Пайдаланылған әдебиеттер


Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау



жүктеу 0.67 Mb.
бет42/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:

  1. Стильдік мәні бар, түрлі мақсатта жұмсалатын қай сөз табы.

  2. Етістік тұлғалардың қызметі, түрлі мағыналық реңктері.



13-лекция
Стилистикалық синтаксис туралы жалпы түсінік. Жай сөйлемнің құрылысы. Жай сөйлемнің кейбір түрлерінің синонимдігі. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің стилистикалық қызметі. Бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылуы. Қаратпа сөздер мен сөз тіркестері. Қыстырма сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер.
Қажетті әдебиеттер:
1. Балақаев М., т.б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 1974, 149-185-6.
2. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. А., 1970, 7-4, 151-154-6.
3. Серғалиев М. Синтаксистік конструкциялардың синонимиясы (методикалық нұсқау) ҚазМУ. А., 1987, 3—9-6.
4. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы. А., 1968, 5—7-6.
5. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу тәртібі. А., 1970, 7-68.
6. Кәрімов X. Қанатты тіл. А., 1995. 71-106-6.
7. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., ҚазМУ, 1997, 18-40, 117-146-6.
8. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 1998, 124-154-6.
9. Солганик Г. Я. Синтаксическая стилистика. М., 1973, с. 3— 98.


Синтаксистік стилистика туралы жалпы түсінік.
Тілдік құралдардың стилистикалық жұмсалу мүмкіншіліктері өте кең. Ғалымдардың пікірінше, синтаксистің стилистикалық мүмкіндігі өте мол. Өйткені тілдік қарым-қатынас сөйлем, оның әр түрлі үлгілері, түрлері негізінде жасалатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық, мақсаттық түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, инверсияланып жұмсалуы, жай сөйлем, құрмалас сөйлемнің түр-түрі, синонимдік қатарлары — бұлар бай стилистикалық ресурстардың қатарына жатады. Сөйтіп, стилистика синтаксистік тұлғалардың да жұмсалу аясын, экспрессивтік мағынада қолданылу ерекшеліктерін тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады. Яғни сөйлеуде не жазуда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің құрылысы арқылы берілетін әр түрлі стильдік рең, мағына-бояуларды, оны дұрыс пайдалану тәсілін зерттейді.
Сөйлеу тілінде де, жазуда да ой айқындылығы шарты сақталуы керек, ол үшін сөйлем жатық құрылуға тиіс. Өзара логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөз образдылығы болса, оның эстетикалық әсері айрықша, әсіресе, көркем шығармаларда сөйлем түрлері, инверсия, сөйлем мүшелерінің қайталануы стильдік мақсатта жиі қолданылады. Ал сөз бен сөздің байланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем құрастырудан жіберілген кемшіліктер стильдік-синтаксистік қате боп танылады (Интернатқа Бораштың апасы келіп, апасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, кұшақтады).
Стильдік мақсатта жұмсалған синтаксистік құрылымдарға назар аударалық:
Мысалы, Алтайдың аязды қысында, суық автобуста тоңып отырған екі жас жолаушының диалогі төмендегідей:
"Менің осындай мүшкіл халімді сезді ме, қыз:
— Пима киіп шықпаған екенсіз,— деді.
— Сол құрғырың жоқ қой.
— Не? Ақша ма, пима ма?
— Түрмеден босап шығып па едіңіз?— Әзілдеді ме, шыны ма — айыра алмадым...

— Өзің қайдан келесің?
— Мен де Алматыдан.
— Оқисың ба?
— Иә.
— Қайда?
— Қыздар институтында.
— Факультеті?
— Тіл-әдебиет.
— Қайда барасың?
— "Өркен" аулына. (О. Бөкеев. Ән салады шағалалар).
Бұл жерде диалогтің қысқа сөйлемдермен (көбі толымсыз деп аталатын бастауыш, баяндауыш немесе өзге сөйлем мүшелері түсіріліп айтылған конструкциялармен) берілуі, біріншіден, тоңып, берекелері қашып отырған адамдар үшін нанымды болса, екіншіден, әңгімелесушілердің бірі журналист (қысқа сұрақтар қойып, сұхбат алып үйренген) болғандығына байланысты.

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет