Пайғамбардан ﷺ СӨз даналығын үйренеміз



жүктеу 42.51 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі42.51 Kb.

ПАЙҒАМБАРДАН ﷺ СӨЗ ДАНАЛЫҒЫН 

ҮЙРЕНЕМІЗ... 

3356 рет оқылған  

  

 



 

  

Барлығымыз бір Жәннатты армандап жүрген пендеміз. Барлығымыз 



амалдардың  жақсысын  жасап,  адамдардың  жақсысы  болғымыз 

келеді.  Иә,  жақсы  амал...  Алла  Тағала  өлім  мен  өмірді  сендердің 

қайсыларың  амал  етуде  жақсырақ  екенін  сынау  үшін  жараттым 

дейді.  («Мүлік»  сүресі,  2-аят).  Көп  амал  емес,  жақсы  амал!  Күн 

өткен  сайын  ең  жақсы  амалдардың  бірі  –  үндемеу  екендігіне  көзім 

жетіп  келеді.  Сізді  қайдам,  күн  сайын  ұйқы  алдында  өзімнен  есеп 

аламын  және  күнәларымның  басым  бөлігі  тілден,  дер  кезінде 

үндемей  қала  алмаудан  екендігін  түсінемін.  Ал «Ол  қандай  сөз 



айтпасын, 

оның 

жанында 

дайын 

тұрған 

бақылаушы 

бар» («Қаф»  сүресі,  18-аят) деген  аят  есіме  түсе  қалса,  жанымда 

қоярға жер таппай қаламын.  Себебі, бір күн ішінде ауызға алатын 

сөздерімізден  бір  кітап  жазып  шығаруға  болады  емес  пе?  Ал  оның 

қаншамасы күнә қатарында екен?

 

Әдемі  сөйлеп  үйрену  –  өнер,  ал,  керісінше,  үндемеуді  үйрену  – 



тіптен  үлкен  өнер.  Қажет  кезде  үндемей  қалу  сондай  қиын!  Бір 

данышпан  кісі:  «Мен  шөл  далада  ораза  ұстап  жүруге  шыдадым, 

алайда,  қажетсіз  бір  сөзді  ұстап  қалудың  қиындығына  төтеп  бере 

алмадым»  деген  екен.  «Сөздің  де  орны  бар,  орынның  да  сөзі  бар» 

деп  қалай  тамаша  айтылған  ә?!  Осы  екі  таңдауды  дұрыс  жасай 

алмай, қаншама адам опық жеді, күнәға батты. Қаншама ата-ананың 

жүрегі  ауырып,  қаншама  шаңырақ  шайқалды.  «Айтылған  сөз  – 


атылған  оқ».  Тіліңді  тістеп  қалудан  басқа  шара  жоқ.  Алла  Елшісі 

(оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  Миғраж  түні  өте 

кішкентай  шұңқырдан  шыққан  үлкен  бұқаны  көреді.  Бірақ,  ол 

шыққан  жеріне  қайта  алмай  қиналып  жатады.  Сонда  Жебірейілден 

(оған Алланың сәлемі болсын): «Бұл кім?» деп сұрайды. Ол: «Бұл – 

адамның  айтқан  сөзі,  ол  сөзін  қайтадан  қайтарғысы  келді,  бірақ 

жасай алмады» деген екен. (Баззар).

 

Үндемеушілік  –  исламда  қашанда  жоғары  бағаланған.  Өз  ойынан 



сөйлемейтін  адамзаттың  ұстазы  Мұхаммед  Пайғамбар  да  (оған 

Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  аз  сөздің  адамы  еді.  Оның 

үндемеуі  –  ой  жүгіртуі  болатын.  Сахабалар  оның  бұл  әдетін 

кереметтей  баяндайды.  Олардың  айтуынша,  Алла  Елшісі  (оған 

Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  тек  қана  адамдарға  пайда 

әкелетін  сөздерді  сөйлетін  болған  екен.  Алла  Тағаланың  көкейіне 

құйғанын  ғана  сөйлейтіндігіне  қарамастан  үндемеуді  құп  көретін. 

Және 


жөн-жосықсыз 

сөйлейтіндерді 

жақтырмайтын. 

Үндемеушіліктің  жемісі  –  сый-құрмет,  салмақтылық,  даналық. 

Адамның  үндемеген  сайын  даналығы  арта  түсетіндігін  байқап 

жүрмін. Мен сыйлайтын ақылды адамдардың көпшілігі аз сөйлейтін 

болып келеді. Және оның бір ауыз сөзінің өзі сені рухани байытып, 

танымыңды арттырады. Әңгіменің ашығы – мен үндемеуді үйренгім 

келеді.  Бүгінгі  мақалада  Пайғамбардың,  сахабалардың  және 

ғұламалардың 

үндемеуге 

қатысты 


қанатты 

сөздерін 

топтастырмақпын. Бірге үйренейік!

 



         

«Құпия  сұхбаттардың  көбінде  еш  қайыр  жоқ.  Тек  кім  Аллаға 

жақындау  мақсатында  садақа  беруді  немесе  құпталғанды,  не 

адамдардың  арасын  жарастыруды  бұйырған  болмаса.  Кім  мұны 

Алланың  ризалығын  іздеп  істесе,  жақында  оған  ұлы  сый  береміз». 

(«Ниса» сүресі, 114-аят).

 



         



«Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы 

сөз айтсын немесе үндемесін». (Бұхари, Муслим).

 



         



«Жақсы  сөйлеп,  игілікке  жеткен  немесе  үндемей  қалып  құтылған 

адамға Алланың кешірімі болсын!». (Тирмизи).

 



         



«Кім  маған  екі  ұрты  мен  екі  санның  арасындағыға 

(мүшелеріне)  ие  болуға  кепілдік  берсе,  мен  оған  жәннатқа 

баруына кепілдік беремін». (Бұхари).

 



         

«Мұсылман адамның исламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі – бос 

сөзден арылу». (Бұхари).

 



         

«Үндемеу – даналық. Алайда, бұған ілесетіндер өте аз». («Байхақи).

 



         



«Ақиқатында,  құл  өзі  байқамастан  Алла  Тағалаға  ұнамды  нәрсе 

айтуы  мүмкін,  осы  үшін  Алла  Тағала  оның  дәрежесін  көтереді. 

Ақиқатында,  құл  байқаусызда  Алла  Тағаланың  ашуын  тудыратын 


сөз  айтып  қоюы  мүмкін,  осы  үшін  Алла  Тағала  оны  Тозаққа 

тастайды». (Бұхари).

 



         



«Адам  баласы  таңертең  ұйқыдан  оянғанда  барлық  дене  мүшелері 

тілге  бойсұна  былай  дейді:  «Біз  үшін  Алладан  қорықшы, 

барлығымыз  саған  тәуелдіміз  және  сен  түзу  болсаң,  біз  де 

туралықты  ұстаймыз,  ал  сен  қисықтық  жасасаң,  біз  де  қисаямыз». 

(Тирмизи).

 



         

Суфьян  Абдулла  (оған  Алла  разы  болсын)  айтады:  «Мен  Алла 

Елшісінен  мен  үшін  қорқатын  нәрселеріңнің  ішіндегі  ең 

қорқыныштысы  не?»  деп  сұрадым.  Ол  тілін  көрсетті  де:  «Мынау» 

деді. (Тирмизи).

 



         

«Тыңдаңдар,  мен  сендерге  құлшылықтың  ең  қарапайым  әрі  жеңіл 

түрін  айтамын  –  бұл  үндемеу  және  көркем  мінез-құлық».  (Ибн  әд-

Дунья).


 

         



«Егер сендер, үнсіздікті сақтайтын мүмінді көрсеңдер, оған құрмет 

көрсетіңдер, онымен  жақындасыңдар, ол даналық  көрсетуде».  (Ибн 

әд-Дунья).

 

 



 

         



«Сіздің  үнсіздігіңізді  түсінбеген  адамның  сөздеріңізді  түсінуі 

екіталай». (Эльберт Хаббард).

 



         



«Жүрек  таза  болғанда  ғана  тілден  оңды  сөз  шығады» (Әли  ибн 

Әбу Талиб).

 



         



«Сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше үндемей 

отыруың әлдеқайда артық». (Әбу Бәкір).

 



         



«Жүрегіңнің қарайғанын, тәніңнің шаршағанын байқасаң, дүниеден 

еншіңді алудан қалсаң, біл, сен қажетсіз нәрселерді айтып қойдың». 

(Мәлик ибн Динар).

 



         

Бір күні Хасан ибн Әбд Синан үлкен үйдің жанына өтіп бара жатып 

өзінен:  «Қызық,  мына  үйдің  соғылғанына  қанша  уақыт  болыпты?» 

деп сұрайды. Сонан кейін нәпсісін айыптап: «Уа, азғырылған нәпсі, 

сен өзіңе пайдасыз, қажетіңе жарамсыз нәрсеге қызығудасың» дейді. 

Осыдан  кейін  ағаттықпен  қойылған  сұрағының  өтемі  ретінде  бір 

жыл бойы ораза ұстаған екен.

 



         

Бір  кісі  Хасан  әл-Басриге:  «О,  Хасан,  пәлен  деген  кісі  сен  туралы 

ғайбат  айтты»  дейді.  Сонда  Хасан  әл-Басри  ғайбат  айтқан  адамға 

ыдыс толы құрма беріп жібереді де: «Сенің маған сауапты істеріңді 

сыйға  тартқаныңды  естідім,  сондықтан  да,  саған  алғыс  айтқым 

келді» дейді.

 



         



Өзінің  тақуалығымен,  шыншылдығымен  танылған  Әбу  Бәкір  (оған 

Алла разы болсын) жиі-жиі тілін қолымен ұстап тартатын. Хазіреті 

Омар  (оған  Алла  разы  болсын)  мұның  сырын  сұрағанда: «Бұл   – 

маған қауіп төндіреді» деп жауап береді.

 


         

Мұсылмандардың екінші билеушісі Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла 

разы болсын) Худайбиядағы ойланбай сөйлеген сөзі үшін өмір бойы 

опық жеп, «қалған өмірімде жасаған барлық игі ісім сол сөздерімнің 

өтеуі болса екен» деумен болған.

 



         



 «Кім  көп  сөйлесе  –  жиі  қателеседі,  кім  жиі  қателессе  –  күнәға  көп 

батады,  ал  кім  көп  күнә  жасаса  –  тозаққа  көбірек  лайықты»  (Омар 

ибн әл-Хаттаб).

 



         

«Үндемеу де – жауап!» (Ибн Хиббан).

 



         



«Үндемеуді  құп  көретіндер  –   өз  жанымен,  нәпсісімен  күресіп 

жүрген адамдар десек, олар мұны сөздің өзін бақытсыздыққа душар 

ететіндігін  түсінген  соң  жасайтын  болды».  (Абдул  Қасым  әл-

Кушайри).

 



         



«Үндемеушілік  –  жан  дүниесін  тәрбиелеуге  кіріскендердің  ерекше 

сипаты». (Абдул Қасым әл-Кушайри).

 



         



«Әдемі  сөйлеп  үйренгендеріңдей,  үндемеуді  үйреніңдер!».  (Әбу 

Дарда).


 

P.S: «Алла разылығы үшін айтылмаған сөзде қайыр жоқ» екен... 

Бұл – сізге де, бізге де насихат!

 

  



  

 

 



www.asylarna.kz

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал