Пайдаланылған әдебиеттер



жүктеу 0.67 Mb.
бет36/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
Перифразаларға жататындар: қыз бала - тақия тігер, қырық жеті; ер бал - ат ұстар, еркек кіндік; ақшам аз - қалтам таяз.
Перифразаның ерекше бір түрі - эвфемизмдер. Перифразаның бұл түріне бірнеше мысал келтірейік. Өтірікші - аузының желі бар; түсінеді - төбесі тесік; ұры - қолының жымырқасы бар; ұрлану - қолды болу т.б.
Фразеологиялық синонимдер бір-бірінен семантикалық реңіне, стильдік бояуына және қолдану аясына қарай ерекшеленеді. Мысалы, тайға таңба басқандай, атқан тандай, соқырға таяқ ұстатқандай синонимдері ашық, айқын деген ұғымды білдіретін мағынасы жақын сөздердің тіркестері болғанымен, олардың экспрессивті қасиеттері мен қолдану аясы бірдей емес. Мұндай өзгешелікті алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді; сиыр су ішсе, бұзауы мұз жалайды сияқты мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Ал кейбір фразеологиялық синонимдер бірыңғай болып келеді: беті қайту, сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу т.б.
Тексеру сұрақтары:
1. Фразеологияның зерттеу объектісі не?
2. Тұрақты тіркестердің стилистикалық қызметі қандай
3. Фразеологиялық синонимдердің қандай түрлері бар?
Тірек ұғымдары:
Фразеология - белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Фразеология - тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы.
11-лекция
Грамматикалық стилистика. Жалпы түсінік. Морфологиялық құрылыстың негізгі стилистикалық белгілері. Зат есім. Зат есімнің септік жалғауларының стилистикалық қызметі. Септік жалғауларының синонимдігі. Көптік ұғымды білдірудің тәсілдері. Сын есім. Сын есімнің кейбір жұрнақтарының стилистикалық қызметі. Сын есім шырайларының синонимдес келетіндігі. Субстантивтену құбылысы. Есімдік. Жіктік, өздік, сілтеу есімдіктерінің стилистикалық қызметі.


Қажетті әдебиеттер:
1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А. 1971, 136—150-б.
2. Балақаев М.,т.б. Қазақ тілінің стилистикасы. А.,1974, 107— 143-б.
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А. 1976, 11- 45-б.
4. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 1998, 79-124-б.
5. Қазақ тілінің грамматикасы. Астана, 2002



жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет