Педагогика факультеті «Педагогика жəне психология»



жүктеу 5.71 Kb.

бет4/11
Дата05.04.2017
өлшемі5.71 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Лекция 3. Тақырыбы: Жұмсақ материалдарды өңдеу технологиясы. 
Мақсаты:  жұмсақ  материалдарды  жасау  жəне  олардың  технологиялық 
процесстері туралы білімін қалыптастыру. 
Лекция мазмұны. 
Адам  баласының  күнделікті  өмірінде  қолданатын  киімдер  жəне  өндіріс 
орындарында қоданатын жазық немесе аумақты бұйымдардың кейбір түрлері 
тармақты материалдар жəне жіптер мен маталардан жасалынып келеді. 
 Тармақты материалдар екі түрмен алынады: табиғи жəне химиялық. Табиғи 
материалдарға  мақта,  зығыр,  конопля,  джут,  кандырь  жатса,  жануарлардан 
жұн мен құрттан жібек алынады, минральды затт  - асбест болып табылады. 
Химиялық  түріне синтетикалық жəне жасанды. 
Зығыр  -  өсімдік  сабағынан  алынады.    Оны  кесіп  алып  жайып  бірнеше  күн 
суда  ұстайды.    Кейін  өндіріс  орнына  апарып,  оны  езіп,  тармақтарынан 
қоспаларды  арылтады.    Таза  тармақтарынан  киім  бұймдарына  жіберілсе, 
оның дөрекі қалдықтарынан, яғни, тармақтарынан  техникалық маталар жəне 
бұйымдар жасайды.  
Жібек жібін алу үшін құрттың құраған ақ түсті қабығын кептіргеннен кейін, 
ішіндегі  құрт  көбелектеп,  кейін  қабықты  ыстық  ауамен    қыздырады.  
Домалақ  қабығы  жібігеннен  кейін  оны  тарқатып  пряжа  жасайды.  Одан 
сапалы бұйымдар мен маталар алады. Асбест – минерал заты. Оны өңдегенде 
тармақталынып  берік  жіпке  айналады.    Оны  техника  саласында  жылу 
сақтайтын  материал  ретінде  қолданады.  Жасанды  тармақты  жіптерді 
ағаштың  құрамынан  алса,  синтетикалық  тармақты  жіптерді  тас  комірінен, 
мұнайдан  алады.  Оларға  капрон,  лавсан,  нитрон  жəне  т.б.  маталар  жатады. 
Жоғарыдағы  шикізатты  ерітіп  оларды  бекіткіш-фильерден  еріген  затты 
өткізіп, тармақтарға бөле жіп тəріздес түтікшелер алады. Оны басқа өндіріске 
жібере  пряжа  алады.  Химиялық  тармақты  материалдар  жылтырлығымен, 
бедерлігімен,  эластикалығымен,  қаттылығымен,  су  өткізбейтін,  химиялық 
реактивтерге  қалыпты,  шыдамды  материал.    Мақта  материалынан  жіп 
бұмасын(пряжа) жасау үшін оны тазалап, жұмсартып, үлпілдетіп, тарап, түзу 
тармақта  болу  үшін,  оларды  лента  тəрізді  созып  иіреді.  Ал  басқа 
материалдардан жіп бұмасын жасау басқаша өтеді.  Ол үшін жүнді, зығырды 
жұмсартып(разрыхление) тарап, созып, түзетіп, ширатып алады.  Яғни, соңғы 
процессте  бірнеше  жіңішке  алынған  тармақтарды  біріктіре  шиырып  жіп 
алады, оны бұмалайды. 

                       
 
 
Жіптің  жіктелінуі.    Жіптер  қатты,  ақ  жəне  түсті,  матовый  жəне  жылтыр 
болып  келеді.    Егер  бірнеше  тармақты  бір  жіпке  көбірек  біріктірсе  сол 
ғұрлым  берік  болады.  Сонымен  бірге  беріктік  шикізат  материалына  да 
байланысты.  Жіптің сауда номірімен ажыратады, №10 ең қалың бұмалы жіп 
болса, №80 ең жіңішке болып табылады.  Жібек жіптері əр түрлі номерлі, ақ 
жəне  басқа  да  түсту  болып  келеді.    Берік  жібек  жіптерінен  киімдер  тугіге 
арналады. 
Жоғары сортты мақта жіптерінен əр түрлі түсті тугу жіптерін жасайды. Олар 
бұмаланып сатылады. Олардың ұзындығы 10-20 м дейін созылады. Олардың 
номері №37 қалың, ал №100 жіңішке. 
 Аталған  жіптердің  түрлерінен  өрі  техникаларымен  тесьмалар,  бейнелі 
жолақтар жасайды. 
 
Маталар.  Матаны  жасау  тоқыма  өндірісінде  болады.  Оның  негізгі 
принципі  мынандай:  тоқыма  станогында  жіптер  ұзын  бойында  бір-біріне 
жақын  параллельді  орналасады.  Осы  жіптердің  құрамын  толықтыру  үшін 
утка  аспабымен,  яғни,  жіп  оралған,  сол  параллель  жіптерге  утка 
перпендикуляр  өтіп,  қайта  кейін  келе  торлы  бет  алады.  Осы  принциппен 
жоғары  қарай  жалғаса  береді.  Матаны  жасауда  əр  түрлі  материалдан 
жасалған  жіп  бумаларын  қолдануға  болады.  Осындай  технологияда  түкті 
жəне түксіз кілемдер де тоқылып келеді. өндіріс жағдайында жəне кішігірім 
шеберханаларда.  
                                
 
Бақылау сұрақтары: 
-  жұмсақ материалдардың түрлері; 

-  табиғи жəне жасанды жұмсақ материалдарды алу тəсілдері; 
-  жұмсақ материалдардың қасиеттері. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
 
 
Лекция  4.  Тақырыбы:  Қағаз,  картон  материалдарынан  əр  түрлі  техникада 
бұйымдар жасау техникасы. 
Мақсаты:  қағаз  материалдарының  қасиеттері  мен  технологиялық  өңдеу 
процесстері туралы білімін қалыптастыру. 
Лекция мазмұны. 
 
Қағаз  –  ол  өзара  жабыса  үнтақталынып  өрілген  тармақты  жіңішке  келген 
материал.  Қағаздың  пайда  болуына  дейін    жазба  жұмыстары  əр  түрлі  қатты 
материалдардың  беттерінде  орындалған.  Ресейде  ағаштың  қабығында 
орындалса,  Азия  елінде былғары беттерде  жазылған.  Египет  елінде папирус 
материалында  жазған.    Алғаш  қағазды  бамбук  сабағы  мен  тұт  ағашының 
қабығынан  жасаған.    Шикізат  өшірілген  əкте  өңдеп,  оны  кейін  соғып  су 
қосқан. Қағаз массасын  торлы жазық бетпен сүзіп суы төмен ағып кетсе, тор 
бетте қағаздың беті қалған. Соны пресстеп кептірген.  
 
Қағазды  алудың  технологиялық  процессі:  ғаш  материалын  дайындау, 
тасмалдау арқылы өндіріске əкелу, ұнтақтау, қағаз алу.  
 
Қазіргі  кезде  қағаз  алудың  шикізаты  болып  ағаш  жəне  целлюлоза 
болып табылады. 
 
Целлюлоза  -  өсімдік  клеткасының  негізі.  Целлюлозаны  ағаш  жəне 
шайырдан  алады.    Арнайы  қайнату  қазанға  ұнтақталған  ағаш  салынып 
реактивтермен,  бүландырады.  Қайнатылған  целлюлозаны  жуып,  ұсақтап 
жəне  ағартады.  Дайын  целлюлоза  фотопленкалардың,  жасанды  жібектердің 
материалы болады. Бұл целлюлоза өндіріс орнында жоғары сапалы қағаздар 
алуға қолданады. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАҒАЗДАР МЕН КАРТОНАДР ӨТЕ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗ 
МАТЕРИАЛЫ.    Қағаз  фабрикасына  түскен  шикізаттар  ұсақталынып,  басқа 
қоспалардан 
арылады. 
Соның 
салдарынан 
материал 
аршылып 
үнтақталғаннан кейін, оның құрамына каолин, бор, тальк, гипс, титан бояуы 
жəне  т.б.  материалдар  қосып  ағартады.  Оның  себеі,  қағаздың  тығыздығын, 
бетін жақсартуға арналады.  Сонымен бірге, желімдеу жəне бояу заттарында 
қосады.  Желімнің  өқұрамын  қосуы  –  сияны  басқа  бетіне  өткізбеу  үшін.  
Желім ретінде конифоль, кейде крахмал, парафин қолданады.  Түс беру үшін 
əр  түрлі  бояулар  қолданады.  Ұнтақталын  қоспалардан  пайда  болған  қағаз 

масасы  массный  роллдарда  жасайды.  Одан  шыққан  материал  арнайы 
бассейнге  жіберіледі.  Кейін  қағаз  жасау  машинасына  түседі.  Қағаз  массасы 
торлы  жазық  ленталардан  өтіп,  судан  арылады.    Ылғалды  масса  прессті 
бөліктен  өтіп,  кептіріледі,  қағаз  цилиндрлі  барабандардан  өте  пресстелініп, 
кептіріліп,  жылтыр  бет  алады.  Дайын  болған  қағаз  руллондалынып 
бумаланады.  Кейін орындалу қызметіне қарай кесіледі.  
 
Қағаз  физикалық,  механикалық,  технологиялық  жəне  химиялық 
қасиеттерімен ажыратылады. Физикалық қасиетіне: салмағы, түсі, бедерлігі, 
жылуөткізгіштігі, ылғалданбауы,  жатса, механикалық – беріктік, жыртылу,; 
технологиялық - əр түрлі өңдеуге мүмкіндігі. 
Қағаздың  түрлері:  сурет-сызба  қағазы, жазба  қағазы, боялған  қағаз(жылтыр, 
мраморлы,  стол  қағазы,  былғары  бетті),  орау  қағазы,  обой  қағазы,  түсту, 
гофрлі  қағаз.  Картондар:  күңгірт  картон  –  аумақты  бұйымдар  жасауға,  ақ 
картон  бетіне  бейне  кескіндеуге  қолданады.  Сары  картон,  макалатура 
картоны, прессшпан картоны – целлюлозадан жасалады.  
Қағазды  өңдеу  технологиялық  процессі:  өлшеу,  белгілеу,  ию,  жазу,кесу, 
біріктіру, өру. 
          Қағаз бен картонды өңдеген кезде жеке жəшігінен келесі аспаптарды 
алып,  оларды  вер-тикальдық  жағдайда  орналастырады:  сызғыш,  циркуль, 
фальц  сызғыш,  желім,  пышақ,  қайшы,  біз.  Вертикаль  көтеріліп  түрған 
үстағышқа  чертёж  бен  технологиялық  картаны  бекітеді.  Үстелдің  бетін 
үстіне  қоятын  тақтаймен  жабады.  Алдыңғы  оң  жағында  ыдысқа  желімді 
құяды, ал сол жағында кескіндер салынатын қорап қойылады  
 
                                 
 
І.Сызуға арналған курал-саймандармен белгілеу: 
Қағаз  бен  картонды  нақты  белгілеу  мен  үқыпты  сызу  үшін  сызғышты, 
үшбүрышты, циркульді пайдаланэды. 
2. Кағаз бен картонды ию жəне бүктеу. 
Ию  —  қағаз  немссе  картон  парағынын,  жандары  к.ара-ма-қарсы  тік  бүрыш 
торізді орналасады. 
Бүктеу-парақтың  жандары  қосылып  түрады.  Екі  сəтте  де  қағаздың  түйық 
жақтары болады. 
Оқушылар  қағаз  бен  жүқа  картонды  ию  мен  бүктеуді  жоне  орындау 
арқылы мынадай ережелермен танысады, сауатты июге, бүктеуге үйренеді. 
қағазды ауада емес, партаның үстіңце бүктейді. 
парақты төменгі жағынан жоғары қарай бүктейді, сонда түйық жағы төменде 
болуы қажет.  

Қалың қағаздың немссе жүқа картонның кд,ірлары анық, үқыпты болуы 
үшін,  бүктелетін  сызықтың  үстінен  қайшының  немесе  пышақтың  үшымен 
тағы 
да 
сызады 
да, 
кері қарай бүктейді. Сонда сəл тілінген қағаз бен картонның қырлары тегіс, 
ұқыпты болып шығады. 
Жүқа  қағаздың  қыры  анық  болуы  үшін,  бүктелгсн  түйық  жағын 
ысқышпен (гладилка) ысады. 
Бүктеудің қарапайым э іайым бүктеуде қағазды ек 
Көркем  бүктеуді  «ориг  ;өзі.  Жапонияда  оригами  те  ли  қолданбалы 
қолөнердің  (ами  тəсілімен  қағаздан  қүқтардың,  кемслсрдің  т.б.  үлгілерін 
жасауға  болады.  Бул  бүйымдар  шаршының  негізінде  жасалады.  Үлгінің 
көлемі шаршынын өлшеміне байланысты. 
Қағазды  ойып  кесуге  жаттықтыру  оқушылардың  жалпы  еңбек 
дағдылары  мен  іскерліктерінің  дамуына  ықпал  ете  отырып,  оқушылардың 
басқа  материадды  өңдеуіне  де  басқа  еңбек  жағдайларында  да  дүрыс  шешім 
жасауына  қолайлы.  Егерде  қайшы  үштарының  жалпақтығы  əр  түрлі  болса 
(мысалы  қағазды,  матаны  қиюға  арналған),  қиған-да  жіңішке  үшын  астына 
қарай орналастырып қию керек. 
Өлшемі  үлкен  парақты  қайшымен  қиғанда  үстелден  жоғары  үстап 
қиюға болмайды. Кішкене парақты сол қолмен үстап, парақтың оң жағын сəл 
көтеріп сызықтың үстімен қию керек. 
Қағаз  бен  картонды  негізінен  алдын-ала  белгіленген  сызықтың 
бойымен  кеседі.  Мүндай  жүмыс  оқушыларды  өзін-өзі  қадағалауға  үйретеді, 
өз жүмыстарының сапасын өсіреді. 
Тегіс  сызық  бойымен  қагазды  қиғанда,  қайшының  жүздерін  көп 
ашпайды,  үштарын  қоспай,  сызыққа  қарап  түрып  қияды.  Қисық  сызықтың 
үстімен қиғанда, қайшы- 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ның  жүздерін  ашыңқырап,  аз-аздан  қияды.  Оқушы  əрдайым  қиып  түрған 
жерге  қарайды.  Негізінен,  қайшымен  қиюды,  оқушы  өзінен  ілгері  қарай 
орындайды. 
Сыртқы  контурлар  бойымен  қиғанда  қайшыны  оңнан  солға  қарай 
жүргізіп,  ішкі  контурмен-солдан  оңға  қарай  жүргізіп  қияды.  Бірнеше 
бүктелген қағаздан сапалы, бірдей бөлшектерді қию үшін қайшыны сəл оңга 
қарай  еңкейтіп  қияды.  Қағазды  кескенде  пышақтың  сабын  35-45°  еңкейтіп, 

төрт  бармақпен  үстайды,  он  саусақты  жүзінің  түйық  жағына  орналастырып 
пышақты басыңқырап кесу керек. 
Қағазды қыр бойынан пышақпен кесу: 
Қағаз  парағын  бүктеп,  қырын  ысқышпен  шығарады.  Бүктеген  парақтың 
түйық  жағын  оң  жаққа  қаратып  оқушы  пышақтың  жүзін  жатқызып  өзінен 
ілгері қарай парақты кеседі. 
Қағазды қыр бойымен кесуді екі жүзді пышақпен орындайды. 
Қагаз бен картонды пышақпен кесу: 
Егер  де  қағаз  бен  картонды  нақты,  үқыпты,  тегіс  сызықтың  үстімен  кесу 
қажет  болса,  (мысалы,  парақталған  дəптерді,  кітапты,  блакнотты  немесе 
безендіруге  керекті  жолақтарды),  оларды  тақтайшаға  орналастырып 
сызғыштың бойымен өткір пышақпен кеседі. 
Сызғыш  металдан  жасалған  салмақты  болуы  тиіс.  Бірақ,  ең  ыңғайлы 
сызғыштың түрі- фальцлинейка . 
Тақтайшаны аққайыңнан дайындаған дүрыс. Тақтайшаны сақтау үшін, 
ескі, қажеті жоқ картонды немесе қағазды тақтайшаның үстіне төсегені жөн. 
Сызғышты  сызыктан  таймау  жəне  кесілетін  қағазды  бастыру  үшін,  сол 
қолмен қатты басып тұру керек. 
Картонды пышақпен кескенде пышакты тігінен үстап кеседі.     
4. Түрлі тəсілдермен біріктіру: 
- желіммен біріктіру; 
- саңылау арқылы біріктіру; 
-  өру арқылы біріктіру; 
- тігістер арқылы біріктіру; 
-  жылжымалы  біріктіру(мысалы,  машинаның  дөңгелектерін  біліктерге 
(оське)  кигізіп  біріктіру  немесе  жылжымалы  ойыншықтардың  бөлшектерін 
бірікті. 
Домбыра 
кескінін 
жапсырмалау 

кл. 
(Аппликация)                                                                                                                               
 
 
Папье-машеден  жасалынган  бүйымдарды  өңдеу.  Бүйым  кептіріліп  жəне 
оның  бөліктері  өзара  желімденгеннен  кейін,  бүйымның  бетіндегі  барлық 
жіктерімен  оның  сыртындағы  ақауларына  арнаулы  ағаш,  болат  қалақшалар- 
шпатель,  не  қарапайым  пышакпен  шпаклевка  (бітеу)  жасалады. 
Шпаклевкаланған  бүйым  қайтадан  жақсылап  кептіріледі.  Жіктері  мен 

керексіз  шығыңқы  жерлері  пышақпен  не  зімпарамен  тазартылады.  Осыдан 
соң оның беті түгелдей зімпара қағазбен, не пемза кесегімен өнделеді. Жеке 
ақаулар  мен  жіктерді  бітеуден  гөрі  бүйымдардың  бетін  тұтас  өңдеу  тиімді. 
Шпаклевка қою болу керек. 
                        
 
Папье-машеден  балалар  даярлайтын  бұйымдарды  бояу  жəне  əдемілеу  үшін 
майлы бояулар пайдаланған дұрыс.         
 
 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
-  қағазды алу технологиясы; 
-  қағаздың түрлері; 
-  қағаздан бұйым алу технологиясы мен əрлеу техникалары 
Əдебиет: 

1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
 
Лекция 5. Тақырыбы: Ағаш материалынан бұйым жасау технологиясы. 
Мақсаты:  ағаш  материалынан  өңдеп  бұйымды  безендіру  технологиясы  мен 
техникасы туралы білімін қалыптастыру. 
Лекция мазмұны. 
 
Ағаш материалын өңдеуде мынандай технологиялық процесстер қолданады: 
кесу,  өлшеу  мен  белгілеу,  сүргілеу,  тазалау,  біріктіру  жəне  əрлеу(олифтеу, 
майлау). Бастауыш мектепте бұл процесстерді қолдануға пышақ, ара, лобзик, 
тескіш,  сүргі,  тазалағыш(шкурка),  шуруп,  шеге  сияқты  аспаптар.  əрлеуде 
ағаштың  бетін  тазалап  алып,  оның  бетіне  олифа,  кепкеннен  кейін  сырмен 
майлап  тастайды.  Олифа,  лак  немесе  сыр  майын  жазық  немесе  домалақ 
(кисть) жаққыштарды қолданады.  
Бастауыш  сынып  оқушыларына  төмендегі  техникада  бұйымдар  жасауға 
мүмкіндік  бар:  селдірлі  кесу,  лобзикпен,  ағаштың  бетіне  бейне  кескінін 
күйдіргіш  парибормен  орындау,  мозайка,  бояу,  кесіп  ою  техникасы, 
инкрустация жəне т.б.. 
Оқушының жұмыс орны. 
Ағаштың кесінділерін өңдеген кезде (фанера мен рейка) жеке жəшіктен 
келесі  аспаптарды  шығарып,  оларды  үстел  үстіне  орналастыру  қажет: 
сызғыш,  бүрыштық,  цир-  куль,  желім  жаққыш,  қысқыш,  пышақ,  біз.  Тік 
көтеріліп    түрған  үстағышта  сызбаны  немесе  технологиялық  картаны  бекіту 
қажет.  Үстелдің  алдыңғы  оң  жақ  бүрышында  егеуішті,  ал  сол  жағында 
электрокүйдіргішті  қояды.  Қажет  болса  жүмыс  үстелінің  оң  жақ 
бүрышында  орыңдау  үшін  астына  қой-ғыш  бекітіледі.  Күйдіру  кезінде 
электрокүйдіргішті  барлық  қауіпсіздік  ережелерін  сақтау  қажет. 
Жүмыс  жасамаған  кезде  электрокүйдіргіштің  инесі  алынып  жəне  ол 
үстелдің  шетіне, оның бетіне тигізілмей қойылуы тиіс. 
                                    
  
 
 
Пластмассамен жүмыс 

Пластмасса — жасанды материал, белгілі бір өзіне қатысты өңдеу барысында 
оны  керекті  формаға  келтіруге  болады.  Мысалы,  пленка,  парақ,  тұрба, 
ойыншықтар,  ыдыс-аяқтар  т.б.  Пластмассаның  қүрамында  жасанды  смола, 
қосылғыштар,  пластификатор  (ағарту  материалы),  бояу  т.б.  компоненттері 
бар. 
Бастауыш  мектеп  оқушылары  еңбек  сабағында  мынадай  пластаассаның 
түрлерінен бұйымдар жасай алады: 
1.  Полиэтилен пленкасынан; 
2.  Поролоннан; 
3.  Фото жəне кино пленкасынан; 
4.  Целофаннан; 
5.  Линолеумнан; 
6.  Пенопластан. 
Бүл  пластмассаның  түрлерін  өңдегенде  қарапайым  қүрал-саймандарды 
қолдануға болады (пышақты, қайшыны).Ал, құрастырғанда, ПВА желімін. 
                                    
 
Бақылау сұрақтары: 
-  ағаш материалын өңдеу жұмыс орны; 
-  ағашты безендіру техникалары; 
-  жұмыс орнындағы аспаптар. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
Лекция 6. Тақырыбы: Метал материалынан бұйым жасау технологиясы. 
Мақсаты.  Метал  материалынан  бұйым  жасау  технологиясы  мен  техникасы 
туралы білімін қалыптастыру. 
Лекция мазмұны. 
 
Металлды  қолмен  өңдеуге  қолданатын  технологиялық  процесстер:  кесу, 
тазалау,  түзету,  өлшеу  жəне  белгілеу,  ию,  бүгу,  біріктіру  жəне  т.б..  бұл 
процесстерге  қолданатын  аспаптар:  металл  кесетін  қайшы,  балға,  кемпір 
ауыз,  кескіш,  металдан  жасаған  сызғыш,  белгілегіш  сызғыш  жəне  кернер, 
қысқыш  жəне  т.б..  жасалған  бұйымды  əрлеуге  химиялық  еріткіштер,  лактар 
жəне сыр майлары жатады. 
Түсті  металдардан  жасалған  бұйымды  əсемдеу  техникалары:  чеканка, 
металлопластика, зергерлік жұмыс техникасы, инкрустация жəне т.б. 

Металды  өңдеу  кезінде  жүқа  (қаңылтыр  жəне  сымдар)  жеке 
жəшіктен  келесі  аспаптарды  шығарып,  оны  жүмыс  үстелінің  үстіне 
орналастыру қажет: сызғыш, бұрыштық, тістеуіш, атауыз, бұрауыш)  аралар, 
металл  кесетін  пышақ,  балға.  Тік  орналасқан  ұстағышта  сызба  немесе 
технологиялық 
картаны 
бекітеді. 
Жүмыс 
үстелінің 
ортасыңда 
қыстырғыштарды бекітеді. 
 
 
                    
 
Бақылау сұрақтары: 
-  метал өңдеу жұмыс орны; 
-  жұмыс құралдары мен материалдар; 
-  технологиялық процесстері; 
-  метал бұйымын безендіру техникалары. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 
 
Лекция  7.  Тақырыбы:  Табиғи  материалдардан  «подделка»  жəне  «икебано» 
композициясында безендіру технологиясы. 
Мақсаты: табиғи материалдардан бұйым жасау технологиясы мен техникасы 
туралы білімін қалыптастыру. 
Лекция мазмұны. 
 
Табиғи  материалдардан  баланың  ойын  бұйымдарын  жасауға  əр  түрлі 
материалдар  қоланылады.  Оқушы  жұмыс  орындау  үшін,  алдымен  табиғи 
материалдардан қандай бұйымдар жасауға болады: 
1.  табиғи материалдардан аумақты бұйым құрастыру. 
2.  аппликация техникасында бұйымдар жасау. 
Құрастырылатын  бұйымның  сапалы  болуы  үшін  алдымен  дайындық 
жұмыстарын жүргізген орынды. 
Ол  дегеніміз  табиғи  материалдарды  жинау  мерзімі,  оны  тазалау  жəне 
сақтау.  Табиғи    өзен  жағасындағы  материалдарға  тастар,  ракушкалар, 
ағаштың  тамырлары,  кепкен  жапырақтары,  ылғал  болса  кептіру,  ағаштың 

бұтағы,  дəндері,  шыршаның  шишкалары,  өсімдіктердің  кепкен  гүлдері, 
сабақтары,  тамырлары,  жемістері,  ағаштың  қабықтары,  жеміс-жидектің 
дəндері мен қабықтары жəне т.б.. 
Бұл  материалдардан  бұйым  немесе  тірі  заттың  бейнесін  жасау  үшін 
алдымен  кептіріп  тазалап,  содан  кейін  жұмыс  орнына  əкеліп  аспаптарды 
дайындайды.  Ол  үшін  тескіш,  қысқыш,  басқа  ағаш  немесе  метал  өңдейтін 
аспаптар қажет болады. Мысалы, құстың бейнесін жасау үшін, оның кеудесін 
шыршаның  немесе  қарағайдың  шишкаларынан  жасау  қажет  сонымен  бірге 
ракшкалардан  жəне  жаңғақтың  қабығынан  да  жасауға  болады.  Оның  бас 
жəне аяқ бөліктерін темір сыммен немесе ағаштың бұтақтарынан жасайды. өз 
ара бекітулерді сым темір материалын немесе пластиллин қолдануға болады. 
Ағаш  немесе  өсімдіктер,  гулдердің  құрамды  бөліктерінен  икебано  жасауға 
өте  қолайлы.  Олардың  композциясын  жасағаннан  кейін  ыдыстарға  салып 
бөлмелерді  безендіруге  болады.  Сондай  –  ақ,  бұл  материалдардан 
аппликация  техникасында  коллаждар  жасауда  өте  тиімді.  Гулдер  мен 
сабақтардан  құралған  композиция  жасап  оны  жазық  бетке  бекітіп  рамкаға 
желіммен,  жіптермен  немесе  сым  темірмен  бөлмені  безендіру.  Коллажда 
материалдың  кейбір  бөліктерін  əрлеу  жұмыстарымен  толықтыру  да  орын 
алады.  
Дəнді  дақылдардың  сабағынан  əсем  бейне  кескіндерін  жасауға  тиімді. 
Мысалы,  бидай,  арпа,  күріштердің  сабағынан  аппликация  техникасында 
бұйым жасау өте қолайлы. Ол үшін сабақты алдын ала дайындап. Кейін суға 
салып жұмсартып, тіліп жазық бет аламыз. Оны жапсыратын жазық тақтайша 
да  дайын  болу  керек.  Тақтайшаның  бетін  тушпен  бояу  қажет.  Туштың 
құрамына желім қосқан орынды. Бетіндегі туш кетіп қалмас үшін. Кепкеннен 
кейін  эскиз  бойынша  желіммен  сабақты  тақтайшаның  бетіне  жпасырып 
отырамыз.  өзара  параллель  түрінде.  Эскиз  бойынша  бейне  кескінін  толық 
алғаннан  кейін,  оның  бетін  лактап  тастаймыз.  Бұл  бұйымды  жасауға 
тақтайша,  дəнді  дақылдардың  сабағы,  пышақ,  үтік,  тушь,  лак  материалдары 
қажет. Жұмысты орындау уақыты шектеулі.  
 
                 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
-  Табиғи материалдар деген не№ 

-  Табиғи материалдар түрі; 
-  Материалдарды дайындау сатылары; 
-  Поделка жасау тəсілдері. 
Əдебиет: 
1.    Цейтлин  Е.Н.Справочник  по  тру-довому  обучению.  -  Москва 
«Просвещение», 1983г. 
2.    Кузнецов  Н.П.  Методика  трудового  обучения  с  практикумом  в  учебных 
мастерских» Москва 1981г. 
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен 
практикумы»  РИО ЗКГУ, 2005ж. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал