Пайдаланылған әдебиеттер


Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері



жүктеу 0.67 Mb.
бет44/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері
Ойдың мазмұнын күшейтіп, әсерлі (мәнерлі) түрде жеткізілуін сөйлемнің экспрессивтілігі дейді.
Оқулық авторларының көрсетуінше, экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері әр түрлі, бастылары мыналар:
1. Экспрессивтік мағына дауыс ырғағын мазмұнға сай құбылту арқылы пайда болады (интонация).
"Абай жолы" романындағы мысқылдап күлген чиновникке Абайдың айтқаны: "Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой!— (М.Әуезов) ойнақы, көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жеткізіледі.
2. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз мәнді сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына үстеуге болады. Салыстырыңыз: Мен институтты бітіремін — Мен институтты бітірмей қоймаймын (алдына қойған мақсатқа жету мәні сезіледі).
3. Баяндауыштың 1 жақтық жіктік жалғауын -мен (-ман), -бен (-бан), -пен (-пан) түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады. Мұндай болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді. Мысалы:
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысымды қашырман!
Бұлтқа жетпей шарт сынбан,
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман! (Махамбет)
4. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. Көп білген жақсы — көп білгенге не жетсін! Ол сөйлей бастады — Ол сөйлей жөнелді.
5. Сөйлемде етістікті баяндауыштардың қайталануы арқылы да, синтетикалық және аналитикалық формадағы болымсыз баяндауыштардың да қатар қолданылуы арқылы экспрсссивті мән жасаудың синтаксистік амалдары болады. Мысалы: Есіл, Тоғжан, ұмытпаспын, ұмытпаспын! (М.Әуезов). Есебім былғанған да жоқ, былғанбайды да!— деп жауап қайтарды (Ғ.Мүсірепов).
6. Инверсиялық қолданыс та сөйлемге экспрессивтілік мән үстейді: Оны білген Құнанбай жоқ (М.Әуезов). Оның сөзіне құлақ асқан мен жоқ.

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет