Педагогика факультеті «Педагогика жəне психология»



жүктеу 5.71 Kb.

бет7/11
Дата05.04.2017
өлшемі5.71 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Қосымша тақырыптар: 
 
Тақырып: Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережелер. 
    1.  Бастауыш  класта  еңбек  сабағында  қауіпсіздік  техникасы  ережелеріне 
жəне  тазалық-санитарлық  талаптарына  үлкен  мəн  беріледі,  себебі  кіші  клас 
оқушылары қиятын, кесетін, тесетін, т. с. кұралдармен жұмыс істейді. 
Кауіпсіздік техникасы ережелері: 
-  Жүмыс  істейтін  орнында  тек  жаңа  сабақтың  тақырыбына  байланысты 
қүрал-саймандар мен материалдар болуы тиіс; 
-Қүрал-саймандар мен материалдарды парта (үстел) үстіне дүрыс орналастыр; 
-Жүмысты əркашан мүғалімнің рүқсатымен баста; 
-Материалдарды керекті бүйым жасау үшін, үнемдеп қолдан; 
-Қүрал-саймандарды мүғалімнің көрсеткен əдістері бойынша қолдан; 
-Өз жүмыс орныңды барлық уақытта таза сақта; 
-Жүмыс үстінде басқаға назарыңды аударма; 
-Жүмыс  біткен  соң  қүрал-саймандар  мен  материалдарды  өз  орындарына 
қоюға əдеттен; 
              Қайшымен жұмыс істегенде: 
-Үштары дөңгелек жəне өткір қайшыны қолдан; 
-Бүзылған жəне тат басқан қайшыны қолдануға болмайды; 
-Қайшыны жолдасыңа үштарынан үстап үсын; 
-Қайшымен жүріп келе жатып қиюға болмайды; 
          Пышақпен жүмыс істегенде: 

-Пышақты жабылған жүзімен белгілі жерде сақта; 
-Өтпейтін пышақпен жүмыс істеуге болмайды; 
-Жолдасыңа пышақты сабымен бер; 
-Бумаланған парақтарда пышакпен фальцлинейканың бойымен тіл; 
-Үшы дөңгелек пышақты қолдан; 
              Инемен жұмыс істегенде: 
-Инені кез келген жерге тастама; 
-Киіміңе инені қадама; 
-Инені аузыңа салма! 
-Инені арнайы жастықшаға шаншып қой; 
-Тат басқан инені қолданба; 
-Инені жіпсіз кез келген жерге қойма; 
-Тіккенде оймақ пайдалан. 
Егер  де  оқушы  қолын  жарақаттап  алса  класс  бөлмесінде  дерілер  сақталған 
(мақта, йод, бинт т.б.) « Емхана» бұрышы болуы қажет. Сонымен қатар еңбек 
бөлмесінде,  міндетті  түрде,  «  Техникалық  қауіпсіздігі  ережелері»  журналы 
болуы  керек.  Бұл  журналға  оқушылар  қауісіздік  ережелермен  таныстым 
деген белгі қояды. 
 
 
Тақырып: Еңбек сабағында оқушыларды графикалық сауаттарын ашу. 
 
1.Графикалық  білім  —  бүйымдарды  графикалық  бейнелеу  əдістері,  адамға 
технологиялық  жəне  конструкторлық  іс-қағаздармен  жүмыс  істеу  кезінде 
қажет  болатын  экономикалық  өзара  көмек  жəне  ережелер  мен  нормалары 
туралы ұғым. 
Графикалық  іскерлік  —  нормалар  мен  ережелерін  пайдаланылып   
технологиялық-конструкторлық  іс-қағаздарын  жасау  кезінде  адамның  өз 
ойын  нақтылы  əрі  дəл  беруге  немесе  басқаның  ойын  да  түсіне  білуге 
даярлығы.  Графикалық  іскерлікке  ие  болу  процесі  графикалық  білімге 
негізделген  үзақ  жаттығуды,  мол  тəжірибені  қажет  етеді,  мүның  өзі 
оқушылардың  кеңістіктік  түсінігін  дамытады  жəне  ол  əркімнің  жеке 
ерекшелігіне тəуелді. 
Графикалык,  дагдылар  —  жаттығу  кезінде  қалыптасатын    сызу 
қүрылымдарымен  жүмыс  істеу  тəсілдерін  меңгеру.  Мектептегі  оқу  кезінде 
əдетте оқушыларда  чсртежді оқи жəне сыза білу дағдысы толық қалыптаса 
қоймайды.  Мүндай  дағдыға  ие  болу-логикалық  жəнс  кеңістіктік  ойлау 
қабілетінің жоғары деңгейімен байланысты ұзақ процес. 
2.Графикалык  хабарлама  —  конструкторлық  жəнс  тсхнологиялық  іс-
қағаздардағы мəліметтер. Бұларға чертеждегі, эскиздердегі, схемалардағы 
графикалық  шартты  бейнелеулер,материалдар  түрінің  шартты  белгілеуі, 
техникалық шарттар жəне т.б. жатады. 
Техника моделін жасауға үйрету — бүл оқушылардың конструкторлық-
технолгиялық  əрекетіндегі  алғашқы  қадамы.  Мүнда  оқушылардың 
графикалық  даярлығы  қажет  болады,  бірақ  ол  арнайы  сабақ  үстінде  емес, 

еңбек  процесінде,  яғни  затты  жасай  білу  ептілігін  кдлыптастыру  үстінде 
жүзеге асады. Сондықтан оқушыларға нақты практикалық жүмыс процесінде 
керек  болатын  аса  қарапайым  графикалық  материалды  меңгеру  қажет. 
Үйірме  сабақтарында  объектілсрді  тандауда  жстекші  балаларға  үсынылтын 
техникалық  объектілердің  пішіні  мен  конструкциясьш  алдын-ала  талдауы 
қажет. 
        Техникалық  сурет  —  заттың  көрнекі  бейнесі,  ол  параллель  проекция 
əдісін  пайдалану  арқылы  көз  мөлшерімен  қолдана  жасалады  (яғни 
объектінің  табиғи  параллель  болады.  Техникалық  суретте  де  параллель 
болады. Техникалық суретте конструкцияның барлық элементтері (көтеріңкі 
жерлері,  ойықтары),  т.б.өлшемін  жəне  пропорциясын  сақтай  отырып,  қөз 
мөлшерімен бейнеленеді. Дəл өлшемдерін санмен көрсетуге болады. 
        Сызба  —  заттың  сызу  қүрал-саймандарының  көмегімен  өлшемді  дəл 
сақтай  отырып  белгілі  бір  масштабта  жасалған  графикалық  бейне.  Ол 
объектінің  материалы,  өлшемі,  пішіні  туралы  мəлімет  береді.  Сызба 
бойынша да, техникалық сурет бойьшша да заттың жалпы қүрлысы мен оның 
бөліктері  жайлы  білуге,  ал  өлшемі  мен  техникалық  талаптары  бойынша 
заттың  өзін  жасап  шығаруға  болады.  Сызба  əдетте,  объектінің  жекелеген 
жақтарының  бірқатар  бейнелерін  береді,  олар  қағаз  бетінің  қатаң 
белгіленген жеріне сызылады. 
        Эскиз  —  бүл  да  сызба  сияқты  затты  əр  түрлі  жағынан  көрсетеді  жəне 
орындалуы  да  сондай  графикалық  ережелерге  байланысты.  Эскиздегі 
сызықтар  айқын  əрі  тегіс  болуы  тиіс.  Өлшемдері  нақтылы  сандармен 
белгіленіп,  бүйымның  жасалатын  материалымен  масштабы  көрсетіледі. 
Эскиздің  сызбадан  айырмашылығы  оны  сызу  қүрал-саймандарының 
көмегінсіз, дəл мөлшерін сақтамай-ақ, қолдан сызады. 
         Масштабпен  əлі  таныспаған  төменгі  сынып  балалары  бейнені  торкөз 
бойынша  үлкейтуді  немесе  кішірейтуді  жақсы  атқарады.  Бірақ  масштаб 
дегеніміз  бейненің,  де-тальдың  немесе  бүйымның  өзінен  неше  есе  үлкен 
немесе  кіші  екенін  көрсететін  сан  екенін  айтуға  болады.  Сызба-лар  мен 
техникалық  суреттерден  балалар  мынадай  белгілерді  керуі  мүмкін:  М  1:2 
(өлшемді екі есе кішірейту керек), М 2:1 (өлшемді екі есе үлкейту керек. 
         Жазба  жасау  дегеніміз  —  болашақ  бүйымнын,  немесе  оньщ 
бөлшектерінің  контурын  белгілейтін  сызықтар  мен  нүктелерді  материалға 
(қағаз,  мата,  ағаш  суреті,  маталар)  көшіру.  Жазбаны  шаблон,  техникалық 
сурет, сызба, ауызша сиппаттау, үлгі жəне т.б. арқылы жасауға болады. 
 
6.Мамандықтың 
типті 
оқу 
жоспары 
бойынша 
семинар 
жəне 
практикалық сабақ формалары белгіленбеген. 
 
 
7. Электрондық оқу құралдары пəн бойынша қарастырылмаған. 
 
 

8.    Практикалық  (семинарлық)  жəне  лабораториялық  сабақтар 
бойынша методикалық ұсыныстар. 
 
Берілген  курстың  мазмұны  оқытудың  төрт    сабақ  формасымен 
қарастырылады:  лекция;  лабораториялық  сабақ,  оқытушының  көмегімен 
студенттің  өзбетіндік  жұмысы  жəне  жеке  өзбетіндік  жұмыс.  əрбір  сабақтың 
оқыту  формалары  бойынша  оқу  материалдары  жəне  дидактикалық 
тапсырмалар  белгіленген.  Ол  материалдардың  көлемдері  ОƏК  мазмұнында 
болық белгіленген. 
 
Лекцияның материалын студент өте ұқыпты оқып, түсініп жəне ұғына 
отырып  конспектілесе,  оның  мазмұнын  терең  игеруге  мүмкіндік  береді. 
Лекцияның  оқу  материалы  екі  бөлімнен  тұрады:  бірінші  бөлім  бейнелеу 
өнерінің  теориясына  арналса,  екінші  бөлім  əдістемелік  материалдарға 
арналған. 
 
Лабораториялық  жұмыстар  мамандықтың  оқу  жоспары  бойынша 
қарастырылған.  Олай  болса,  лабораториялық  жұмыс  əдістемелік  курстың 
мазмұнына  жасалған.  Жалпы  саны  10  болып  табылады.  Лабораториялық 
жұмыстардың  толық  мазмұны  мен  көлемі,  əдістемелік  ұсыныстары  мен 
нұсқаулары өзінің мазмұнында көрсетілген, яғни, толық көлемде. 
 
Оқытушының  көмегімен  орындалатын  өзбетіндік  жұмыстар  бейнелеу 
өнерінің  түрлерін  кескіндеу  тəсілдеріне  байланысты  белгіленген.  Ол 
жұмыстардың саны он болып табылады. Жұмыстың орындалу шарттары мен 
материал, құралдарыда нақты түрде ОƏК көрсетілген. 
 
Студенттің  өзбетіндік  жұмыстарында  біз  лекция  материалдарына 
қажетті  толықтырғыш  материалы  ретінде  тақыыптар  белгіледік.  Сол 
тақырыптарды  көрсетілген  əдебиеттерден  тауып,  оларды  конспектілеп 
ұғынуды ұсынамыз. Ол тақырыптардың мазмұны емтихан сұрақтарына енеді. 
 
Теориялық  материалдарды  игеріп  жəне  дидактикалық  тапсырмаларды 
орындап оқытушыға есеп тапсыру əрбір оқытудың формасмымен жеке-жеке 
белгіленеді. Олардың мазмұны бойынша рейтинг жəне қорытынды бағаларға 
тікелей ықпалы тиеді. Сондықтан студент белгіленген тапсырмаларды толық 
көлемде орындаған орынды. 
 
Оқу  материалдары  мен  сарамандық  жұмыстарды  орындауға  қажетті 
материалдар  электорнды  түрде  көрсетілген  ОƏК  нен  жəне  университеттің 
əдебиеттер қорынан материалдар пайдалануға болады. 
 
Оқытушының  көмегімен  орындалатын  студенттің  өзбетіндік(жеке) 
жұмысы 
 
№ 
п/
п 
Тақырып 
Мақсаты 
Тапсырма 
əдістемелік 
ұсыныс 
Əдебиет 
1  Қатты 
материалдард
ы 
өңдеудің 
Қатты 
материалд
ы 
өңдеу 
Жазық 
пластмасса 
материалын
Қарапайым 
құралдардың 
көмегімен  ПВХ 
9,14,16,31 

технологиясы.  іскерлігіне 
үйрету 
ан  көлемді 
бұйым 
жасау(1 
дана)  
немесе 
оргстеклодан 
көлемді  бұйым 
орындау керек. 
2  Жұмсақ 
материалдард
ы 
өңдеу 
технологиясы. 
Жұмсақ 
материалд
арды 
өңдеу 
іскерлігіне 
үйрету 
Матаны 
пішіп 
тігістерін 
көрсету. 
Бір 
матаның 
бетіндегі 
бірнеше 
тігістердің  түрін 
көрсету керек. 
9,14,16,31 
3  Қағаз,  картон 
материалдары
нан  əр  түрлі 
техникада 
бұйымдар 
жасау 
техникасы. 
 
Қағаз 
материалы
нан  бұйым 
жасау 
тəсілдерін
е үйрету 
Картон 
жəне 
қағаздан 
құралған 
көріністі 
композиция 
жасау 
өлшемі 
20х30 
см. 
құралатын 
көлемде 
 
9,14,16,31 
4  Ағаш 
материалынан 
бұйым  жасау 
технологиясы. 
Ағаш 
материалы
н 
безендіру 
тəсілдерін
е үйрету 
Ағаш 
тақтайшасы
на 
бір 
безендіру 
техникасын 
орындау. 
Көкөніс  кесетін 
тақтайша  бетті 
бояу 
немесе 
селдірлеу 
сияқты 
техникада 
9,14,16,31 
5  Метал 
материалынан 
бұйым  жасау 
технологиясы. 
Метал 
бұйымын 
безендіру 
тəсілдерін
е үйрету 
Қаңылтыр 
бетке  бедер 
түсіріп 
безендіру. 
Металлопластик
а  немесе  сымды 
ширату 
техникасында 
9,14,16,31 
6  Табиғи 
материалдард
ан  «подделка» 
жəне 
«икебано» 
композициясы
нда  безендіру 
технологиясы. 
 
Табиғи 
материалд
арынан 
поделка 
жасау 
тəсіліне 
үйрету 
Табиғи 
материалда
рдан 
композиция 
құру. 
Бес  немесе  одан 
көп  элементтен 
құралған 
композиция 
9,14,16,31 
7  Мата 
материалдары
н  өңдеу  жəне 
олардан 
бұйым  жасау 
технологиясы. 
 
Мата 
бұйымын 
безендіру 
тəсілдерін
е үйрету 
Қарапайым 
тканнан 
бұйым 
пішіп 
безендіру. 
Қуыршақ  немесе 
декоративті 
панно 
жасауға 
қажет бұйым. 
9,14,16,31 

8  Саз 
материалдары
н 
өңдеу 
технологисы. 
Пластиллин. 
Саздан 
бұйым 
жасау 
тəсіліне 
үйрету 
Бір 
дана 
саздан 
бұйым 
жасау. 
Кез 
–келген 
жануар бейнесін 
9,14,16,31 
9  Қолөнер 
бұйымын 
жасауға 
үйретудің 
оқыту 
мазмұны жəне 
оның 
технологиясы. 
 
Қолөнер 
бұйымдар
ын  жасау 
тəсілдерін
е үйрету 
Қолөнер 
түрінің 
біріне 
бұйым 
орындау 
Кез 
–келген 
техникада 
бұйым 
жасап 
оны безендіру. 
9,14,16,31 
10  Көркем 
құрастыру 
(дизайн). 
Көркем 
құрастыру 
технологяс
ына 
үйрету. 
Бөлменің 
дизайнын 
орындау 
(түсті 
картоннан) 
30х40 
см 
өлшемдегі 
көлемде 
композиция 
жасау керек. 
9,14,16,31 
 

Лабораториялық 
жұмыстарды 
орындаудың  ұсыныстары 
мен 
нұсқаулары. 
 
Лабораториялық жұмыс №1 
 
Тақырыбы:  еңбекке  баулу  пəнінің  оқу  бағдарламасы  құрылымы  мен 
мазмұны. 
 
Объектісі: еңбекке баулу пəнін оқыту процессіндегі білім беру мазмұны. 
 
Предметі:  3  –  сынып  пəн  сабағындағы  қызмет  көрсету  бөлімінің  оқу 
материалына модулді оқу бағдарламасын құрастыру. 
 
Мақсаты:  еңбекке  баулу  пəніндегі  қызмет  көрсету  бөлімінің    оқу 
материалымен оқу бағдарламасының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың құрылымы жəне орындалу мазмұнымен ұқыпты танысу; 
-  еңбекке  баулу  пəнінің  міндетті  білім  беру  стандартымен  жəне  оқу 
бағдарламасын  жасауға  қажетті  талаптармен  оқу  -  əдістемелік 
құжаттардан қарастыру; 
-  оқу  бағдарламаның  құрылымын,  мазмұнын  жəне  техникалық 
безендірілуін қарастыру; 
-  айқындалған  оқу  мазмұнына  негіздеме  жасап  модулді  оқу 
бағдарламаның жобасын құрастыру; 

-  орындалған оқу бағдарлама жобасын тəжірибеде тексеру; 
-  оқу бағдарламасының орындалу мазмұны туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  еңбекке  баулу  пəнінің  мемлекеттік  міндетті  білім 
беру  стандарты,  3  сыныптың  оқу  бағдарламасы  мен  оқулық  құралы, 
нормативті оқу - əдістемелік құжаттар (дидактикалық талаптар). 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
Сыныпқа  арналған  қызмет  көрсету  бөліміндегі  оқу  материалы 
тапсырма  №  1  оқып  танысқаннан  кейін,  оқу  бағдарламаны  жасаудың 
дидактикалық  талаптарын  оқу  -  əдістемелік  құжаттардан  қарастырады.  Оқу 
бағдарламаның 
жасалу 
принциптері, 
құрылымы, 
нақты 
оқу 
материалдарының 
көлемі, 
толықтығы, 
біртұтастығы 
дидактикалық 
принциптерге  негізделе  анықталынады.  Оны  тақырыптарға  бөледі.  Уақыт 
мөлшерін  белгілеп  тақырыптың  мазмұнына  сəйкес  оқу  материалдарын 
логикалық  жүйеде  құрастырылады.  Тақырыптық  оқу  мазмұны  екі  бөліктен 
құралғаны орынды. Яғни, теориялық бөлімде оқу материалы, ал практикалық 
бөлімінде  нақты  орындалатын  тəжірибелі  іс  -  əрекетке  қажетті  оқытудың 
құралдары.  Соңғы  бөлімде  оқушының  орындау  объектісі,  қолданылатын 
құрал: аспаптар, қосымша қондырғы мен материалдардың түрлері. 
 
Оқу  бағдарламаның  негізгі  бөлімін  аяқтағаннан  кейін  тақырыптық 
жоспардың бөлім мен тақырыптар атауы, олардың сағат мөлшері белгіленеді. 
Сабақ  тақырыбына  белгіленген  сағат  көлемін  теориялық  жəне  практикалық 
қатынасына бөледі. 
 
 Оқу  материалын  оқушы  игерудегі,  оның  білімі  мен  іскерлігіне 
қойылатын міндетті талаптарды анықтауда қажет. Қолданылған əдебиеттерде 
бағдарламаның  соңғы  бір  құрылымына  енеді.  Олардың  тізімі  жұмыстың 
соңында көрсетіледі.  
 
Оқушының  білімі  мен  іскерлігін  тексеру  əдістері  мен  бағалау 
критериялары  да  анықталынады.  Оқу  бағдарламаны  жасаудың  соңғы 
сатысында,  оның  түсіндірме  хаты  жазылып  жұмыстың  құрылымы 
жүйеленеді.  Түсіндірме  хатта  оқу  материалының  өзектілігі,  бағдарламаның 
мақсаты  мен  міндеттері,  негізгі  қарастырылатын  білім  беру  мазмұны  жəне 
пəн  мұғалімнің  бағдарламаны  пайдаланудағы  əдістемелік  ерекшеліктеріне 
ұсыныстар көрсетіледі.  
Осыдан  кейін,  студент  техникалық  безендіру  жасап  оқытушыдан 
тəжірибеде сынау үшін рұқсат алынады. Орындалған жұмыстың қолайлығын 
жəне  тиімділігін  бастауыш  мектеп  мұғалімдерінің  пікірінен  айқындалып 
(толықтыру, түзетілу сияқты жұмыстар орын алуы мүмкін) оқытушыға есеп 
беріледі. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер. 
 

-  студент  бөлім  бойынша  оқу  бағдарламасының  модулін  жасауда 
дидактикалық принциптерге, критерияларға, талаптарға міндетті түрде 
негізделеді; 
-  белгіленген  оқу  материалының  көлемін,  мазмұнын,  аумақтығын 
өзгертуге толықтыруға, ықшамдауға, жетілдіруге мүмкіндігі бар;  
-  оқу  бағдарламадағы  оқу  мазмұнының  өзгеруі  оқушының  танымдық, 
психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен  процестерін 
дамытуға ықпалының болуы; 
-  оқушының  белсенділігі  мен  қызығушылық  қабілетінің  артуына  оқу 
материалының ықпал болуы; 
-  анықталған практикалық іс - əрекеттердің жүзеге асырылу мүмкіндігі; 
-  өзгертілген оқу материалының өзектілігі, қолданбалылығы жəне өмірге 
мəнділігінің болуы; 
-  белгіленген уақыт мөлшері сабақтың өткізілу тəртібіне сəйкес келуі; 
-  жұмысты орындаушы студент оқытушыға тапсырады: 
- модулді оқу бағдарламаның тексерілген үлгісі; 
     - оқу бағдарлама жобасының теориялық негіздемесі. 
 
Тапсырма №1. 
 
Тақырып: Қызмет көрсету(8 -  сағат). 
 
Жұмыс орнын дайындау жəне техника қауіпсіздігі. 
  Жұмыс  орны  əр  уақытта  жинақы  əрі  ретті  болуы  керек.  Жұмыс 
үстеліне  тек  осы  сабақта  пайдаланатын  құралдар  ғана  қойылады. 
Құралдарды  барынша  сақтықпен  пайдаланып,  техника  қауіпсіздігі 
ережелері  мен  жеке  гигиенаны  мүлтіксіз  сақтау  керек.  Мұндай  сақтық 
өздеріңді  жəне  қасыңда  отырған  көршілеріңді  ойда  жоқта  жарақаттанып 
қалудан қорғайды.  
  Сендерге еңбек мəдениетінің негізгі ережелері ұсынылады: 
-  сабаққа арнаулы киіммен келу(алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық 
немесе телпек); 
-  құрал-жабдықтарды,  сурет,  сызба,  жазу  жазатын  жұмыс  дəптерлерін 
ретке келтіріп отыру; 
-  тек  дұрыс  құралмен  ғана  жұмыс  жасау,  оларды  өзінің  тиісті  жерінде 
пайдалану; 
-  техника  қауіпсіздігінің  ережесі  бұзылған  жағдайда,  жараланғанда  тез 
мұғалімге хабарлау. 
 
Жеміс сақтауды үйренейік. 
Еске  түсірейік:  əрбір  алманы  қағазбен  орап,  сөреге  қойып,  жəшікте 
сақтайды. 
 
Алма  мен  алмұртты  дөңгелектеп  турап,  ішіндегі  дəнектерін  алып,  əр 
түрлі тəсілмен кептіреді. 
 
Тосап қайнатарда жемісті ұрығынан тазартып, ұсақтап тураймыз. 

 
Сақтауға 
қойылатын 
көкөністерді 
іріктеуге 
жəне 
тазалауға 
көмектесеміз. 
 
Сəбізді  сақтау  үшін,  оны  салқын  жертөлеге  қоярдан  бұрын  далаға 
жайып,  кептіру  керек.  Жабысқан  балшық  кеуіп,  үгітіліп  түседі.  Сəбіздің 
сабағын  қайта  көктемейтіндей  етіп,  тұқыртып  кеседі.  Қоймаға  сақтағанда, 
сəбізді үлкен жəшіктерге салу керек. Жəшіктердің жан-жағы тесілуі тиіс. Ол 
ауа  кіріп  тұру  үшін  қажет.  Сəбізді  құрғақ  құмға  көміп,  жəшіктерге  салып, 
жертөлеге сақтайды. 
 
Киімге түскен дақты кетіру. 
 
Киімдерді  қолмен  немесе  кір  жуғыш  машинамен  жуады.  Сендер 
орамалдарыңды, киімдеріңді жуа аласыңдар. 
 
Кір киімдерді құрғақ күйінде себетте, неғұрлым бөлек орында сақтаған 
дұрыс.  Егер  киім  ұзақ  уақыт  жуылмай  жатып  қалса,  кірін  кетіру  қиын 
болады. Капрон шұлықтар мен ұйықтарды мерзімінде жуу керек. 
 
Кір жуудың реті: 
1.  Жуар  алдында  мақта  жəне  кендір  маталарды  жүн,  жібек  маталардан 
бөліп алу керек. 
2.  Ұнтақ  сабындарды  этикеткасындағы  жазуын  оқып  барып  таңдаған 
дұрыс. 
3.  Киімді алдын ала ұнтақ сабын қосқан суға салып қояды. 
4.  Кір киімді сабыны көпіршіген жылы суға екі рет жуады. 
5.  Үтікті қатты қыздырмай, кепкен киімді іш жағынан үтіктейді. 
6.  Кейбір тоқыма бұйымдарды үтіктемей-ақ, жеңіл ғана сілкіп алып, тегіс 
жерге жайып кептіреді 
7.  Боялып тоқылған бұйымдарды суға алдын ала салмай жуады. 
8.  Қыстырғыштарды суға жақсылап шайып алу керек, əйтпесе киімді дақ 
қалуы мүмкін. 
9.  Қазір электр киім құрғатқыштар бар. Ол приборды қолдану үшін үлкен 
кісілердің қадағалауымен орындалуы керек. 
10. Киімге түскен дақты алдын ала салқын сумен жуып алып, ұнтақ сабын 
қосылған сумен тазартады. 
 
Түймебау жасау. 
 
Түймебаудың  ұзындығы  түйменің  өлшемінен  екі  есе  ұзын  болады. 
Түймебауды  екі  бүктеп,  киімге  екі  ұшын  қайырып  тігеміз.  Түйме  қадайтын 
жердің түймебаудың дəл ортасына сəйкес келуін қадағалаймыз. Содан кейін 
түймені қадаймыз. 
 
Бөлмені жинау. 
 
Сенбі  сайын  барлық  балалар  бірігіп,  кесте  бойынша  өз  бөлмеміздің 
тазалығын  реттейміз.  Біз  бірінші  сыныпта  гүлді  күту,  тақтаны  тазалау, 
шашылған  бұйымдар  мен  заттарды  жинау,  тəртіпке  келтіру  орындалған 
болатын.  Енді  терезенің  шаңын  сүрту,  еденді  сыпыру.  Терезенің  ластануын 
жəне шаңын кетіру үшін алдымен ылғал шүберекпен əйнектің бетін сүртеді. 

Кейін кепкенін күтіп таза шүберекпен сүртеді. Кейде таза шүберектің орнына 
газета  немесе  жұмсақ  таза  қағаздармен  де  тазартуға  болады.  Қазіргі  кезде 
бірнеше  терезе  тазартатын  ертінділер  сатылады.  Олардың  əйнекті  тазарту 
мүмкіндігі  өте  жоғары.  Сондықтан,  оны  пайдалану  кезінде  үлкен  кісілердің 
рұқсатымен,  қолдану  ережесін  дұрыс  сақтау  қажет  болады.  өйткені,  ол 
ерітінді  улы  химиялық  элементтердің  құрамынан  жасалған.  Еденді  сүрту 
үшінде  арнайы  еден  жуатын  шүберекті  ылғалдандырып  сүртуге  немесе 
ылғалданған  сыбыртқымен  тазалауға  болады.  Пайда  болған  қоқысты  үй 
күрегімен жинап қоқыс ыдысына салады. 
 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Оқу бағдарламасы дегеніміз не? 
2.  Оқу бағдарламаның қызметі қандай? 
3.  Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұнының сипаты қандай? 
4.  Еңбекке  баулу  пəні  оқу  бағдарламасының  басқа  пəндердегі  оқу 
бағдарламаларынан айырмашылығы қандай? 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал