Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет13/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы. 
Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты 
туды десек, мұны батырлар жыры жайында да айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы ұсақ 
үлгілері сонау ерте заманда, патриархаттық-рулық құрылыс кезінен өзінде-ақ туа бастаған. Сол 
кезде тарихтағы аттары мәлім рулары: үйсін, қаңылы, қоңырат, керей, қыпшақ т.б. өздерінің рулық 
тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың батырлары өз 
руларына қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ерлік жасаған. Олардың бұл 
жолдағы ерлік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-әңгімеге айналған. 
Дегенмен, патриархтық-рулық құрылыс кезінде туған батырлар жырының үлгілері 
толығынан сақталмаған. Оның кейбіреулері, кейіннен, ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен 
қосылып, араласып кеткен. Сондықтан батырлар жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын, 
сипатын дәлелдеп айту өте қиын. 
Қазақта батырлар жырының көбірек туған кезі XIY-XYIII ғасырлардың арасы секілді. Осы 
аталған кезеңдерде бүгінгі қазақ халқының көне тарихында бірнеше елеулі оқиғалар болыпты. Бұл 
жерде бір жағдайды ескерте кетейік. Тарихтың айтуынша, XY ғасырға дейін «қазақ» деген туыстас 
халық болған, жеке бытыраңқы рулар болған. Олардың бәрі «ноғайлы» деген жалпыға бірдей 
атпен аталған.
Қызылбастар мен қалмақтар туралы. 


Ертеде туған батырлар жырында ел қорғаған ерлердің алысатын жаулары не қызылбастар 
немесе қалмақтар болып келеді. Бір жердің өзінде қызылбас пен қалмақ аралас жүреді. Мұның 
себебі не және олар кімдер? 
Хулаган ханның мемлекеті бүкіл монғолия державасының бір бөлігі есебінде саналған. 
Бұларға Шыңғыс ханның балалары (Жошы, Шағатай, бұларды кейін Бати, Барке) көп жәрдем, 
әскери күш-көмек беріп отырған. Бірсыпыра уақытқа дейін жергілікті елдер Хулагуліктерге 
бағынбай, соғысып, алысумен өткен. Хулагуліктерге бағынбай, қарсылық, қайрат көрсеткендер 
Кавказдықтар, Азербайжандар және қыпшақтар болған. 
Иранды, Кавказды және Азербайжанды өздеріне қаратқан монғол хандары Хулағұл 
мемлекеті (ұлысын) нығайтуға күш салады. Ол үшін бұлар екі үлкен нәрсені жүзеге асыруға 
тырысады. Бірінші: әскер күшін нығайту болады. Монғолдар өздерінің әскерін жергілікті елдерден 
де адам алады. Монғол хандары атты әскерден жасақтар құрады. Олар көбінесе ат үстінде 
соғысады. Осындай жағдайда жауларынан өздерін айыру үшін ирандық монғол бастарына қызыл 
бөрік киеді. Осыдан барып оларды «қызылбастар» деп атаған деседі. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет