері Көтібар мен Арыстан-тарихта болған адамдар. 
«Айман-Шолпан» жыры басқа лиро-эпосқа өзінің көркемдік жағына да ұқсамайды. 
Өмірдің әр алуан құбылысын таңқалдырғандай әдемі, тамсандырғандай нәзік етіп суреттейтін 
«Қыз Жібек», не басқа халық жырларындағыдай көркемдік мұнда жоқ. Қиял дүниесі мен 
араласып жататын эпизоттар да кездеспейді. Жырдың тақырыбы да, оқиғасы да махаббат, 
сүйіспеншіліктің төңірегіне құрылмайды, екі ру басының арасында болған бәсеке бақ таласының 
төңірегінде құрылып, тарихи негіз басымырақ.
Жалпы «Айман-Шолпан» жыры реформа дәуірінен кейінгі кезде қазақ қоғамына енген 
жаңалық, өзгерістердің шындық тұрғыдан бейнеленген халықтық жыр. Бұл жыр жаңа ғана 
жағдайға байланысты қоғам өмірінен орын алған талас-тартысты, ескінің жеңіліп, жаңаның 
жеңетінін бейнелейді, әлеумет сахнасынан ығыстырылып бара жатқан және ескілікті қолдаушы 
адамдарға жаңа заманның жаңа адамдарын, жастарды қарсы қоя отырып, жаңалықты ардақтай 
жырлайды, үлгі етеді. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет