Педагогическая 9 ƏӨЖ 39 этнос туралы ұҒым және этностың пайда



жүктеу 50.7 Kb.

Дата02.05.2017
өлшемі50.7 Kb.

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

9

ƏӨЖ 39


ЭТНОС ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҢ ПАЙДА 

БОЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Р.М. Айтжанова, Г.Қ. Белгібаева 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 

Қарағанды қ. 

«Этнос» (ethnos) термині байырғы грек тілінде сөз орайына байланысты, 

«үйір», «топ», «тайпа», «халық» мағынасында қолданылып, XVIII- ғасырдан  

бергі кезеңінен термин ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы кезде ғалым-

зерттеушілер «этнос» сөзін «тайпа», «ұлт» тіптен нәсіл мағынасында 

қолданды. Әсіресе этникалық деп келетін туынды сөздің мән-мағынасы 

XIX – ғасырдың соңына дейінгі ғылыми еңбектерде бір ізге түсе қойған 

жоқ. Мәселен, ғылыми-зерттеу еңбектердің бірінде адамзат тарихының  

дамуындағы алғашқы кезеңді Л.С. Морган білдірсе, келесісінде тарихи 

– мәдени шет аймақты А. Бастиан меңзеді. Шындығында, әрбір адам, бір 

жағынан, белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың 

(этностың) да мүшесі болып саналады. 

Адам баласының әлеуметтік дамуы жақсы зерттелген және оның 

даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал этнос тарихы жөніндегі 

зерттеулерде шатастырушылықтар көп. Шын мәнісінде, этностан тысқары 

бірден-бір адам өмір сүрмейді. Олай болса, адамның санасындағы этнос 

жайындағы түсінік көпке ортақ. 

Этнос мәселесін түбегейлі түсіну үшін, ең алдымен «қауымдастық» деген 

сөз қандай мағынада қолданылатынына тоқталайық. Табиғат, қоғам және 

органикалық дүниенің дамуына ортақ заңдылықтар тән. Оларды ескермеу 

ой желісін шындықтан қиялға бұрып, даму бағытын біржақты түсіндіреді. 

Сол заңдылықтардың ішінде дифференциация (даралық) мен интеграцияның 

(ынтымақтастық) алатын орны бөлек. Биологиялық түр ретінде Homo Sapiens 

(саналы адам) алуан түрлі қауымдастықтарға бөлінеді. Солардың ішінде 

ұлттардың алатын орны ерекше [1].

Этникалық қауымдастықтарды анықтау үшін әр түрлі мәнді ұғымдарға 

назар аударамыз: «ру», «тайпа», «нәсіл», «халық» (народ, народность), 

«ұлт», «этнос» және т.б. Кейде этникалық ұғымдарға саяси мән беріледі. 

Мысалы, КСРО-да негізінен ұлттық мәртебеге ие болған халықтар ғана 

одақтық республикаларды, ал қалғандары ұлттық округ, автономиялық 

облыс, автономиялық республикаларды құрайды. Этникалық қауымдастық 

саласындағы терминологиялық пікірталас ұлт феноменінің күрделігін 



Вестник ПГУ № 3, 2010

10

көрсетеді. Ал біріңғай құбылыстарды анықтайтын терминдердің алуан 

түрлілігі әрқилы ой тудырып, этникалық процестерді танып-білуге 

қиындықтар келтіреді. Бұл жағдай оқу процесіндегі пайдаланып жүрген 

терминдерді бір жүйеге түсіріп, қайсысын негізге алу керектігін талап етеді. 

Енді аты аталған мәнді ұғымдарға жеке-жеке тоқталып көрелік: 

- нәсіл, нәсілдік топ ұғымы адамдардың тұқым қуалайтын генетикалық 

табиғатына байланысты биологиялық, антропологиялық сипаттарын 

белгілейді;

- ру ұғымы адамдардың ортақ арғы ата-бабаларынан тараған қандастық, 

туыстық байланыстарын анықтайтын қауымдастықты білдіреді. Рулық 

қатынастар қазіргі кезеңде де өзінің мәнін жойған жоқ; 

- тайпа – белгілі бір мекенде (территория) тұратын, ортақ тілі, діні, әдет-

ғұрпы бар рулар мен рулық қауымдастықтардың одағы; 

-  ғылыми әдебиет пен оқулықтарда жиі қолданылатын терминнің бірі 

– халық (народность). Халық ұғымы үш мағынада қолданылады.

Біріншіден, белгілі бір елде қоныс теуіп, өмір сүретін тұрғындар сол елдің 

халқы деп аталады (қазақстан халқы, ресей халқы және т.б.). Бұл ретте «халық» 

ұғымы этностық емес, территориялық мемлекеттік мағынаны білдіреді.

Екіншіден, бұл термин этникалық қауымдастықты (орыс, қазақ, 

татар, т.б.) білдіреді. Ал бірыңғай дара ұлтты мемлекеттерде (ұлт, халық 

ұғымдарының мазмұны біртектес.

Үшіншіден, «халық» деп көп ұлтты мемлекетте сан жағынан аз халықтың 

тобын атайды.

Сонымен қатар, ең алғашқы «этникалық қауым» терминін әдебиетке 

кіргізген әйгілі ғалымдар М.Г. Левин мен Н.Н. Чебоксаров болды. Олардың 

пікірлерінше: этникалық қауым - өзінің тілі, мәдениеті, мекен ететін жері 

(территориясы) бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы ретінде анықтайды [3].

Отандық танымал этнограф С.А.Токарев өзінің «Этникалық 

қауымдастықтың мәселелері» атты мақаласында ең алдыңғылардың бірі 

болып этникалық қауымдастық түсінігіне анықтама бере отырып: Этникалық 

қауымды әлеуметтік байланыстардың келесі түрлерімен: қауымдастықтың 

шығу тегі, тіл, территория, экономикалық байланыс, дін және мәдениет тағы 

басқалары мен анықтаған [2]. Дей тұрғанмен, бұл ерекшеліктердің бірден-бірі 

этникалық қауымдастықтың міндетті белгісі бола алмайды, өйткені, бұндай 

ерекшеліктердің негізіне әлеуметтік байланыстардың әр түрлері жатады, ал 

бұлар этникалық қауымдастықтың пайда болу базасын құруы мүмкін. 

Аталмыш авторлардың тұжырымдары мен келісе отырып, этникалық 

қауымдар классификациясын қарастыруда біз қарапайымнан күрделіге өту 

принципін басшылыққа аламыз. Қарапайымдылық жағынан «Этникалық 

категория» және «этнофор» ұғымдары бір мағынаны білдіреді. «Этнофор» 

ұғымы өздерін белгілі бір этноспен бірегейліктерін мойындайтын тұлғалардан 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

11

құралатын этникалық қауымды білдіретін белгі [3]. Күрделілігі жағынан 

келесі бір таксономиялық деңгей қатарына «этнографиялық топтар» жатады. 

«Этнографиялық топ» ұғымы айқын өзіндік санасы мен өзіндік атауы 

жоқ этностың ішкі бөлігін белгілеу үшін қолданылады. Оларға мысалы, 

солтүстік және оңтүстік орыстарды жатқызуға болады. Келесі қарастыратын 

этникалық қауым да ішкі бөлініс пен байланысты, бірақ бұл күрделі 

қауым. Өйкені, олар этностың негізгі массасынан, ауыз екі тілі, мәдениеті 

мен тұрмысы жағынан жергілікті сипатта ерекшеленеді және кейде өзіндік 

атауы (этноним) мен дүбәрә болса да өзіндік санасы бар. Мұндай этникалық 

қауымды «субэтнос» ұғымымен белгілеп олардың қатарына, мысалы, орыс 

халқының субэтностары ретінде казактарды, поморларды жатқызуға болады. 

Мұндай бөлініс барлығына тән емес екендігін ескерте кеткен жөн, бұл көбіне 

өткенінде де, қазіргі уақытта да тілдік – мәдени қатынасында біртұтас 

бүтіндікті білдірмейтін ірі этностарда болады. Бұл этникалық қауымдармен 

салыстырғанда «этникалық топтар» барлық этностарға тән. «Этникалық 

топтардың» этностан, өзінің массасынан ешқандай айырмашылығы болмайды, 

бірақ олардан алшақтап кеткендіктен, бұлардың мекендік (территориялық) 

тұтастығы болмайды. «Этнос» пен «этникалық топ» арасындағы ең басты 

айырмашылық осымен сипатталады.

«Этнос» сөзінің қазіргі ғылыми айналымындағы мән-мағынасын Ақселеу 

Сейдімбектің пікірі бойынша  былайша тұжырымдауға болады: белгілі бір 

мекенде тарихи өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, психикасы 

бар, сондай-ақ өздерінің әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін 

сана-сезімі қалыптасқан, өзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымы.

Этнос субъектісі (шынайы ұлт өкілі) ұғымының мәнін анықтау үшін 

біздің зерттеуімізге арқау болған Л.Н. Гумилевтің этнос теориясы [1,4]. 

Ғалымның этнос туралы теориясын бағалауда әр алуан көзқарас болғанына 

қарамастан, оның жекелеген идеялары – «пассионар теориясы» этнос 

субъектісін қалыптастыруда маңызды әрі аса құнды деп ойлаймыз.

«Эндогамия» - ұлттың биологиялық төлтума бітімін сақтап, оның 

жойылып кетуінің алдын-алады. Бұл теория аралас некенің сандық шегін  

анықтап, одан аттау ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертеді.

Біздің ойымызша, бөлімнің басында сөз еткен ұлы ойшылдарымыздың 

«толық адам», «түзу адам», «сегіз қырлы, бір сырлы» ұғымдары  

Л.Н. Гумилевтің «пассионар» теориясымен сәйкес келеді, әрі бірін-бірі 

толықтырады. «Толық адам» ұғымы жас ұрпақтың бойына рухани - 

адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін адам қалыптастыру мақсатында 

пайдаланылса, «пассионар» ұғымында рухы биік, ұлттық сана-сезімі жоғары 

Адам қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.

Мұндағы айтарымыз пассионарий адамдар – мол рухани психикалық 

қайрат иелері, олар бар күшін жоғары мақсатқа – ұлт (этнос) мүддесіне 



Вестник ПГУ № 3, 2010

12

жұмсайды, оны өзінің жеке мүддесінен анағұрлым жоғары қойып, баю, 

дүние жиюға емес, жан-тәнімен ұлт мүддесіне қызмет етуге сарп етеді. Олар 

басында аз болғанымен, көпшілікті өзіне ілестіре алады, этносының есінде, 

тарихта қалатын шаруалар тындырады. 

Л.Н. Гумилевтің айтуы бойынша, этностың пайда болуы пассионарлық 

дүмпуден басталып, соның күші жойылғанша этнос ішіндегі пассионарийлер 

мен субпассионарийлердің күресінен, текетіресінен құралып, ғасырлар бойы 

созылып, этностың құруымен аяқталады [1,4]. Ол дүмпу – пассионарий 

адамдардың әрекеті, ондай адамдар этностың гүлденуін қамтамасыз етеді. 

Бастапқыда олар бастаған этнос соғысып, бабаларымыздың айтуынша,  «тізесі 

барды бүктіріп, басы барды игізіп», өзін танытып, өміріне қажетті кеңістік, жер, 

ландшафт иемденіп, соның қожасы болады. Сол жерде тұрып, дамып, гүлдеп, 

мәдениеті шарықтап, толастайды. Заман өте этностың пассионарийлері азайып, 

субпассионарийлері көбейіп, ол әлсіреп, рухани азайып, мәдени тозып, жоқ 

болады. Ал адамзат тарихы одан әрі жалғаса береді.

Біздің зерттеуімізге негіз болған Л.Н. Гумилевтің этнос теориясын 

түйіндейтін болсақ, ұлттың қалыптасуының, дамуының өзара байланысты, 

үйлесімді сатылары, көптеген жылдарға созылады. Дамудың жаңа кезеңі 

келесі пассионарлық күштің әсерінен болады. Бұл жерде жаңа пассионарлық 

популяция пайда болады. Ол ескі этносты жоймайды, керісінше, этногенездік 

процестің дамуына жол ашатын жаңа ұлт өкілін, яғни этнос субъектісін 

дүниеге әкеледі. 

Л.Н. Гумилевтің этнос теориясын бағалауға әр алуан көзқарас 

болғанына қарамастан, біз зерттейтін мәселе тұрғысынан алғанда оның 

жекелеген идеяларының маңызы аса құнды деп есептейміз. Ғалымның этнос 

теориясын талдауы бойынша «этнос» дегеніміз – тарихи уақытта тұрақты 

өзгертіп отыратын өзіндік тәртіп таптаурынымен ерекшелентін, басқадай 

ұқсас ұжымдарға өзін-өзі қайшы қоя алатын, тұрақты, табиғи құрылған 

адам ұжымы. Әрбір ұжым ішінде субэтнос, консорция, конвиксиялар 

туып, құлдырап отырады, бірақ этнос мүшелерінің біртұтастық сезімі 

жойылмайды. 

Сондықтан, жоғарыдағы қарастырылған мәселелер бойынша мына 

сенімді ой-тұжырымдарға келуге болады деп ойлаймыз: ұлтаралық қарым-

қатынастар тұсында этностардың кірігуі, сіңісуі, этностың ыдырауы, жойылуы 

немесе жою процестері елеусіз жүріп жатады. Қоғамдық, әлеуметтік, саяси 

ықпалдардың салдарынан мұндай процестердің даму қарқыны жылдамдап не 

бәсеңдеп отырады. Ол ең алдымен этнос өкілінің өзіне тән ұлттық белгілеріне 

(туған тілі, туған тарихы, мәдениеті) ие болуына байланысты болады. 

Ю.В. Бромлейдің ілімі көптеген этнос теорияларының ішінен, өзінің көп 

мағыналығымен және мұқият талдауымен ерекшеленеді. Біз үшін ғалымның  

этностың дуалистік табиғаты жөніндегі идеясы аса құнды. Этностың 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

13

дуалистік табиғаты жөніндегі идеясының бастамасы мынада этнос тар 

мағынада «этникос», кең мағынада – этноәлеуметтік организм  (ЭӘО)  деген 

ұғымға ие болады. 

Әрбір ересек адам, қай жерде жүргеніне қарамастан, қандай да бір этносқа 

жатады: кейде оның негізгі өзегін құраса, кейде оның “елеусіз“ бөлігіне енеді. 

Осының нәтижесінде адамзат кез-келген мезгілде «этникостар» жиынтығы 

болып табылады [5]. Мысалы белгілі бір себептермен кезінде өз ата жұртынан 

басқа (Монғолия, Қытай, Франция, Германия, Турция,) елге қоныс аударған 

қазақтар. Біздің зерттеуіміз үшін бұл теорияның маңыздысы, қандастармыз 

жер шарының қай жерінде жүрсе де өзінің тілін, тарихын, мәдениетін сақтап 

қалып, өз отанына оралуды мақсат етіп отыр. 

Біз зерттейтін мәселе тұрғысынан алғанда, этнос субъектісін  

қалыптастыруда оның: «Әрбір адам ұлттың этникалық сипаттарына жататын 

және соған сай этникалық сана-сезімде көрініс беретін мәдениеттің, тілдің, 

мінез-құлықтың, тарихи тағдырдың, т.б. жалпылығын бірдей бөлісіп, белгілі 

бір мөлшерде түйсінген жағдайда ғана өз ұлтының мүшесі бола алады» 

- деген Ю.В. Бромлейдің ой-пікірі  аса құнды әрі маңызды. Осыған сәйкес, 

берілген теорияны қарастырып отырған мәселеміздің әдіснамалық негізі 

ретінде қабылдаймыз. 

Сонымен, қорыта келгенде жоғарыдағы айтылған мәселелер бойынша 

мына сенімді ой-тұжырымға келуге болады:

а) этнос - өздерін өзге қауымдарға қоятын, шығу тегі жөнінде ортақ   

мифі бар, өзіндік сана-сезімімен, өзіндік атауы (этноним) және өзіндік 

бірегейлігімен өзгелерден ерекшеленетін күрделі динамикалық жүйе;

ә) этнос – құрамы жағынан өте күрделі адамдар бірлестігі және этнос  

этникалық  қауымдастықты білдіреді;

б) этнос – кең мағынада этноәлеуметтік организм, оған мысал,    

экономикалық және саяси  қауымдастығы бар ұлт;

в) этнос - өзіндік тәртіп таптаурынымен (стериотип) ерекшеленетін  

тұрақты, табиғи құрылған адамдар ұжымы;

г) этнос – табиғи-тарихи негізде қалыптасып, “біз” бен “оларды” салыстыру 

мен қарама-қарсылыққа негізделген адамдардың қауымдастығы. 

д) этнос -  тобыр емес, ұжым, яғни әлеуметтік қауым. Бұл анықтамалардан 

түйіндейтініміз, “этнос” – тарихи уақытта заңдылықтарға сай өзгерістерге 

түсіп отырады және әлеуметтік өлшемде өмір сүреді. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гумилев Л.Н. Этносфера: История людей и история природы. – М.: 

Экопрос, 1993. – 87 с.

2. Садохин А.П., Грущевицкая Т.Г. Основы этнологии. – Москва, 2003. 

– С.67-73.


Вестник ПГУ № 3, 2010

14

3. Лурье С.В. Историческая этнология: Учебное пособие для вузов. – М.: 

Аспект Пресс, 1997. – 448 с.

4. Этнос. Идентичность. Образование // Труды по социологии обраования. 

– Том IV. – Вып. IV / Под ред. В.С. Собкина. – М.: Центр социологии 

образования РАО, 1998. – 268 с. 

5. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М.: Наука, 1983. – 192 с.

Резюме

В статье рассматриваются  понятия «этноса», «история 

этноса», научная сущность и закономерности их развития  

Resume

In the article the authors defined the notions “ethnos”, “the history 

of ethnos”, at the same time it was described its scientific notion and its 

development rules.

УДК 378. 048. 2 (574)



К ВОПРОСУ ОБ АКТУАЛЬНОСТИ СИСТЕМЫ 

ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ  

В КАЗАХСТАНЕ

Г.К. Алькина 

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, 

г.Астана

Г.Ж. Менлибекова 

Финансовая академия, г. Астана

В мире, где мы живем и трудимся сегодня, идет непрерывный процесс 

глобализации, который превращает высшее образование в один из важнейших 

элементов социальной инфраструктуры развитых государств. В Казахстане 

при работе над национальной моделью образования ставится вопрос о 

коренных преобразованиях социального заказа общества к высшей школе и к 

послевузовскому образованию [1]. Это связано с тем, что как и во всем мире, 

так и в Казахстане все большей остротой выносится проблема формирования 

у каждого гражданина инициативы и творчества, умения самостоятельно 

принимать решения. Особенно считается сегодня актуальной подготовка 

специалистов высокой квалификации, которые должны предсказать 

смену приоритетов в высшем образовании, в виде объективной тенденции 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал