Педагогика және психология пәні бойынша қабылдау емтиханның міндеті



жүктеу 162.24 Kb.

Дата20.03.2017
өлшемі162.24 Kb.

 

 

 



 

 


 

 



 

 

 

 



 



ТҮСІНІК ХАТ 

Педагогика  және  психология  пәні  бойынша  қабылдау  емтиханның  міндеті  - 

болашақ  магистрдің  кәсіби-педагогикалық,  психологиялық  даярлығын  тексеру 

деңгейі. Басқа емтихандарға қарағанда оның кешенді сипаты бар.  

Түлек  ӛзінің  емтихан  барысында  терең  білімін  кӛрсетуде  тӛмендегі  

талаптарды кӛрсетуі қажет. 

-

 

Білім  беру,  тәрбие  мен  оқыту  міндеттерін  «Білім  беру»  заңына    сәйкес 



және т.с.с. жалпы білім беретін мектептің негізгі бағыттарына сай түсіне білу. 

Сұрақтарды  теориялық,  тарихи-педагогикалық,  психологиялық  және 

әдістемелік  тұрғыда  қарастыру.  Қазіргі  тәрбие  мен  оқытудың  тәжірибелерін 

мысалдар арқылы жауап беру. 

Түлектердің  жауабы  педагогиканың  негізгі  мәселелерін  түсіндіретіндей, 

олардың оқу-тәрбие жұмыстарына дайындықтарын дәлелдейтіндей болуы керек. 

Қабылдау  емтихан  тестілерінде  педагогика  бағдарламасының  әртүрлі 

тарауларынан сұрақтар және оқыту әдістемесі бағдарламасынан бір сұрақ кіреді. 

Әдістеме  бойынша  сұрақтардың  тізімі  оқыту  әдістемесі  кафедрасы 

құрастырады.  



Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негідері 

Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, 

оның  басты  ерекшеліктері:  арнайы  пәні,  ғылыми-терминологиялық  аппараты, 

зерттеу әдістері. 

Педагогика  -  адам  тәрбиесі  туралы  ғылым.  Тәрбие  қоғамдық  ғылым, 

қоғамдық  қызмет  ретінде.  Тәрбиенің  тарихи  және  негізгі  сипаты,  оның  қазіргі 

қоғам дамуындағы кӛрінісі. 

Педагогика  пәні,  оның  негізгі  категориялары  (тәрбие,  оқыту,  білім  беру, 

педагогикалык процесс) және олардың ӛзара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-

қатынас, дамыту, қалыптастыру). Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың 

басқа  ғылымдармен  байланысы.  Қазіргі  педагогиканың  негізгі  әдіснамалық 

жағдайы.  Философиялык  заңдар,  заңдылықтар.  Диалектиканың  заңдары  және 

олардың  жалпы  сипаты.  Таным  теориясы.  Тұлға  теориясы.  Іс-әрекет  теориясы. 

Құндылықтар  теориясы.  Басқару  теориясы.  Тұтас  педагогикалық  процесс 

теориясы.  Педагогикалық  теория  мен  практиканың  ӛзара  бірлескен  әрекетінің 

диалектикасы.  Қоғамның  қазіргі  жағдайындағы  педагогика  ғылымдарының 

міндеттері.  

Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара 

байланысы және сипаты 

Тұлға  туралы  ұғым.  «Адам»,  «индивид»,  «дара»,  «тұлға».  Тұлға 

құрылымының  кӛп  қырлылығы,  күрделілігі,  оның  барлық  компоненттерінің 

ӛзара  байланысы.  «Тұлғаны  дамыту»,  «тәрбиелеу»,  «қалыптастыру» 

ұғымдарына сипаттама. 

Табиғи,  әлеуметтік,  тарихи,  белсенді  мүшесі,  адам  туралы  философиялық 

ережелер  -  тұлғаның  педагогикалық  тұрғыдан  түсінудің  әдіснамалық  негізі, 

тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың факторлары. 

Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер етуші негізгі факторлар (тұқым 

қуалаушылық,  орта,  тәрбие).  Субъектінің  іс-әрекеті  тұлғаны  дамытудың  және 

қалыптастырудың  факторы.  Осы  мәселені  түсіндірудегі  әртүрлі  кӛзқарастар, 


 

оларға талдау жасау. 



Қазіргі педагогика ғылымдары тұрғысынан жеке  тұлғаны дамытудың және 

қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі зандылықтары. 

Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға – тәрбие процесінің және 

ӛзіндік дамудың субъектісі. 



Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие 

процесінде есепке алу 

Оқушының  жеке  тұлғалық  дамуының  жас  ерекшелік  кезеңдері,  оларға 

сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі. 

Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдаяттары. Қазіргі қоғамның даму 

кезеңінде  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  ерекшеліктері.  Оқушының  оқуға 

деген  шынайы  мүмкіндіктерін  педагогикалық  процесті  ұйымдастыруда  есепке 

алу (мазмұны, құралдары, түрлері оқу-тәрбие іс-әрекетінің әдістері). 

Оқушы  тұлғасының  дара  ерекшеліктеріне  сипаттама.  Оқушының  дара 

ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту. 

Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру 

Педагогика  ғылымының  дамуы  және  мұғалімнің  педагогикалық  іс-

әрекетіндегі  ғылыми-зерттеу  жұмысының  рӛлі.  Ғылыми  зерттеу  жұмысының 

жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама. 

Зерттеуге  жүйелі  тәсіл  -  құбылыстардың  жалпы  байланысының  кӛрінісі. 

Жүйелі тәсілдің негіздері философиялық категориялар. Таным теориясы. 

Педагогикалық  зерттеудің  әдіснамалық  негіздері:  педагогиканың 

заңдылықтары  және  маңызды  категориялары,  педагогикалық  процесс, 

педагогикалық  пән  мен  мұғалім  іс-әрекетінің  педагогикалық  зерттеуге  жүйелі 

кұрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі. 

Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  әдісінің  мәні  (теориялық-эмпирикалык, 

эксперименттік, математикалық). 

Нақты  педагогикалық  зерттеуді  ұйымдастыру  мен  ӛткізудің  әдістемесі. 

Педагогикалық  процесті  диагностикалау  мен  оқушыларды  танып  білудегі 

зерттеу әдістерінің ролі. 

Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс 

- педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі 

Педагогика  пәні  және  мұғалімнің  іс-әрекет  объектісі  мектеп 

тәжірибесінде,  оқу  кұралдарында,  бағдарламаларда  осы  ұғымдардың  дамуы, 

осы мәселелердің кӛрініс табуы. 

Мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. 

Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері. Оқушы 

-  педагогикалық  процестің  субъектісі.  Педагогикалық  жағдаят  педагогикалық 

процестің  элементарлық  «жасушасы».  Уақыт  пен  кеңістіктегі  тұтас 

педагогикалық  процестің  үш  қызметінің  -  білімділік,  дамытушылық  және 

тәрбиелілік ӛзара байланысы және бірлігі. 

Жеке  тұлғаның  тұтастығы  -  педагогикалык  процестің  үш  бірліктегі 

қызметін  іске  асыруды  түсіндірудің  негізі.  Жеке  тұлғаның  шығармашылығы. 

Жеке  тұлғаның  дарындылығы:  тұтас  педагогикалық  процестегі  оқу  және  оқудан 

тыс іс-әрекеттердің  бірлігі. 

Педагогикалық  процестің  қозғаушы  күштері.  Педагогикалық  процестің 

тәрбиелік  механизмдері.  Оқу-тәрбие  процесінің  құралдары.  Іс-әрекет, 



 

педагогикалық процесті іске асырудың құралы және соның ішіндегі қызметін іске 



асырушы.  Іс-әрекеттің  негізгі  түрлері  (еңбек,  қарым-қатынас,  таным,  ойын) 

олардың  мектептегі  оқу-тәрбие  процесіндегі  ерекшеліктері.  Оқушының  

шығармашылық іс-әрекеті. 

Педагогикалық  процесті  басқару,  Педагогикалық  процесті  болжау  және 

қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері. 

Педагогикалық процестің заңдылықтары 

Педагогикалық  процесс  -  күрделі  дамушы  жүйе.  Оның  жеке  тұлғаны 

қалыптастырудағы  ролі.  Оқу-тәрбие  процесін  болжау,  мұғалімнің  әдіснамалық 

бағытына тәелді. Оқу-тәрбие процесіне байланысты әр түрлі кӛзқарастар. 

Табиғаттағы  және  қоғамдағы  кұбылыстардың  және  процестердің  даму 

заңдылықтарының 

философиялық 

мәні. 


Педагогикалық 

процестің 

заңдылықтарының мәнін танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің іс-

әрекетіндегі рӛлі. 

Педагогикалық  процестің  негізгі  заңдылықтары,  оларға  сипаттама: 

қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  талаптармен  келісуі;  оқушы  мен 

оқытушының екі жақты міндетті іс-әрекетімен байланысты ӛзара қарым-қатынасы; 

оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімнің алдын-ала мұқият ойланған және 

ұйымдастырылған  іс-әрекетінің  нәтижесі;  оқушылар  арасындағы  ӛзара  іс-әрекетті 

мұқият ұйымдастыру педагогикалық процестің тиімділігін арттырудың шарттары. 

Педагогикалық  процестің  тиімділігі  мектептегі  педагогикалық  процестегі 

жекелеген  балалардың  және  ұжымның  даму  деңгейіне,  оқушылардың  жас 

ерекшеліктеріндегі 

іс-әрекеттердің 

ұйымдасуына 

және 


мазмұнына 

сәйкестілігіне 

тәуелділігі; 

педагогикалық 

процестегі 

компоненттердің 

(мақсатына,  міңдетіне,  мазмұнына,  құралына,  формасына,  әдісіне,  амалына 

қарай)  ӛзара  бір-біріне  әсерлесуі  және  сабақтасуы;  педагогикалық  процестің  бір 

мезеттік  емес,  қызмет  жасау  уақытының  ұзақтығына  байланыстылығы;  бір  ғана 

кӛрсеткішті емес, олардың жиынтығын, факторларды есепке алу қажеттілігі; 

логикалық 

ӛзара 


байланысы 

және 


педагогикалық 

процестің 

заңдылықтарының ӛзара тәуелділігі. 

Оқу-тәрбие  процесінің  принциптері,  оның  заңдылықтарының  нақты 

пайда  болуына  әсер  етеді.  Принциптердің  мәні  және  оған  сипаттама. 

Педагогикалық  процесті  басқарудағы,  болжаудағы  заңдылықтар  мен 

принциптерді ескерудің маңызы. 

Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім 

Мақсаттылық  және  әлеуметтік  келісімділік  -  педагогикалық  процестің 

негізгі  заңдылықтары.  Педагогикалық  процестің  негізгі  компоненті  мен  тірегі  –

тәрбиенің мақсаты. 

Педагог  пен  оқушылардың  іс-әрекет  нәтижесінің  идеалдық  моделі. 

Тәрбиенің  мақсаты.  Педагогикалық  ой-пікірлер  тарихындағы  тәрбиенің 

мақсаты мен мәселелері. 

Қоғамдық  мәдениет  -  жас  ұрпақ  тәрбиесінің  мақсатын  айқындаудың 

әдіснамалық негізі (материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік мәдениет). 

Қазақстан 

Республикасының 

әлеуметтік-экономикалық 

даму 

тенденциялары  және  жас  ұрпақты  ӛз  бетінше  ӛмір  сүруге  дайындау. 



Әлеуметтендіру  және  жеке  тұлғаны  дербестендіру  мәселесі.  Жеке  тұлғаның 

шығармашылық  мүмкіндігі  мен  тәрбиенің  мақсаты.  Жеке  тұлғаның  жан-жақты 



 

және үйлесімді дамуы туралы ұғым. 



Тәрбиенің  жан-жақты  үйлесімді  мазмұны,  міндеті,  мақсатының  ӛзара 

диалектикалық байланысы. 



Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде 

Дүниетанымның  негізгі  компоненттері  мен  мәні.  Дүниетанымның 

түрлері.  Дүниетанымды  қалыптастырудың  әдіснамалық  негіздері.  Философия, 

оның  әртүрлі  бағыттарының  қалыптасушы  тұлғаның  дүниетанымдық 

кӛзқарасын  бағалаудың  ролі.  Дүниетанымды  қалыптастырудың  психологиялық 

негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. 

Оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудың  жолдары  мен 

құралдары:  ғылыми  білімді  қалыптастыруда  кӛзқарасы  мен  кӛзін  жеткізу, 

оқытудың  әдістері  мен  формаларының,  мазмұнының  ролі;  оқушыларға  әлемді 

түсінуін қалыптастырудағы кӛзқарасы мен қазіргі әлеуметтік жағдаяттарға талдау 

жасау;  әртүрлі  іс-әрекеттер  түрлеріне  оқушыларды  қатыстыру;  оқушыны 

тұлғалық  әлеуметтендіру  мен  дүниетанымдық  кӛзқарасын  қалыптастырудағы 

мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті. 

Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің 

мазмұны 

Тәрбиенін мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың ӛзара байланысы. 

Тұлғаның  жан-жақты  мазмұнды  сипатта  дамуы  адамзаттық  мәдениеті 

меңгеруімен байланысты. 

Интегралды  тұлғалық  сана,  әлем  мәдениетімен  шығармашылық 

байланыста  болу  қабілетін  сипаттайтын,  ақыл-ой  мәдениеті,  еңбекке 

дайындығы,  тұлғаның  политехникалық  мәдениеті,  адамгершілікке  тәрбиелілігі, 

экологиялық,  эстетикалық,  дене  тәрбиесі.  Дүниетаным  әлемге,  адамдарға,  ӛзіне 

деген  кӛзқарастардың  жүйесі  ретінде  мәдениеттің  дамуы  және  меңгерілуінің 

белсенді шарттары. Тәрбиенің түрлері: 

а) 

жеке  тұлғаның  ақыл-ой   мәдениеті,  оның  мәні.   Жалпыадамзаттық 



мәдениет  әлеміне  ену  процессіндегі  базалық  білімнің  ролі.  Ақыл-ой  күші  және 

қабілеті.  Сӛз  мәдениеті  және  ойлау  мәдениетінің  тәрбиесі.  Ғылыми  дүниетаным 

жеке    тұлғаның  ақыл-ой      компоненті      ретінде.      Танымдық    қызығушылықтың 

ақыл-ой   мәдениетіндегі   алатын   орны.   Оқушылардың   ӛзіндік   білім   алуға 

дайындығын қалыптастыру; 

ә)  жеке  тұлғаның  адамгершілік-тұтастығын  қалыптастыру.  Адамгершілік 

тәрбиесінің  мәні.  Жалпыадамзаттық  құндылықтар  жеке  тұлғаның  адамгершілік-

тұтастығын  қалыптастырудың  негізі  ретінде.  Адамгершілік  тәрбиесінің 

міндеттері  мен  мазмұны.  Адамгершілік  тәрбиесінің  ерекшелігінің 

оқушылардың  кез-келген  іс-әрекетіне  қатысы.  Жеке  тұлғаның  моральдық 

нормалар мен талаптарды меңгеру логикасы және механизмнің ерекшеліктері; 

Адамгершілік  тәрбиесінің  жағымды-эмоционалдық  фонын  жасау  арқылы 

(мотивация,  байланыс  жасау,  іс-әрекеттің  нәтижесі  мен  адамгершілік  жағын 

бағалау) ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге ынтасын қалыптастыру; 

б) 

мамандықты     саналы     таңдау     арқылы     еңбекке     дайындығын 



қалыптастыру,   қоғамның   ӛтпелі   кезеңде   нарықтық   қатынасқа   кӛшуіндегі 

әлеуметтік-экнономикалық      тенденциялар      және      оқушыларды      еңбекке 

тәрбиелеудің   міндеттері.   Балалардың   потенциалдық   мүмкіндіктері   кейінгі 

ӛмірлік жолдарын таңдауға септігін тигізеді; 



 

в) 



 қазіргі  қоғамның  жаңа  идеологиялық  жағдайына  байланысты  жеке 

тұлганың  саяси  және  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру.  Оқушыларда  саяси 

мәдениетті      қалыптастырудың      міндеттері  мен      мазмұны.      Қазіргі      кезеңдегі 

мұғалім    жұмысының    күрделілігі    және    қарама-қайшылығы.    Құқықтық 

мәдениеттің мазмұны, міндеттері мен мәні; 

г) 


оқушыларды    эстетикалық    мәдениетке   тәрбиелеу.    Эстетикалық 

тәрбиенің  мазмұны,  міндеттері    және  мәні.  Эстетикалық  санасын,  идеалын, 

сезімін, кӛркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру; 

       д) оқушыларды   экологиялық   мәдениетке   тәрбиелеу.   Экологиялық 

тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні; 

      ә)  жеке  тұлғаның  дене  тәрбиесі.  Салауатты  ӛмір  сүру  салты. 

Оқушылардың  дене  тәрбиесінің  мазмұны  және  міндеттері.  Адам  мәдениетін 

меңгерудегі оқушьшардың негізгі іс-әрекетінің түрлері. 



Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен 

құралдарының жүйесі. 

Құралдар,  формалар,  әдістер  педагогикалық  процестің  қозғаушы  тетіктері 

ретінде.  Құралдар,  формалар,  әдістер  және  тәсілдер  туралы  жалпы  ұғым, 

олардың  тұтас  педагогикалық  процестегі  ӛзара  байланысы.  Оларды  оқуда  және 

оқудан  тыс  уақытта  қолданудың  ерекшеліктері.  Педагогикалық  процестің 

әдістеріне сипаттама және оларды жіктеу. 

Оқыту  мен  тәрбие  әдістерінің  ӛзара  байланысы  педагогикалық  процестің 

барлық  қызметінің  бірлігінің  кӛрінісі  ретінде.  Оқудан  тыс  уақыттағы  жеке 

тұлғаның  қалыптасу  әдістерінің  ӛзіндік  ерекшеліктері.  Жеке  тұлғаның  санасын 

қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгімесендіру, кӛзін жеткізу, үлгі. 

Тәрбиелік  жағдаяттар  жасау,  үйрету,  тапсырма  беру,  жаттығу.  Оң  мінез-

құлық  мәдениетін  қалыптастыру  әдістері,  іс-әрекет  пен  мінез-құлықты 

ынталандыру  әдістері:  мадақтау,  жазалау,  олардың  түрлері.  Оларды 

қолданудың педагогикалық жағдайы. 

Педагогикалық  шыгармашылықтың  белгісі  ретінде  тәрбиенің  әдістерін 

сұрыптау. Бақылау және ӛзіндік бақылау әдістері. 

Тәрбиелік  іс-әрекетті  тиімді  ұйымдастыру  жағдайы  ретінде  құрал,  форма, 

әдістердің ӛзара байланысы. 



Педагогикалық процестегі мұғалім және балалар ұжымының өзара 

байланысы және өзара іс-әрекеті 

Балалар  ұжымы  әлеуметтік  ортаның  құрамдас  бӛлігі.  Ұжымның  мәні, 

ұжым  тәрбиенің  объектісі  және  субъектісі  ретінде.  Кеңес  педагогтерінің  (С.Т. 

Шацкий,  Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А.  Сухомлинский  т.б.) 

еңбектерінде  ұжымдық  тәрбиенің  негізгі  идеялары.  Жеке  тұлғаны 

қалыптастырудағы дербес және ұжымдық диалектика. 

Балалар  ұжымын  қалыптастырудың  кезеңдері,  заңдары  және  атқаратын 

қызметтері.  Әрбір  кезеңдегі  педагогикалық  басқарудың  ӛзіндік  ерекшеліктері. 

Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары. Қарым-қатынас және іс- 

әрекеттің  ролі.  Ұжымдық  ӛмірдің  эмоционалдық  (сезімдік)  байлығы, 

қоғамдағы он тәжірибелерді меңгерудегі ұжымдық дәстүрдің мәні. 

Әртүрлі  балалар  ұжымдарының  типтері  (сыныптық,  мектептік,  әртүрлі 

жастағы,  уақытша  қызығушылығына  байланысты),  олардың  ерекшеліктері,  бір-

біріне  әсері  және  сабақтастығы.  «Педагогтер-оқушылар»  жүйесіндегі  балалар 



 

ұжымы. 



Педагогикалық  процестің  қызметіндегі  тәрбиелік  тетіктер:  педагогтер  және 

оқушылардың  әртүрлі  ұжымдық  іс-әрекеттегі  байланысы.  Оқу  процесіндегі 

ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмысы. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарда  әртүрлі  жастағы  оқушылардың  ұжымдық  іс-

әрекетіне  педагогикалық  басшылық  жасау.  Оқушылардың  әртүрлі  тіршілік 

әрекетімен  байланысты  қоғамдық  тапсырмаларға  сипаттама.  Дербестік,  топтық, 

ұжымдық  тапсырмалар.  Жеке  тұлғаның  дербес  және  ұжымдық  дамуы  оқытушы 

және  оқушының  бірлескен  іс-әрекетінің  шарттары  мен  құралы  ретінде  қарым-

қатынастың ролі. 

Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын  оқыту әдістері. 



Сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің шығармашылық 

іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. 

Тәрбие  жүйесі  туралы  ұғым.  Сыныптағы  тәрбие  жүйесі.  Тәрбиелік 

технологиялар. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып 

жетекшісінің  іс-әрекеті.  Тәрбиелік  іс-шараларды  дайындаудың  әдістемесі. 

Педагогикалық  процеске  қатысушылардың  ӛзара  әрекетін  үйлестірудегі  сынып 

жетекшісінің  ролі.  Сынып  жетекшісінің  қызметі.  Сынып  оқушыларының  іс-

әрекетін  ұйымдастыру  түрлеріне  (форма)  сипаттама.  Сынып  жетекшісінің  іс-

әрекетін  болжау  және  диагностикалау.  Сынып      жетекшісіиің      оқушылардың   

отбасымен      ынтымақтастығының  түрлері.  Тәрбие  процесінде  этнопедагогика 

материалдарын пайдалану. 



Отбасы тәрбиесінің негіздері 

Отбасындағы  балалар  тәрбиесі.  Огбасы  тәрбиесі  туралы  Н.К.  Крупская,                    

А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары. 

Отбасында  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  теориялық 

негіздері.  Отбасында  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  негізгі 

компоненттері. 

Отбасындағы 

ересектер 

мен 

балаларды, 



тіршілік 

әрекетін  

ұйымдастырудың  әдістері,  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  құралы,  формалары 

отбасындағы  педагогикалық  процестің  негізгі  сипаттамалары  оны  үйретудің 

әдістері.  Отбасы  және  мектептің  ынтымақтастығының  түрлері.  Отбасы  мен 

педагогикалық  ұжымның  жұмысындағы  сынып  жетекшісінің  ролі. 

Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие. 

Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту 

Оқыту  -  тұтас  педагогикалық  процестің  негізгі  бӛлігі.  Білім  беру  мен 

оқытудың  тәрбиелік  мүмкіндіктері.  Қазіргі  дидактиканың  проблемалары. 

Оқыту  процесінің  мәні.  Әдіснамалық  негізі.  Оқушылардыц  танымдық  іс-

әрекетінін ерекшеліктері. 

Оқытудың  психологиялық  негіздері.  Оқытудың  психологиялық 

теориялары: 

ассоциативтік-рефлекторлык, 

ақыл-ой 

әрекеттерін 

сатылап 

қалыптастырудың  теориясы т.б. 

Оқыту  процесін  жүзеге  асырудағы  педагогикалық  процестің  негізгі 

қызметі  білімділік,  тәрбиелік,  дамытушылық.  Оқыту  процесінің  құрылымы, 

негізгі кезеңдері, оқытудың заңдылықтары және принциптері. 

Қазіргі мектептегі білім берудің мазмүны 

Білім  берудің  мазмұнын  анықтаудың  ғылыми-педагогикалық  негізі:  білім 



 

беру  және  оның  мазмұны  туралы  жалпы  ұғым,  мектеп  тарихындағы  білім 



мазмұнының  мәселелері  мен  педагогикалық  ой-пікірлер;  кеңес  мектептерінің 

дамуы  мен  қалыптасу  дәуіріндегі  білім  мазмұнын  құраудың  негізгі  кезеңдері; 

жалпы  адамзаттық  мәдениет;  әлеуметтік  тәжірибе  білім  берудің  негізгі 

құрамын  анықтаудың  негізі  ретінде.  Білім  беру  мазмұнының  компоненттеріне 

сипаттама:  табиғат,  қоғам,  техника,  адам,  іс-әрекет  қабілеті  туралы  білім 

негіздері; алынған білімге сезімдік-құндылық катынасын тәрбиелеу. 

Жалпы,  политехникалык,  кәсіби  білім  берудің  ӛзара  байланысы.  Білім 

мазмұнындағы  пәнаралық  байланыстың  мәселелері.  Окушылардың  шынайы 

оку  мүмкіндіктері,  оларды  білім  берудің  мазмұнын  айқандауда  ескеру.  Қазіргі 

мектептегі  білім  беру  мазмұнын  алықтау  мәселелері.  Білім  беру  мазмұнын 

сұрыптаудағы  шығармашылық  қатынас.  Ұлттық  мектептердегі  білім  беру 

мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары. 

Білім  беру  мазмұнын  анықтайтын  кұжаттарға  сипаттама:  оқу 

жоспарлары,  оқу  бағдарламалары,  оқулықтар,  оқу  құралдары.  Шетел 

мектептеріндегі білім берудің мәселелері. 

Окытуды ұйымдастыру формалары. 

Оқушылардын оқу-танымдық іс-әрекеті және тұтас педагогикалық процесте 

оны  ұйымдастырудың  түрлері.  Оқытуды  ұйымдастырудың  түрлері  туралы  ұғым, 

мұғалім  мен  оқушының  ӛзара  іс-әрекетінің  әдісі  ретінде.  Оқытуды 

ұйымдастыру түрлері және әдістері арасындағы үйлесімділік. 

Оқытуды  үйымдастырудың  түрлерінің  дамуы  мен  қалыптасуына  қысқаша 

тарихи  экскурс.  Мектеп  тарихындағы  оқытудың  сыныптық  -  сабақ  жүйесін 

дамыту. 


Қазіргі  мектептегі  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  түрлері:  сабақ, 

экскурсия,  сарамандық  және  семинарлар,  оқушылардың  үйдегі  оқу  жұмысы, 

сынақ,  консультация  (кеңес  беру),  емтихан,  қосымша  сабақ.  Оқытудың  дәстүрлі 

емес  түрлерін  қолдану  педагогикалық  шығармашылықтың  нәтижесі  ретінде. 

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы сабақ және сабақтан  тыс, 

фронтальды,  топтық,  дербестік,  түрлерінің  үйлесімділігі.  Қазіргі  сабақтың 

теориясы. Сабақ  логикалық аяқталған педагогикалық процестің уақыт бойынша 

шектелген бӛлігі. 

Дидактиканың міндеттері. Сабақтың типологиясы (жіктелуі) және құралдары. 

Сабақтың құрылымының психологиялық және дидактикалық ара-қатынасы. 

Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  психологиялық  негізі  сабақ 

құрылымының  икемді  және  құбылмалы  болуы  оның  мақсатына,  міндетіне, 

мазмұнына 

байланысты. 

Сабақта 

оқушылардың 

оқу 

іс-әрекетін 



ұййымдастырудың  топтық,  дербестік,  фронтальды  түрлері.  Оқушылардың  бірін-

бірі  оқытуына,  ұжымдық-танымдық  іс-әрекетіне  мұғалімнің  басшылық 

ерекшеліктері. 

Сабақ - мұгалімнің дәстүрлі емес түрлері. «Авторлық сабақтар», жаңашыл 

педагогтердің  сабақтары  (конференция  сабағы,  пікірталас  сабақ,  брифинг  сабағы, 

тереңдетілген  сабақтар  және  басқалар).  Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы. 

Тақырыптық және сабақ бойынша -жоспарлау. 

Сабақты  талдау  (ӛзіндік  талдау)  -  педагогикалық  процестің  компоненті. 

Сабақты  талдаудың  типтері  (толық,  дидактикалық,  пснхологиялық  және 

тәрбиелік).  



 

10 


Педагогикалық  процестің  құрылымдық  компоненті  негізінде,  сабақты 

талдаудың  сызбасын  құруды  негіздеудің  қажеттілігі  -  мұғалімнің  іс-әрекетінің 

объектісі.  Сабақты  талдау  және  ӛзіндік  талдау  -  басқару  объектісінің  сапасы 

туралы  жаңа  білімді  алудың  әдісі.  Оқыту  процесінде  этнопедагогика 

материалдарын  пайдалану.  Шетел  мектептеріндегі  оқытуды  ұйымдастыруға 

сипаттама. 



Оқыту әдістеріне сипаттама 

Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінің орны. Оқыту әдісі туралы 

жалпы ұғым. Әдіс және әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері және құралдары. 

Оқьпу  әдістерінің  атқаратын  қызметі  және  белгілері.  Оқыту  әдістерінің 

психологиялық  құрылымы.  Оқыту  әдістерінің  ерекшеліктері:  тұлғаны 

қалыптастыру  мәдениетімен  байланысты  жекелеген  әдістер  қолдану  логикасына, 

сабақта  оқыту  әдістерінің  кешендерін  таңдауды  негіздеу  үшін  пікіріне 

байланысты  әдістерінің  тәрбиелік,  білімдік,  дамытушылық  мәні,  екі  жақтылық 

сипаты. 

Оқыту  әдістерінің  кӛптүрлілігі.  Қазіргі  дидактикадағы  жіктеудің  әртүрлі 

тәсілдері.  Оқытудың  әртүрлі  әдістеріне  сипаттама:  шығарма,  әңгіме,  оқулықпен 

жұмыс,  бақылау,  жаттығу,  зертханалық  және  сарамандық  жүмыс.  Ӛнер 

құралдары мен ойын тәсілдері, оларды оқыту процесінде қолдану. 

Оқытудағы  бақылау  және  ӛзіндік  бақылау  әдістері.  Оқушылардың 

педагогикалық  шығармашылыгы.  Оқыту  әдістері.  Оқыту  әдістерін  таңдау 

мәселелері.  Шетел  мектептеріндегі  оқыту  әдістері,  оларды  қолданудың 

мүмкіндіктері. 

Тестер, оны қолдану ерекшеліктері. 



Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің 

ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері 

Педагогикалық  процесс  жалпы  адамзаттық  мәдениет  байлығын 

меңгерудегі мұғалімнің тікелей басшылығы мен жетекшілігіндегі оқушылармен 

ынтымақтастығы. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бӛлігі. 

Оқыту 

процесінің 



қарама-қайшылығы. 

Олардың 


шешімдері. 

Оқушылардың  ұжымдық-танымдық  іс-әрекеті  -  мұғалімдердің  фронтальдық 

(жаппай)  жұмысы  және  оқушылардың  материалдарды  меңгерудегі  дербестік 

ерекшелігі арасындағы қарама-қайшылықты шешудің құралы. 

Оқушылардың 

ұжымдық-танымдық 

іс-әрекетінің 

білімділік 

дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктері. 

Оқушылардың  ұжымдық-танымдық  іс-әрекетінің  мәні.  Ұйымдастырудың 

түрлері  және  формалары.  Ассистенттер  мен  консультанттардың  жұмысы. 

Жұппен,  соның  ішінде  ауыспалы  құраммен  жұмыс  жасау.  Сабақтағы  топтық 

жұмыс.  Оқу  кездесулері.  Оқушылардың  білімдерінің,  іскерліктерінің, 

дагдыларының  қоғамдық  байқаулары.  Топтық  сабақтың  әдістемесі  және 

құрылымы.  

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің   қазіргі 

тәсілдері 

Қазіргі  дидактиканың  жетістіктері,  оларды  мектептің  оқу-тәрбие  процесін 

жетілдіруде жүзеге асыру. 

Оқыту  процесінің  әртүрлі  тәсілдеріне  сипаттама:  проблемалық  оқыту; 

оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі зерттеушілік тәсілдер; оқушылардың 


 

11 


танымдық 

қызығушылығы 

мен 

ақыл-ой 


іс-әрекетінің 

тәсілдерін 

қалыптастыру; 

алгоритмдеп 

және 

бағдарламалап 



оқыту; 

оқытуды 


компьютерлендіру;  ірі  блокты  оқыту  және  профильді  оқыту;  саралап  оқыту; 

ұжымдық-танымдық іс-әрекет; оқушыны қалыптастыру - танымдық іс-әрекет және 

ӛзіндік  даму  субъектісі.  Оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  барысындағы 

шығармашылық іс-әрекеті. 

Жаңашыл  педагогтердің  тәжірибесіндегі  оқыту  технологиялары  мен 

идеялары.  Оқыту  процесін  жетілдірудегі  дәстүрлі  және  қазіргі  әдістердің 

үйлесімділігі. 

Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмыстарының 

нәтижесін бағалау және есепке алу 

Оқу  тәрбие  жұмысының  нәтижесін  бағалау  және  есепке  алу  қызметтері: 

ынталандыру,  дамыту,  білім  беру,  оқыту,  бақылау,  тәрбиелеу.  Есепке  алу 

қызметінің  ӛзара  байланысы  мен  ӛзара  жағдай  жасау.  Жеке  тұлғаның 

жетістігінің  тиімділік  ӛлшемдері.  Үлгерім  оқу  еңбегі  мен  оның 

кӛрсеткіштерінің сипаттамасы сияқты. 

Оқу  жұмысының  нәтижелілігін  есептеу  мен  бақылаудың  теориялық 

негіздері. Бақылау мен оқыту нәтижесін есепке алудың түрлері. 

Оқу жұмысының нәтижесін бағалау және бақылау әдістерінің жүйесі: ауызша 

сұрау (дербес және жаппай), жазбаша жұмыстарды тексеру (жазбаша үй жұмысы, 

ӛзіндік жұмыс, сыныптық бақылау, сынақ, емтихан, күнделікті бақылау). 

Саралап  оқытудың  жағдайындағы  окушылардың  білімін,  білігін  және 

дағдысын бақылау және бағалау. 

Оқушылардың  білімін  бағалау.  Оны  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар. 

Оқытудың  міндетті  нәтижелері.  Оқушылардың  білімін,  білігін,  дағдысын 

бағалаудың  ӛлшемдері.  Бағалау  процесіне  оқушылардың  қатысуы  (бірін-бірі 

бағалау, ӛзін-ӛзі бағалау, бағалы пікір). Оқушылардың бағалау процесіне ӛзара 

әсері. 


Сабақтан  тыс  іс-әрекеттің  нәтижесін  бақылау  мен  есепке  алудың 

ерекшеліктері:  табигат  қорғау,  еңбек,  кӛркемдік,  спорттық-сауықтыру,  ойын. 

Оқудан тыс іс-әрекеттердің нәтижесін бақылау және бағалау әдістерінің жүйесі. 

Білім беру технологиялары 

Педагогикалық 

технологиялар 

туралы 


ұғым. 

Педагагикалық 

технологиялардың негізгі сипаттамалары. 

Тұгас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы. Басқа білім беру 

технологиялары. 

а) 


Педагогикалық қатынасы демократияландыру және  гуманизациялау 

негізіндегі  педагогикалық  технологиялар  (Ш.А.  Амоношвилидің  ізгілік  және 

тұлғалық  технологиясы,  әдебиетті  оқыту  жүйесі  адамды  қалыптастырудың  пәні 

ретінде, Е.И. Ильина және т.б.); 

ә)  Оқушылардың  іс-әрекетін  қарқындандыру  мен  белсендірудің 

негізіндегі  педагогикалық  технологиялар  (ойын  технологиясы,  проблемалық 

оқыту,  В.Ф.  Шаталовтың  тірек  сигналдары  конспектісі  негізінде  оқыту 

технологиясы, Е.И. Пассовтың қарым-қатынастық (коммуникативтік) оқыту және 

т.б.); 

б) 


Оқыту  процесін   ұйымдастыру   мен   басқару  тиімділігі   негізіндегі 

педагогикалык  технологиялар  бағдарламалау,  оқыту  (В.В.  Фирсов,  Н.П.  Гузик  



 

12 


саралап     оқыту    технологиялары),     даралап     оқытудың    технологиялары 

(А.С.Границкая,  Инге  Унт,  В.Д.   Шадриков),  тірек  кестелерін   пайдаланып 

түсіндіре  отырып  жүргізудегі  оқытудың  озық  кӛрінісі  (С.Н.  Лысенкова),  топтық 

және  ұжымдық  оқыту  әдістері  (И.Д.  Первин,  В.К.  Дьяченко),  компьютерлік, 

ақпараттық және т.б. технологиялар; 

в) Материалды        әдістемелік        негізде        жетілдірудің        педагогикалық 

технологиялары:  дидактикалық  бірліктерді  ұлғайту  (П.М.  Эрдниев),  «мәдениет 

диалогы»   технологиясы   (В.С.   Библер,   С.Ю.   Курганов),   Л.В.   Тарасовтың 

«экологиялық жэне диалектика»  жүйесі,  М.В.   Валович  және   т.б.   ақыл-ой 

әрекетін біртіндеп қалыптастырудың теориясын жүзеге асыру технологиясы; 

г) 

 Бала дамуының табиғи жаратылыс үрдісіне арқа сүйенетін табиғатқа 



сәйкес   пайдаланылатын   халықтық   педагогикасының   әдістері:   Л.Н.   Толстой 

бойынша  оқыту,  А.Кушнирдің  сауаттылық  тәрбиесі,  М.Н.  Монтессори  және 

тағы басқалардың технологиясы; 

д)Альтернативтік:  Р.  Штейнердің  Вальдорф  педагогикасы,  С.  Фременің 

еркін   енбек   технологиясы,   А.М.   Лобканың   білім   берудің   ы қтималдық 

технологиясы; 

е) 

 Кешендік  политехнологиялар  (А.Н.  Тубельскийдің  «ӛзін-ӛзі 



айқындау 

мектебі»,  И.Ф.  Гончарованың  «орыс  мектебі»,  Е.А.  Ямбургтың  «барлытына 

арналған мектеп», «мектеп-парк», М. Балабан және тағы басқалар). 

17.3.  Пән  мұғалімінің  авторлық  әдістемесін  және  технологияны  болжауы 

мен енгізуіндегі шығармашылық іс-әрекеті. 

               Мектептің  тұтас  педагогикалық  процесін  басқару.  Мектеп 

туралы       нормативтік құжаттардың сипаттамасы 

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру мәселелері. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру»  туралы  Заңы.  Қазақстан 

Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы»  заңы.  Қазақстан 

Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы (1997 ж.). Қазақстан 

Республикасының  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  стандарты  туралы 

ереже. Базалық оқу жоспары, варианттық оқу жосшрлары, оқу бағдарламалары. 

Мектеп  түрлері,  олардың  сипаттамасы,  ондағы  оқу-тәрбие  процесін 

ұйымдастырудың ерекшеліктері. 

Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік 

басқару 

Халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  оқу  орны  ретінде,  әртүрлі  үлгідегі 

мектептерді басқару және жетекшілік ету. Басқару қағидалары. Әкімшілікті баскару 

объектісі  -  мектептегі  педагогикалық  процесс  ретінде.  Басқарудың  пәні  - 

мұғалімдер  мен  оқушылар  ұжымдарының  іс-әрекеті  ретінде.  «Педагогтер  -

оқушылар»,  «мұғалім  -  пән  мұғалімі  -  оқушы»,  «сынып  жетекшісі  -  сынып 

ұжымы» және т.б. жүйесіндегі басқару қатынасының ерекшеліктері. 

Мектеп  басшыларына  қойылатын  талап.  Оқу-тәрбие  жүмысы  бойьшша 

мектеп директорының, орынбасарының атқаратын қызметтері. Мектептегі бүгінгі 

менеджмент.  Басқару  объектісінің  заңдылықтары  және  оның  мәнін  түсіну 

негізінде мектеп басшыларының ӛзара іс-әрекеті. 

Мектептегі  педагогикалық  процесті  басқарудағы  алқалық  ұйымның 

қызметтері  (педагогикалық  кеңес,  әдістемелік  кеңес).  Мектептегі  педкеңес-


 

13 


ғылымилық  тұрғыдан  педгогикалық  процесті  дамыту  бағытындағы  алқалық 

басқару ұйымы. 

Мұғалім  еңбегі  -  мектептегі  педагогтердің  үжымдық  іс-әрекетінің  негізгі 

бӛлігі  ретінде.  Педкеңес  жұмысын  жоспарлау  –  мәжіліс  тақырыбы. 

Мұғалімдердің  әдістемелік  деңгейін  кӛтерудегі  кафедраның  және  пән 

бірлестігінің  ролі.  Оқушылардың  ғылыми  жұмысына  басшылық,  ғылыми 

зерттеу тақырыптарын ӛңдеу мұғалімдердің белгілі бір мақсатқа бағытталған білімін 

кӛтеру  жүйесі.  Әдістемелік  кеңестердің  шешімдерін  дайындаудағы,  ӛткізудегі 

және орындаудағы әдістемелік бірлестік және кафедраның ролі. Әдістемелік кеңес 

және мұғалімдердің ӛздігінен білім алуы. 



Мектептің оку-тәрбие процесін диагностикалау - басқарудың негізі 

ретінде. Мектеп ішілік бақылау 

Оқу-тәрбие  процесінің  әртүрлі  кезеңдеріндегі  жағдайы  мен  оның  жұмыс 

істеуі туралы ақпарат-диагностиканыц негізі. Педагогикалық процестің  жағдайы 

туралы ақпарат түрлері: бастапқы тактикалық, оперативтік. 

Педагогикалық  процестің  негізгі  сипаттамасы  және  оның  кӛрсеткіштері. 

Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратгы талдау, жүйелеу,  жинақтау 

әдістері. Мектептегі іс-әрекеттерді болжау, нәтижелерін кӛрсету. 

Педагогикалық  процесті  басқару  мен  оның  жағдайын  зерттеу  үшін 

ақпараттарды   таңдау    ӛлшемдері.   Мектепішілік   бақылаудың  түрлері   және 

әдістері.  Мектептегі  педагогикалық  ұжымның  іс-әрекетін  бағалау  ӛлшемдері 

педагогтерді  аттестациялаудың  негізі.  Педагогикалық  ұжымның  іс-әрекетінің 

ӛлшемдері  және  кӛрсеткіштері.  Педагогикалық  процесті  сипаттау  -  мектептегі 

педагогикалык ұжымның іс-әрекет ӛлшемдерін айқындаудың негізі. 

Мектеп жұмысын жоспарлау 

Мектеп  жұмысының  барлық  түрін  жоспарлау  үшін  педагогикалық 

процесс туралы ақпаратты пайдалану. 

Болашақ  және  жылдық  жоспар.  Мектеп  жұмысының  барлық  жоспар 

түрлерінің  орындалуына  бақылау  жасаудың  формаларының  мазмұндық  бірлігі 

(жалпымектептік  жоспарлау,  тақырыптық  және  сабақ  жоспарлары,  сынып 

жетекшілерінін жұмыстарының жоспарлары және т.б.). 

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының ролі. Негізгі 

құжаттардың  тізімі  және  сипаттамасы.  Бұйрық  кітаптарына,  сынып  журналдарына 

және басқа құжаттардың жүргізілуіне қойылатын талаптар. 



Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік 

жұмыс 

Мектептегі  әдістемелік  жұмыс  -  педагогтердің  кәсіби  шеберлігі  мен 

мамандығын  жоғарлатудың  негізі.  Мұғалімдердің  әдістемелік  дайындығымен 

тұтас  оқу-тәрбие  процесінің  тиімділігін  арттырудың  ӛзара  байланысы. 

Мұғалімдердің  теориялык  дайындығын  жетілдіру  -  оның  әдістемелік 

жұмысының  сапасын  арттырудың  кепілі.  Ғылым  жетістіктерін  және  алдыңғы 

қатарлы  тәжірибелерді  ендірудегі  негізгі  жұмыс  түрлері.  Мұғалімдердің  ӛзіндік 

білім кӛтеру жұмысы - әдістемелік жетілдірудің негізі. 

Мектептегі 

әдістемелік 

жұмыстардың 

түрлері 


және 

әдістері. 

Мұғалімдерді  аттестациялау  -  мамандық  шеберлігінің  шынайы  деңгейін 

айқындайтын құрал. 

            Мұғалім  қызметінің  шеберлігін  днагностикалау.  Педагогикалық 


 

14 


қызметі  ӛзіндік  диагностикалау.  Мұғалімдерді  аттестациялау,  аттестацияланатын 

мұғалімдердің  педагогикалық  іс-әрекетін  сараптау  үшін  мектептегі  оқу-тәрбие 

жұмысының  жағдайын  диагностикалаудың  ӛлшемдерін  және  кӛрсеткіштерін 

қолдану,  мұғалімдердің  кәсіби  іс-әрекетін  диагностикалау  әдістемесі. 

Сараптаудың мазмұны, ұйымдастырылуы, ӛткізілуі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

15 


 

¥СЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

 Педагогика: Курс лекций, Алматы «Нұрлы Әлем »Алматы,2003. -368с. 

2.

 

 Безрукова  В.С.  Педагогика.  Проектавная  педагогика.  Уч.  пособие  для 



инженерно-пед. институтов Екатеринбург, 1996. - 344с. 

3.

 



 Бордовская  Н.В.,Реан  А.А.Педагогика.  «Серия  учебник  нового  века», 

Санкт- 


Петербург,2000 

4.

 



 Вульфов В.З., Иванова В.Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, 

в 

первоисточниках. Уч.пособие. - М-, 1997.-288 с. 



5.

 

 Лихачев Б. Педагогика. Курс лекций. - М: Юрайт, 1998. 



6.

 

 Педагогика. Уч.пособие./ Под ред. П.И.Пидкасистого. М.



(

 1996.-602 с. 

7. Подласый И.П. Педагогика.-Минск, 1996.-631 с. 

8

 



. Педагогика: Курс лекций,Алматы 2003 

9

 



.  Қоянбаев  Ж.Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Педагогика.  Алматы  ,2002 

10.  Бейсенбаева  А.А.  Теория  и  практика  гуманизации  школьного  образования. 

11.  Гильбух  Ю.З.  Психодиагностика  в  школе.  М.,  «Педагогика  и  психология», 

1989, №4. 

12. Дидактика средней школы /Под ред. М.Н.Скаткина. - М, 1982. 

13. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. - М.: Педагогика, 

1990. 

14. 3агвязинский В.Н. Педагогическое творчество учителя. -М., 1987. 



15.  Ингенканп  К.  Педагогическая  диагностика:  пер.  с  нем.  М.:  Педагогика, 

1991. 


16.  Калиева  С.И.,  Франковская  О.Н.  Методические  рекомендации  к 

спецкурсу 

«Культура  общения».  Алматы:  КЦ  «Теоретической  н  прикладной 

математики 

НАНРК», 1995. 

17.  Кан-Калик  В.А.  Учителю  о  педагогическом  общении.  Книга  для 

учителя. - 

М.: Просвещение, 1987. 

18. Конвенция о правах ребенка// Учитель Казахстана, 5 июля 1995. 

19. Леднев В.М. Содержание образоаания. - М., 1989. 

20. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. - Алма-Ата: Мектеп, 1964 

2 1. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. - М., 1980. 

22. Макаренко А.С. Педагогические сочинения в 7 томах. - М.: Педагогика, 

1984. 


23. Махмутов М.И. Современный урок. Вопросы теории. - М., 1981.. 

24. Оконь В. Введение в общую дидактику. - М.: Высшая школа, 1990. 

25. Педагогическая технология./Сост. Н.Е.Щуркова. - М., 1992. 

26. Психология воспитания /Под ред. А.В.Петровского. - М., 1995. 

27. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М., 1998.. 

28. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. - Алматы, 

1997. 

29.  Хмель  Н.Д.  Педагогический  процесс  в  общеобразовательной  школе.  - 



 

16 


Алма- 

Ата: Мектеп, 1984. 

30.  ХмельН.Д.  Теоретические  основы  профессиональной  подготовки 

учителя. - 

Алматы: Гылым, 1998. 

31.  Хмель  Н.Д.,  Иванова  Н.Д.  Организация.самостоятельной  работы 

студентов. - 

Алма-Ата, 1969. 

32 .ЩукинаГ.И. Роль деятельности в учебном процессе. - М., 1986. 

 

 



 

Document Outline

  • ‎D:\НОВЫЙ САЙТ\Раздел сайта Послевузовское образование\Магистратура\Поступающим\поменять\6М010300 Педагогика және психология.doc‎




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал