Парсы тілінде басқа тілдерден енген экономикалық терминдердің үйрету жолдары



жүктеу 71.54 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі71.54 Kb.

Парсы тілінде басқа тілдерден енген экономикалық 

терминдердің үйрету жолдары 

 

Садықова Р.К. 

Абай атындағы ҚазҰПУ 

ф.ғ.к., доцент 

Алматы қ., 

roza.sadikova@mail.ru

 

 

 



 

ТҮЙІНДЕМЕ   

       Парсы  тілінде  кірме  сөздер  өте  көп,  себебі  парсы    тілі  сан  алуан 

өзгерістерге  ұшырап,  басқа  тілдерден  енген  сөздермен  лексикалық  сөздік 

қоры  байып,  толығып  отырды.  Мысалы:  араб,  түрік,  орыс,  француз  және 

ағылшын  тілдерінен өте көп енген. Әр тілдің өзіндік тарихи жолдары бар. 

Қазіргі  кезде  Иран  елі  басқа  тілден  енген  кірме  сөздерінің  орнына  парсы 

тіліндегі лексиканы енгізіп жатыр. 

       Бұл  мақалада  қазіргі  кезде  парсы  тіліндегі  басқа  тілдерден  енген 

экономикалық  терминдердің  жасалуы  және  парсы  тілінде  оқытылуы 

жайында айтылады. 



АННОТАЦИЯ 

 

       В  персидском  языке  очень  много  заимствованных  слов,  таким  образом 



лексика персидского языка  непрерывно обогащалась. Например очень много 

слов с   арабского, турецкого, русского, французского и английского языков. 

В  настоящее  время  вместо  заимствованных  слов  начали  вводить  исконно 

персидские 

слова. 

       В  данной  статье  рассматривается  образование  экономических  терминов 



иностранного происхождения и их изучение в персидском языке. 

 

 



ABSTRACT 

        There are a lot of borrowings in Persian language, therefore the vocabulary of 

Persian  language   was  continuously   enriched.  For  instance,  there  are  lots  of 

Arabic,  Turkish,  Russian,  French  and  English  borrowed  words.   Today  there  is  a 

tendency  to  introduce  native  Persian  words  in  the  language  instead  of  borrowed 

words. 


       This  article  discusses  the  formation  of  the  economic  terms  of  foreign  origin 

and its study in the Persian language. 



 

        Тірек  сөздер: экономикалық термин, лексика, кірме сөздер, діни, парсы 

тілі, үйрету, Ислам 

 

        Қоғамда адамның ең негізгі қатынас құралы болып табылатын тіл талай 



кезеңдерді басынан кешіргені рас. Өйткені адамның санасы секілді тілдің  өзі 

де  көне,  әрі  мейлінше  көп  салалы  құбылыс.  Халықтың  белгілі  бір  тарихи 

дәуірдегі  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  мәдени  өмір  тіршілігі,  өзге 

елдермен  қарым-қатынасы  және  дәстүрі  ең  бірінші,  олардың  тілінен,  сөз 

мағынасынан  айқынырақ  көрінеді.  Сайып  келгенде,  айтып  өткен  жөн,  адам 

өмірдегі  құбылыстардың  ішінде  ең  алдымен  тіл  маңызды  болып  табылады. 

Тіл адамдардың еңбек ету үдерісінде қажеттіліктен туа отырып, адамдар сол 

көне  заманнан  бері  көмекші  құрал  ретінде  пайдаланылып  келе  жатыр.    Әр 

елдің  өзінің  көршісі  болған  соң  тіл  жағынан  ауыс-түйістік  үнемі  болатыны 

белгілі.  Парсылар  да  өздерінің  ұзақ    тарихы  барысында  өзіне  көрші  немесе 

алыс  жатқан  елдермен  тығыз  байланыс  жасап  келеді.  Соның  нәтижесінде 

қазіргі  парсы  тілінің  сөздік  қорында  араб,  түркі,  француз,  орыс,  ағылшын 

және т.б. тілдерден ауысқан элементтер кездеседі. Осы кезеңге дейін парсы  

тілі  сан  алуан  өзгерістерге  ұшырап,  басқа  тілдерден  енген  сөздермен 

лексикалық сөздік қоры байып, толығып отыр. 

        Араб  шапқыншылығына  дейін  парсы  тіліне  ерте  грек,  арамей,  латын 

тілдері өз әсерін тигізді. Соған байланысты шамамен екі ғасыр уақыт ішінде 

араб тілі Иран халқының тарихында мәңгі өшпестей із қалдырды. Дегенмен, 

ХІХ-ғасырдың  екінші  жартысында  парсы  тілі  өз  күшіне  еніп,  жалпы 

халықтық  тілге  айналды  да,  араб  тілі  екінші  дәрежелі  тіл  ретінде  қалды. 

Осылай  араб  тілі  парсы  тілінің  лексикалық  құрамына  ғана  емес, 

грамматикалық  ерекшелігіне  де  әсер  етті.  Ирандықтар  арабтардың  таңба, 

жазу  жүйесін,  диакритикалық  таңбаларын  өзгертпей  сол  қалпында 

қабылдады. 

       Парсы  тіліндегі  кірме  сөздердің  көбісі  араб  тілінен  енген  лексикалық 

элементтер    болып  табылады.  ХІ-ғасырдың  екінші  жартысында  діни,  саяси, 

мәдени,  экономика,  ғылыми,  әдеби,  әскери  салада  парсы  сөздері  араб 

сөздерімен  ауысты.  Мысалы:  mosallem  мұсылман,  masjed  мешіт,  mellat  ұлт, 

ketab кітап, loqat сөздік және т.б.  Парсы тілі ғылым мен техниканың, әдебиет 

пен  мәдениеттің  дамуы,  саяси  әлеуметтік  және  экономикалық  байланыстың 

арқасында  сөздік  құрамы  толыға түсті . 


      1935 

жылы  ұйымдастырылған  тіл  және  әдебиет  академиясы 

(Фарһәнгестан)  «Парсы  тілін  шетел  сөздерінен  тазарту  үшін»  қаулы 

қабылдады.  Бұл күрес әлі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Сол уақыттан 

бастап  қаншама  араб,  түркі  сөздерінің  орнына  парсы  төл  және  жасанды 

сөздері енгізілді. Қазіргі кезде бұл мәселеге кең көлемде көңіл бөлініп отыр.  

     Араб тілінің парсы тіліне әсері өте күшті болды.  Иран  тарихшыларының 

айтуынша,  ол  араб  халифасының  қарамағына  Сасани  әулетінің  соңғы  өкілі 

Йездегерд ІІІ тұсында хижридің 21-жылы (миладидің 643-жылы) енді. Міне, 

осы  21-хижри  жылы  Иранның  ислам  дінін  ресми  қабылдауы  болып 

есептеліп, Иранның Ислам дәуіріндегі тарихының басы болып саналады. 

        Иранның 200 жылға жуық тікелей араб халифасының құрамында болды. 

Міне осы екі ғасырға жақын уақыттың ішінде Иран және араб халифасының 

ықпалындағы  елдердің  жергілікті  тұрғындары  өздерінің  дінін,  фәлсәфи, 

әдеби, дәрігерлік, т.б. салалардағы шығармаларын араб тілінде жазды, басқа 

тілдердегі ғылыми және әдеби кітаптар араб тіліне аударылды,  медреселерде  

сабақ  тек араб тілінде жүргізілді, ресми үкімет орындарында, хат жазып, хат  

алуда    араб  тілі  пайдаланылды,  өздерінің  төл  жазуы  бар  елдер  түгел  дерлік 

араб жазу жүйесіне ауысты. 

        Тек  ислам  дәуірінің  үшінші  ғасырының  (б.з.б.  ІХ-ғасырының)  екінші 

жартысынан  бастап,  әсіресе, Самани әулетінің тұсында жаңа парсы (дари) 

тілі өз күшіне мініп, қуатын бойына жиып, жалпы халықтық тілге айналды, 

араб тілі екінші дәрежелі, негізінен діни тіл ретінде қалды. Парсы тілі – осы 

кезеңнен  XVI  ғасырға  дейін,  тіпті  одан  да  бері  Таяу    Шығыс    пен  Орта 

Азияда халықаралық, ғылым, әдебиет, мәдениет тілінің рөлін  атқарды, парсы 

тілін білу – көзі ашық адамның мәдени көрсеткіші, өлшеуіші болды. 

       Егеменді,  тәуелсіз  өмірдің  айғағы,  жаңа  парсы  классикалық  әдебиетінің  

негізін  салушы  Рудакиден  (329 хижри-қамари, б.з. 941 жылы дүние салған) 

бастап парсы әдебиеті төрт аяғынан тік тұрып, қанатын кең жайды. 

       Орта  парсы  тілінің  табиғи  жалғасы  жаңа  парсы  тілінде  Әбілқасым 

Фердоуси  «Шаһнамесін»,  Омар  Хайям  рубаиларын,  Саади  Ширази 

«Гүлэстан»  мен  «Бустанын»,  Мұхаммад  Хафез  ғазелдерін,  т.б.  ондаған-

жүздеген  шайырлар  өздерінің  «құлақтан  кіріп,  бойды  алар»  өлең, 

дастандарын  дүниеге  келтірді.  Ғылымның  барлық  салалары  –  тарих, 

теология, т.б. бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілді. 

        Парсы тілінде 28 әріптің ٽ с, ح һ, ص с, ض з, ط т, ظ з, ع ейн, غ ғейн –араб 

сөзінен  енген  кірме  сөздерді  таңбалауда  ғана  қолданылады.  Сол  сияқты  

арабтың  бұрыс  көпше түрлері, кісі аттары кең жұмсалады. Парсы тіліндегі 

кірме  сөздердің      көбі  араб  тілінен  енген  лексикалық  элементтер.  Оларды 

парсы төл сөздерінен ажырату аса қиын емес: араб кірме сөздерінің көбісі  – 



түбірі  үш  дауыссыз  дыбыстан  тұратын  етістіктен  жасалған  есім  сөздер  мен 

есімшілер.  Олардың  араб  тілінің  морфологиялық  құрылыс  заңына  орай 

жасалған  ерекшеліктері  менмұндалап,  тегі  бөлек  екендігін  тайға  таңба 

басқандай көрсетіп тұрады.  

       Әрине, тек түбірден құралған сөздер жоқтың қасы. Әдетте сөз құрамында 

түбірден  (үш  дауыссыз  дыбыстан)  дауысты,  кейде  дауыссыз  дыбыстар 

болады [1].    

       Араб сөзінің құрамындағы дауысты дыбыстар құбылмалы, өйткені сөздің   

Араб тілінде түбірі үш дауыссыз дыбыстан тұратын етістіктердің алуан түрлі 

мағына беретін 15 бабы (باب) (араб, парсы тілінде баб деп аталады)  бар. Әр 

бабтың  өзіндік  масдарлары  бар.    ردصم  мәсдәр  –  дегеніміз  белгілі  бір 

грамматикалық  форма,  тұлға.  Мысалы:    ردصم  مسا      етістікпен  жасалған  есім 

сөздер және т.б. айтуға болады.  

       15  бабтың  тоғызы  (  біріншіден    оныншыға  дейін  тоғызыншы  бабтан 

басқалары)  парсы  тілінде  жиі  кездеседі,  оның  әрқайсысының  тек  өзіне  ғана 

тән мәсдары мен мағыналық ерекшеліктері бар [2].  

        Араб  тілінің  сөздіктерінде  сөз  әліппе  ретімен  берілмей,  түбір  сөздің 

ұясында  ғана  беріледі.Төмендегі  араб  тілінен  парсы  тіліне  енген  сөздерді 

парсы  сөздігінен  әліппенің  ретімен  іздеп  тапсаңыз,  оларды  араб 

лұғаттарынан      بتک    кәтәбә  жазу  етістігіне  арналған  ұядан  ғана  табасыз. 

Мысалы:  بتاک  хатшы,  жазушы,

 

باتک     кітап,   



   

  بوتکم хат    және  т.б.  жазуға 

болады. Осылай масдарлар мен есімшелер басқа да есім сөздер секілді белгілі 

бір  үлгі  негізінде  жасалады.  Сондықтан  оларды  есте  сақтау,  бейтаныс 

сөздерді  дұрыс  оқуға  негіз  болады,  әрине  ол  үшін  сөздің  (түбірдің)  түп 

мағынасын білу керек. 

          Соңғы жылдары бірнеше мың европа тілінен парсы тіліне  кірме сөздер 

енді. Жаңа  сөздердің жасалуы әртүрлі болып, бұл сөздер мәдениет, тіл, ұлт 

қажеттілігіне  қажет.  Сондай-ақ    жұмыс  барысында  әр  салада  ол  сөздерді 

қолданамыз.  Әскери кірме сөздер Исламға дейін кірді. Мысалы:       

شترا

-

   



  رادساپ  ،نابژد  ،دیشترا،    және  т.б.  Бірақ    кейбір  кірме    сөздер    мәдениетіне  сай 

келмейді және грамматикалық, фонетикалық ережелеріне сайкес емес. Парсы 

тілі    орталығы  «Фәрһәнгестан»    кірме  сөздердің  баламасын  тауып  жұмыс 

істеп жатқанын айтқымыз келеді.  Мысалы: анатомия сөзінің  орнына

    

  →


  یسانشدبلاک

  →


  یموتانآ

      تروپساپ    паспорт    сөзінің    орнына→    همانرذگ,  компьютер 

сөзінің орнына 

  روتیپماک

→  →

هنایار


, e-maile  لیمیا   → 

сөзінің  орнына 

 

  همانایار ,    



субсидия сөзінің орнына  

دیسبوس


 →

هنارای


 және т.б. сөздерді айтуға болады. 

         Бұдан  басқа  экономика  саласында  қолданылатын  төмендегідей  сөздер 

парсы  тіліне  енді:  интернет  –    تنرتنا,  телефон  نفلت,  сайт 

 

تیاس ,  цемент 



 

نامیس , 


кислород 

 

 نژیسکا , банк  کناب , почта 



 

 تسپ , 


 

ناروتسر ресторан, 

 

 سروب  грант  және 



т.б. сөздерді келтіруге болады. 

         ХІХ    ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында    европа  тілдері  парсы 

тіліне  қатты  әсер  етті. Соның ішінде француз кірме сөздері бірінші орында 

тұрды. Мысалы: парламент  Parlaman, мемлекеттік төңкеріс  kudeta,  кабинет 

kabin,  режим  rejim,  трибуна  teribun,  пропаганда  propaganda,  демократия  

demukrasi  және т.б. сөздері енді. 

        Осыдан  француз  кірме  сөздері  парсы  тілінде  мәдениет,  экономика, 

ғылым,  өнер,  техника  және  тағы  басқа  салада  француз  кірме  сөздерімен 

толықсып  көбейе түсті.   

       Европалық  мәдениетке  еліктеген  аристократтар  мен  интеллигенттердің 

шет  елге  шығуына  байланысты  көптеген  терең  өзгерістер  туындады.  Киім 

кию,  сөйлеу  мәнері  өзгерістерге  ұшырады,  соның  нәтижесінде:  салон  salon, 

рахмет mersi, әдемі киіну shik,мода mod, шалбар shalvar, лидер lider  және т.б. 

сөздер парсы тіліне енді. Ал ағылшын тілінің сөздері ХІХ ғасырдың соңынан 

ене бастады. Техниканың өркендеуіне байланысты және ғылымның дамуына 

орай көптеген халықаралық терминдер осы ағылшын тілінен алынды. 

        Сайып  келгенде,  айта  кеткен  жөн,  қазіргі  таңда  ағылшын  тілінің 

шарықтаған  кезеңі  тұсында  ағылшын  тілі  тек  парсы  тілінде  ғана  емес, 

сондай-ақ басқа тілдерде де жиі қолданыла бастады:  джип jip, джаз jaz , торт  

keik  және тағы басқалар қолданысқа енді. 

          Ресей  мен  Иран  арасындағы  экономикалық    қарым-қатынастары  ХVІ 

ғасырдың  екінші  жартысына  жатады. Осы орайды, Поволжье, Астрахань, 

Каспий  теңізі  жағалауының  ең  шарықтаған  кезеңі  болып  табылады.  Шаһ 

Аббас-2  (1664  ж.)  орыс  көпестерін  парсы  қалаларында  еркін  сауда-саттық 

жасауға рұқсат берді. Осы кезеңде мына сөздер бөшке boshke, стакан estekan, 

самаурын samovar, квас kavas  және т.б. сөздер. 

        Ал,  екінші  топ  кірме  сөздері  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  басында 

патшалық  Ресей  Иранда өзінің экономикалық ықпалымен  әсер етті. Яғни,  

жолдар,  орыс  банкілері  салынды,  сауда-саттық    орталықтары,  әскери 

бөлімдер  ашылды.  Сол  кезде  төмендегі  сөздер  енді.  Мысалы:  дорожка  

daroshke, вагон vagon, тормоз tormoz. Әрине,   мұндай сөздердің ерекшелігіне 

көңіл бөлген жөн. 

         Қажарлардың  ел  билеген  тұсында  (1794-1925  жылдары)    ирандықтар 

француздармен   және  басқа да европалықтармен  қарым-қатынаста болуы, 

осының  нәтижесінде  парсы  тіліне  көптеген  европалық  сөздер,  оның  ішінде 

француз тілінен көптеген  сөздер енді. 

       

Түркі  тілінен  экономикалық  терминдердің  саны  оншалықты  көп  емес. 



Мысалы: 

 قاملا

 ندیرخ



сатуға мәжбірлеу 

 قامتاس


نتخورف


-

 

  сату 



کمیری

-

نتفر ندناهار



-

 жұмыс істеуге жол көрсету 

هقوذآ азық – түлік  

   راغت  -

 

  /دنزیرب  نآ  زج  و  مدنگ  نآ رد  هک  یزیچ  :نیجرُخ  یانعم  هب  لصا  رد     қоржын  дегенді 



береді, оның ішіне бидай немесе басқа заттар салған. 

  )رازه هد(ناموتтуман / иран ақшасы/ 

  .تسا یسراف هناخ ینعم هب ناخ اما.گرزب .ریما . سیئر ینعم هب ناخ   Бастық  

  یکرت )نیعم( یکرت مناخ

-

 

 ханым  



        Осылай  ерте  кезден  ирандықтар  түркі  тілдес  халықтармен  тығыз 

байланыста  болды.  Тарихи-археологиялық,  көркем  әдебиеттерде  кездесетін 

түркі  тілдерінің  сөздері  де  біршама  кездеседі.  Сондай-ақ  түркі-монғол 

сөздері де парсы тіліне әсер етпей қойған жоқ. Бұл тілдер қазіргі парсы сөздік 

қорында араб пен европа тілдерінен кейін үшінші орынды иеленді. 

        Парсы  тілінде  40  немесе  50  пайыз  араб  тілінен,    он  пайыз  европа 

тілдерінен  енген  сөздер  бар.  Бұл  сөздердің  әрқайсының  өзіндік  

ерекшеліктері бар: Ислам дінің Иранда таралуы, Ислам дінінің қабылдануы, 

монғолдардың шабылуы, және олардың ұзақ жылдар бойы Иранда орнығуы, 

түрік патшалығының  басқаруы, орыстардың шабылуы, сауда-саттықтар, тіл 

қажеттіктері,    шетел  тілінен  аударылған    кітаптар,  ирандық    студенттердің  

шетелде білім алуы және олардың  Иранға  қайта оралуы, туристердің Иранға 

келуі,  жаңа  технологияның  енуі,  ғылымилықты  көрсету,  сол  тілде 

баламалардың болмауы  және т.б. айтуға болады.  

        Араб тіліндегі  бабтардың негізінде داصتقا     экономика 

 

دقعنم  келісілген, 



کلهتسم  төленген,  ضرقتسم  қарыздар,  дебиттер,  есептелінген      بوسحم  ,

 

 لاصحتسا  



өндіріс  және  т.б.    сөздер  парсы  тілінде    экономикалық  терминдер  жасаған. 

Түрік  тілінен  ناموت    )رازه  هد(  туман  /  иран  ақшасы, 

  قاملا



  ندیرخ



    сатуға  

мәжбірлеу,

-

 

      قامتاس сату,



 

کمیری   --  жұмыс  істеуге    жол    көрсету    және    т.б. 

сөздер  атауға  болады. Ал европа тілдерінен парсы тіліне мына сөздер енгені 

және кең қолданысқа  ие . Субсидия   

  

هنارای ,


 

 سروب  грант, банк  کناب ,

 

روتیپمک   



компьютер   және т.б.  терминдерді көрсетуге болады.  

        Әрине  парсы  тілін  үйрету  барысында  жоғарыда  аталған  лексикалардың 

шетел  тілінен  қалай  енгенін  көрсете  отырып,  үйретсе,    парсы  тілі  сөздерін 

меңгерту тиімді болады. Дегенмен парсы тіліндегі экономикалық терминдер 

кең  қолданысқа  ие  және    экономиканың  дамуына  байланысты  басқа 

тілдерден  түрлі терминдер парсы тіліне еніп, толықсып отыр. 

 

  

 


 

        


        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 

 

1. Рүстемов Л.З., Самарэ  И.  Парсы  тілінің  ізашары.  –  Тегеран,  1994.  –  



495 б. 

2.  Овчинникова  И.К.,  Мамез-Задэ  А.К.  Учебник  персидского  языка.  –

Москва.1994. 

 

  

 

 

 



 

 

 



 

 

  



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал