Педагогика факультеті «Педагогика жəне психология»



жүктеу 5.71 Kb.

бет8/11
Дата05.04.2017
өлшемі5.71 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.  Оқу  бағдарламадағы  тақырыптық  оқу  материалдарының  жазылу  стилі 
қандай? 
6.  Еңбекке  баулу  пəні  оқу  бағдарламасындағы  оқу  материалының 
бөлімдері қандай? 
7.  Тақырыптық оқу материалының көлемі бағдарламада мөлшері, қандай 
болу керек? 
8.  Оқу бағдарламасын жасау, қандай құжаттарға негізделеді? 
9.  Мұғалім  оқу  бағдарламасын  жасағаннан  кейін,  келесі  қандай  оқу  - 
əдістемелік құжатқа көшеді? 
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Оқулықтар,  оқу  -  əдістемелік  кешеннің  құрамы  мен  оқу 
бағдарламаларын  əзірлеуге  жəне  сараптауға  қойылатын  дидактикалық 
талаптар. -Алматы, 2000ж.  
2.  Бастауыш  білім  беру  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандарты.  -
Алматы, 2003.  
3.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(3 - сынып). -Алматы, 2003 ж. 
4.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж. 
 
Лабораториялық жұмыс №2 
 
Тақырыбы:  еңбекке  баулу  пəнінің  күнтізбелік    -  тақырыптық  жоспарының 
құрылымы мен мазмұны. 
 
Объектісі: еңбекке баулу пəнінің  оқу процесіндегі күнтізбелік-тақырыптық 
жоспары. 

Предметі:  2  –  сыныптың  көркем  еңбек  бөлімі  оқу  материалының 
мазмұнында күнтізбелік – тақырыптық жоспарын құрастыру. 
 
Мақсаты:  көркем  еңбек  бөлімінің  тақырып  мазмұнының  күнтізбелік  – 
тақырыптық жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың міндеттері жəне мазмұнымен ұқыпты оқып танысу; 
-  үлгі күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы жəне мазмұнын 
қарастыра түсіну; 
-  күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспарды  құруға  қажетті  дидактикалық 
талаптарды нормативті оқу - əдістемелік құжаттардан оқып қарастыру; 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспардың жобасын жасау; 
-  орындалған жұмыстың мазмұнын тексеру жəне ол туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің 
мемлекеттік  міндетті  білім  беру  стандарты;  2  сыныпқа  арналған  еңбекке 
баулу пəнінің оқу бағдарламасы, оқу құралдары, нормативті оқу - əдістемелік 
құжаттарды  жасаудың  дидактикалық  талаптары,  күнтізбелік  –  тақырыптық 
жоспардың үлгісі, қосымша оқулық құралдары. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
Сыныпқа  арналған  көркем  еңбек  оқу  материал  бөлімінің  мазмұнымен 
тапсырма №1 толық таныса қажетті дидактикалық талаптарға, күнтізбелік – 
тақырыптық жоспар үлгісіне негізделе, оның кестедегі бағаналы құрылымын  
анықтауға  кіріседі.  Күнтізбелік-тақырыптық  жоспардың  құрылым  үлгісі 
төмендегі  кестеден  байқауға  болады.  Орындаушы  өзінің  білім  дəрежесіне 
сəйкес  бағананың  қосымша  атаулары  мен  мазмұнын  жетілдіруге  мүмкіндігі 
бар.  Күнтізбелік  жоспарда  негізінен  бөлімнің  жəне  тақырыптың  атауы, 
тақырыптың  қысқаша  мазмұны,  жалпы  сағат  көлемі,  əр  сабақтың 
тақырыбына  бөлінген  нақты  уақыт,  оның  мақсаттары  сияқты  белгілері 
анықталуы қажет.   
Əрбір  тақырыптық  оқу  мазмұнын  анықтағаннан  кейін,  қолданылатын 
оқытудың  формаларын,  əдістерін,  құралдарын  жəне  практикалық 
тапсырмалардың  түрлерін  көрсетілген  бағаналарда  жазылады.  Күнтізбелік 
жоспардың соңғы бағаналарында пайдаланатын оқулық құралдардың аттары 
мен авторлары, үй тапсырмасы белгіленеді. 
 Күнтізбелік  -тақырыптық  жоспардың  жобасы  жасалынғаннан  кейін, 
оқытушыдан  тəжірибеге  жіберілуі  үшін  рұқсат  алынады.  Ол  үшін 
орындаушы  жасалынған  жобаның  құрылымы  мен  мазмұнына  теориялық 
негіздеме  жасап,  дұрыс  орындалғаны  тексерілуі  тиіс.  Бұл  кезеңнен  кейін 
студент  күнтізбелік  жоспардың  жобасын  мектеп  тəжірибесінде  сынап, 
қолайлығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш  мектеп  мұғалімдерінен 

қанағаттырарлық  пікір  алып,  оқытушыға  төмендегі  құжаттармен  есеп  бере 
тапсырады: 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құрудың теориялық негіздемесі; 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспардың үлгісі. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер: 
 
-  студент  күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспарды  жобалауда  логикалық 
сəйкестікте  оқу  материалының  мазмұнын  жетілдіруге,  толықтыруға, 
тақырыпты өзгертуге, жаңартуға, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспардың кесте құрылымы мен мазмұнын 
жетілдіруге мүмкіндігі бар; 
-  оқытудың  дəстүрлі  жəне  жаңа  құралдарын,  формаларын,  оқыту 
əдістерін, тапсырмаларды өз еркімен дидактикалық талапқа сай таңдай 
қолдана алады; 
-  күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспардың  оқу  құралдары  оқушының 
танымдық,  психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен 
процестерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  оқу құралдарының дидактикалық принциптеріне сəйкес келуі; 
-  күнтізбелік  жоспардың  қарастырылуындағы  құрылымы  мен  мазмұны 
логикалық үндестікте болуы. 
 
Тапсырма № 1. 
 
Бөлім:Көркем еңбек (ұлттық киім – 8 сағат). 
 
Техникалық  мəліметтер.  Ұлттық  киімдер  туралы  мəлімет.  Ұлттық 
киімдердің  тігілуі,  қолданылуы,  қиып  жапсыру.  Қауіпсіздік  техникасы 
ережелерін сақтау жəне тазалық- гигиеналық талаптарды орындау. 
Жұмыста  қолданылатын  тəсілдер.  Өлшеу,  пішу,  қию,  тігу,  желімдеу, 
біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану. 
Шамамен  берілетін  тапсырмалар.  Жасайтын  бұйымдар:  қалапақ, 
сəнделген  тақия,  шапан,  тұмақ,  сəукеле,  кимешек,  көйлек,  етік,  мəсі-кебіс, 
шалбар, тон. 
 
 
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісі. 
 
Рет 
сан
ы 
Тараула
ры  мен 
тақыры
птары 
Тақыр
ыптың 
мазмұн
ы 
Сағ
ат 
сан
ы 
Уақыт
ы 
Сабақт
ың  
түрі 
Сабақт
ың 
əдістері 
Пəнарал
ық 
байланы
с  
Көрне
кілік 
Машы
қтық 
жұмыс 
Құрал
дар
1.
2.   
3.   
4. 
5.   
6.   
7.   
8.   
9.   
10.  
11.
 
Тоқсан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не? 
2.  Күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспардың  құрылымы  мен  оның  мазмұны, 
қандай белгілерімен ерекшелінеді? 
3.  Күнтізбелік жоспарды құру, қандай құжаттар негізінде орындалады? 
4.  Күнтізбелік жоспардың қызметі қандай? 
5.  Күнтізбелік жоспардағы оқу материалының көлемі қандай? 
6.  Дидактикалық тапсырмалар мен қолданылатын құралдардың мазмұны, 
қандай мөлшерде көрсетіледі? 
7.  Күнтізбелік  жоспардың  ішіндегі  бөлім  мен  сабақ  тақырыптарының 
жазылу себебі неде? 
8.  Күнтізбелік – тақырыптық жоспардан кейін кезектегі оқу - əдістемелік 
құжат не болып табылады? 
 
 
Ұсынылатын əдебиет. 
 
1.  Бастауыш  білім  беру  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандарты.  - 
Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж. 
5.  Давлетова  К.  Ш.  Методика  трудового  обучения  в  начальных  классах. 
Уральск, 2005 ж. 
6.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
7.  Конышева Н. М. Методика трудового обучения младших школьников. 
-М., 1988ж. 
8.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). -Алматы,2002  ж.  
9.  Хворостов  А.  С.  Декоративно  –  прикладная  искусства  в  школе.  –
М.,1995 ж.  
10. .Сатканов  О.  С.  Методика  трудового обучения  в  начальных  классах.  -
Алматы, 1995 ж. 
 
Лабораториялық жұмыс №3 
 
Тақырыбы:  оқушыны  қағаздан  (картоннан)  жұмыс  орындауға  үйретудің 
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы.  
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  1  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 

Предметі:  оқушылардың  қағазбен  жұмыс  орындауға  материал  түрлерімен 
таныстыра, олардың білімін қалыптастырудың оқыту мазмұнын құрастыру. 
 
Мақсаты: еңбекке баулу сабағында оқушылардың қағазбен жұмыс орындау 
сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнын 
қарастыру; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқытудың  мазмұнына  тиімді 
құралдарды  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспар жобасының мазмұнын құрастыру; 
-  оқытудың  дидактикалық  материалдарын  (құралдарын)  жасау  жəне 
дайындау; 
-  орындалған сабақ жоспарының жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептегі  еңбекке  баулу  пəнінің 
мемлекеттік  міндетті  білім  беру  стандарты,  1    сыныпқа  арналған  еңбекке 
баулу  пəнінің  оқу  бағдарламасы,  күнтізбелік  жоспар,  оқу  құралдары,  оқу  - 
əдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер: технологиялық карта; сызба 
құралдары;    құралдар,  материал:  қағаз,  картон,  желім  жəне  т.б.;  қажетті 
техникалық аспаптар. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
1  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1(2)  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес  білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген 
уақыт  мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге 
болады.  Тақырыптың  оқу  материалы  арқылы  сабақтың  дидактикалық, 
дамытушылық 
жəне 
тəрбиелік 
мақсаттары 
айқындалынады. 
Осы 
мақсаттарды  жүзеге  асыру  жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін 
теориялық  негіздей  отырып,  сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы, 
əдістері  жəне  құралдары  іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан 
кейін 
сабақтың 
құрылымын 
қарастыруға 
кіріседі. 
Тақырыптың 
мазмұнындағы  оқу  материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін, 
тереңдігін,  аумақтылығы  жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау, 
толықтыру,  жүйелеу  жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушыға  игерілетін 
оқу  материалының    элементтерін  анықтап  жүйелейді.  Оқушының 
белсенділігі  мен  танымдық,  психикалық  жəне  физиологиялық  қасиеттерінің  
дамуына  ықпал  көрсететін,  оның  теориялық  білімін  меңгертуге  арналған   
дидактикалық  тапсырмалар  дайындалады.  Оқушының  теориялық  білімін 
нығайтатын  практикалық  жұмыстың  объекті  үлгісі  жасалынып,  оның 

көрнекіліктегі  тиімді  технологиялық  процессі    белгіленеді.  Бұл  объектіні 
оқушы практикалық сабақта  жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның 
қажетті,  нақты,  қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен 
қалмауы да орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  білімін  бақылау  формасы  мен  əдістерін 
анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін 
сабақ  жоспарының  құрылымын  толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі. 
Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі,  нақты,  анық  жəне  кең  ашылып 
орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ  құрылымындағы  кезеңдердің  уақытысы 
белгіленеді.  
 
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 
оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  түрін,  формаларын,  құралдарын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың 
мақсатына сəйкес таңдауға мүмкіндігі бар; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесстерін 
дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған сабақ жоспарының жобасындағы оқыту құралдарының, іс - 
əрекеттердің дидактикалық принциптерге қайшы келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
       в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма № 1. 
 
Тақырып: Қағаздар мен картондардың түрлері(1 сағат). 
 
Целлюлоза – қағаз өнеркəсібінде шығарылатын бірнеше түрлі картон мен 
қағаздардың  ішінен  мектепте  тек  кейбір  түрлері  ғана  қолданады.  Қағаздың 
қасиетін жақсы білу үшін, оның түрлерімен таныс болу керек. 
1.  Жазуға арналған(дəптер,пошта, блокнот). 
2.  Суретке жəне сызуға арналған(ватман, калька,милиметрлік қағаз). 

3.  Баспа қағаздары(газет, жұрнал, түс қағаз). 
4.  Орауға арналған(металлды, май өткізбейтін, парафинді). 
5.  Боялған(маймаңкелі, жиылған, бархат, шегрен). 
6.  Көшірме қағаз. 
7.  Сорғыш қағаз. 
8.  Арнайы  қағаз(зімпара,  фотографиялық,  медициналық,  жарық 
өткізбейтін). 
Картон  –  қалың  жəне  тығыз  қағаз,  1  кв.м.  250  гр.  Салмағы  бар.  Картон 
қағазға  қарағанда  өзінің  беріктігі  мен  қалыңдығына  қарай  түрлі  жағдайда 
өңделеді. 
Олар төмендегі жағдайлармен ерекшелінеді. 
1.  Дайындық тəсілі бойынша: 
-  бір қабатты, 
-  көп қабатты,  
-  парақты, 
2.  сыртқы түрі бойынша: 
-  ағартылған, жылтыр, 
-  бұдырлы,  
-  гофирленген(жиылған), 
3.  Қажеттілігі бойынша: 
-  қораптар үшін, 
-  полиграфиялық, 
-  электроизоляциялық, 
-  техникалық, 
-  аяқ киімдік, 
-  құрылыста пайдалану үшін. 
 
Тапсырма №2. 
 
Тақырып: Жазық бетті бір көлемді бұйым пішінін жасау(1 сағат). 
 
(Қағазды бүгу арқылы тышқан бейнесін жасау). 
 
Тік  бұрышты  қағазды  алып  ұзын  бойымен  өз  ара  бірдей  етіп  төрт 
бөлігін  белгілейміз.  Белгілеген  сызықтарды  бүгіп  іргелес  жатқан  екі  үйдің 
шатыры  сияқты  көлемді  бейне  алынады.  Екі  шет  жағын  көлбеулеп  сыртқа 
қарай  бүгеміз.  Қағаздың  пішіні  трапеция  тəрізді  болады.  Пайда  болған 
дененің бір жағына тышқанның құлағын шығару үшін бүгілген бөлікті ішке 
қарай  қайырып бүгеміз.  Қара  түсті  қағазбен  тышқанның  көзі  мен  құйрығын 
жасаймыз. 
 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Сабақ жоспары дегеніміз не? 
2.  Сабақ жоспарының қызметі қандай? 

3.  Сабақ жоспарының құрылымы мен мазмұны қандай? 
4.  Сабақтың мақсаты дегеніміз не? 
5.  Оқытудың технологиясы жəне оқытудың əдістемесі дегеніміз не? 
6.  Оқушының оқу материалын меңгертуге, қанша уақыт белгіленеді? 
7.  Еңбекке баулу сабағы, қандай нұсқаулардан тұрады? 
8.  Сабақ  жоспарын  орындағаннан  кейін,  мұғалім  келесі  қандай  іс  - 
əрекетке көшеді?  
 
Ұсынылатын əдебиеттер. 
 
1.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(1 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умею сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990ж. 
5.  Давлетова  К.  Ш.  Методика  трудового  обучения  в  начальных  классах.                  
-Уральск, 2005ж.  
6.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (1 - сынып). -Алматы, 2001 ж. 
7.  Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 г. 
8.  Сатканов  О.  С.  и  др.  Технология.  1  класс  (12  лет  обучение), 
(методическое пособие. –Алматы, 2006 ж. 
9.  Смирнова И. М. В мире много грантников. -М., 1995 ж. 
10. Сержантова Т. Оригами для всей семьи. -М., 2001 ж. 
 
Лабораториялық жұмыс №4 
 
Тақырыбы:  оқушыларды  табиғи  материалдан  жұмыс  орындауға  үйретудің 
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы. 
 
Объектісі:    бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  2  –  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 
Предметі:  оқушыларды табиғи материалдардан бір фигуралы композициялы 
объектіні  жасатуда,  олардың  іскерлігін  қалыптастырудың  оқыту  мазмұнын 
құрастыру. 
 
Мақсаты:    еңбекке  баулу  сабағында  оқушылардың  табиғи  материалдан 
композициялық объект орындау сабақ жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  белгіленген  сыныптағы  тақырыптың  оқу  материалы  мазмұнымен 
танысу; 
-  көмекші  оқу  -  əдістемелік  құжаттармен  оқу  мазмұнына  тиімді  оқыту 
құралдарын  негіздей іріктеу; 
-  сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру; 

-  оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау; 
-  орындалған сабақ жоспар жобасын тексеру; 
-  орындалған жұмыс туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  Бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің  білім 
беру  стандарты,  2  -  сыныпқа  арналған  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу 
бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқу құралдары, əдістемелік құралдар мен 
ұсыныстар, 
композициялы 
объектіні 
жасаудың 
кескінді 
бейнесі, 
технологиялық  картасы  сызба,  пышақ,  қайшы,  кептірілген  ағаш,  жеміс 
қабықтары, өсімдік өнімдері,су коректілердің кепкен қабықтары,  жəне т.б.  
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
2  сыныпқа  арналған  тақырыптық  оқу  материалының  мазмұнымен 
тапсырма  №1  танысып,  оқу  бағдарламасында  анықталған  сол  тақырыпқа 
сəйкес 
білім  беру  мазмұнымен  салыстырылады.  Тақырыпқа  белгіленген  уақыт 
мөлшерін  күнтізбелік  –  тақырып  пен  оқу  бағдарламасынан  көруге  болады. 
Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық 
жəне тəрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру 
жəне  оқушыға  оқу  материалын  игерту  үшін  теориялық  негіздей  отырып, 
сабақтың  тиімді  жəне  қолайлы  формасы,  əдістері  жəне  құралдары 
іріктелінеді.  Оқытудың  құралдарын  пайымдаудан  кейін  сабақтың 
құрылымын  қарастыруға  кіріседі.  Тақырыптың  мазмұнындағы  оқу 
материалының  көлемін,  қиындығын,  күрделілігін,  тереңдігін,  аумақтылығы 
жəне  т.  б.  ерекшеліктерін  іріктеу,  даралау,  толықтыру,  жүйелеу 
жұмыстарымен  шұғылдана  нақты  оқушыға  игерілетін  оқу  материалының  
элементтерін  анықтап  жүйелейді.  Оқушының  белсенділігі  мен  танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  қасиеттерінің    дамуына  ықпал  көрсететін, 
оның  практикалық  іскерлігін  меңгертуге  арналған      дидактикалық 
тапсырмалар  дайындалады.  Оқушының  практикалық  іскерлігін  нығайтатын 
жұмыстың  объекті  үлгісі  жасалынып,  оның  көрнекіліктегі  тиімді 
технологиялық  процессі    белгіленеді.  Бұл  объектіні  оқушы  практикалық 
сабақта    жасап  үлгеру  уақыт  мөлшері  тексеріледі.  Оның  қажетті,  нақты, 
қолайлы  материалдары  мен  аспаптарын  анықтау  да  естен  қалмауы  да 
орынды. 
 
Келесі  кезеңде  оқушының  іскерлігін  бақылау  формасы  мен  əдістерін 
анықтай қажетті тапсырмаларды дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін 
сабақ  жоспарының  құрылымын  толық  жазбаша  құрастыруға  кіріседі. 
Сабақтың  оқыту  əдістемесінің  көлемі,  нақты,  анық  жəне  кең  ашылып 
орындалады.  Сонымен  бірге,  сабақ  құрылымындағы  теориялық  жəне 
практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.  
 
 
Осы  тақырыптық  оқыту  мазмұнының  жобасын  белгілеген  сабаққа 
кететін  жалпы  уақыт  мөлшеріне  сəйкестігі  дəл  анықталады.  Орындалған 
сабақ  жоспарының  жобасын  ұжымды  формада  талқылай  түзете  отырып, 

оқытушыдан  рұқсат  ала,  тəжірибеде  (мектепте)  тиімділігі  мен  қолайлығын 
сынай  тексереді.  Оның  мазмұндылығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш 
мектеп  мұғалімдерінен  пікір  алып,  олардың  бағасы  белгіленеді.  Жұмыстың 
соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді. 
 
 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 
-  жұмысты  орындаушы  тақырыптың  оқу  материалын  толықтыруға, 
тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  оқыту  түрін,  формасын,  құралын,  əдістерін  өз  еркімен  сабақтың 
мақсатына сəйкес таңдайды; 
-  тақырыптық  сабақ  жоспарының  оқыту  құралдары,  формасы  жəне 
əдістері, 
дидактикалық 
материалдары 
оқушының 
танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процесс 
қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  орындалған  сабақ жоспарының  жобасындағы оқыту  құралдардың, іс  - 
əрекеттердің  дидактикалық  принциптер  мен  критерияларына  қайшы 
келмеуі; 
-  жұмысты 
орындаушы 
төмендегі 
материалдарды 
оқытушыға 
тапсырады: 
а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі; 
б) тақырыптық сабақ жоспарының тəжірибеде тексерілген үлгісі; 
     в) оқытудың дидактикалық материалдары. 
 
Тапсырма №1. 
 
Тақырып: Табиғи материалдардан «Əтеш» жасау(1 сағат). 
 
Табиғи материалдардан əр түрлі сувенирлер жəне ойыншықтар жасауға 
болады.  Олар  күнделікті  баланың  ойынына  жəне  мереке  кезінде  туыстарға 
қарапайым  материалдардан  бұйым  жасап  сыйлауға  өте  қолайлы  материал. 
Бұл бұйымдарды жасау үшін алдымен қарапайым аспаптар мен материалдар 
қажет  болады.  Аспаптардан:  кішкентай  пышақ,  қайшы,  біз,  пинцет,  инелер, 
ағаштан жасалған мүсінге қажет «стек», кисттер, қысқыш жəне т.б... 
 
Əтешті  жасау  үшін  мынандай  материалдар  қажет  болады:  грек 
жаңғағының  қабығы,  орман  жаңғағының  қабығы,  ағаштың  сабағы,  акация 
ағашының  кепкен  тұқымы,  құстың  үлпі  қанаттары,  пластиллин,  айдарды 
жасауға қағаз немесе былғары материалы, ағаштың қабығы. 
Əтешті  жасау  үшін  алдымен  грек  жаңғағының  ішін  тазалап,  оны 
пластиллин  арқылы  бір-бірімен  жапсырамыз.  Аяғын  ағаштың  қисық 
бөлігінен  кесіп  пішінін  келтіре,  жаңғақтың  төменгі  бүйіріне  пластиллинмен 
біріктіреміз.  Əтештің  аяғы  ағаш  қабығына  пластиллинмен  бекітіледі.  Басты 
жасау  үшін,  орман  жаңғағының  қабығын  тазалап  бір-бірімен  пласиллин 
арқылы  қосып,  оның  жарық  жеріне  былғарыдан  немесе  қағаздан  ойылған 

айдарды  бекітеміз.  Тұмсығын  ағаштың  қаңқаларынан  кесіп  пласиллинмен 
қосамыз.  Көзіне  акацияның  тұқымын  аламыз.  Мойнын  ағаштың  сабағымен 
дене  бөлігіне  біріктіреміз.  Қанаты  мен  құйрық  бөліктеріне  құстың  үлпі 
қанаттарын  пластиллинмен  отырғызамыз.  Орындалған  əтештің  кейбір 
бөліктерін түсті бояумен əсемдеугеде болады.  
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал