Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Батырлар жырының құрылысы



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет14/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Батырлар жырының құрылысы. 
Батырлар жырының қайсысы болса да оқиғаға құрылады, сюжетсіз жыр болмайды. 
Жырдың сюжеттік құрылысы жырдағы басты кейіпкер жайын оның ағайын-жұрты, жолдас-
жоралары және олардың бір-бірімен қатысы, қуанышы мен күйініші, алыс-тартыс жорықтары, жау 
адамдарының іс-әрекеттері жайын суреттеуден туады. 
Қазақтағы батырлар жырының құрылысы сөз еткенде, оның көпшілігіне тән ерекшеліктің 
бірі-жырдағы оқиғалардың басты кейіпкерлері төңірегінде болатындығында сияқты. Кейбір 
жырлардың оқиғалары көбінесе басты кейіпкерлерге байланысты алынады да, солар арқылы 
дамитындығынан көрінеді. Бұған мысал ретінде «Қобыланды батыр» мен «Ер Тарғын» жырын 
келтіруге болады. Жырдың мұндай құрылысы, яғни оқиғаны басты кейіпкер арқылы дамыту-
оқиғаны тізбектеп жырлау әдісі деп аталады.
8 дәріс. Тарихи жырлар. 
Жоспары:
1. Тарихи жырлар, оның эпостық жырдан айырмашылығы. 
2. «Бекет батыр» жыры 
3. «Ер Қабанбай» жыры 
4. Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» дастаны 
5. Жүсіпбек Шейхисламұлы «Қиса Наурызбай төре» 
Қазақ халқы талай ғасыр талай тар кезеңдерді басынан өткерген халық. Қызылбас, жоңғар 
қалмақтарымен күресе отырып, өзінің елдігін сақтауға тырысты. Осындай тарихи оқиғаның ізі, 
сәулесі болып әдеби мұралар туып отырды. Олардың кейбіреулері уақиғаны жалпы, ұлы сорабын 
сақтаса, ескірген сайын әңгімеде көмескіленіп оқиғаға қиял араласып, шын болған уақиғамен
болуға мүмкін емес ғажайып нәрселер қатар келіп отырса, кейбіреулері күні кеше ғана болып 
өткен, ізі суымаған тарихи уақиғаның негізінде туды. Бұлардың ішінде айтылатын оқиға да, 
қатысушы адамдардың іс-әрекеттері де тарихи шындыққа жақын, қиял-ғажайып уақиғалар 
мейілінше аз, жоқтың қасы болып отырады. Осыдан қарап, алдыңғы әдеби нұсқаларды эпостық 
жырлар деп атасақ, соңғысын тарихи жырлар деп атаймыз. Бұл екеуінің де негізі бар, екеуінің де 
түбінде тарихи оқиға жатады. Бірақ, эпостық жырлардың қаһармандары-атса оқ өтпейтін, шапса 
қылыш, кеспейтін, суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін қасиеттері бар және бағып
желейтін иелері бар болып суреттелсе, тарихи жырлардың қаһармандары олардай емес ержүректі, 
күш-қайраты мол, оқ өтіп қылыш кесетін жәй адамдар. Тарихи жырлардың да оқиғалары да осы 
тұрғыдан құрылады. 
Тілі жағынан алғанда да батырлар жырларынан айырмашылығы бар. Қазақ ауыз 
әдебиетіндегі тарихи жырлардың көшілігін алсақ, ел өмірінде болған тарихи оқиғалармен тығыз 
байланысты. Уақиғаның жалпы шындығы ғана емес, кейбір ұсақ жағдайлардың өзі де тарихи 
мәліметтерге дәлме-дәл келіп отырады. Адам аттары, уақиғаға қатысушылардың сол кездерде 
шын болған, сол күрес-тартыстарға қатысқан адамдар екендігін тарих арқылы айқындау қиын 
емес. Міне, осы айтылғандарды қорытсақ, тарихи жырлардың ерекшелігі шығады. 
Бізге мәлім Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбай, Қойгелді, Жанқожа, Сырым, Есет, Бекет, 
Махамбет, Исатай, Саурық, Сұраншы, Өтеген батырлардың аттары, күрестерімен байланысты 
туған жырлардың барлығы да тарихи жырлар. Бұл жырларды сол адамдардың аттарымен 
байланысты тарихты зерттесек, салыстырсақ, араларындағы жақындықтарын, бірліктерін табу 
оңай. Эпостық жырлардың бірен-сараңы ғана болмаса, көпшілігі жөнінде бұны айта алмаймыз. 


Тарихи жырлардағы көбіне әңгіме болатын әсіресе, қалмақ пен қазақтардың XYIII 
ғасырдағы тарихи соғыстары мен XYIII-XIX ғарырдағы хан-сұлтандардың қанауына қарсы 
күрескен шаруалардың көтерілістері. 
Әрине, әдебиет- тарих емес, тарихи күрес, уақиғалардың айнасы, сәулесі ғана, тарихи 
жырларда тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығуын одан талап етуге болмайды. 
Кейде дәл келсе, кейде ауытқып кетуі мүмкін. Олай болуы заңды. Өйткені жырды туғызушылар, 
ол уақиғаларды өзінше түсініп, өзінше баяндайды, суреттеушілерге жалпы тән нәрсе. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет