Пәні «Қазақ халық ауыз әдебиеті»


 дәріс. Эпостық жырлар, зерттелуі, жинақталуы



жүктеу 0.88 Mb.
Pdf просмотр
бет12/29
Дата08.11.2022
өлшемі0.88 Mb.
#23473
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Дәріс. Қазақ ауыз әдебиеті. (2)
7 дәріс. Эпостық жырлар, зерттелуі, жинақталуы. 
Жоспары: 
1. Эпостық жырлар туралы ұғым. 
2. Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы. 
3. Қызылбастар мен қалмақтар туралы. 
4. Батырлар жырының құрылысы, ерекшелігі, жанрлық типі. 
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі-батырлар жыры. Бұл 
жылдардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек 
ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-
жұрттың қорғап қалған батырлардың, олардың ерлік істерін ардақтар халық аңыз-әңгіме, жырына 
қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де 
жырлаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлықтың 
ісінен кім санамаған. Сондықтан да бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының 
негізгі әңгімесіне айналған.
Әрине, батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-
тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солар мен бірге жасасқан. Сондықтан 
да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде талай қоғамдық және таптық тілектерге 
сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған: әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық және таптық ой-сананың 
көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген. Әрбір қоғамдық құрылыс, әрбір тап 
батырлар жырын өз тілегеніне, өз мүддесіне сай етіп өзгертіп те отырған, олар батырлар жыры 
арқылы өздерінің қоғамдық және таптық идеясын таратуға тырысқан. 
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ел арасынан жиналуы өткен ғасырдан басталады десек
мұны батырлар жыры жөнінде айтуға болады. Бұған, әсіресе, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, 
Н.Ильминскийдің, Г.Ботаниннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың т.б. жинап бастырған батырлар 
жыры дәлел. Дегенмен батырлар жырының молынан жиналған көзі кеңестік дәуірде болған. Қазақ 
ССР Ғалым академиясының қолжазба қорында батырлар жырының, көлемі жағынан ғана алғанда, 
бір мың баспа табақтай материалы болуы-кеңестік дәуірде ауыз әдебиетін жинау ісіне көп көңіл 
бөлінгендігі сипатталады. 
Батырлар жырын зерттеу ісі де кеңестік дәуірде қолға алынған. Батырлар жыры жайында 
газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін еңбектер 
жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттеледі. Кеңестік дәуірде қазақтың 
батырлар жырын зерттеуде С.Сейфуллин, (Қазақ әдебиеті, 1932 ж.) М.Әуезов, С.Мұқанов, 
Х.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, А.С.Оралов, Н.С.Смирнов секілді әдебиетші-ғалымдар 
бірсыпыра жұмыстар жүргізді. 

жүктеу 0.88 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет