Педагогическая 37 Resume



жүктеу 50.19 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі50.19 Kb.

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

37

Resume

In article paradigm problems in university education system are 

considered. Modern educational paradigms, the tendency of development 

of educational paradigms at the present stage of development of a society 

is described.

ƏӨЖ 371.13.16



БОЛАШАҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК 

БІЛІМ АЛУШЫ МАМАНДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Ж. Байоразова

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 

Алматы қ.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Біздің 

адамдар оқып-үйренуге тиіс. Мына жағдайда қайта оқуға, бүгінгі күнге қажет 

болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар» 

деп атап көрсеткен болатын.

Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен ұмтылысы тұрғысынан алғанда 

әрі ЮНЕСКО мен халықаралық еңбек ұйымдары ұсыныcтарына сәйкес 

техникалық және кәсіптік білім адамдарды тиімді кәсіби қызметте жаңа 

технологиялар мен еңбек нарығына сай талап деңгейлерінде даярлауға, ақыл 

ой қабілеттерін техникалық және кәсіптік дағдыларын дамыта отырып, өмір 

бойы  үздіксіз білім алуға шақырып отыр.

Қазіргі таңдағы еңбек нарығында болашақ мамандардың кәсіби және 

әмбебап қасиеттерінің шебер үйлесімі бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз 

етеді. Жастардың өзі қалаған белгілі бір мамандықты оқып,  игеріп, алған 

теориялық білімдері мен тәжірибелік машықтарын кәсібіне сай дұрыс 

пайдалануға үйрету, осы негізде олардың кәсіби өсуі мен мансабына ықпал 

етіп, жағдай жасау техникалық және кәсіптік даярлықтың негізгі міндеті 

болып табылады.

Сонымен бірге, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың кәсіби білім беруді 

жетілдіру, ұлттық кадрды дайындау жөнінде алға үлкен міндет қойып, «Бізге 

экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы 

білім беру жүйесі қажет», деген еді. 

Қазіргі таңда, психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде кәсіби 

қызығушылықтың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және 



Вестник ПГУ №2, 2010

38

әлеуметтік ортаның ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда 

қарастырылып отыр. Кәсіби қызығушылықтардың тәрбие үрдісінде 

қалыптастыру жолдарын Л.А. Вайсбург, Ю.П. Вавилов, А.А. Газаев т.б. 

ғалымдар сараптап, зерделеген.

Болашақ техникалық және кәсіптік білім алушы мамандардың 

танымдық қызығушылығын дамыту және кәсібіне деген қызығушылығын 

арттыру, білікті маман дайындаудың негізгі кепілі болып отыр. Бұл 

мәселені психологиялық тұрғыдан А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов,  

А.Н. Моньтев, А.М. Лурье, С.Л.Рубинштейн, Л.В. Эльконин, А.В. Петровский, 

т.б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық жақтарын: Н.А. Данилов, Л.В. Занков,  

Т.И. Шамова, Г.И.Щукина, П.И.Пидкасистый т.б. сондай-ақ, отандық 

ғалымдардан Ж.К. Намазбаева, Т.С. Сабыров, Н.Д. Хмель т.б. зерттеді. 

Аталған зерттеулерде оқушылардың танымдық әрекеті мен қызығушылығы 

артады, мазмұны ашылады және оның қалыптасып, дамуының психологиялық, 

педагогикалық жағдайы айқындалды, құрылымдары мен әдістері 

сараланды. 

Педагогика ғылымында Л.В. Занков, А.К. Маркова, Г.И. Щукина, 

Н.Ф. Талызина, С.Н. Лысенкова, И.В. Щекотина, Б.Г. Друзь, Н.Д. Хмель,   

С.Ж. Пірәлиев, Л.Х. Мажитова, Қ.Қ. Қайым, Ж.М. Ақпарова, М.А. Оразалиева, 

А.Ж. Едігенова, Э.И. Варенщина және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде 

танымдық қызығушылық - адамнан белсенділікті, шығармашылық әрекетті 

талап ететін танымдық іс-әрекет тұрғысынан қарастырылады. Аталған 

зерттеулерде жоғары сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын 

қалыптастыру әдістемесін Қ. Қайым жануартану пәнінің оқу мазмұны 

негізінде зерттесе, Б.Г.Друзь түрлі құралдардың жиынтығы арқылы 

математика пәнінен, А.Ж. Едігенова қазақтың халық ертегілерінен 

алған мәліметі арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық 

қызығушылығын қалыптастыру әдістемесін ұсынды. Д.Н. Исабаева еңбегінде 

бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын ақпараттық-

коммуникациялық технология құраларының көмегімен қалыптастыруды 

қарастырады. Ол да Н.Г. Морозова сияқты танымдық қызығушылықтың 

қалыптасуын кезең-кезеңмен бөліп көрсетеді, және кезеңдерді әуестік - білуге 

құштарлық - оқу үдерісіне қызығу деп жіктейді.

Болашақ техникалық және кәсіптік білім алушы мамандардың 

танымдық қызығушылығын дамыту, ізденіс арқылы ізденімпаздыққа 

шығармашылыққа дүниетанымын кеңейтуге, танымдық қызығушылығын 

дамытуға  қалыптастырудың нәтижелі болуы, жан-жақты белсенді іс-әрекет 

арқылы жүзеге асады. 

Білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамыту көп уақытты 

қажет ететін үрдіс. Сондықтан, техникалық және кәсіптік білім беретін 

оқу-орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

39

қалыптасқан қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырылған жағдайда ғана 

жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінетіні белгілі.

Қазіргі жаһандану дәуірінде болашақ техникалық және кәсіптік білім 

алушы мамандарды рухани тұрғыда дамыту қажеттілігі туындап отыр. Білім 

алушылардың рухани дамуы екі әрекет арқылы дамиды. 

Біріншіден, болашақ техникалық және кәсіптік білім алушы 

мамандардың мектеп қабырғасында жинаған тәжірибесін меңгеруге 

арналған оқу әрекеті. Екіншіден, танымдық қызығушылықты дамыту арқылы 

өзінің рухани дүниесін кеңейте алады. Оқу әрекеті мен шығармашылық іс-

әрекетінің айырмашылығы, ол болашақ мамандардың өзін-өзі қалыптастыра 

білуінде, өз ойын жүзеге  асыруына бағытталған әлемде, қоғамда болып 

жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді, жаңа әдістерді ізденіп, жаңа талаптарды 

орындау мүмкіндіктеріне байланысты. Болашақ мамандарға білім, тәрбие беруде 

эмоционалдық тұрғыда олардың қызығушылықтарын арттырып, ынталандырып, 

дұрыс басшылық жасап, шебер ұйымдастыру барысында іске асыруға болады. 

Жалпы болашақ техникалық және кәсіптік білім алушы мамандардың танымдық 

қызығушылығын дамыту барысында мұғалім үнемі шәкірттерінің өнеге тұтар 

ақылшысы, пікірлес досы, пір тұтар данасы болуы тиіс.

Адам өмір бойы ізденеді, үйренеді білімін жетілдіреді, яғни оның білімінің 

дамуы үздіксіз жүріп отырады. Оның жасы ұлғайған сайын танымдық 

қызығушылығы да толысып, жетіле түседі. Адам өмірінің әрбір кезеңінде жас 

ерекшелігіне тән танымдық қызығушылықтың өзіндік мазмұндық сипаты, 

ерекшеліктері болады. Сол сияқты болашақ техникалық және кәсіптік білім 

алушылардың да танымдық қызығушьшығын зерттеп, зерделемей, толығымен 

жүзеге асыруға болмайды, өйткені зерттеу міндеттерінің    шешімі білім 

алушылардың танымдық қызығушылығының мазмұндық сипаты мен өзіндік 

ерекшелігін анықтауға байланысты.

Болашақ техникалық және кәсіптік білім алушылардың танымдық 

іс-әрекеті оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Сонымен қатар, олардың 

осы жаста қарым-қатынас шеңбері кеңейеді. Білім алушылар бойындағы 

өзгерістер мұғалімдерден оқу-тәрбие жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды 

талап етеді. Іс-әрекеттің негізгі жетекші түрі – оқу болып табылады. Бір 

нәрсеге ойын бағыттап, мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге тырысу, жүйелі 

түрде оқу, ізденудің нәтижесінде адамның таным үрдісі (қабылдау, зейін, 

ес, қиял, ойлау) дамиды.

Болашақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу-орындары білім 

алушылардан ерікті зейінді, ерік күшін жаттықтыруды талап етеді. Білім 

алушылардың ерікті зейіні басқа функциялармен, тілмен байланысты, әсіресе 

оқудың себеп-салдарымен бірге дамиды.

Болашақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу-орындарындағы 

білім алушылардың ойлау қабілеті эмоционалдық-бейнеліктен, абстрактілі 



Вестник ПГУ №2, 2010

40

ойға қарай біртіндеп дамиды. Олардың ой-өрісі, қызығушылығы қоғамдық 

пәндерді оқуда, әсіресе тарих пәнінде мұғалім тарихи оқиғаларды білім 

алушылардың көз алдына кинолентадай суреттей алса, онда олардың 

танымдық қызығушылығы жетіледі. Болашақ мамандардың дүниетанымын, 

тіл байлығын, танымдық қызығушылығын дамытуда мұғалім сабақ 

барысында қызықты қосымша материалдар мен соңғы жаңалықтар мен 

ақпараттарды пайдаланғаны жөн. Қосымша қызықты материалдар адамның 

ойлау қабілетін жетілдіреді, танымын кеңейтеді, қиялына қанат бітіріп, тіл 

байлығын арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойын еркін 

жеткізе білуге үйретеді.

Жалпы алғанда адамның танымдық іс-әрекетінде ең маңызды орынды 

алады. Білім алушылардың есте сақтауы жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп 

арта түседі. Сабақ тақырыбына байланысты карталар, қызықты қосымша 

материалдар, суреттер мен архив материалдарын пайдаланса тақырып есте 

жақсы қалады. Алайда, оларда өтпелі кезең болғандықтан физиономиясы 

мен психологиясында көптеген өзгерістер болуына байланысты ашушаң, 

ұмытшақ болып келгендіктен, мұғалім олардың есте сақтауын дамыту 

жұмысына үлкен күш-жігер мен еңбегін жұмсайды. Мұнда мұғалім жұмысы 

- өте қиын да жауапты, іс болып табылады. 

Болашақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу-орындарындағы 

бірінші курс білім алушылардың жеке басының қалыптасуы әртүрлі жаңа 

қатынастардың (мұғалімдер, курстастар, топтағы білім алушылар), іс-

әрекеттің жаңа түрлерінің (оқу, қарым-қатынас) әсерімен, ұжымға енумен 

жүзеге асады. Онда қоғамдық мінез-құлық нормалары қалыптаса бастайды. 

Осы жаста адамгершілік қасиеттері мен жеке бастың жағымды жақтарының 

қалыптасуы үшін көптеген мүмкіндіктер туындайды.

Егер мектептегі оқушылардың қызығушылығы оқу іс-әрекетімен байланысты 

болып келсе, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу-орындарындағы білім 

алушылардың қызығушылығының дамуы мамандандырылумен  байланысты  

жүзеге асырылатыны бәрімізге белгілі  жайт.

Білім алушылардың жас ерекшелігіне байланысты танымдық 

қызығушылықтың мазмұнының өзіндік ерекшеліктері - зерттеушілер 

үшін қиыншылық туындататын жай болып отыр. Өйткені, танымдық 

қызығушылықтың қалыптасуы мен дамуы - жеке бастың дамуы барысында 

жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда қызығушылықтың 

қалыптасуы білім алушының айналысатын іс-әрекетіне және жеке өмір 

тәжірибесіне байланысты болады. Міне, сондықтан да білім алушылардың 

танымдық қызығушылығының даму деңгейін тек нақты жасқа байланысты деп 

те қарастыруға болмайды. Бұл жастағы білім алушылардың қызығушылығы  

тұрақтылығы,  бағыттылығы,   мазмұны  жағынан әр-түрлі болуы мүмкін.


серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

41

Мәселен: спортқа, саясатқа қызығу, тарихи оқиғалардың шындығын 

білуге әуестену -  барлық балалардың табиғатына тән қасиет.  Білім алушының 

сабақ барысында алған мәліметтері, достарынан естігендері, теледидардан, 

кинодан көрген оқиғаларын танып, білуге, оған терең бойлауына көмектеседі. 

Баланың мұндай әуестігі ғылымның қай саласы болмасын, мысалы: ерте 

заманда болған тарихи оқиғаларды (көтерілістер, соғыстар, ашаршылық

тарихтағы ұлы тұлғалар, батырлар т.б.) түсінуге, білуге, анықтауға деген 

қызығушылығынан байқалады. Білім алушылардың тарихи материалдарды 

есту, оқу барысында “қайда?”, “қашан?” “неге?”, “не себептен?” және т.б. 

сұрақтар қоюын, оларда танымдық қызығушылықтың пайда болып, ары 

қарай дамуымен байланыстыруға болады. Әрине, білім алушылардың қойған 

мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, тарих материалдары мазмұнына деген 

танымдық көзқарасты, білуге деген әуестікті көрсетеді. Дәлірек айтқанда, 

мұны танымдық қызығушылықтың дамуы деп есептеуге болады. 

Қызығушылық мәселесімен айналысқан ғалымдардың зерттеулеріне зер 

салып қарасақ, танымдық қызығушылықтың пайда болуы және дамуында 

адамның алдында айқын мақсатының болуының, әрекет жасап, қайтсе де 

алдына қойған мақсатына жетемін деп үміттене білуінің, адамда әрекет 

үстінде белсенділік, дербестік, көрсетуге мүмкіндік болуының маңызы зор. 

Осы заңдылықты колледж жағдайында, әсіресе колледж табалдырығын 

енді аттаған бірінші курс білім алушыларының қызығушылығын 

тәрбиелеуде пайдаланудың педагогикалық маңызы айтарлықтай. Мәселен, 

қызығушылықтың дамуы әрекет үстінде белсенділік, дербестік көрсетуден 

айқын көрінеді дейтін заңдылықты алып қарайық. Осы зандылық кез-келген 

сабақ үдерісін жүйелі түрде жүргізуге толық мүмкіндік береді. Мұғалім 

сабақ барысында өзі тақырыпқа байланысты мысал келтіріп, қалғанын 

білім алушылардың өздеріне орындатса, мұның олардың қызығушылығын 

арттыруда маңызы үлкен. 

Осыған байланысты алғаш білім алушылардың техникалық және 

кәсіптік білім беретін оқу-орнына түскен күнінен бастап бірінші курс білім 

алушыларын не қызықтыратынын, олардың танымдық қызығушылығының 

өзіндік ерекшеліктері қандай болатынын, сабаққа, соның ішінде қай пәнге 

қызығушылық деңгейін жан-жақты білудің, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс 

ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгерімін арттырудың маңызы зор.

Қорыта айтқанда, танымдық қызығушылықтың қалыптасуы мен дамуы 

- жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы 

алғанда қызығушылықтың қалыптасуы білім алушының айналысатын іс-

әрекетіне және жеке өмір тәжірибесіне байланысты. Білім алушылардың 

(адамның) білім деңгейі, ой-өрісі, өмір тәжірибесі жүрген ортасына қарай 

үнемі үздіксіз дамып отырады және ортасына қарай бейімделеді. Олардың 

танымдық белсенділігі артқан сайын үлгі-өнегені, білімді  ата-анасы мен 



Вестник ПГУ №2, 2010

42

мұғалімдерден алады. Білім алушылардың танып-білсем деген ниетін қалыпты 

дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық 

қызығушылығын арттыру маңызды. Әрбір жастағы даму сатысында жеке 

тұлғаның әсерді эмоционалдық тұрғыда қабылдайтын белгілі бір кезеңдері 

болады және жеке тұлғаны нақты бір бағытта дамытуға байланысты 

қажетті шарттар пайда болады. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, 

біз техникалық және кәсіптік білім беретін оқу-орындарын танымдық 

қызығушылықты дамытуда жақсы кезең деп ойымызды тұжырымдаймыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2007 

жылдың 28 ақпанындағы қазақстандықтарға жолдауы. Егемен Қазақстан. 

2007 ж.

2. Теория познания /Под. ред. В.А. Лекторского; Т.И. Ойзермана. Т.7, 



М., 1989. - 479 с.

3. Леоньтев А.Н.  Деятельность. Сознание. Личность.  М.,  1975, 452с.

4. «Оқушылырдың танымдық қызығушылығын оятудың жолдары» // 

Бастауыш мектеп-2002, №8,-7-8б.

5. А.Ж Байоразова, Тұнғатарова Г.Қ «Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ 

ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: 

жетістіктері мен даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық 

конференция жинағы» - Алматы, 27 ақпан. 2009 ж.

6. Стамқұлова Ә. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру 

арқылы кәсіби біліктілігін жетілдіру // Бастауыш мектеп.- 2008. - № 9-10.- 



25-26 б.

Резюме

В статье рассматриваются особенности познавательных 

интересов будущих специалистов. Учитываются возрастные 

особенности учащихся и роль учителя в развитии познавательных 

интересов.

Resume

In the article features of informative interests of the future experts are 

considered. Age features of pupils and a role of the teacher in development 

of informative interests are considered.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал