Педагогика факультеті «Педагогика жəне психология»



жүктеу 5.71 Kb.

бет6/11
Дата05.04.2017
өлшемі5.71 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бөлме өсімдіктерін күтү 
 
 
   
   
  
  
    
 
Түйме қадау тəсілдері.                            
 
 
Ырғақ қадау тəсілдері.                                  Сыртетпе қадау тəсілдері.                            
 
Бақылау сұрақтары: 
-  тұрмыстық еңбек түрлері; 
-  тұрмыстық еңбектерге сипаттама; 
-  тұрмыстық еңбекті ұйымдастыру. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
  Лекция 12.  Тақырыбы : Еңбекке баулу сабағының əдістері. 
Мақсаты: оқытудың əдістеріне сипаттама бере таныстыру. 
Лекция мазмұны. 
 

 
I. Ақпарат алу негізінде жіктелген əдістер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
II. Оқушылар мен мұғалімнің іс - əрекеттерінің негізіндегі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
-  оқытудың əдісі деген не? 
-  əдістің түрлері; 
-  оларға сипаттама беру. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
Ауызша 
Демонстрациялық 
Практикалық 
2.  Түсіндіру; 
3.  Инструктаж; 
4.  Əңгіме; 
5.  Əңгімелеу. 
1.  Көрнекіліктертер 
көрсету; 
2.  Құралсаймандарды 
жəне олармен 
жұмыс істеу 
тəсілдерін көрсету 
 
 
1.  Жаттығу; 
2.  Байқау; 
3.  Тəжірибе; 
4.  Жүмыстың 
ретін сызу; 
5.  Жұмыс 
операцияларын 
орындау. 
Қайталау 
Проблемалық 
Ізденушілік 
 
1. Естіген 
политехника-
лық 
мəлеметтерді 
қайталау; 
2.Жаттығулар. 
1.Еңбекке баулуға 
арналған 
əдебиеттерден 
мəлеметтер іздеу; 
2.Технологиялы 
жəне қарталардан, 
көрнекіліктерден 
мəлеметтер іздеу. 
 
 
1. Мəселені қою; 
2. Қойылған 
мəселе туралы 
түсінік алу; 
3. Мəселені 
жоспарлау; 
4. Мəселені 
шешу; 
Жартылай 
іздену 
 
1.Еңбек 
объектісіне өзіндік 
талдау жасау; 
2.Қағазға сызбасын 
жасау; 
3.Еңбек əдістерін 
орындау; 
4. Еңбек объектісін 
жасап шығару. 

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
Тақырып 13: Сабақ- мектептегі оқыту түрінің формасы. 
Мақсаты: сабақты оқыту формаларымен таныстыру. 
Лекция мазмұны. 
 
  1.Сабақ  —  мектептегі  оқыту  жəне  төрбиелеу  процесінің  бір  түрі.  Сабақтың 
үстінде  оқыту,  тəрбиелеу,  дамыту  мəселері  көзделеді.  Сондықтан  да  сабақ 
қазіргі талапқа сай жəне нөтижелі болуы үшін жоғарыда аталып кеткен əдіс-
төсілдерді кеңінен пайдалану керек. 
Еңбекке баулу сабақтарының ерекшеліктері: 
-  уақыттың негізгі бөлігі сабақтың практиқалык түріне беріледі (шамамен 30 
минут); 
- практиқалық   жүмыс  қоғамға  пайдалы  бағытта  жұргізіледі.Оқушылардың 
өз  қолымен  жасаған  жұмыстары  басқа  сабақтарыңда  көрнекі  түрде 
қолдануға 
немесе 
бала бақшаларға, жанүяға  беріледі; 
-    еңбек  қүралдарымен  жүмыс  орыңдау  техникалық  қауіпсіздік  ережесін 
қатаң сақтауын талап  етеді; 
      -  қоғамға  пайдалы  бүйымдарды  дайыңдау  əрбір  сабақта  дидактикалық 
талаптарды айқын қоюды мақсат етеді; 
      -  жүмыстың  мазмүны  қоғамға  пайдалы    бола  отырып  еңбек  адамдарын  
қүрметтеуге,    еңбек  сүйгіштікке,  жүктелген  іске  жауапкершілікті  сезіне 
білуге,  адамгершілік,  эстетикалық,  экономикалық  білімділігін,  үжыммен  
жүмыс орыңдауға бағыттайды. 
  
2.Еңбекке баулу сабағының түрлері. 
      Əрбір нақты сабақ алдында қойылатын негізгі міндетіне байланысты 
сабақтың  құрылымы  жөне  жеке  кезеңдердің  атқаратын  қызметі  өзгеріп 
отыруы  мүмкін.  Осы  түрғыдан    сабақтарды  бірнеше  түрге  бөлуге  болады. 
Еңбекке баулу сабақтардың негізгі түрлерін қарастыралық. 
          1.  Окушылардың  жаңа  білім  игеретін  сабагы.  Мүндай  түрдегі 
сабақтарға  кіріспе  сабақтар,  сондай-ақ  басқа  оқу  тақырыптары  бойынша 
сабақтар жатады, мұңдағы оқытудың негізгі міндеті- оқушыларға теориялық 
мəліметтер  беру,  кейбір  үғымдарды  қалыптастыру  больш  табылады. 
Оқушылардың  жаңа  білім  игеретін  сабақтарында  жаңа  материалды  баяндау 
негізгі орын алады. 
        2.  Іскерлік  пен  дағдылары  калыптастыру  сабағы.    Мүндай  сабақтар 
көп  болады.  Іскерлік  пен  дағдыларды қалыптастыру  сабағының  басты  кезеңі 
оқушылардың  өз  бетімен  жүмыс  істеуі  больш  табылады.  Мүндай  түрдегі 
сабақтарды  бүйымдар  жасау  жəне  қүрастыру  кезінде  үйымдастырған 
əлдеқайда дүрыс болады. 
Алғашқы  іскерлік  жəне  дағдыларды  қалыптастыруға  арналған  сабақтарды 
бір-бірінен  ажырата  білу  керек.  Кез  келген  технологиялық  операцияны 

практика  жүзінде  оқьш  үйренуді,  оқушыларды  еңбек  тəсілдерін 
орындау ережелерімен таныстырудан басталады. 
       3Білімді практикада крлдапу сабағы. Кез келген практикалық жүмысгы 
тиісті білімді қолданбай орындау мүмкін смес. Дегенмен, білімді пайдалану — 
мүғалімнің басты назар аударатын негізгі оқу міндеті болып табылады. 
Мысал  үшін  модель  жасауға  арналған  сабақтарды  алайық. Модель 
жасау  үшін  технологиялық  процестерді,  яғни,  конструкциялау  жəне 
құрастыру жөніндегі білімдерді меңгеру керек. Оқушылар нақты мысалдар 
арқылы  модель  жасаудың  жалпы негіздері  туралы  мағлұматтар  алуы,  модель 
жасау  процесі  бағыңатын  бірыңғай  ережелер  жəне  талаптармен  қарулануы 
қажет.Модель  жасау  сабақтарында  оқушылардың    білімі  мен  іскерліктерін 
практиқада пайдалануы, осы себептен де əсіресе қажет. 
         4.  Кайталау  сабагы.  Оқушылардың  жаңа  материалды  игеруге  жəне 
нақты    ұғып  алуға,  əзірлігін  тексеруге бағытталған барлық түрдегі қайталау 
сабақтарыда  қолданылады.  Ол  мүғалімге  сабақтың  негізгі  оқу  міндетін 
орындауға  көмектесетін  маңызды  қүрал  болып  табылады.  Алайда 
қайталаудың  сабақта  ең  негізгі  орын  алатын  кезі  де  болады.  Қорытыңдылау 
сабақтары осы түрдегі сабақтар болып табылады.  
         5.  Білім,  іскерлік  жəне  дагдылары  тексеру  сабагы.    Əр  сабақта 
оқушылардың білім, іскерлік жəне дағдыларын тексеруге назар аударылады. 
Сонымен  бірге  білім,  іскерлік  жəне  дагдыларды  комплексті  түрде

тексеру 
мақсатымен  бақылау  жүмыстар  жүргізіледі,  оған  арңаулы  сабақтар  бөлінеді. 
Бүл  сабақтарда  оқушылар  өз  беттерімен  жүмыс  істейді.Осыған 
байланысты  жүмыс  объектілерін,  оларды  жасау  процестеріне  оқушыларға 
таныс емес мөліметтер мен еңбек тəсілдері енбеуі үшін ерекше мүқият іріктеу 
қажет. 
Сабақтардың  қарастырылған  түрлерімен  қатар  еңбекке  баулуда    аралас 
сабақ  деп  аталатың  сабақ  жие  қолданылады,  ал  өту  процесінде  бірнеше 
мəндес оқу міңдеттерін шешетіндігімен сипатталады. 
Бақылау сұрақтары: 
-сабақтың формасы деген не? 
Сабақтың ұйымдастыру формалары; 
Сабақтың оқу формалары. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
Лекция 14. Тақырыбы : Сабақтан тыс жұмыс формасы. 
Мақсаты: сабақтан тыс жұмыстардың формаларымен таныстыру. 
Лекция мазмұны. 
 

       1.Күнделікті  класс  жағдайында  мүғалім  оқушыларды  өндірісте  болып 
жатқан  өзгерістер  туралы  толық  түсінік  бере  алмайды.  Мысалы,  полиграфия 
өнеркəсібінде  кітап  жасау  барысында  парақтарды  пышақпен  тегіс  кесуінің 
қиындыққа  түсетінін  тек  ауызша  айтып  кетеді.  Ал  типографияға  саяхатқа 
барғанда  оқушылар  өз  көздерімен  жоғарыда  аталып  кеткен  процесті  көре 
алады. 
          Оқушыларды  өңдіріс  орындарымен  таныстыру  балаларды  адам  еңбегін 
бағалай  білуге,  еңбек  сүйгіштікке  тербиелейді.  Экскурсияға  апаратын 
орындарды  дүрыс  таңдай  білсе,  балалар  өз  көздерімен  көріп,  қүлақтарымен 
естігендерінен көп нерсені қабылдайды, еліктейді, қызығады, армандайды. Бүл 
болашақта  еңбекке  деген  көзқарастарын  дұрыс  қалыптыстырады.  Көздерімен 
көргендіктен балалар əрбір  нəрседе  адам  еңбегі  бар  екенін  түсініп  өздерінде 
бар затты бағалай білуте тырысады. 
            Еңбекке  баулудың  Мемлекетгік  стандартына  сай  мынадай  тақырыптарға 
байланысты саяхаттар үйымдастыруға болады. 
І сынып. Мектептегі іс тігетін орынға, ағашты өңдейтін шеберханаға, қүрылыс 
басына, «Біздің көшеміздегі машиналар». 
II  сынып.  Өндіріс  орындарына,  фабрикаларға,    құрылыс  басына,  пошта 
бөлімшесіне,  түрмыстық  қызмет  көрсететін  орындарға,  аулдағы  бақ-
бақшаларға. 
Ш сынып. Баспаханаға, картон фабрикасына,  
 киім  тігетін  жерге.  «Адам  табиғатты  бағындыра  да  алады,  табындыра  да 
алады». 
IV  сынып.  «Судың  адамға  қажеттілігі»,  «Үй  қалай  салынады?»,  «Біздің 
қалада не өндіріледі?» (Жергілікті мүражайға саяхат). 
      Саяхатты өткізбестен бұрын мұғалім нақты дайын-дық жүргізеді. 
Саяхат  жоспарын  мұғалім  алдын-ала  жасайды.  Мұғалім  өндіріс  орындарына 
барып,  сол  жердің  ерекшеліктерін  есепке  алып,  балаларды  күні  бүрын 
əзірлетеді,  тапсырма  береді.                              Саяхат  қызықты,  тиімді  болу  үшін, 
мүғалім  сол  мекеменің  немесе  өндірісгің  қызметкерін  саяхатшы  ретінде 
қатыстырады. 
Саяхатқа дайындық мынадай сəттерден түрадьг: 
Саяхаттың тақырыбы анықталады; 
Саяхатқа баратын жер тандалады; 
Мүғалім өзі мекемемен (ондіріспсн) танысады; 
Саяхатшымен келісу; 
Саяхаттың жоспарын қүру; 
Оқушыларға  тапсырма  бөліп  беру  (оқушыларды  шағын  топтарға  бөліп: 
а)сүхбаттасатын  тілшілерді;  ə)фото  тілшілерді;  б)  мекеме  (өндіріс)  туралы 
мəліметтер жинаушыларды т.б.) 
Оқушылармен көшеде жүру жəне тəртіп ережелері туралы өңгіме жүргізу. 
Саяхатқа  барып  келгеннен  кейін  мүғалім  саяхаттан  алған  əсерлері  туралы 
оқушыларға 
шығарма 
жаздырады, 
өндіріс 
өнімдерінен 
көрме 
үйымдастырады, өндіріс туралы сурет салу сайысын өткізеді, қабырға газетін, 
түсірген  фото-  суреттерінен  стенд  дайындатады.  Саяхаттың  тиімділігін 

арттыру  мақсатында  барған  мекеменің  қызметкерлерін  өнерпаздар 
концертіне,  кештерге  шақырып  сүхбаттасады.  Мүндай  жүмыс  бір  маманға 
оқушыларға жастайынан кəсіптік бағдар береді. 
Саяхат сабағыньщ жоспары: 
Тақырып: 
Сьшып: 
Уақыт: 
Саяхатқа баратын жері: 
Сабақтың барысы: 
I.  Кіріспе  сез:  Мүғалімнің  оқушыларды  саяхат  жүргізетін  адаммен 
таныстыруы,  тақырыпты  хабарлауы,  келген  мақсаттарымен  таныстыруы.                              
Саяхатшының сөзі: Жұмыс  орындарымен, жұмысшылармен таныстыру: 
Оқушылардың сөзі: Сүрақтар қою, пікірлесу т.б. 
Саяхаттан келген соң, істелетін жұмыс: шығарма жазу, сурет салу, пікірлесу, 
көрме ұйымдастыру, альбом жасау. 
V. Қорытынды жасау: Шығармаларына, суреттеріне т.б. талдап, баға қою. 
Бала  үшін  мектептен  жəне  сыныптан  тыс  жүмыстар  көбінесе  оның 
қоғамдық  маңызды  жəне  танымдық  əрекетке  алғашқы  қадам  жасауы  болып 
табылады.  Баланың  өзі  жасап  шығарған  зат,  тіпті  толық  аяқталмағанның 
өзінде де, оған үлкен қанағат сезімін əкеледі. Мұндайда балалар адам игілігі 
үшін толып жатқан тамаша істер атқарып тастауға қүлшына түседі, Мұнымен 
бірге  баланың  мінезі  қалыптасып,  ерік-жігері,  қиындықтарды  жеңе  біліп, 
көздеген  мақсатқа  жету  жолындағы  табандылығы  мен  қайсарлығы 
қалыптасады-  еңбекке  деген  нағыз  қүлшыныс  пайда  болады.  Бала  үнемі 
басқаларды  өз  еңбегінің  пайдалы  іс  екеніне,  өз  бетінше  бір  нəрсені 
тындыруға қаблетті екеніне көзін жеткізіп, тіпті кейде таңқалдырғысы келеді. 
Еңбек арқылы ол ең жақсы қасиеттерді ашады. 
Балалардьщ  еңбегіне  абайлап,  жауапкершілікті  толық  сезіне, 
сезімталдықпен дүрыс педогогикалық жетекшілік ету - тəрбиешінің қиын да 
қүрметті  міндеті.  Табиғаттың  тамаша  тартуы-еңбек  ете  білу  қабілетін 
барлық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  жетілдіру,  оны  еңбек  арқылы 
адамның  өз  орнын  табуы  жолына  бағыттау  керек.  Балалардың  еңбекке 
қызығып, беріле еңбек етуге деген табиғи мүқтаждығын шындай        түсуге 
көмектесу  керек.  Балаларды  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  тарта  отырып, 
олардың  адам  бойындағы  барша  қүндылықтың  нəтежиесі  еңбек  екендігін 
бастан кешіп түсінуіне жəрдемдесу қажет.  
Техника үйірмесіндегі оқу-тəрбие жүмысына педагогикалық ықпал ету 
жолдарының  бірі  ретінде  бір  немесе  бірнеше  сабаққа,  кейде  тіпті  бүкіл  оқу 
жылына арналған əр түрлі ойындарды үсынуға болады. 
I.сынып:  «Бидайдың  дəндерін  егуге  қалай  дайындайды?»,  «Малға  шөпті 
қалай  дайындайды?»  «Көкөністерді  қалай  жинайды,  сақтайды?»,  «Алма 
ағашын қалай жерге отырғызады?», «Менің ата-анам кім болып іетейді». 
 II.сынып:  «Фермадағы  малшылардың  жүмысы»,  «Менің  колымнан  не 
келеді?»,  «Темірші  не  істtйді?»,  «Агаш  шеберінің  жүмысы  қандай?», 
«Сатушының жүмысы». 

 III.сынып:  «Қүрылысшылардың  жүмысы»,  «Yйірмедегі  менің  жүмысым», 
«Картопты  қалай  өсіреді?»,  «Комбайншының  жүмысы»,  «Өзіңнің  саяжайыңда 
не істейсің?», «Менің қолымнан не келеді?». 
 IV.  сынып:  «Тракторшының  еңбегі»,  «Слесардың  жүмысы  қандай?», 
«Мектеп  шеберханасындағы  менің  еңбегім»,  «Сауыншының  жүмысы», 
«Тігіншінің 
жүмысы», 
«Менің қолымнан не келеді?» 
 
Бақылау сұрақтары: 
-  сабақтан тыс жұмыстардың түрлері; 
-  сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы; 
-  сабақтан тыс жұмыстардың тəрбиелілік жəне оқыту мазмұны. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
Тақырып 15: Еңбекке баулу сабағы құрылымы мен əдістемесі. 
Мақсаты: еңбекке оқыту əдістемесі туралы білімін қалыптастыру. 
Лекция мазмұны. 
 
1.Еңбекке  баулу  сабагының  қүрылысын  сабақтың  тақырыбына,  мақсаты 
мен  міндеттеріне,  мазмүнына,  оқушылардың  даму  деңгейіне  жəне 
мектептің оқу материалдық базасына байланысты мүғалімнің өзі анықтайды. 
Еңбекке  баулу  сабағы  негізінен,  практикалык.  түрде  өтуіне  байланысты 
мынадай сабақтың қүрылысы үсынылады: 
I. 
Үйымдастыру бөлімі (1—2 мин.) 
II.      Жаңа тақырыпты түсіндіру (5-7 мин.) 
III.     Практикалық жүмыс (30—35 мин.) 
IV.    Оқушылардьщ жүмысын бағалау,сабақты қорытындылау (3-5 мин.) 
I.Сабактың үйымдастыру бөлімі мынадай сөттерден түрады: 
оқушылардың  сабаққа  деген  дайындығын  тексеру  материалдары  мен  қүрал-
саймандарын) 
       -  жүмыс орындарын дайындату; 
тазалық-санитарлық жөне қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. 
II. Жаңа такырыпты түсіндіру: 
      - тақырыпқа байланысты кіріспе өңгіме айту; 
      - дайын үлгіні талдау (проблемалық сүрақтар қою арқылы); 
      - эскизді,сызбаны, технологиялық картаны оқушылармен талдау; 
істелетін жүмысты жоспарлау, кіріспе кеңес (инструктаж) беру; 
III. Практикалық жүмыс.  

       Сабақтың қүндылығы оқушылардың өз бетіменен сызба, технологиялық 
карта арқылы жүмыс жасауында. Осындай жағдайда мүғалім оқушылардың 
қабілеттерін,  білім  мен  іскерлік  деңгейлерін  жақсы  байқай  алады.  Егерде 
оқушы  берілген  жүмыстың  көлемін  уақытынан  бүрын  орындаса 
Мемлекеттік  стандартта  көрсетілген  мүмкіндік  деңгейінің  мазмүнынан 
қосымша  тапсырма  бере  алады.  Сонымен  қатар  мүғалім  оқушылардың  іс-
əрекеттерін қадағалап, күнделікті кеңес (инструктаж) бере алады. 
IV. Оқушылардың жүмысың бағалау, сабақты корытындылау
       Бүл  жүмысты  сабақтың  аяғында  өткізеді.  Оқушылардың  жасаған 
бүйымдарын  мүғалім  балалармен  ақьілдасып,  пікірлесіл,  бүйьшдарының 
кемшіліктері  мен  жетістіктерін  айтып,  бағалайды.  Бүл  сөт  оқушыларды 
жауапкершілікке,  үқыптылыққа,  шыдамдылыққа,  өзін-езі  қадағалауға 
үйретсді. Егер оқушы берілген уақытта жүмысын орындап үлгермесе, мүғалім 
қорытыңды кеңес беріп, жүмысын үйде аяқтауға тапсырма береді.                                                       
 
 
      Еңбек сабағының бағалау нормасы. 
.Мүғалім 
оқушылардьщ  жасаған  бүымдарын  бағалағанда  мынадай 
талаптарды ескереді: 
-бүйымның дəл талапқа сай жасалуын. 
-уақыт өлшемін.   
-оқушының 
білімін.                                                                                                                       
-еңбек тəсілдерін дүрыс орындауы мен қүрал-саймаңдарды қолдануьш. 
-жүмыс 
орнын 
мəдениетті 
үйымдастыруың.                                                                                                      
--санитарлық жəне қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын. 
«5» бағасы жоғарыдағы барлық талаптар орындалған кезде қойылады. 
«4»  бағасы  егер  жүмыста  аз  ғана  қателіктер  жіберілген  болса,  берілген  увкыт 
нормадан сəл асса, жүмыс орнын тауда кішкене қателіктер болса. 
«3» бағасы  жоғарыда көрсетілген талаптар нормадан ауытқыса. 
 
Бастауыш  сыныптарда  еңбек  сабағында  «2»  жəне  «1»  бағалары 
қойылмайды.  Тек  балаларға  жұмыстың  қате  жасалғандығы  туралы  ескерту 
жасалуы тиіс. 
Бастауыш кластағы еңбек сабағын жоспарлау. 
       Еңбекке  баулу  сабағының  мазмунын,  түрлері  мен  əдіс-тəсілдерін  тиімді 
іске  асыру  үшін  алдын-ала  еңбекке  баулуды  жоспарлап  алу  керек.  Еңбекке 
баулуды жоспарлау мынадай сəттерден түрады: 
1.  Мемлекеттік стандартқа сай оқушылардың меңгеретін оқу материалының 
мазмүнын нақты анықтау; 
2.  Жүмыс объектісін таңдау (жасалатын бүйымды); 
3.  Сабақтың түрі мен əдіс-тəсілдерін таңдау; 
4.    Сабақта  пайдаланатын  оқу  көрнекіліктері  мен  техникалық  жабдықтарын 
т.б. дайындау. 
Жоспарлаудың  екі  түрі  бар:  жылдық  жəне  күнделікті.  Жылдық  жоспарды 
құру мынадай талаптарды көздейді: 
1.    Еңбекке  баулудың  стандартымен  танысу  жəне  əр  сабақтың  мақсат, 
міндеттерін анықтау; 

2. 
 
Басқа 
пəндердің 
(бейнелеу, 
дүниетану, 
математика 
т.б.) 
бағдарламаларымен танысу; 
3.  Жергілікті жəне мектеп жағдайын зерттеу; 
4.  Өмірдегі жəне өндірістегі болып жатқан жаңалықтармен танысу. 
Жылдық 
(күнтізбелік-тақырыптық) 
жоспардың 
мынадай 
схемасы 
үсынылады: 
 
 

 
Т
ар
ау

та
қы
ры
п 
С
ағ
ат
 с
ан
ы
 
С
аб
ақ
ты
ң 
өт
іл
ет
ін
 к
үн
і 
С
аб
ақ
ты
н 
ж
аб
ды
қт
ар
ы
 
Б
іл
ім
 
Іс
ке
рл
ік
 
С
аб
ақ
ты
ң 
тү
рі
 
С
аб
ақ
ты
ң 
əд
іс
і 
П
əн
 
ар
ал
ы
қ 
ба
йл
ан
ы
с 
О
қу
лы
қп
ен
 
ж
ұм
ы
с 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Еңбекке баулудың мемлекеттік стандартында көрсетілген тараулардың 
ретінен шықпай сабақты өткізуге болмайды. Мысалы, "Өзіне-өзі қызмет ету" 
тарауын  толық  орындап,  содан  кейін  «Дизайн»  тарауын  орындауға 
болмайды.  Оқу  жылы  барысында  əр  тарауларға  байланысты  сабақтарды 
жергілікті жəне мектеп жагдайларына қарай араластырып жүргізу керек. 
        Еңбек  сабағын  күнделікті  жоспарлауын  мүғалім  күнтізбелік-
тақырыптық  жоспарға,  мемлекеттік  стандартқа  сүйене  жөне  жергілікті 
мектеп жағдайын ескере қүрады. Күнделікті жоспарды дайыңдау барысында 
мүғалім мынадай мəселелерді қарастырады: 
1.  Білімнің, іскерліктің, дағдының нақты мазмүньн; 
2. Дидактикалық мақсаты мен міндеттерін; 
3.  Қайталауға қатысты оқу материалын; 
4.    Оқушылардың  басқа  паңдерден  алған  білімдерін  еңбек  сабағында 
пайдалануын; 
5.  Өзіндік жүмыстың түрлері мен əдіс-тəсілдерін; 
6.  Оқушылардың іс-əрекеттерін басқарудың əдіс-тəсілдерін; 
7.  Сабақтың жабдықталуын. 
/.Оқудан тыс еңбек сабағының шамамен алынған жоспары-конспектісі. 
 
Багдарламаның бөлімі: Техникалық еңбек. 
Сабақтың тақырыбы: Пластмассамен жүмыс. (Пенопласт) 
Жумыс объектісі: Ер-тоқым жасау. 
Класс: 3-4кл 
Уақыт: 90 минут. 
Сабақтың жабдықтары: 
 пенопласт,  пышақ,  қарыңдаш,  сызғыш,  біз,  ер-тоқымның  үлгісі, 
технологаялық карта т.б.., жаңа сөздер жазылған карточкалар. 
Сабақтың мақсаты: 

а).  білімділік:  Оқушыларга  ер-тоқым  жене  ата  салт  міну  үшін  керекті 
жабдықтар  туралы  үғым;  пластмасса-ның  түрлері,  қасиеттері;  пенопласты 
өндеу жолдарьшен таныстыру, ер-тоқым жасауға үйрету. 
ə). тəрбиелік: Оқушыларды істеп отырған жүмыста-рына жауапкершілікпен 
қарауға, үқыптылыққа, медениетті жүмыс істеуге тербиелеу. 
б).  дамытушылық:  Эстетикалық  талғамдарын,  ой-өрістерін,  творчестволық 
қабілеттерін дамыту. 
Сабақтың турі: практикалық. 
Сабақтың əдісі: ауызша, көрсету, практикалық. 
Пəнаралык, байланыс: ана тілі, бейнелеу. 
Сабақтың барысы: 
I.  Үйымдастыру бөлімі. 
II. Жаңа тақырьшты түсіндіру. 
Кіріспе əңгіме. 
Ер-тоқым үлгісін талдау. 
Технологиялық картамен жүмыс. 
Кіріспе əңгіменің мазмүны: Кіріспе еңгімені жүмбақтан бастауға болады. 
Мысалы: 
«Дейді. «Жаяу жүрмін!» 
Атқа бұрын мінген, өзіңнен кейін түскен, 
Мұндайды кім білген?» (ер-тоқым) 
 
«Екеуі елеңдеп келеді, 
Тертеуі төбелесіп келеді» Бүл не? 
(Аттың екі қүлағы мен төрт аяғы) 
 
- Балалар, ер-тоқым атқа салт міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты. 
Ер-тоқым  ердің  басынан  басқа  желдіктерлік,  төменгі  үзеңгі,  таралғы  тартпа, 
айыл, төсайыл, жүген, тізгін, қамшы т.б. жатады. 
Ер-тоқымның маңызы өте зор. Атта отырған кезде адамға ыңғайлы, орнықты, 
тік,  жинақы,  əдемі  отыру  үшін  қажет.  Ер-тоқымды  сүйекпен,  күміспен, 
көбінесс  мүйізбен  əшекейлейді.  (Күй  табағын  тыңдатуға,  сергіту  сəтінде  «ат 
шабыс» жəне «қамшы» би қимылын істетуге болады) 
III.Практикалық жұмыс. 
IV.Оқушылардың жұмыстарын талдау, бағалау. 
 
                Еңбек сабағының шамамен берілген талдау схемасы. 
I.  Сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  оқушыларға  таныстыру.  Орындалатын 
заттын  жақсы,əдемі  шығуы  үшін  заңдылықтарды,ережелерді,  төртіптерді 
еске түсіріп орындау керек. Қанша едістемелік кезең бар? 
II.  Гигиеналық  тəртіптер,  қауіпсіздік  техникасы,  жұмыс  істеу  тəртібі 
сақталды ма? 
Орындалатын  дайын  заттың  құрылысын  мұғалім  қаншалықты  түсінікті, 
шебер талдап түсіндіреді.3аттың үлгісін көрсету, анықтау. Əрбір бөлшегін 

графикалық  бейнемен  салыстыру.  Мүғалім  мен  оқушылардың  сөз  саптауы, 
сөз мөдениеті. 
Жүмысты орындау. Алдын-ала болжап орындалатын затпен жүмыс істеу. 
III. Көру,байқау, тексеру. 
Аяқталған жүмысты салыстыру, талдау,бағалау. 
Қандай  күрделі  кемшіліктер  жіберілді,  ол  кемшіліктер  дер  кезінде  қалай 
түзетідді? 
VI.  Сабақтың  қорытындысын  шығару:  сабақтың  мақсатына  жетуі,  сабақ 
үстінде тəрбиелік, дамытушылық мақсатгарының шешілуі. 
Бақылау сұрақтары: 
-  əр еңбектің түріндегі жұмыстарды оқыту əдістемесі; 
-  еңбек түрлерінің əдістемесіндегі сабақ құрылымы; 
-  сабақтың функциялары; 
-  сабақты талдау. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал