Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 401.44 Kb.

бет1/3
Дата04.05.2017
өлшемі401.44 Kb.
  1   2   3

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоқымбаева Б.Ж.  



 

 

 

 

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ 

ЖҮЙЕСІНДЕГІ «МҰРАГЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

АЛАТЫН ОРНЫ  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ПАВЛОДАР 

2012 


 

 



 

 

 



 

УДК 378 (574) 

ББК 74.58 

Қ 61 


 

 

 



 

 

 

Қ  61          Қоқымбаева  Б.Ж.,  өнертану  ғылымының  кандидаты,  философия  ғылымдарының 

докторы, ПМПИ профессоры. 

Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  білім  жүйесіндегі  «Мұрагер» 

бағдарламасының  алатын  орны:  мақалалар  (қазақша,  орысша)  Павлодар:  ПМПИ,  2012.  –  

34 бет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2012 



© Қоқымбаева Б.Ж., 2012 

 

 



 

 



ӨНЕРДІҢ ҰЙТҚЫСЫ 

 

Өмірде тіршілік ететін әрбір тірі дүниенін өзінің бастау алар шыңы, негізі, 

түп  тамыры  бар.  Сол  сияқты  ұлттық  сана-сезімнің  құдіреті  болып  есептелетін 

тіл,  өнер,  мәдениет,  салт-дәстүр  деген  үғымдардың  да  өз  бастау  бар.  Ол  әрине 

жас  сәби  дүниеге  шыр  етіп  келгеннен  ананың  ақ  уыз  сүтімен  бойына  дариды. 

Ананың ак сүті қандай киелі болса, жоғарыда аталған қасиетті нәрселердің бәрі 

де сондай киелі. Сондықтан өзен бастау алар бұлақтың көзін ашпасаң, жабылып, 

бітеліп қалатыны сияқты, ол сезімді адам бойында өсе келе жаңғыртып, оятып, 

жаңартып  отырмаса  өшіп  қалады.  Оны  жүзеге  асыратын  әрине  мектеп,  ұстаз 

мүғалім. 

Қазақ халқына өнер дегеннің  ерекше әсемі мен  ерекше  қасиеттісін бөліп 

берген.  Сол  өнерді  жас  жеткіншек  бойына  сіңіре  білу,  көкірегіне  ұялата  білу 

әрине ән-күй пәні мұғалімінің ең басты мақсаты. 

Жетпіс жыл бойы баска үлттың шырмауынан шыға алмай, соның сойылын 

соғып жүргенде, оған сөз жоң аз көңіл бөлінді.  Десек те жойылып кеткен жок. 

Егемендігімізді  алып,  еркіндігіміз  қолымызға  тигенде  арқамызды  кең  салып, 

терең тыныс ала бастадық. Осы кезде ұмыт бола бастаған тілімізді де, өнерімізді 

де, мәдениетімізді де, салт-дәстүрімізді де еске ала бастадық. 

Қанша  кыспақ  көрсе  де  ол  өз  күшін  жоймаған,  жоюға  жол  бермеген 

азаматтар  аз  емес.  Бүгін  осы  жұмыста  сондай  азаматтардың  ерлігінің  жемісін, 

жеткен жетістіктерін, ең басты соған жетудегі күрес жолдарын сөз еткіміз келіп 

отыр.  Ол  -  үлттық  саздың  нәрімен  сусындатар,  казақтың  тарихы  мол  өнерінен 

хабар берер, оқушы жүрегінен туған халқының өнеріне деген махаббатын оятуды 

мақсат  тұтқан  "Мұрагер"  бағдарламасы.  Және  оның  құрастырушылары 

Әбділхамит  Ысқакұлы  Райымбергенов  пен  Сайра  Шәкірқызы  Райымбергенова 

туралы сөз болады. 

Ең  алдымен  осы  бағдарламаның  шығу,  іске  асу  даму  тарихына  тоқтала 

отырып  бірнеше  ғалымдардың  пікіріне  сүйене  отырып  баға  берсек  деп 

отырмыз. 

1987  жылы  Райымбергеновтердің  үлкен  қызы  мектеп  табалдырығын 

аттады.  Құрманғазы  атындағы  Алматы  мемлекеттік  консерваторияда  сабақ 

беретін ата-анасы Дина оқитын сыныпка келіп, ән сабағын өздері құрастырған 

өзгеше  "Мұрагер"  бағдарламасымен  жүргізеді.  "  1987  жыл  мен  1993  жылдар 

арасында  Ы.  Алтынсарин  атындағы  №  159  мектептегі  бұл  сынып  математика 

пәнінен  көп  жетістіктерге  жетіп,  өзімен  қатарлас  сыныптардың  ішінде 

"математика  сыныбы"  деп  аталып,  кейін  7-ші  сыныптан  былай  "информатика 

сыныбы" болды. 

Оқушьшармен,  ата-аналармен,  ұстаздармен  сөйлесу  арқылы,  алдын-ала 

жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  біз  мынаны  байқадық: 

алғашында  ол  сынып  басқа  өзімен  қатарлас  он  сыныптан  ешқандай 

айырмашылығы  жоқ,  қарапайым  болған.  2-ші  сыныптан  бастап  ән  сабағы 

жүргізіле бастағаннан кейін сынып окушыларының үлгерімі артып, сынып тіпті 

бұрынғыдан да бетер ұйымшыл тату бола бастайды [1, 132 б.]. 


 

 



1994 жылғы тәжірибешілік қабылдаудан кейін жалпы білім беретін қазақ 

орта  мектебінің  ән-күй  сабағына  арналған  "Мұрагер"  бағдарламасы  басылып 

шықты. "Мұрагер" атты бағдарлама ән-күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 

бастауыш сыныптарына арналған алғашқы бағдарламаның біріне жатады. Жаңа 

бағдарламаның  негізгі  мақсаты  –  «өзінің  тілін,  дінін,  дәстүрін,  өнерін,  әдет  - 

ғұрыптарын  біліп,  халқының  асыл  қазынасының  мұрагері  сезінетін,  өз  елін, 

туған  жерін,  атамекенін  сүйген  Қазақстан  Республикасының  -  азаматын 

тәрбиелеу»

 

[2, 3 б.]. 



1996  жылы  барлык  өнертанушы,  өнерсүйер  халықты  дүр  сілкіндірген 

оқиға  болды.  Ол  туралы  зерттеушілер  былай  дейді:  "Алматыда  ерекше  окиға 

болды.  Ол  -  егеменді  Қазакстанның  астанасында  алғаш  рет  мемлекеттік  емес 

қазақ  мектебі  ашылды.  Дәлірек  айтканда  өнер  колледжі.  Бүл  білім  ордасының 

негізін  салған  атақты  сазгер,  "Мүрагер"  ансамблінің  негізін  салушы,  ғалым, 

педагог,  "Күй  қайнары"  кітабының  авторы,  "Домбыра  үйренейік"  теледидарлык 

хабардың  атақты  жүргізушісі,  консерваторияның  аға  оқытушысы  Ә. 

Райымбергенов  пен  онымен  пікірлес  адамдардың  алдарына  қойған  мақсаттары 

өте  өзекті  мәселені  қозғайды.  Ол  -оқушыларға  еуропалық  үлгімен  жалпы  білім 

берумен  қатар  жоғарғы  үлгідегі  қазақ  халқының  дәстүрі  өзгермей,  каймағы 

бүзылмай жеткен киелі де қасиетті мәдениетімен тәрбиелеу»

 

[3]. 



Міне,  әлемдік  қатардағы  "Мұрагер"  жүйесінің  баспасөз  беттерінен, 

ғалымдардың  оның  ішінде  философ,  өнертанушы,  педагогтар  пікірлерінен 

жинақталған тарихы  осындай. Бұл  -теңдесі жоқ ғалымдар, жаңашыл педагогтар 

Әбділхамит  және  Сайра  Райымбергеновтердің  ғылыми  педагогикалық 

шығармашылық әрекеттерінің шағын тізімі. 

Бұл  ерекше  істің  басында  тұрған  профессор,  өнертану  ғылымының 

докторы  Әсия  Ибадуллақызы  Мұхамбетова.  Және  оның  жолдасы  Бағдаулет аға 

Аманов.  Екі  бірдей  консерваторияны  -  (Алматы  және  Ленинград)  аяқтаған 

Бағдаулет  ағаның  өмірі  қысқа  болса  да  жаркын  болды.  Ол  "Ұғымдар  - 

мәдениеттің белгісі" атты мақаласында былай дейді:  

"Домбырашыларды  үйрету  мен  тәрбиелеу  ісінде  халык  ұғымдары  өте 

маңызды орын алады. "Халық ұғымдарының" бейнелігі мен орындау мәнерінің 

тығыз  байланыстылығы  жас  сазгерге  халык  дәстүрінің  рухына  терең  үңілуге 

көмектесумен қатар көз алдына елестету қабілетін калыптастырады» [4]. Ғалым 

ағанын басқа да енбектері бүгінгі күні үлкен баға жетпес ғылыми байлык болып 

саналады.  Өйткені  олар  жәй  ғана  ғалым-теоретик  жазған  еңбектер  ғана  емес, 

біріншіден,  ол  күй  шеберлігінің  айнасы,  екіншіден,  макалаларында  зор 

фактологиялык  мәліметтер  (Бағдаулет  ағаның  экспедициясында  жазған  аңыз-

күйлері, халық үғымдары) келтірілген. 

Әсия  Ибадуллакызы...  Дәл  соны  Малайзияда  Мүхаммед  пайғамбардың 

қызы  ретінде  кабылдаған  (Мүхамбетова  деген  фамилиясына  қарап).  Нак  соны 

өзбекстандық  әріптестері  Әсия-ханым  деп  дәріптейді.  Онсыз  республикада 

біршама  маңызды  мәдениеттанудан,  музыка  тарихына  кіріспе  ғылымдарынан 

еңбектер  басылып  шықпайды.  Осындай  әлемдік  дәрежедегі  ғалым  -  Әсия-



 

 



ханым  -  Райымбергеновтердің  шығармашылық  әрекеттерінің  рух  беруші, 

пікірлес, жолдарына жарык шашатын ойшыл насихаттаушысы. 

Әсия-ханым мен Бағдаулет аға - шәкірттеріне өз білімдерін үйрету, мүра 

етіп қалдыру арқылы өздерінің армандарын іске асырған үлы ұстаздар. 

Консерватория  қабырғасында  Сайра  мен  Әбділхамит  оқыған  топта 

қабылданып,  музыкалык  жоғарғы  оқу  орнындағы  үлттык  аспаптар 

факультетінің  жинакталған  сольфеджио  бағытына  арналган  бағдарлама  -  өте 

сирек  болатын  Мүхамбетова  –  Аманов  -  Райымбергеновтердің  одағының 

алғашқы ғылыми зерттеу жүмыстары еді. 

Бүл  бағдарламада  үйымнын  қатарындағы  Әсия-ханым,  Бағдаулет  аға, 

Әбділхамит  және  Сайра,  С.  Өтеғалиевтердің  енбегінен  басқа  да  Ғ.Н.  Омарова 

жасалған  энтносольфеджио  курсының  өзегі,  негізі  жатыр  еді.  Домбыралық 

музыкаға  негізделген  қазактардың  ана  сүтімен  бойына  дарыған  сазына  арка 

сүйеу -этносольфеджио және жинакталған бағыттардын негізгі ерекшелігі. 

Міне,  байқап  отырғандай,  соңау  ХХ  ғасырдың  жетпісінші  жылдардын 

өзінде-ақ  осы  үжымның  ғылыми-шығармашылық  және  педагогикалық  іс-

әрекеттерінің бүгінгі күні іске асып жаткан ең басты бағыты белгілі болған. Бүл 

бағыт  -  ізімізді  басатын  жасөспірім  үрпақты  тәрбиелеудегі  қазақ  сазының 

мәнімен аткаратын рөлінің тереңіне үңілу.  

Ал,  осы  бағытбағдар  -  "Мүрагер"  бағдарламасының  бастау  алған  шыңы 

болды. Осы бағдарламаға  талдау жасай отырып, оны басқа Д.Б.Кабалевскийдің, 

Карл  Орфтың,  Барток  Кодай,  жапондық  білім  беру  жүйелерімен  салғастырып, 

Әсия  ханым  былай  дейді:  "Бүл  әлемдік  дәрежедегі  жүйе".  Аталған  жүйені 

күрастырып, сол жүйемен білім беріп жүргендер: Қүрманғазы атындағы Алматы 

мемлекеттік консерваторияның домбырашысы Ә. Райымбергенов  пен өнертану 

ғылымының кандидаты, этномузыкатанушы С. Райымбергенова. 

Осы  күндері  жаңа  оқыту  жүйесінің  бағдарламасы  халықтың  білім  беру 

министрлігінен басылып шығып, Қазақстанның көптеген калаларында іске асуда. 

Бүл  -  әлемдік  сүранысқа  жауап  бере  алатын  және  де  көптеген  колдау  тауып, 

дүрыс  деп  табылған  Барток,  Кодаи  мен  Орфф  жүйелері  сияқты  ұлттық  салт 

дәстүрден негіз алған жүйе. 

Оның  негізін  салған  Райымбергеновтер  шешендік,  ақындық  өнермен 

сабақтастығы  бар,  үлттық  төл  аспабы  домбыраны  аталған  жаңалықтың  діңгегі 

етіп  алды.  Домбыраны  ақындык,  шешендік  өнермен  сабактастаруының  бірден-

бір  себебі,  әрбір  күйдің  өзіне  тән  аңызы,  шығу  тарихы,  тіпті  мифологиясы  бар 

ғой.  Десек  те,  Райымбергеновтер  домбырада  ойнауды  үйретумен  ғана  шектеліп 

коймай, сонымен катар ою-өрнектеп әсемдеу өнерінен де тәжірибе жүзінде білім 

беріп, би өнерін де оқытады, үйретеді. 

1987-1995  жылдар  аралығында  бүл  жүйе  Алматы  қаласының  №  12,  159 

мектептерінде  тәжірибешілік  сыннан  өтті.  Екі  мектептен  де  түйілген  түйін, 

шыккан  қорытынды  бірдей  болды,  яғни  ән  сабағы  жаңа  білім  беру  жүйесімең 

өткен сыныптардағы окушылардың үлгерімі бүкіл пәннен жоғарлап, тіпті үшке 

окитын балалар мүлдем болмады. Балаларды дәстүрлі күй, ән, айтыс, миф, ою-

өрнек,  би  әлеміне  үңілдіру  олардың  шығармашылык  қабілетіне  түрткі 



 

 



болатыны сонша, олар басқа пәндерді де жоғарғы дәрежеде оқи бастады. Алты 

жыл  уақыт  аралығында  ән  сабағында  балалар  күй  тартып,  өз  беттерімен 

домбыра  пернелерінен  ән  теріп  қана  қоймай  тарих  мәліметтерімен,  қазақтың 

ата  салт-дәстүрімен,  киіз  үйдің  қүрылысымен  танысады.  Ою-өрнек  өнерінің 

мән  мағынасын  біліп  шығады.  Сонымен  қатар  ондай  жүйемен  білім  алған 

оқушылар  ең  бастысы  орташа  сыныпқа  келгенде-ақ  еуропаның  классикалык 

музыкасының әлеміне еркін ене алатын болады. 

1993  -1995  жылдары  казақ  теледидарынан  жаңаша  білім  беру  жүйесінің 

сазды және домбырада ойнауды үйретуге арналған бөлімі арнайы хабар ретінде 

корсетілген  еді.  Екі  жыл  бойы  үзбей  көрген  көрермендер  ол  жүйенің  тиімді 

екеніне  көздері  жетті.  Теледидар  көрермендерін  алғашқы  сабақта  домбыраны 

үстауды білмеген балалардың екі жылдан кейін өз беттерімен күй ойнап, өлең 

айтып отырғандары қатты таң қалдырды.  

Ал  сабақтардың  барлығы  үжымдық  түрде  жүргізілгені,  бірде-бір  бала 

жеке сабақ ( көптеген музыкалык мектептердегі сияқты) алмағаны белгілі. Осы 

хабар  барысында  балалар  қаншама  әндер  күйлер  тыңдады,  сазгерлердің 

өмірбаяндарымен  танысты,  әр  түрлі  күйлердің  шығу  тарихы  мен  аңыздарын 

білді,  аспаптардың  қүрылысымен  танысты,  туыстас  халыктардың  мәдениетін 

санаға  түйді,  қаншама  оркестрлермен,  үлттық  шеберлермен  танысты.  Айта 

берсе толып жатыр. 

Бүл  бағдарлама  көрермендердің  арасында  өте  зор  атакқа  ие  болды. 

Себебі, ол аркылы тек балалар ғана емес, сонымен катар үлкен адамдардың өзі 

саз  өнері  туралы  көптеген  мағлүматтар  алды.  Ал  сазгерлермен  кездесу  ерекше 

қуаныш  еді.  Және  де  осы  хабардың  жүргізушісі,  сөз  болып  отырған  жүйенің 

авторы Ә. Райымбергенов көрермендердің сүйіктісіне айналды. Ол өзінің үлгілі 

үстаздық,  үздік  теледидар  жүргізушілік,  өз  пәнінің  терең  білерлік,  әртістік, 

балалар психологиясын жете түсінетін, теледидар жанры мен білім беру қүралын 

жүптастыра, қиыстыра білу қабілетін толық дәрежеде көрсете білді. 

Райымбергеновтардың  жүйесі  туралы  музыкалық  педагогика  әлеміндегі 

үлкен  жаңалық  деп  айтып  келсек,  енді  олардың  екінші  зор  жаңалығына  көңіл 

аударсақ,  ол  көрсетілген  сабақтар  әлемдегі  ең  алғашқы  рет  теледидар  арқылы 

музыкалық  аспапта  ойнауға  үйретуді  мақсат  түтқан,  соны  көрсеткен  хабар 

болды.  Бүл  жаңалықтың  маңызын,  мәнін  бағалау  өте  қиын.  Расында  да 

музыкалық аспапта ойнауға үйретудің жолы ретінде кейінгі заман өркениетіңдегі 

ақпаратты/  информацияны  таратудың  ең  қүшті  күралы  теледидарды  алу  өте 

үлкен жаңалық. Әрине, теледидар аркылы аспаптарда ойнауды үйрету үшін, ой 

елегімен өткен өте дүрыс күралған жетік әдіс керек еді. Және ол әдіс жасалды. 

Жүргізушінің әртістігінің, сыпайылығының, ептілігінің артында қаншама 

жылдардың толғанысы, ізденісі, еңбегі, әртүрлі саз өнерін окытудың жүйелерін 

меңгеруі,  халык  музыкасының  тәжірибесі  және  өзінің  сәтті  де,  сәтсіз  шыккан 

эксперименттері түрганы туралы кез келген көрермен білер ме екен?"

 

[3].  



Оқып  отырғанымыздай,  Әсия  ханым  жоғарыда  аталып  кеткен,  өзгеше 

жасалған,  ерекше  жүйені  талдап  кана  коймай,  іске  асырып  жатқан  Ә. 

Райымбергеновті  де  жан  жақты  сипаттап,  талдап,  оның  данышпандығын 


 

 



дәлелдеп  береді.  "Мүрагер"  жүйесінің  күрастырушысы  "Көкіл"  атындағы  өнер 

колледжінін  ұйымдастырушысы,  өзі  шығарған  "Сегіз  қырлы"  атты 

теледидарлық  хабардың  жүргізушісі  Әбділхамит  Райымбергенов  өзі  де  "Сегіз 

қырлы"  адам.  Ол  айтылып  келе  жаткан  жұмыстармен  катар  Қазанғаптың 

күйшілік  мирасын  жинау  және  зерттеу  жұмыстарын  жасап  жатыр.  Ол  туралы 

Әсия-ханым  былай  дейді:  "Жетпісінші  жылдары  консерваторияда  оқып 

жүргенде Әбділхамит Қазанғаптың шығармаларын, өнерін бүкіл Қазақстан білу 

үшін бәрін істеймін деген шешім қабылдады. 

 Сол  кезде  оған  өзі  табынатын  адамның  күйлерін  шет  елдерде  де  сүйіп 

тыңдайтын  болады  десе,  сенбес  еді.  Содан  бастап  Қазанғаптың  өмірі  туралы 

деректерді  жинасам,  оның  бүкіл  күйін,  бір  шоғырға  әкелсем,  ол  туралы  кітап 

шығарсам  деген  үлкен  арман  көкірегіне  ұялады.  Күйшінің  асыл  мұрасын 

жинауды  ғалым  Қазанғап  дүниеден  өткеннен  кейін  шамамен  елу  жылдан  соң 

бастады.  Сонда  да  ол  күйші  ақсақалдардың  ерекше  есте  сақтау  қабілеттерінің 

арқасында Қазанғаптың күйлерінің жүз елу түрін жинады. 

Бүкіл  өмірлерін  ауылда  өткізген  күйші  ақсақалдармен  қарым-қатынас 

жасап,  Қазанғаптың  күйлерін,  ол  туралы  әңгімелерді  жаза  отырып,  өмір  мен 

өнер  туралы  пікір  алысу  нәтижесінде  ол  консерваторияда  оған  ешкім 

үйретпеген  күй  ойнау  шеберлігімен  танысып,  солай  ойнауды  үйреніп  және  ең 

бастысы күйшінін өмірін түсініп, оның шығармашылық рухани әлеміне енудің 

қайнар  көзін  тапты.  Күйге  деген  асыл  махаббатын  бөліскен  өзінің  жұбайы 

Сайра  Амановамен  бірге  өте  мәнді,  құнды  екі  еңбек  басып  шығарды.  Олар: 

Қазанғаптың  өмірінен  мағлұмат  бере  отырып,  оның  отыз  күйіне  талдау 

жасалған  "Ак  желең"  және  елу  классикалық  күйлердің  нотасы,  дәулескер 

күйшілердің  өмірінен  біраз  сөз  шертетін,  қазақ  күйлерінін  тарихына  көз 

жүгіртумен қатар сол күйлердің антологиясы болып есептелген "Күй кайнары" 

атты кітаптар [5].  

Оның  жиырма  жылдан  артық  уақыт  аралығында  ақсақалдардан  жинаған 

репертуары  шексіз.  Онда  казақтардын  барлык  домбыралық  мектептерінің  үш 

жүзге  жуык  күйлерімен  қатар  түркімен,  карақалпак  күйлері  бар.  Балаларды 

қазактың  ұлттык  аспаптарымен  таныстыра  отырып,  өзі  де  сыбызғы,  шаңқобыз, 

қыл қобыз, үскірік, т.б. сол сияқты барлық ұлттық аспаптарда ойнауды үйренді. 

Дегенмен  оның  өнердегі  өмірлік  нәр  алар  жемісі  домбыра  және  Қазанғап 

күйлері. 

Оның  бойындағы  еңбекқорлык,  шыдамдылық  сиякты  асыл  қасиеттердің 

негізі өмірден өткен атакты күйшілердің өнеріне және ауыл ақсақалдарына шын 

берілгендігі үшін аруақтардың ризалығында жатыр десек артық болмас. Себебі, 

кемеңгер  Әбділхамитке  Ғарыш  әлемінде  туындап,  ежелгі  мифтерде,  халык 

мұрасында  айтылғандай  жерге  түсетін  солардың  қолдауы  арқылы  саз 

үндестігінін әлемі есік ашады.  

Баска  дүние  әлемінің  нұры  ол  шоғырландырылған  үйлесімді  күйді 

орындағанда әсер етіп, оны Қазақстанның ең үздік домбырашыларының бірі етті. 

Домбырада  ойнаудағы  шеберлік  мәселесі  Әбділхамитті  қазір  көп  ойландырып, 

мазаламайды,  себебі  ол  казір  нағыз  домбыра  құлағында  ойнайтын  шебер.  Ол 



 

 



"шеберлік"  деген  ұғымнын  аясына  өзі  кезінде  үйренуге  үмтылған  жылдамдық, 

дауыс, дыбыс күштілігі деген ұғымдар енбейді. Онын шеберлігі  - ерекше өнер 

туындысы.  Тіл  біткен  домбыра  әуезділігіне  енетін  түрлі  әсем  дыбыс 

бояуларының бір-біріне үласып, мағыналык үйлесім табуда, кідіріс пен саздың 

ырғағын  келтіре  орындауда  бүл  өнердің  маңыздылығы  жатыр.  Бұл  -  терең,  көп 

қабатты күйдің бергі шетін ғана түсініп қою емес, керісінше, оның бет пердесін 

ашып,  тереңде  жаткан  күй  әлемінің  әсем  де  сұлү  табиғатының  мағынасын, 

мәнін  түсіну.  Тындаушыларды  күйдің  жер  бетіндегі  кеңістігінен  тыс  басқа 

әлемде  отырған  шағында,  сол  сезім  тәрбиесіне  лайыкты  каркын  мен  ырғақты 

сезіне  білуге  оның  ерекше  туған  болжағыштык,  сезімталдык  қасиеті 

көмектеседі.  

Сол сәтте туындаған күйдің ырғағы күй әлемінде жүрген тыңдаушыларды 

ғарыштык  тербелістің  ырғағына  косып,  жер  бетіндегі  өнімсіз,  пайдасыз, 

өткінші  өмірден  суырып  алып,  мәңгілік  әсем,  сүлулык  билеген  "саз  әлеміне" 

алып  кетеді.  Ол  өнерсүйер  кауымды  өзінің  шеберлігімен  үйіріп  әкетіп  қана 

қоймай, сонымен бірге рухани жандүниелерін тазарту жүректерін татуластыру 

аркылы  бала  кезіндегі  күй  тартсам  деген  асыл  да  қымбат  арманына  қадам 

басты. Десек те, нағыз саз өнерінің иесі, Ысқак Райымбергенов пен көтеріліске 

дейінгі  халықтың  үлгілі  саз  өнерін  Жеткізуші  ауыл  ақсақалдарынан  тәрбие 

алған Әбділхамит олардың күй ойнау, оны түсіну шеберлігіне жету үшін әлі де 

көп еңбектену керек екендігін мойындайды. 

Жоғарыда айтылып кеткендей, міне, екі мүшелі уақыт болып қалды, осы 

жүмыстардың  бас-көзі  болып,  оның  касында  жан  жары,  жүбайы  Сайра 

Шәкірқызы  жүр.  Сайраның  өз  фамилиясы  да  Бағдаулет  ағаның  фамилиясы 

сияқты  Аманова.  Сол  себепті  ол  өзінің  ғылыми  еңбектерін  Аманова 

фамилиясымен  бастырып  отырады.  Сайра  "Қазақ  халқыньщ  ежелгі  аспаптың 

сазы  (домбыралық  күйлер  негізінде)"  атты  диссертациясын  қорғап,  өнертану 

ғылымының  қандидаты  деген  ғылыми  дәрежесін  алды.  Онда  зерттеуші  "Акку 

(Ақ  каз)"  және  "Ақсақ  күлан"  күйлерінде  сақталып  қалған  қазақтың  ежелгі 

мәдениетінің терең қабатына сәуле шашады [6].  

Уақыт шапкан түлпар сияқты зымырап барады. "Мүрагер" бағдарламасы 

бойынша  білім  алған  алғашкы  оқушылар  бүгінгі  күні  білдей  бір  елдің 

болашағы, канаттары катайып, өмірден өз жолдарын тапкан жастар. Сол сиякты 

Дина  Райымбергенова  да  Әл-Фараби  атындағы  Қазак  мемлекеттік  Ұлттык 

Университетінін  студенті.  Болашақтағы  казак  халкының  дәстүрлі  сазын 

насихаттаушы  және  тарихшы  маманы.  Ал  өз  әкесінің  сыныбында  білім  алып 

жүрген  Санат  Райымбергенов  те  арғы  атасы  Райымберген,  өз  атасы  Ысқақ, 

әкесі Әбділхамит сиякты домбырашы болатынына кәміл сенеді. 

Қалында  бар  асыл  касиетін  дамытып,  болашақтың  үміт  артар  азаматын 

тәрбиелеу Әбділхамиттің де ата-баба алдындағы үлкен парызы екені сөзсіз. Тек 

өз  баласына  ғана  үйретіп,  тек  өз  баласын  ғана  саз  өнеріне  үйіріп  кана  қоймай 

бүкіл  қазақ  үлтының  болашағы  -  жас  үрпақтың  өнердегі  үйыткысы  екеніне 

көзіміз  аз  да  болса  жеткен  сиякты.  Әрине,  бүл  еңбек  үшан-теніз  өнер  әлеміне 


 

 



оның қоскан тамшысы, немесе бір ғана саласы десек, біз, яғни болашак адамы да 

оған үлес косуымыз керек. 

Райымбергеновтер  жанүясын  "өнердің  үйытқысы"  деп  алумыз  да  тегін 

емес. Себебі, олар тек өз өнерлерін дәріптеп қана қоймай, сол өнерді сүйылтпай, 

қаймағын  бүзбай  бір  шоғырға  жинап,  айналасына  үйіріп,  бір  бүтін  ретінде 

үйытып отыр емес пе? 

Ал біздің міндетіміз соған көз жеткізіп кана кою емес, соны жүзеге асыру, 

соның  мәні  мен  мазмүнына  терең  үңілу,  соны  өз  шәкірттеріміздің  жүрегіне 

үялату, өнерге, үлттық сазға, әуенге деген махаббаттарын ояту. 

 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал