Педагогика факультеті «Педагогика жəне психология»



жүктеу 5.71 Kb.

бет9/11
Дата05.04.2017
өлшемі5.71 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Қандай оқу материалымен сабақтың мазмұны өзгерді? 
2.  Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды? 
3.  Не себепті анықталған сабақ формасы таңдалды? 
4.  Сабақ  оқушының  қандай  қасиетін  қалыптасыру  мен  дамытуға 
арналды? 
5.  Оқушының іскерлігі қалыптасуы қалай айқындалды? 
6.  Таңдаған объекті оқу материалының мазмұнына сəйкес келді ме? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж.  
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж. 
5.  Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -
Орал, 2005 ж.   
6.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). Оқулық, -Алматы, 2002 ж.  
 
Лабораториялық жұмыс №5 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  ағаш  материалынан  жұмыс  орындауға  үйретудің 
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы. 
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  3  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 
Предметі:  оқушыларды  ағаш  материалын  тазалау  білімі  мен  іскерлігін 
қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты: 
еңбекке  баулу  сабағында  оқушыларды  ағашты  өңдеу 
технологиясына үйрету сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 

-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқу  мазмұнына  тиімді  оқыту 
құралдарды  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау; 
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыстың мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектеп еңбекке баулу пəнінің білім беру 
стандарты,  3  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу  бағдарламасы, 
күнтізбелік  -тақырыптық  жоспар,  3  сыныптың  оқу  жəне  əдістемелік 
құралдары,  ұсыныстар,  көрнекіліктер:  жұмысты  орындаудың  үлгісі, 
технологиялық  карта;  сызғыш,  қалам,  зімпара  ағаш  жəне  қосымша 
материалдар. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
3  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма № 1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа 
сəйкес  білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген 
уақыт  мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге 
болады.  Тақырыптың  оқу  материалы  арқылы  сабақтың  дидактикалық, 
дамытушылық 
жəне 
тəрбиелік 
мақсаттары 
айқындалынады. 
Осы 
мақсаттарды  жүзеге  асыру  жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін 
теориялық  негіздей  отырып,  сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы, 
əдістері  жəне  құралдары  іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан 
кейін 
сабақтың 
құрылымын 
қарастыруға 
кіріседі. 
Тақырыптың 
мазмұнындағы  оқу  материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін, 
тереңдігін,  аумақтылығы  жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау, 
толықтыру,  жүйелеу  жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушыға  игерілетін 
оқу  материалының    элементтерін  анықтап  жүйелейді.  Оқушының 
белсенділігі  мен  танымдық,  психикалық  жəне  физиологиялық  қасиеттерінің  
дамуына  ықпал  көрсететін,  оның  теориялық  білімі  мен  практикалық 
іскерлігін  меңгертуге  арналған      дидактикалық  тапсырмалар  дайындалады. 
Оқушының  теориялық  білімі  мен  практикалық  іскерлігі  нығайтылатын 
жұмыстың  объекті  үлгісі  жасалынып,  оның  көрнекіліктегі  тиімді 
технологиялық  процессі    белгіленеді.  Таңдалған  объектіні  оқушы 
практикалық  сабақта    жасап  үлгеру  уақыт  мөлшері  тексеріледі.  Оның 
қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен 
қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  білімі  мен  іскерлігін  бақылау  формасы  мен 
əдістерін  анықтай  қажетті құралдарын дайындайды.  Бұл  кезең  аяқталғаннан 
кейін  сабақ  жоспарының  құрылымын  толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі. 
Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі,  нақты,  анық  жəне  кең  ашылып 

орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ  құрылымындағы  теориялық  жəне 
практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.  
 
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  формасын,  құралын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың  мақсатына 
сəйкес таңдайды; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесс 
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған  сабақ  жоспарының  жобасындағы  құралдардың,  іс  - 
əрекеттердің  дидактикалық  принциптер  мен  критерияларына  қайшы 
келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
     в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма №1. 
 
Тақырып: Жұмыр ағаш дайындаудағы негізгі тəсілдермен танысу. 
                  Жұмыр ағаш əзірлеу(1 сағат). 
 
 
Естеріңе  түсіріңдерші:  біз  гүлзарлардың  арасын  бөліп  тұратын 
қазықшаларды,  жалауша  сабына  арналған  таяқшаларды,  тоқыма  біліктерін, 
жіп  иіретін  ұршықтарды  жиі  пайдаланамыз.  Ал  құрастыру  жұмыстарына 
қаншама бөлшектер керек! Бұлар, негізінен, жұмыр болып келеді. Бұлардың 
бəрін де ағаштарды қолмен өңдеу арқылы өзіміз жасай аламыз. 
 
Ағаш – берік құрылыс материалы. Ағаштың тамыры мен бұтақтарына 
қарағанда,  діңі  қатты  келеді.  Жоғарыда  аталған  жұмыр  бұйымдарды 
дайындау үшін қарағай мен шыршаның қурамаған, түзу діңін аламыз. Терек 
секілді  жұмсақ  ағаштарды  да  пайдалануға  болады.  Жұмыр,  қырлы 
ағаштарды,  бөреленерді  бізге  жоғары  сынып  оқушылары  дайындап  береді. 

Дайындалған  ағаштарды,  жұқа  тақтайларды  (фанераларды)  өңдеп,  керекті 
бұйымды жасаймыз. 
 
Қамшының немесе жалаушаның сабын жасап көрейік. 
 
Негізгі қажетті өлшемдер: диаметрі – 25 мм, ұзындығы – 200 мм№ 
 
D – диаметрдің белгісі, – жұмыр ағаш ұзындығының белгісі. 
Қамшының сабын жасау 
1.  Таңдап  алған  төрт  қырлы  ағаштың  кесілген  жеріндегі  шаршыны 
өлшейміз.  Шаршының  қырлары  саптың  диаметрінен  1  –  2  мм  артық 
болуы керек.  
2.  Қырларын  жонамыз.  Алғашында  сегіз  қыр  пайда  болады.  Бұл 
қырларды тағы жонамыз. 
Сөйтіп қамшының жұп – жұмыр сабын дайындаймыз.  
Саптың сыртын өңдеудің түрлері: бетін тегістеп зімпара аспабымен (егеу) 
тазарту, бояғыштармен жылтырату (сəндеу). Сəндеу – бұйымның сыртқы 
көрінісін  тартымды  етіп,  оған  сəнді  түр  беру  үшін  жасалатын  ең  соңғы 
өңдеу жұмысы. 
Жұмырланғаннан  кейінгі  кедір  –  бұдырды  түрпімен  жəне  зімпарамен 
тегістейміз. 
 
Тапсырма №2. 
 
Тақырып: Түрпімен тегістеу(1 сағат). 
 
 
Түрпі – ағаш сапты, төрт қырлы жалпақ егеу (56 беттегі 1 – 5 суреттер). 
Түрпінің  бетінде  бұдырлы  сызықтарды  болады.  Бұл  бұдырлар  ағаш  бетін 
тегістейді. Түрпіні ағаштың бетімен алға қарай жылжытады. 
 
Жұмыс біткеннен кейін түрпіні щеткаман ағаш ұнтақтарынан міндетті 
түрде тазарту керек. 
 
Зімпара  –  бетіне  құм  түйіршіктері  желімделген  қағаз  немесе  кенеп 
мата.  Тегістегіш  зімпараны  үнемдеу  керек  екені  есте  болсын.  Тегістегенде, 
бұйымның  бетінен  шыққан  тозаң  мен  ағаш  ұнтақтарын  арнаулы  сыпырғыш 
щеткамен тазартады. 
 
Ағаштан  жасалған  бөлшектерді  зімпарамен  ағаш  талшықтарының 
ұзына бойына қарай тазалайды.  
 
Тегістеген  кезде,  тегістегіш  қабықшаны  қолға  ұстамай,  төрт  қырлы 
ағашқа орап алып ұстаған ыңғайлы. 
 
Ағаштың  беті  тегістелгеннен  кейін,  оны  бояуға  болады.  Акварель 
бояумен,  тушьпен  бояған  жақсы.  Бояу  жұмысын  арнаулы  щеткамен 
орындаймыз.  Немесе  жұмсақ  мақта  матадан  домалақтап  жасалған  анжымен 
(тампонмен) бояймыз. 
 
Анжы – матаға оралған бір шөкім мақта. 
 
Бұйымның бетін алдымен ұзынынан, онан соң көлденеңінен бояйды. 
 
Сүргілеу мен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі. 
1.  Бұдырлары біркелкі жəне сабы орнықты түрпімен жұмыс істеу керек. 

2.  Түрпінің ұшын саусақтарыңмен ұстамаңдар. 
3.  Тегістегенде шыққан шаң мен үгінділерді үрлеуге, оны қолмен жинауға 
болмйды, оларды арнаулы сыпырғыш щеткамен тазалайды. 
4.  Жұмыс аяғында қолды ұқыптап сабынмен жуу қажет. 
5.  Бояғыш заттармен абайлап жұмыс істеңдер. 
Оны киімге, қолға, денеге жұқтырмауға тырыс. 
Ағаш  өңдеу  кəсіпорындарында  мұндай  жұмыстар  арнаулы  станоктарда 
атқарылады.  Бұйымдарды  əсемдеуші  -  əрлеушілер  сəндейді.  Машинаның 
көмегімен олар бұйымды бояп, арнаулы құрғатқыштарда кептіреді. 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Оқу материалының мазмұны өзгерілді ма? 
2.  Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды? 
3.  Неге қолданған əдістер анықталған сабақтың типінде тиімді? 
4.  Оқыту құралдардың іріктелуі дұрыс орындалды ма? 
5.  Ағаш  материалын  тазалауға,  басқа  қандай  аспаптар  қолдануға  тиімді 
болар еді? 
6.  Оқушы  өңдеудің  технологиялық  процесін  дұрыс,  сапалы  орындауға 
мүмкіндік тууына қандай қолайлы тəсілдер қолданылды? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы( 3 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж. 
5.  Давлетова К. Ш. Методика трудового обучения в начальных классах. -
Уральск, 2005ж.  
6.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж. 
 
Лабораториялық жұмыс №6 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  матадан  жұмыс  орындауға  үйретудің  оқыту 
мазмұны жəне оның технологиясы. 
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  4  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 
Предметі:  матамен жұмыс орындаудағы оқушылардың білімі  мен іскерлігін 
жүйелеу жəне қорытындылаудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты: еңбекке баулу  сабағында оқушылардың  матамен  жұмыс орындау 
технологиясы сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 

Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқытудың  мазмұнына  тиімді 
сабақтың формасы мен құралдарын  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау; 
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  Бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің  білім 
беру  стандарты,  4  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу 
бағдарламасы,  күнтізбелік  жоспары,  оқу  жəне  əдістемелік  құралдары, 
ұсыныстар, 
көрнекіліктер: 
бұйым 
үлгілері, 
таблица, 
бұйымның 
технологиялық  карта;  сызба  құралдары;  маталардың  түрлері,  қағаз,  қажетті 
техникалық  матамен жұмыс істеуге қажетті аспаптар жəне т.б.. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
  
4  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес 
білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген  уақыт 
мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге  болады. 
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық 
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру 
жəне  оқушыға  оқу  материалын  жүйелету  жəне  қорыту  үшін  теориялық 
негіздей  отырып,  сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы,  əдістері  жəне 
құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың 
құрылымын  қарастыруға  кіріседі.  Тақырыптың  мазмұнындағы  оқу 
материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін,  тереңдігін,  аумақтылығы 
жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау,  толықтыру,  жүйелеу 
жұмыстарымен  шұғылдана  оқушының  матамен  жұмыс  орындаудағы  білімі 
мен  іскерлігін  жүйелеу  жəне  қорыту  оқу  материалының    элементтерін 
анықтайды.  Оқушының  белсенділігі  мен  танымдық,  психикалық  жəне 
физиологиялық  қасиеттерінің    дамуына  ықпал  көрсететін,  оның  теориялық 
білімі  мен  практикалық  іскерлігін  қорытуға  арналған      дидактикалық 
тапсырмалар  дайындалады.  Оқушының  теориялық  білімі  мен  іскерлігінің 
жүйеленуіне  студент  практикалық  жұмыс  объектісін  сабақта  жасатуға  да 
мүмкіндігі бар. Егер практикалық жұмыстың мазмұнымен оқушының білімін 
қорыту  керек  болса,  онда  объектіні  оқушы  практикалық  сабақта    жасап 
үлгеру  уақыт  мөлшері  тексеріледі.  Оның  қажетті,  нақты,  қолайлы 
материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды. 

 
Келесі  кезеңде  оқушының  білімі  мен  іскерлігінің  жүйеленуі,  оны 
қорыту  бақылау  формасы  мен  əдістері  анықталып  ,қажетті  тапсырмалар 
дайындалады.  Бұл  кезең  аяқталғаннан кейін  сабақ жоспарының  құрылымын 
толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі.  Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі, 
нақты,  анық  жəне  кең  ашылып  орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ 
құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.   
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  түрін,  формасын,  құралын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың 
мақсатына сəйкес таңдайды; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процестерін 
дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған  сабақ жоспарының  жобасындағы оқыту  құралдардың, іс  - 
əрекеттердің  дидактикалық  принциптер  мен  критерияларына  қайшы 
келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
     в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма №1. 
    
Тақырып: Жібек жіп туралы мағлұмат. Матамен жұмыс істеу(1 сағат). 
 
 
Мақта, жүн жіптерді станокта иіретін болса, жібек жіпті адам иірмейді, 
оны көбелектің дернəсілі иіреді. 
 
Мұндай  құрттың  түрін  тұт  жібек  құрты  деп  атайды.  Сонымен  жібек 
құрты дегеніміз түсінікті. Ал неліктен «тұт» деп атайды? 
 
Өйткені көбелектің жібек құрты тек қана тұт ағашының жапырағымен 
қоректенеді.  Қуыршаққа  айналардың  алдында  құрт  жіңішке  жіп  шығарып, 
бүкіл  денесін  түгел  сол  жіппен  орып  тастайды.  Одан  жібек  қуыршақ  пайда 
болады.  Адамдар  жібек  қуыршағын  тарқатып,  жіп  орап,  бірден  тоқыма 
фабрикасына  жеткізеді.  Одан  жібек  матасы  өндіріледі.  Жібек  құрты  мен 

қуыршақтың  салмағы  бар  болғаны  екі  грамм  мөлшерінде.  Бірақ  бір 
қуыршақтағы жібек жіптің ұзындығы бір жарым километр болады. Жібектен 
парашют  жасағанда  мықты  əрі  жеңіл  болатынын  ең  бірінші  рет  орыс 
өнертапқышы  Глеб  Евгеньевич  Котельников  ойлап  тапқан.  Қазіргі  кезде 
жібектің қолданбайтын жері жоқ. Одан неше түрлі өздерің киіп жүрген əсем 
көйлектер,  орамалдар,  жейделер,  терезе  перделері,  төсек  жапқыштар  т.  б. 
бұйымдар тігеді. 
 
Практикалық  сабақта  жібек  матасының  қалдығынан  раушан  гүлінің 
пішінін сəнді етіп жасаттыру. 
 Ол  үшін  жібек  матаны  түтікше  етіп  ине-жіппен  тігіледі.  Оның 
ұзындығы  20  см,  диаметрі  10-15  болады.  Түтікшенің  бір  ұшын  ине-жіппен 
ұстатып  екінші  ұшына  қарай  тартқанда  бастапқы  ұшында  раушанның  гүл 
шоғы сияқты пішін пайда болады. 
 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Қандай өзгерістер оқу материалының мазмұнына енгізілді? 
2.  Қандай сабақтың түрі мен типі қолданды? 
3.  Дəстүрлі  сабақ  құрылымымен,  сіздің  жасаған  сабақ  жоспары 
құрылымында өзгеріс бар ма? 
4.  Оқушының  білім  мен  іскерлігін  жүйелеп  қорытындылауда,  қандай 
оқытудың құралдары қолданылды? 
5.  Оқушының  білімі  мен  іскерлігінің  жүйелену  дəрежесін,  қандай 
бақылау əдісімен тексердің? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(4 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж. 
5.  Давлетова  К.  Ш.  Методика  трудового  обучения  в  начальных  классах. 
Уральск, 2005 ж.  
6.  Өстеміров К. Еңбекке баулу (4 - сынып). -Алматы, 2000 ж. 
7.  Нагибина М. И. Чудесы из ткани своими руками.  -Ярославь, 1998 г. 
Лабораториялық жұмыс №7 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  ермек  саздан  бұйым  орындауды  үйретудің  оқыту 
мазмұны жəне оның технологиясы. 
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  2  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 

Предметі:  ермек  саздан  бұйым  жасауда  оқушылардың  машықтық  қасиетін 
дамытудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты:  еңбекке  баулу  сабағында  оқушылардың  ермек  саздан  бұйым 
орындау сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқытудың  мазмұнына  тиімді 
оқытудың құралдарын  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау; 
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің  білім 
беру  стандарты,  2  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу 
бағдарламасы,  күнтізбелік  жоспар,  оқу  -  əдістемелік  құралдары,  ұсыныстар, 
көрнекіліктер:  бұйым  үлгілері,технологиялық  карта;  сызба  құралдары; 
техникалық  аспаптар,  темір  сымы,  саз  немесе  пластилин,  қағаз,  ыдыстар, 
стектер жəне т.б.. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
2  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес 
білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген  уақыт 
мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге  болады. 
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық 
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру 
жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін  теориялық  негіздей  отырып, 
сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы,  əдістері  жəне  құралдары 
іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан  кейін  сабақтың 
құрылымын  қарастыруға  кіріседі.  Тақырыптың  мазмұнындағы  оқу 
материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін,  тереңдігін,  аумақтылығы 
жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау,  толықтыру,  жүйелеу 
жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушыға  игерілетін  оқу  материалының  
элементтерін  анықтап  жүйелейді.  Оқушының  белсенділігі  мен  танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  қасиеттерінің    дамуына  ықпал  көрсететін, 
оның  машықтану  қабілетіне  арналған      дидактикалық  тапсырмалар 
дайындалады.  Оқушының  машықтану  қасиетін  нығайтатын  əдіс-тəсілдері 
көрсетіліп,  практикалық  жұмыстың  объекті  үлгісі  жасалынып,  оның 

көрнекіліктегі  тиімді  технологиялық  процессі    белгіленеді.  Бұл  объектіні 
оқушы практикалық сабақта  жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның 
қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен 
қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  машықтану  қабілетінің  даму  дəрежесін 
бақылау  формасы  мен  əдістерін  анықтай  қажетті  тапсырмаларды 
дайындайды.  Бұл  кезең  аяқталғаннан  кейін  сабақ  жоспарының  құрылымын 
толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі.  Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі, 
нақты,  анық  жəне  кең  ашылып  орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ 
құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.   
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал