Пайдаланылған әдебиеттер


Қарапайым: «ит жанды», «өзің білмейсің, білгеннің тілін алмайсың» т.б. Тұрпайы



жүктеу 0.67 Mb.
бет4/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
Қарапайым: «ит жанды», «өзің білмейсің, білгеннің тілін алмайсың» т.б.
Тұрпайы: «ит жоқта, шошқа үреді», «сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды».
Жергілікті: жедел беру - ңұскау беру; бүйірін шертіп шығу - тойып шығу; бой қаққан - араласпаған т.б.
Кәсіптік: шопан ата таяғы, ашық сабақ, эфирге шығу, құлап қалу т.б.
Сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. Сол сияқты, сөйлеу тілінің ерекше бір түрі - монолог. Монологты сөз өте күрделі ойға құрылып, әр түрлі тәсілмен жеткізіледі.
Мұнда кітаби - жазба стильдерге тән ерекшеліктер мен заңдылықтар қатал сақталады. Сондықтан монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Міне, бұл айтылғандар сөйлеу тілінің жұмсалу аясы күн сайын кеңи түсіп, тұрмысқа әдеби сөйлеу үлгісі де еркін ене бастағандығын дәлелдейді.
Кітаби-жазба стильдер. Кітаби-жазба стильдер, осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Кітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, солғұрлым ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стильдердің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Әдеби тілде сөйлеу, жазу талабы артады. Өйткені, «тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу - ол тілді білмегендіктен болып саналады». Сөйлеу тілі өзінің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, белгілі бір шеңберде пайдаланылуы қажет. Кітаби-жазба стильдерде де, әсіресе, көркем шығарма мен публицистикалық шығармаларда да сөйлеу тілінің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалса ғана орынды.
Іс-кағаздары стилі мен ресми стиль. Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады, Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру хат, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрык, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әркайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай қағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы менгеріледі.
Ресми стильдің көлем, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс қағаздарының біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа түсіпе отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғары указдар, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары жазылады.

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет