Педагогикалық тәрбие әдістері


Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері



жүктеу 207.22 Kb.
бет2/6
Дата02.11.2022
өлшемі207.22 Kb.
#23175
1   2   3   4   5   6
Педагогикалық тәрбие әдістері 2
ПСИХОЛОГИЯ!!!, оқыту мен оқудың белсенді әдістері Дадли

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

  • Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
  • • адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер
  • .• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.

Сана қалыптастыру əдістері

  • Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.

Қарым-қатынаста екі негізгі тәсіл коммуникативтік ықпал жасайтын қабылданған, яғни сөздің көмегімен әсер ету: сендіру мен иландыру.

  • Сенім шынайы және жалған болады. Шынайы сенім шынайы дүниемен сәйкес болады және адам тұлғасын қоғамдық құндылық ретінде қарастырады. Адам өзінің шынайы сенімін қорғау үшін өлімге де басын тігеді. Жалған сенім, ең алдымен ұжымға да зиянды және қоғамға да. Бұл өзінің және басқалардың жағымсыз көзқарастарынан жәнеөмірлік тәжірибе синтезінен пайда болады.
  • Жалған сенімді жөндеу педагогтың табанды еңбегін қажет етеді. Оны үш бағытта жүзеге асыруға болады: сынып ұжымында қоғамдық пікір қалыптастыру, арнайы құнды дербес өмірлік тәжірибе жасау, дұрыс емес сенімнің жалған екендігін білдіру, дәлеледеу.Ең алдымен күшті ұжым құруда алыс, орта, жақын перспективаларды оның дамуына бағыттау керек. Әрбір тәрбиеленушінің ұнамды жақтарына сүйене отырып, педагогқа өмірлік сенімді жоюға қадам басуы жеңілдеу болады. А.И.Кочетов жалған сенімді әлсіретуге төмендегі тәсілдерді бөліп қарастырды:

жүктеу 207.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет