Педагогика және психология кафедрасы Қыпшақбаева С. А. 5В010300-«Педагогика-психология»



жүктеу 100.1 Kb.

Дата03.05.2017
өлшемі100.1 Kb.

Қосымша  3.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

       Педагогика және психология  кафедрасы

Қыпшақбаева С.А.



 

5В010300-«Педагогика-психология» мамандығының студенттеріне

арналған біртұтас

Практика бағдарламасы

                                              Шымкент, 2016 ж.

1


5В010300-«Педагогика-психология»   мамандығының   студенттеріне

арналған   біртұтас   практика   бағдарламасы.   –   Шымкент:   Шымкент

университеті, 2016 ж. 12 бет.

 

 



Ұсынылған   практика   бағдарламасы   «Педагогика-психология»

студенттеріне   практикалық   іс-тәжірибелерді   өткізу   үшін   қажетті   оқу-

әдістемелік құрал болып табылады.

Рецензенттер:

Нуридинова Г.А.., М.Әуезов атындағы ОҚМУ,п.ғ.к. 

Сихынбаева Ж.С..,  Шымкент университеті, п.ғ.к.

  Практика   бағдарламасы   Шымкент   университетінің   оқу-әдістемелік

кеңесінде талқыланып құпталды.

 Шымкент университеті. 2016 ж.

2


Алғы сөз

Педагогикалық практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бөлімі

болып   саналады.   Педагогикалық   практика   кезінде   студенттер   барлық

педагогикалық пәндерден алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс

жүзінде қолдану арқылы машықтанады. 

Бұл   практика   түрі   болашақ   маман   үшін   соңғы   іс-тәжірибе   болып

саналады. Педагогикалық практика 4 курста өткізіледі.

 -Студенттердің жоғары оқу орнында алған психологиялық білімдерін орта 

мектептің және басқа оқу орындарының оқу тәрбие процесінде кеңінен 

пайдалану,оқушылардың таным процестерін, психологиялық дамуын зерттеу 

және оқушылар ұжымындағы қарым -қатынас ерекшеліктерін анықтайды.

 -Оқушылардың таным процестері мен қарым -қатынас мәдениетін дамытуға 

арналған іс шаралар жүргізеді.

-Оқушылар мен тәрбие жұмыстарын жүргізудің әр түрлі формалары мен 

тәсілдерін меңгереді.



-Тәжірибе барысында өзінің педагогикалық қабілетін жетілдіру, мектеп 

мұғалімдерінің шығармашылық, озық тәжірибесін үйренеді.



-Оқу тәжірибе жұмысының әр түрлі формаларын ұйымдастыру барысында

өз-өзінің   оқу   және   тәрбие   процесіндегі   мамандық   қасиеттерін   талдап,

әдістемелерін меңгереді.

    Студенттер   қала   мектептерінде   педагог-психолог   қызметін   атқарады.

Мектеп бағдарламасына сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу-тәрбие және

қоғамдық   жұмыстарды   жоспарлау,   бағалау   және   қадағалау   бойынша

машықтанады. 

5В010300-«Педагогика-психология   студенттері   университетте   оқу

кезінде, оқу жоспарына сәйкес, оқу және педагогикалық практика түрлерінен

өтеді.  Сөйтіп, әр теориялық курстан кейін практикалық курс өткізіледі. 

Оқу   практикалары   базалық   пәндерден   бастап   кәсіби   пәндерді   де

қамтиды.   Оқу   практикалары   әр   курс   сайын   өтілетін     базалық     пәндер

бойынша жүргізіледі.

Оқу   практикасы  1-2     курста   өтеді.   Сонымен,   оқу   практикасының

мақсаты   базалық   және   кәсіби   пәндер   бойынша   теориялық   білімдерін   іс-

тәжірибелер   арқылы   нақтылау   саналады.   Оқу   жоспары   бойынша   келесі

пәндер бойынша оқу практикасы жүргізіледі:

1-   курста   өтілетін«Кәсіби   қызметке   кіріспе»іс-тәжірибеде  педагогикалық

процестің  жай-күйін  және оқушы  тұлғасын  зерттей отырып педагогикалық

қызмет  міндетін айқындау  қабілетін қалыптастырады.

3


Өндірістік  практикада  педагогика-психология мамандығының  

студенттері кәсіби  құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің  практикалық  

дағдылары  мен тәжірибені игеру болып табылады. 

     -Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

      мамандық   бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың 

функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;

    - теориялық  білімдерді  бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, 

дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;

      -инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді 

меңгеру;


      -ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру

      -өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы 

байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, 

жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып 

табылады.

                        1.   Практика бойынша жалпы ережелер



1.1  Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.

Оқу   және   кәсіби   іс   тәжірибе   барысында   университет   студенттерінің

психологиялық кәсіптік даярлығының құрамды бөлігі болып табылады.

 Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:

Мамандық  іс-тәжірибе  барысында  студенттер  психолог  қызметінің 

кәсіби  ерекшеліктерін  анықтап  оны  білім  беру  жүйесінде  және 

әлеуметтік  ортада ұйымдастыру  жолдарын үйренеді.                                         

Психологиялық  қызметті  ұйымдастыру  мақсаты – бала  дамуының  әр

кезеңіндегі  жан  дүниесінің  ерекшеліктерін  анықтап алып, олардың таным 

процестерін  дамытып, сонымен қатар әр адамның  өз-өзіне, қоршаған ортаға 

деген  көзқарасының, қарым-қатынас  мәдениетінің қалыптасуына 

жетекшілік жасау.

-психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан  қиындық көріп 

жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек 

көрсету;                                                       

  - оқушылардың  мектеп  табалдырығын  аттаған күннен  бастап  оны 

бітіргенінше  жетелеп, сүйеніш болып жүру;                                                         

- проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп,оны туғызған себебін 

анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;                                              

- дамуында ауытқуы бар балалармен  психологиялық тренингтер 

ұйымдастыру;                                            

 - оқу- тәрбие  жұмысына  ғылыми жетекшілік  жасап әр оқытушының, 

ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және 

біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.                                                         

Осы  анықталған  міндеттерді  орындау  үшін  өмір  барысында тұрған 

4


шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш 

болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.

  1.2 Оқу практикасының өткізілуіне қойылатын талаптар

        Оқу   практикалары   пән   бойынша   практика   жетекшісінің

басшылығымен   жүргізіледі.   Практика   алдында   студенттерге   практикалық

сабақтың мақсаты мен міндеттері, сабақтың жүру ерекшеліктері, практикадан

алынатын   соңғы   нәтиже   мен   оның   маңызы   түсіндіріледі.   Практикалық

тапсырманы орындауға қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-

жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сабақтың соңында студент практикалық

тапсырманы   орындағаны   туралы   мәлімет   өткізеді.   Практика   жетекшісі

тпапсырманы қабылдап алады. Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады.

3

Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері.

Педагогикалық   практиканың   мақсаты   болып   студенттің   жалпы   білім

беріп     мектептің   мұғалімі   қызметін   атқаруға   дағдылану   болып   саналады.

Педагогикалық   практика   кезінде   практикант   келесі   дағдыларды

қалыптастыруы қажет

-Білім беру саласындағы Республика зандарын орындау;

-Шешім   қабылдап,   проблемаларды   қарастыруда   кәсіби   шеңберден

шықпау;


-Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;

-Нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалық, коррекциялық

зерттеулер жүргізуіне тыйым салу;

-Барлық мәселелерді шешуде балалардың психикалық дамуын ескеру;

-Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістер туралы нұсқауларды

кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау;

-Баланың   психикалық   дамуын   шешу   мәселесінде   мектеп   ұжымына

қажетті көмектерді көрсету;

-Кәсіптік құпияны жарияламау;

-Барлық психологиялық зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттарға

тіркеп отыру;

Психологиялық

көмекті   қажет   ететіндерге   дер   кезінде   қажетті   іс-

шараларды ұйымдастыру.



4

Педагогикалық практиканы  өткізуге қойылатын талаптар

Педагогикалық практика міндетті түрде мектепте өткізіледі. 

Практика өтетін мектеппен заңды бекітілген келісім шарт болуы тиіс.

Педагогикалық   практикаға   студенттер   университеттің   ректорының

бұйрығымен бекітілген және оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады.

Алдын   ала,   студенттердің   қай   мектепке   және   қандай   сыныптарға   қай

сабақтардан   мұғалім   қызметін   атқаратыны   туралы   мағлұматтар   жиналады.

Студенттерге арнайы  практика жөніндегі әдіскер бекітіледі. 

Практикаға   керекті   әдістемелік   және   келісім   шарттық   құжаттар

тапсырылады.   Практика   кезінде   студенттің   орындайтын   жұмыстары   мен

5


жинайтын   материалдары   және   практика   туралы   есеп   беруге   қажетті

материалдар мен құжаттар тізімі нақтыланады; практикаға жолдама, күнделік

және практикаға арнайы тапсырмалар.

Мектепке   келгеннен   кейін   студенттер   мектеп   басшысының   нұсқауы

бойынша   белгілі   пән   мұғалімінің   қарамағына   бекітіледі.   Практикант   оқу

бағдарламалары және сабақ жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант

мектептегі   техника   қауіпсіздігімен   танысып   арнайы   журналға   қол   қояды.

Сабақ кестесімен танысады.

Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша

есеп жинайды. Практика соңында студент күнделігін және практика өткені

туралы құжаттарды мектеп басшысының қолымен және мөрімен нақтылап

жабады. Студентке мектеп басшысы мінездеме береді.

Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген әдістемелік

материалдар туралы арнайы дәптерге материал жинайды. Практика соңында

барлық   жиналған   материалдарды   қорытындылап   практика   туралы   есеп

жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика

туралы есебін кафедраға өткізуі тиіс. Есеп университеттің арнайы кеңесінде

қорғалып бағаланады. 

        Практикаға   қатыспаған   студентке   және   практика   кезінде   барлық

педагогикалық ережелерді сақтамаған және оны бұзған студенттерге мектеп

директоры шара қолдануға құқықты және ол туралы университет ректорына

хабарлайды. Университет ректоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай

шара қолдануды шешеді.

      2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы

                       Оқу  практикалары 



2.1 Оқу   практикасы  туралы қысқаша  сипаттама

Педагогика-психология мамандығын даярлау жүйесінің ең негізгі бір

бөлігі – оқу  практикасы. 

Оқу    практикасы   кезінде   студенттердің   педагогика-психология

мамандығын  игеруге жыл бойы лекцияларда, семинарларда  алған білімдері

тиянақталады.

    Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:

Студенттерді психолог қызметінің ғылыми негіздерімен және білім беру

жүйесінде   қызмет   атқаратын   психолог   жұмыстарының   ерекшеліктерімен

таныстыру.



    Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:

-Студенттердің   педагогика-психология   мамандығына   және

психологиялық   қызмет   көрсетуге   қазығушылығы   мен   оң   көзқарасын

қалыптастыру;

-студенттерді   психологиялық   қызмет   көрсету   ерекшеліктерімен

таныстыру, 

-   ұйымдастыруға   негіз   болатын   модельдерді   көрсету;   психологиялық

қызмет   көрсетудің   бірінші   кезеңінде   жүргізілетін   психодиагностикалық

6


зерттеу   жұмыстарына   қажетті   материалдарды   жинақтау   үлгілерімен

таныстыру;

-бала-бақшадағы   тәрбиеленушілерге   және   оқушыларға   психологиялық

қызмет көрсету жолдарын үйрету. 



Есеп беру құжаты:

1 Күнделік;

2 Дербес-өзіндік жұмыстары;

3 Көрнекіліктері;

4 Қорытынды есебі.

  Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған 

әдістемелік нұсқаулар

  Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын

барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар педагог психологтың   қатысуымен

бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.

Жеке   жоспар   бір   апта   мерзіміне   түзіледі.   Оның   мазмұны   нақты   және

тақырыпты болуы тиіс.

Күнделік.   Практиканттың   күнделігі   барлық   жұмыстарды   тіркеу   үшін

қажет. Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы

қадағалайды.     Іс   тәжірибе   біткенше   практикант   күнделігін   өзімен   бірге

мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе

аяқталғаннан кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.

2.2 Педагогикалық практика туралы қысқаша сипаттама

Педагогикалық   практика   ұйымдастыру   конференциядан   басталады.

Конференцияда   практиканың   мақсаттары   мен   міндеттері   анықталады.

Студенттерді практика өтетін мектеппен таныстырады. Мектеп директорымен

және мектеп   ұжымымен  таныстырады. Мектептегі сыныптардың оқушылары

туралы   және   сабақ   жүргізудің   ерекшеліктері   жайлы   мұғалімдермен   және

мектеп басшасымен әңгіме өткізеді. Студенттерді    сыныптарға бөледі. Сабақ

кестесімен таныстырады.

Практика базасымен танысу.Педагог-психолог  кабинетімен таныстырады.

Сабаққа   қажетті   көрнекілік   материаладар   базасын   анықтайды.   Күнделікті

сабақтарға   қажетті   құрал-жабдықтарды   анықтайды.   Мұғалімдермен   кездесу

кезінде мектептегі сабақ жүргізу әдістемелік кешендерінің ерекшеліктерімен

таныстырады.   Сыныптағы   оқушылардың   тәртібі   мен   үлгерімі   туралы

мағлұматтар беріледі.

  Жылдық   жоспарға   сай   практика   басталған   кездегі   өтілетін

тақырыптармен танысу. Мектептегі және сыныптағы көпшілік және қоғамдық

жұмыстар   жоспарларымен   танысады.   Студент   жалпы   практика   жоспарын

түзеді.   Оқушылардың   өз   бетімен   өтетін   сабақтардың,ашық   сабақтардың,

тәрбие  сабақтардың жоспарларын түзеді және конспектілер даярлайды.    

Педагогикалық   практика   студенттің   пән   мұғалімінің   сабағына   пассивті

қатысуынан басталады. Екі-үш сабақтар бойынша студент мұғалімнің сабағын

талдауы   қажет.   Сабақтың   мазмұнына,   әдістемелік   құрылымына   талдау

жүргізеді. Келесі екі-үш сабақты мұғалімге жәрдемші ретінде жүргізеді.

7


Жалпы   практика   мерзімінде   студент   жеке   өзі     2-3   сабақ   өткізуі   тиіс.

Сонымен қатар, мектептегі   басқа студенттердің сабақтарына қатысуы тиісті.

Пән   мұғалімінің   қатынасуымен   және   оның   қадағалауымен   сынақтық

сабақтарды өткізуі тиіс.

Практика   соңында   бекітілген   сынып   оқушыларына   психологиялық-

педагогикалық мінездеме түзу қажет.

Практика бойында студент мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыс жоспары

бойынша көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы  қажет.



Студенттердің  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін

жұмыстары туралы жеке жоспарының нұсқасы

Жеке жоспар

   


Күні

Жоспарланған оқу жұмысы

Жоспарланған тәрбие

жұмысы

1

Университеттегі педагогикалық практиканың



оқу жоспарымен танысу.

Жоспарланған тәрбие

жұмысы.

2

Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу.



Берілген сыныппен

танысу.


3

Мектептегі оқушылармен танысу

Оқушылардан тест алу.

4

Күнделікті сабақ жоспарын жасау. 



 Сынып сағатын

ұйымдастыру.

5

 Бөлінген сыныптың   сабағына қатысу.



Келесі тәрбие сағатын

өткізуге дайындық.

6

Сабақ көрнекілігін дайындау.



Мерекелік газет шығаруды

жоспарлау.



3.3  Өтілген   сабаққа   талдау   жүргізу   әдістемесіне   бойынша

қойылатын талаптар:

1 Сабақтың мазмұнына талдау жасау.

2 Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?

3 Жаңа сабақтың мазмұны толық ашылдыма жоқпа?

4 Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?

5 Сабақ қай кездері сәтті немесе нашар  өтті?

6 Жаңа сабақты түсіндіру әдісі  дұрыс қойылдыма?

7 Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?

8


8  Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?

9 Жаңа сабақты бекіту қалай өтті?

10 Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?

11 Сабақ   кезінде   оқушылардың   қызығушылығын   арттыратын   әдістер   түрлері

пайдаланылдыма?

12 Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?

13 Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?

14 Үйген тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?



3.4 Сабақтың жүрісі бойынша талдау

1 Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болды?

2 Сабақтың барысы қарқынды бодыма?

3 Түсіндіруде пайдаланылған тіл және терминдік сөздіктер оқушылардың жас

ерекшеліктеріне сайма ?

4 Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі қандай болды?

5 Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде болды?

6 Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай болды?

7 Мұғалім тақтаны және көрнекілкітерді қалай пайдаланды?

8 Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дауысы киімі, тактикасы және мәдениеті қалай

болды?

9 Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?



10 Сабақ әділ бағаландыма?

11 Бағалары күнделікке қойылдыма?

12 Сабақта уақыт тиімді пайдаланылдыма?

3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер

1 Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы тиіс.

Сабақтың   өткізу   түрі   анықталуы   тиіс   және   бүгінгі   сабақ   өткен   сабақпен

байланысты болуы тиіс.

2 Сабақты дайындау және ұйымдастыру кезінде келесідей талаптар қойылады:

-жоспарлау,   қажетті   құралдар   мен   жабдықтардың   түрлері   мен   сандарын

анықтау,  оқушылардың   өздігінен   орындайтын   тапсырмаларының   түрлерін

анықтау.


3 Сабақтың   мазмұны   мен   оқытуға   келесі   талаптар   қойылады:   -   тәрбиелік

маңызы, табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.

4 Сабақ   жүргізу   техникасына   келесі   талаптар   қойылады:   -   дауыс   ырғағын

пайдалану,   оқушылар   шаршаған   кезде   демлауға   ыңғайлы   педагогикалық

әдісті қарастыру, ойын және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.

 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар

1 Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.

2 Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.

3 Мұғалімнің орына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.

4 Студент бастауыштың  пәні бойынша мектеп бағдарлмасын және әдістемелік

негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.

9


5 Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.

6   Мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.

7 Мұғалімнің пәні бойынша сыныптан тыс орындалған сабақтардың саны мен

сапасы туралы мәлімет.

8 Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.

     


3.7 Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1 Күнделік

2 Күнтізбелік сабақ жоспары.

3 Күнделікті сабақ жоспары.

4 Тәрбие сағат жоспары.

5 Ашық сабақ жоспары.

6 Мінездеме.

7 Ашық тәрбие сағаты.

8 Күнделік дәптер.

9 Көрнекіліктер.



3.8.   Студенттің   практика   кезіндегі   жеке-өзіндік   тапсырмаларды

орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы көз қарасы

мен   біліктілігін   жетілдіру   және   зерттеулік   қабілетін   арттыру   мақсатында

беріледі.

Студент   педагогикалық   практика   кезінде   мектептегі   оқу   үрдісіне

зерттеулік көз қараспен қарайды. Оқу үрдісінің қойылу тиімділігі, сапасы,

тәрбиелік жұмыстардың уақытылы және тиімді жүргізілуіне, оқушылырдың

білім   деңгейіне,   мектептегі   мұғалімдердің   педагогикалық   іс-

тәжірибелеріндегі   маңызды   нәтижелерге   және   қолданылатын   жаңа   оқыту

технологияларының   іске   асуына   өзіндік   баға   береді.   Студент   практика

нәтижесінде   мектептегі   оқу   ісінің   тиімділігін   арттыру   туралы   өз   пікірін

білдіреді.

Мектептегі   оқу   үрдісінің   көрнекілік   материалдармен   және   құрал-

жабдықтармен қамтамасыз етілу  дәрежесіне,  сабақ өту барысындағы жаңа

және алдыңғы педагогикалық әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса

көңіл аударады.

Пән   бағдарламасы   мен   сабаққа   арналған   арнайы   әдістемелік

құралдардың   жеткіліктігіне   және   күнделікті   сабақ     жоспарының   жазылу

сапасына мән береді.

Аса   маңызды   сәт   болып   мектептегі   оқушылардың   сабаққа   деген

қызығушылығын   арттырудағы   жаңа   инновациялық   оқыту

технологияларының   меңгерілуі   саналады.   Оқушылардың   өзіндік

жұмыстарды   атқаруына   қажетті   әдістемелік   материалдардың   мөлшері   мен

жұмыстардың атқарылу сапасына баға береді.  Пәндер бойынша біліктілікті

көтеру   және   табиғатты   сүю   бағытында   орындалатын   жеке   жұмыстар   мен

тәрбие  сабақтарының сапасын бағалайды.

10


Барлық байқаған жетістіктерді күнделікке жазып практика туралы есеп

кезінде баяндайды.   

  

5 Студенттің   педагогикалық   практикасының   мектептегі   жетекшісінің

міндеттері

Студенттің   мектептегі   педагогикалық   практикасын   өту   кезінде   мектеп

тарапынан   практика   жетекшісі   тағайындалады.   Ол   жетекші   студенттің

практика   жоспары   бойынша   барлық   практикалық   жұмыстарды   атқару

барысын   қадағалайды.   Педагогикалық   практика   тиімді   және   жоғары

дәрежеде   өтуі   үшін,   студент   практика   кезінде   педагогикалық   әдістер   мен

тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші

келесідей жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;

-   мектептегі   бастауышта   оқытылатын     пәндерінің   мемлекеттік

бағдарламасымен таныстыру;

-   бастауыш   пәні   бойынша   жылдық,   тоқсандық   және   жеке   сабақтық

жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;

- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;

-   педагогикалық   шеберлікті   арттыру   және   жаңа   технология   бойынша

сабақ жүргізу әдістемелерімен таныстыру;

-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;

-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;

- студенттің практикалық қызметін кафедра анықтаған жоспар бойынша

атқаруына жағдай жасау;

-   студенттің   практика   жөніндегі   есеп   түзуіне   қажетті   құжаттармен

қамтамасыз ету;

- студентке практика жөнінде мінездеме беру;

-   практика   кезіндегі   жетістіктер   мен   кемшіліктер   туралы   университет

тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.

  5.   Студенттің   педагогикалық   практикасының   кафедра   тарпынан

жетекшісінің міндеттері

Практика жетікшісі пратика басталар алдында студенттермен орнықтыру

конференциясын     өткізуі   тиіс.   Жиналыста   студенттерге   практиканың

мақсаттары   мен   міндеттерін,   студенттің   практика   кезінде   атқаратын

жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер және

студенттердің   практика   кезінде   орындайтын   жеке   тапсырмаларының

тақырыптарын береді.Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:

-

практика   алдындағы   жиналыста   практиканың   уақытын,   мерзімін   және



сипатын түсіндіреді;

-

практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған



керекті,   практика   кезінде   жинайтын   материалдардың   сапасы   мен   санын

көрсетеді;

-

практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;



-

практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;

11


-

мектеппен   практиканттардың   орындайтын   педагогикалық   жұмыстарының

реті мен түрлерін анықтайды;

-

студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін және



педагогикалық   шеберлікті   арттыру   мақсатында   жүргізілетін   жұмыстармен

таныстыруын қамтамасыз етеді;

-

практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;



-

практика   біткеннен   кейін   практика   туралы   есепті   кафедрада   қорғауды

қамтамасыз етеді;

-

практика соңында қорытынды конференция өткізеді.



Педагогикалық  практика  біткен кезде  студенттің практика туралы

өткізетін құжаттар тізімі.

1 Практиканың жеке жоспары.

2 Күнделік.

3 Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.

4 Сабақтардың жазбаша жоспарлары.

5 Сабақтың әдістемелік талдауы.

6 Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.

7 Биология сабақтары бойынша өткізілген кештер, диспуттар және викториналар

туралы есеп.

8 Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.

9 Практика есебі.

10 Мінездеме.



Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.

1 Күнделік

2 Күнтізбелік сабақ жоспары.

3 Күнделікті сабақ жоспары.

4 Тәрбие сағат жоспары.

5 Ашық сабақ жоспары.

6 Мінездеме.

7 Ашық тәрбие сағаты.

8 Күнделік дәптер.

9 Көрнекіліктер.



12




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал