Павлодар облыстық қоғамдық газет 1999 жылдан бастап шығады



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/6
Дата12.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Павлодар облыстық қоғамдық газет

1999 жылдан бастап шығады

1999 жылдан бастап шығады

№ 3 (167)

№ 3 (167)

2016 жыл 16 мамыр

2016 жыл 16 мамыр

ÅÐҲѠ


äèäàðû

Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шаралардың 

шеңберінде  жерлесіміз,  Кеңес  Одағының  Ба-

тыры,  Ұлы  Отан  соғысының  қатысушысы 

Құдайберген  Мағзұмұлы  Сұрағановтың  есімін 

көшеге беру рəсімі өтті. 

Салтанатты  шараға  Павлодар  облысының 

əкімі, 


облыстық 

мəслихаттың 

хатшысы, 

мемлекеттік органдардың өкілдері, зиялы қауым, 

Батырдың  туыстары  мен  жақындары,  БАҚ 

өкілдері қатысты. 

–  Батырдың  есімін  қала  көшесіне  беру – 

бізге  бейбіт  өмір  сыйлау  үшін  соғыстың 

ауыртпашылықтарына  төзіп,  майданда  қан 

төккен  аталарымыз  бен  əкелеріміздің  рухының 

алдындағы  борышымыз, – деді  облыс  əкімі  Бо-

лат Бақауов. 

Құдайберген  Сұрағанов 1921 жылы  Қашыр 

ауданының  Сұлуағаш  ауылында  дүниеге  кел-

ген.  Құдайберген  Мағзұмұлының  майдан  жолы 

1940  жылдың  қазан  айында  басталды.  Ол 1941 

жылы  кіші  лейтенанттар  курсын  бітіріп, 1-Бе-

ларусь  майданы 33-армия 142-артиллериялық 

бригада  құрамында  Ұлы  Отан  соғысына  қатысты.  Сталинград  түбіндегі  шайқаста 

ауыр жараланып, госпитальда болды. Кейін Сұрағанов Беларусь, Литва, Польшаның 

көптеген қалалары мен селоларын азат етуге қатысты. Днепр, Висла, Одер өзендерінен 

өтті. Одер-Шпрее операциясы барысында Сұрағановтың зеңбіректері жаудың 100-ден 

астам əскері мен офицерін жойды. 

КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының  Жарлығымен 1946 жылғы 5 мамыр  күні 

Құдайберген Сұрағановқа батылдығы мен тапқырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры 

атағы берілді. Сондай-ақ, Құдайберген Сұрағанов І дəрежелі Даңқ орденімен жəне екі 

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. 

Батырдың  есімі

көшеге  берілді

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен 

бірлесіп 2016 жылғы 12 мамырда Екібастұз қаласында іс жүргізушілерге, аудармашы-

лар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.

Аталған  шараның  пленарлық  бөлімінде  мемлекеттік  тіл  саясатын  жүзеге 

асыруға  байланысты  мəселелер  көтеріліп,  қазақ  тілін  оқыту  жөніндегі  стандарт  пен 

типтік  бағдарламаны  іске  асырудағы  оқытушылар  жұмысының  негізгі  бағыттары 

қарастырылды.

Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық 

институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы жəне 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филоло-

гия  ғылымдарының  кандидаты  А.Ф.  Зейнулина  қатысып,  семинарға  қатысушыларға 

əдістемелік  көмек  көрсетті.  Сонымен  қатар  терминология  жəне  ресми  құжаттарда 

терминдерді қолданумəселелері қозғалып, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді 

қолдану,  аудармаларда  жиі  кездесетін  қателіктер  айтылып,  мəтіндерге  редакциялық 

түзетулер бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыс 

тілдерді 



дамыту 

жөніндегі 

басқармасымен 

құрылған  мемлекеттік  тілді 

насихаттау  тобы  жыл  басынан 

бері облыс аймақтарындағы эт-

нос  өкілдері  көп  шоғырланған 

орыстілді 

азаматтармен 

мемлекеттік  тілді  насихат-

тау,  оның  қолданылу  аясын 

кеңейту,  мəртебесін  артты-

ру  мақсатында 

кездесулер 

өткізуде.

2016  жылғы 12 мамыр-

да 

Шарбақты 



ауданын-

да 


«Мемлекеттік 

тіл – 


біздің 

болашағымыз!» 

тақырыбында  кезекті  кездесу 

ұйымдастырылды.  Аталмыш  шараға  насихаттау  тобының  мүшелері  Халықаралық 

«Қазақ  тілі»  қоғамы  облыстық  филиалының  төрағасы  С.Ə.  Əйтенов,  Халықаралық 

«Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшесі, Ақсу қаласының құрметті азаматы 

С.Қ. Қондыкерова, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, тарих ғылымдарының 

докторы Қ.Ж. Нұрбаев қатысты.

Кездесу  барысында  шараға  қатысушылармен  орыстілді  азаматтар  арасында  қазақ 

тілі  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  мəртебесінің,  жастарды  патриоттық  тəрбиелеудің 

маңыздылығының  жəне  қоғам  өміріндегі  мемлекеттік  тілді  қолданудың,  сондай-ақ 

Шарбақты ауданының тілдік ахуалы туралы сөз қозғалды.



Облыстық көшпелі семинар

«Мемлекеттік тіл –

біздің болашағымыз!»

Олжас Сүлейменовтың арғы атасы есімі «Орта жүзге ұран болған Ер Олжа-

бай» азаттық үшін шайқастарда, бергі атасы «Үш жүзге аты мəлім Жаяу Мұса» 

атамекен, туған жер үшін күрестерде талай шырғалаңды бастан өткерсе, өмірін 

əскери қызметке, ел қорғау ісіне арнаған əкесі Омар жаппай жазалау кезеңінің 

құрбанына айналды. Олжас ата-бабасының кіндік қаны тамған атажұрты Ба-

янауылдан жырақта, Алатау бөктеріндегі Алматы шаһарында қазақтың небір 

жақсылары мен жайсаңдарының тағдырына «Үштіктің» үкімі оқыла бастаған 

1936  жылы  дүниеге  келді.  Бір  жасқа  жетпей  əкеден  айрылса  да,  бұйығы 

тірлік кешкен жоқ, тамырында лүпілдеп тұрған текті тұлғалардың қаны оны 

соқтықпалы соқпақсыз жерге бастап, сынға салды! 

Классик  ақындар,  алдымен,  асқақ  дарынын  əлемге  паш  етіп,  өркениетті 

елдердің  зиялы  қауымына  өздерін  мойындататады,  Олжас  та  сөйтті. 1961 

жылы  қазақ  жері:  Байқоңырдан  алғашқы  ғарышкер  Юрий  Гагарин  «Вос-

ток» ғарыш кемесімен ғаламшардың тартылыс күшін кейін серпіп жұлдызды 

аспанға самғаған 12 сəуір күні ақын Олжастың бір демде жазған «Адамға та-



бын,  Жер,  енді!»  поэма-

сы  қоғамдық  сананы  дүр 

сілкіндірді!  Қазақстанның 

сол 


кездегі 

астанасы 

Алматының  тұрғындары 

жалпы  əдебиет  тарихын-

да  бұрын-соңды  мүлде 

ұшыраспаған 

тосын 

жайт:  поэма  басылған 



парақшалар  ұшақтан  қала 

үстіне 


тасталғанында 

аспаннан  өлең  жауғандай 

асқан  таңырқаулы  əсерге 

бөленді! 

Одан соң Ұлы Даланың 

жыраулары  жұртындағы 

орыстілді  қазақ  ақыны 

«Арғымағымен»  Ресей 

қалаларының қақпасынан: 



«Уа, 

аруақ!» 

деп, 


ұрандата  шауып  кірді!.. 

Сол шақта орыс зиялылары байырғы жаугершілік заманындағы Қазтуған мен 

Махамбеттің айбынды рухтары атойлап тұрған өлеңдерге таң-тамаша қалып, 

ақынды  еріксіз  тыңдады.  Сосын,  француздар,  одан  соң  өзге  халықтардың 

шығармашыл күштері Олжастың Дала поэзиясынан тамыр тартқан өлеңдерін 

өз тілдерінде оқығанда бұрқыраған жусан исін жұтынды жəне ол иістің Шығыс 

шайырлары жырлаған ирани бақтардағы раушан гүлдердің жұпарынан мүлде 

бөлек иіс екенін сезінді. 

Олжас ұлтжанды ойлы азамат ретінде заманалар қойнауына үңіле зер са-

лып, туған елінің тарихи жадында көмескі тартқан бабалар бейнесін көрді, 

үнін  де  естіді.  Баба  тарихтан  жеткен  дауыс  жүрегін  жұлқылап,  намысын 

оятты.  Қызметтен  қолы  босаған  күндері  тарих  оқулықтарына  енгізілмей, 

қасақана  тасада  қалдырылған  ақиқаттарды  іздеп,  мұрағаттарды  ақтарды, 

кітаптарды  парақтады.  «Мəскеуге  барған  бетте  Ленин  кітапханасынан 



1926  жылғы  санақтың  қорытындылары  жарияланған  жинақты  тауып 

оқығанмын. «Казахи – самая крупная национальность Советского Союза – 

6  млн. 200 тысяч человек» деген тұсын көшіріп те алғанмын. Ал 1939 жылы 

сол 6 миллионнан астам қазақтан 2 миллион ғана қалған... Мұндай қорлыққа 

тек қой мінезді халық қана шыдай алады. Ал біз жылқы мінез халық емес пе 

едік?!» – деп жазды.

Бір топ жазушымен бірге 1967 жылы Павлодар облысына келіп, өндіріс орын-

дарын  аралады.  Обком  мен  Ермак  (қазір  Ақсу)  қалалық  партия  комитетінің 

жауапты  қызметкерлері  жазушыларды  тарихи-идеологиялық  мəн-маңызы 

жоғары ескерткіш есебіндегі атаман Ермак мүсінінің жанына апарып, «Сібірді 

игеруші»  казак  жасақтары  жайында  мадақ  сөз  айта  бастағанда  отыздан  енді 

асқан  қызу  қанды  ақын  жерге  бір  түкіріп,  теріс  айналып  кетті!..  Көп  ұзамай 

«Выступление  у  памятника  Ермаку»  өлеңі  дүниеге  келді.  Бұдан  соң 1985 

жылы атажұрты Баянауылға, бабасы Жаяу Мұсаның 150 жылдық мерейтойына 

құрметті қонақ ретінде келді. Мəдениет үйінің сахнасына көтерілгенінде той-

шыл қауым тік тұрып ду қол шапалақтап құрмет көрсетті! Ғимаратқа сыймай 

сыртта  қалып  «Олжас!», «Олжас!»  деп  айқайлаған  жастардың  даусы  Ақбет 

тауға қарай өрлеп бара жатты! 

Ұзақ жылдар бойғы ізденістің нəтижесінде Ұлы Даланың мəдениеті, тұрмыс-

салты,  əскери  əлеуеті,  орыс  кінəздіктерімен  һəм  өзге  елдермен  сан  қырлы 

қарым-қатынасына арналған «Аз и Я» кітабының жарық көруі кеңестік қоғамға 

тəн емес айрықша құбылыс болды! Орыс тарихын ақындық көзбен əділ байып-

тауы империялық идеологияға негізделген ресми тұжырымдарға кереғар келді. 

Ұлы Даланың

біртуар перзенті

Олжас Сүлейменов – 80 жас

(Жалғасы 2-бетте)


2

№ 3 (167) 2016 ЖЫЛ 16 МАМЫР

№ 3 (167) 2016 ЖЫЛ 16 МАМЫР

ÅÐÒ²Ñ


 

äèäàðû


Бабалар ерлігі –

ұрпаққа ұран

Батырлық – қазақтың  қанында  бар  қасиет.  Жаугершілік 

замандарда  елі  мен  жерін  қорғап,  халқына  азаттық 

əперген  батырларымыз  тарихта  аз  болмаған. «Ақ  білектің 

күшімен, ақ найзаның ұшымен» деп ғұмыр кешкен ержүрек 

бабаларымыздың  даңқты  жолдары – ұрпаққа  өнеге.  Кешегі 

Ұлы Отан соғысында да қазақтың батыр ұлдары мен қыздары 

қан майданның бел ортасында болды. Сөйтіп, дұшпандардың 

мысын басып, бетін қайтарды. 

Ал  сол  ерлік  жолын  бүгінде  жалғап  жүрген  кімдер?  Əрине, 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері. Қарулы Күштердің 

Жоғарғы  Бас  қолбасшысы – Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Қазақстан əскерінің бəсекеге қабілетті, сапалы болуына айрықша 

көңіл бөліп келеді. Бүгінде мемлекетіміздің əскері – кəсіби даярлық 

тұрғысынан өзге елдегі əріптестерімен қатар тұрып, иық теңестіре 

алады. Мемлекет болған соң оның айбынды əскері де болуы керек.

Жуырда Елбасы Алматы облысының Заречный кентінде өткен 

«Қайсар – 2016» кешенді жаттығуын бақылады. Президент Қарулы 

Күштеріміз  қай  кезде  де  еліміздің  Тəуелсіздігі  мен  жеріміздің 

бүтіндігін сақтауға, туған Отанымызды қорғауға əзір болуы тиіс 

екенін атап өтті.

–  Мен  Жоғарғы  Бас  қолбасшы  ретінде  əр  кезде  де  əскери 

құрамға  əлеуметтік  жағдайы  тұрғысынан  қолдау  көрсетіп 

келемін.  Сіздердің  міндеттеріңіз – еліміздегі  бейбіт  өмірдің 

тыныштығы  мен  келісімді  сақтау  болып  табылады.  Сіздер 

əрдайым  Отан  қорғауда  жанын  аямаған  аға  ұрпақтың  абырой-

лы  ісін  жалғастырушы  бола  біліңіздер.  Баршаңызды  алда  келе 

жатқан  Отан  қорғаушы  күнімен  шын  жүректен  құттықтаймын. 

Бұл да біздің Тəуелсіздігіміздің үлкен белгісі болып саналады. Ел 

іргесі əр уақытта бүтін, халқымыз аман болсын. Отан қорғайтын 

сіздер аман болыңыздар, – деді Елбасы. 

Сондықтан, Сүлейменовты саясат сахнасында оңдырмай сүріндіруді көздеген 

сұр кардинал Суслов ұйымдастырған кеңестік ғылыми ортадағы пікірсайыста 

Олжас өзінің сұңғыла білімінің арқасында қаптаған қарсыластарынан мерейі 

үстем  түсті!  Сөйтіп,  өз  беделін  мен  атақ-даңқын  қорғап  қана  қоймай,  елінің 

абыройын  аспандатып  Алатау  бөктеріне  оралды!  Бұл  жеңіс 300 жылдық 

бодандық зардабынан еңсесі езілген қазақ елі мен түркі халықтарының ұлттық 

санасында мақтаныш сезімін тудырған түркі əлеміндегі алғашқы Жеңіс еді...

Қазақстан  Жазушылар  одағы  Басқармасында  төрағалық  еткен  кезінде 

(1983-1991) О.О.  Сүлейменовтың əрбір іс-əрекеті əдеби қауымның ғана емес, 

қараша халықтың да назарында тұрды. Компартия мен қауіпсіздік органдары 

басшылығы болса оны жіті бақылауда ұстады. Сондай жағдайға қарамастан, 

1986  жылы  Қазақстан  Компартиясы  ОК V пленумында  Д.А.  Қонаев 

қызметінен  босатылып,  өз  кадрлары  оның  өзінен  күрт  теріс  айналған  қиын 

кезде тек бір адам – О.О. Сүлейменов қана бірінші басшыға деген құрметі мен 

азаматтық  ұстанымынан  танған  жоқ!  Сол  сындарлы  сағаттарда  алаңға  бет-

теген желтоқсаншы жастардың бір тобы: «Олжас!», «Олжас!» деп айқайлап, 

ондаған мың адамдарға жалаугер болар жаужүрек тұлғаны іздеді! Бірақ, «ал-



бырт мінезді жастарды алдап-арбап V пленумының шешіміне қарсы шығуға 

үгіттеген  Сүлейменов»  деп  күдіктенген  арнаулы  қызмет  адамдары  оның 

жүріс-тұрысын шектеп тастаған болатын. 

Кезінде  бозбала  Абай  Ахмет  Риза  медресесінде  білім  алған,  көпшілік 

кітапханасынан  орыс  демократтарының  шығармаларымен  сусындаған,  кейін 

Алаш қайраткерлері астана қылған Семей шаһарында, амал не, желтоқсаншы 

студент  Қайрат  Рысқұлбековтың  ақтық  демі  үзілді!  Кеңестік  демократия 

мен жариялыққа үміт артқан өрімдей жастың түрмедегі қазасына қабырғасы 

қайысып, оның бейкүнə құрбан екенін дер кезінде жария еткен тұлғалардың 

бірі Олжас еді. Бұдан соң қуғын-сүргінге ұшыраған бірнеше желтоқсаншының 

ақталуына ықпал етті, енді біреулеріне өз қаржысына пəтер сатып əперді! 

Егемендіктің  алғашқы  экономикалық  қиын  кезеңінде  айлар  бойы 

зейнетақылары  берілмей  тарығып  жүрген  егде  аналар  Олжасты  үйінің  ал-

дынан тосып алып, нан мен сүтке деп ақша сұрағанында қалтасында барын 

солардың қолына ұстата салды. Əмиянында көк тиын қалмаған күні өзінен 

көмек  өтінгендерге  «сатып  пұл  қылыңдар»  деп,  үстіндегі  былғары  пла-

щын шешіп беріп кетті. Бұл туралы біреулер білетін шығар, бірақ көпшілік 

білмейді. 

Ұлы  Абайдың 150 жылдық  мерейтойын  ЮНЕСКО  көлемінде  атап  өту 

жөнінде  мəселе  көтеріп,  ұсыныс  жасаған  да  осы  Олжас  Сүлейменов  еді! 

Абайдың кіндік қаны тамып, мəйіті мəңгілік тыншу тапқан өңір туралы жазған 

екі шумақ өлеңінде:

«Қайғы-шерден басталмаған жоқ сəрі,

Қуарған шөп, тамбай көктің кəусəрі.

Зəр секілді, у секілді кəдімгі

Гүл атаулы сап-сары...

Шыңғыстауда жатыр мазар сазарып» – 

деген жолдарда у секілді сап-сары гүлдердің көрінісі арқылы Олжастың атом 

сынақтарының зардабын суреттегенін цензураның жіті көзі байқамады, тек зе-

рек ойлы оқырмандар аңғарды. Немесе «Жапан дала жабайы» өлеңінде қазақ 

жерінің Тарас Шевченко мен Федор Достаевскийге, шешендер мен ингуштарға 

каторга  болғаны  үшін  кешірім  сұрап,  «Біздер  сонда,  Каторгада  туғанбыз» 

деп жырлаған ақынның Қазақстанға қарата айтқан:

«Бəрін де сен сынап көрдің,

Ал енді

Сынауларға тиым салу жасасын!» – деген.

жолдардың астарлы мағынасынан ақынның идеясын түсініп, үрейленгендер 

болды.  Өйткені,  кеңестік  заманда,  коммунистік  қоғамда  осындай  қатпар 

сырлы,  иірімді  ойлы  өлең  жазбақ  түгіл, «Ұлы  ақын  дүниеге  келген  қасиетті 

өңірдегі ядролық сынауларға тыйым салу керек» деген ойдың ұшығын санаға 

ұялатудың өзі үрейлі еді! (Өлеңдерді аударған Қадыр Мырза Əлі).

Міне,  сөйткен  Олжас  Сүлейменов  КСРО  Жоғары  Кеңесінің 

депутаттығына  кандидат  кезінде, 1989 жылдың 25 ақпанында  Қазақстан 

Орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық 

қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен Ашық мəлімде жасады! 

Мұндай оқыс іс-əрекетке байланысты не істерін білмеген жұртшылықтың 

алғашқыда  абдырап  қалғаны  рас.  Əйтсе  де,  көп  кешікпей  халықтық 

қозғалыс  күш  алып,  атомсыз  бейбіт  өмір  үшін  күрес  басталды!  Ол  өзі 

жетекшілік  еткен  «Невада-Семей»  антиядролық  қозғалысының  қорына 

өз қаржысынан 10 мың АҚШ долларын (!) аударды. Ақыры, əділдік сал-

танат  құрды: 1991 жылдың 29 тамызында  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Семей  ядролық  сынақ  полигонын 

жабу  туралы»  №409  Жарлыққа  қол  қойды,  сөйтіп  айналасына  ажал 

сəулесін таратқан атом ордасы жабылды!

Тəуелсіздік  кезеңінің  алғашқы  жылдарында  шығармашылықпен  жəне 

қоғамдық  істермен  айналысқан  Олжас  Сүлейменов 1995 жылы  аса  жауапты 

мемлекеттік  қызметке  бекітіліп,  Қазақстан  Республикасының  Италиядағы 

төтенше жəне өкілетті елшісі ретінде алыс сапарға аттанды. Ел-жұрты ақынға 

ақ жол тілеп Алматыдан Римге шығарып салды. Жаугершілік заманында Олжа-

бай батыр қорғаған, бодандық кезеңінде Жаяу Мұса əнмен əлдилеген Ертістің 

Баянауыл өңірінің ақындары да үнсіз қалмады, Олжасқа өлеңмен хат жолдады. 

Əрине, «Тауларды  аласартпай,  Даланы  асқақтатқан»  біртуар  перзенттің 

тұлғалық болмыс-бітімін жан-жақты ашатын толыққанды туынды əлі дүниеге 

келген  жоқ.  Уақыт  үлкен  жауапкершілікпен  кірісуді  тілейтін  толағай  істі 

болашақ ұрпақтың еншісіне қалдырады...

Арман ҚАНИ,

Қазақстан Жазушылар одағы

Павлодар облыстық филиалының директоры,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ұлы Даланың

біртуар перзенті

(Жалғасы. Басы 1-бетте)


3

№ 3 (167) 2016 ЖЫЛ 16 МАМЫР

№ 3 (167) 2016 ЖЫЛ 16 МАМЫР

ÅÐÒ²Ñ


 

äèäàðû


Соғыс басталғанда 11-12 жастағы бала едік. Бірақ балалық дəуреннің қызығын көрмей, жа-

стай еңбектің ащы дəмін татып, еңбек майданында шынығып қатайдық. Енді, міне, сексеннен 

асып, ХХІ ғасырға аяқ бастық. Ал Отан соғысы ардагерлерінің ең кішісі тоқсаннан асты, қатары 

күннен-күнге азайып бара жатыр. 

Көзі  тірілері  кеуделерін  орден-медальдарға 

толтырып,  бала-шаға,  немере-шөбере  көріп, 

тəуелсіздікке  жеткендеріне  риза.  Əйтсе  де, 

қаншама азаматтар соғыста опат болды, қаншасы 

жараланып,  өмірден  мүгедек  болып  өтті.  Ха-

бар-ошарсыз  жоғалған  боздақтар  қаншама! 

Олардың соңынан іздеу салуға қорықтық, себебі 

Сталиннің заңы бойынша олар сатқындар сана-

тына жатқызылған болатын. 

Əкем  Əйтім  Əшірбеков 1942 жылы  қазіргі 

Мүткенов  (бұрынғы  Чкалов)  мектебінде  ди-

ректор  болып  қызмет  істеп  жүрген  кезінде 

майданға  аттанған  еді. 1943 жылдан  хабар 

үзілді,  кейінгі  тағдыры  белгісіз.  Əкемнің  інісі 

Қабыш та əскерге кетіп, 1941 жылы Сталинград 

түбінде қаза тапқан. 

Балам Бауыржан 2013 жылы интернет арқылы əкеме іздеу салып, оның Калуга облысында 

«Гнездилов» биігінің шайқасында құрбан болғанын білді. Сол жылы 9 мамырда балам Темірбай, 

немерем Ерлан екеуі мені əкем жерленген бауырластар зиратына апарып, басына құран оқып тəу 

етіп қайттық.

Ылайым, бейбіт өміріміз баянды болғай.

Мақтай ƏЙТІМҚЫЗЫ 

Қасіретпен келген 

ұлы жеңіс

Жеңіс!..  Қандай  ыстық,  қандай  жағымды 

сөз!  Барша  жанды  қуанышқы  бөлер  осынау  бес 

əріптен  тұратын  қасиетті  сөздің  артында  талай 

адамның  ерен  еңбегі,  табандылығы,  білімі  мен 

білігі,  сарапқа  солар  ақыл-ойы  жатыр  десеңші! 

Шаршы  топта  білім  додасына  түсіп,  спорт  пен 

өнер сайыстарындағы бəсекелістікте, өзге де жа-

рыстарда  өзің  күткен  жеңісті  хабарланған  кезде 

жүрегің жарылардай қуанасың. Ал, табандатқан 

төрт  жыл  мұз  жастанып,  қар  төсеніп,  елден 

жырақта,  өлім  мен  өмір  араласқан  соғыста 

«Жеңіс!»  жеген  сөзді  естіген  майдангерлердің 

көңіл-күйін елестетудің өзі өте қиын! 

Біз  соғысты  тек  газет-журнал,  көркем 

шығармалар,  кино-фильмдер  арқылы  ғана 

білеміз.  Оның  бəрі  біз  үшін  кейде  ертегі,  аңыз 

іспетті  болып  көрінетіні  рас.  Біздің  жарқын 

болашағымыз үшін қанды күндерді басынан кешірген ардақты аталарымыз бен соғысқа кеткен 

жарлары мен бауырларын, бауыр еті балаларын зарыға күткен, елдегі ауыртпашылықты көтере 

білген аяулы əжелеріміздің ерлікке бара-бар өмірі мəңгілік ұмытылмас. 

Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігімен көзге түскен қазақстандық батырларды барлық мек-

теп оқушылары біледі, олардың ерліктерін мақтанышпен айтады. Батырымыз, ұлтжанды патри-

отымыз, жазушымыз, халқымыздың мақтанышы Бауыржан Момышұлының Отан, ерлік, елдік, 

тіл  қасиеті  туралы  айтып  кеткен  сөздерін  ұстаздарымыздың  зерделей  түсіндіруі  нəтижесінде 

жадымызда  ұстап  өсіп  келеміз.  Бауыржан  атамыздай  тілге  шешен,  соғыс  техникасын  жете 

меңгерген, орыс тілінде еркін сөйлейтін, ойын ашық айтатын, ер жүрек адамдарымыз бар біздің 

ұлт басқа елдермен терезесі тең тұратынына шек келтірмейміз, мақтанамыз, үлгі тұтамыз. Біздің 

халқымыз туралы “батыр халық, ақын халық – дəл аты”, – деп Қ.Мырзалиев тауып айтқан дер 

едім. 


9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуанышты бейбіт 

өмір үшін өз өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Қазіргі кезде қатарлары сиреп қалған ардагер 

аталарымыздың ерлігіне тағы бір рет бас иеміз, олардың амандығын тілеп, əн-жыр арнаймыз, 

сыйлықтарын  ұсынамыз.  Бұның  бəрі  аздық  етеді.  Тек  жеңіс  күні  ғана  емес,  ата-əжелерімізді 

əрбір мереке сайын, тіпті күн сайын ортамызға шақырып, құрмет көрсетсек те артық болмас еді. 

Ардагерлерді құрметтеу – біздің міндеттіміз. Олар əкелген тыныш өмірдің тұнығын лайлатпау-

ымыз керек.

Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаевтың  “Əлем,  ХХІ  ғасыр”  манифесі  əлемдік  қауіпсіздікті  сақтауға 

үндейді.  Осы  үндеуді  қазіргі  таңда  бүкіл  əлем  қолдап  отыр.  Əлемдегі  бейбітшілік  пен 

тыныштыққа жетер ештеңе жоқ. Бұл жеңістің əлі талай жазылатыны хақ, ешкім де, ештеңе де 

ұмытылмайтынына сенімдіміз. 

Айнұр АТРЕТХАН, 

Абай атындағы жалпы білім беретін

орта мектептің 10 «ə» сынып оқушысы

В преддверии празднования 71-летия Победы в Великой Отече-

ственной войне сотрудниками Павлодарской транспортной проку-

ратуры проведено торжественное возложение цветов в городе Пав-

лодар у Обелиска Славы и «Вечного огня» памятника советским и 

казахстанским воинам, погибших в годы Великой Отечественной 

войны.

В  ходе  церемонии  Павлодарский  транспортный  прокурор  про-



изнес торжественную речь, в которой поблагодарил всех ушедших 

на фронт воинов, среди которых были и близкие родственники – 

деды, прадеды сотрудников органов транспортной прокуратуры.

Участники церемонии почтили минутой молчания память всех 

погибших  на  войне,  после  чего  торжественно  возложили  цветы 

гвоздики - символ Великой победы.

Без  сомнения,  мероприятия  по  чествованию  героев  своего  на-

рода  выражают  глубокую  дань  уважения  нынешнего  поколения 

человеческому подвигу и мужеству целого народа, прививают мо-

лодым людям чувства патриотизма, долга и чести.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал