Пайдаланылған әдебиеттер



жүктеу 0.67 Mb.
бет25/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
7-лекция
Көркем әдебиет стилі. Жалпы сипаттама. Көркем әдебиет стилінің түрлері. Көркем әдебиет стилі туралы көзқарастар. Көркем әдебиет тілінің эстетикалық қызметі. Көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу стилінің арақатынасы. Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильдің ара катынасы. Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі. Шығарманың көркем жүйесі. «Автор бейнесі» туралы түсінік. Көркем әдебиет тілін рерттеудің аспектілері. Көркем әдебиет тілінің әдебиеттің жанрларына байланысты әр түрлі көрінісі. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданылысы. Көркем шығармадағы архаизм мен историзм. Табу мен эвфемизмнің көркем шығармадан алатын орындары.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М., 1981.

  1. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

  2. Виноградов В.В. Предисловие к книге. Ефимов А.И. Стилистика русского языка. М., 1969.

  3. Степанов Ю.С. Семиотика. М., 1971.

  4. Солнцев Ю.С. Язык как системно-структурное образование. М., 1977.

  5. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.

  6. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М, 1959.



Көркем әдебиет тілінің стилі. Көркем әдебиет стилі ой мен сезімді образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі және синтаксистік оралымдар пайдаланылады. Жалпы алғанда, көркем әдебиет стилінің мынадай ерекшеліктері кездеседі. Сөз арқылы автор көркем образ жасайды. Баяндамайды, суреттейді. Сондықтан тілдік құралдардың көркемдік, бейнелік және суреттеме қасиеттерін жан-жақты аша түседі.
Көркем әдебиеттің тілі экспрессивті және эмоциональды болады. Жазушы оқушыға көркем образ арқылы әсер етеді. Көркем әдебиет стилі тіл стильдерінің басқа түрлерінде көбірек кездесетін сөздер мен формаларды өзінше құбылтып, өз мақсаттарына лайықты пайдаланады. Көркем шығармада сөздерді түрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады.
Үлгі:
Бақтұғылға алғашқы күндерден бастап-ақ суық хабарлар жетіп жатты. Съезд басында болыстың өзі де бар еді дейді. Съезд басында билер кісісіне өлгенше қатал. Кесік үлкен. Шалқардың атқа мінген билері мен жуандары болып, болысты ортасына ала отырып, ұрыны аямасқа «аруақ-құдай» десіп аттаныпты. Қеңесіп отырып, жиырма кісіні «ұры» деп қаттап алыпты деген сыбыс бар. (М. Әуезов).
Көркем әдеби стильде бейнелеуіш, суреттеме құралдар: теңеу, метафора, метонимия, эпитет, синекдоха, т.б. жиі кездеседі.
Үлгі:
Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді. Мал әлі жайылымда, жаз қызуы бойда, бүрсеңдер кездің белгілері әлі білінген жоқты. Әр үйдің алдында аңға шығып қайтқан жарау аттар қаңтарулы тұр. Әр үйдің төбесінде кергіштеп тізген қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілері ата-бабадан қалған ескі тудай бұлғаңдайды.
Біреу аңға серілікпен шығады, біреу оны күнкерісіне жамау-жасқау етеді. Ал, Шағырда осының екі жағы да бар еді. Жадау бір торы мұның үйінің алдында да намаз оқығандай мүлгіп тұр. Торының алдында сымдай ширатылған тарғыл тазы жатыр. (Ғ. Мүсірепов).
Көркем әдеби стиль тілдің көркемдегіш құралдарын - градация, перифраз, қайталау, инверсия, антитеза және т.б. - еркін пайдаланады.
... Дала толы ән де үн... Бусанған жердің кезіне көрінбейтін мың түрлі жан иелері түгел оянып, үн қосып өмірге талпынатын сияқты. Жер бетінде тұтаса шыққан бір шың бар. Тал жібектей балбыраған әрбір көк шөп ән салып тұрғандай. Кішкене өзеннің өн бойын өрлей біткен күрке-күрке көрінген құба талдар да тып-тыныш, тобылғы мен баялыш жамылған күйінде, бүгін ғана пайда болғандай қызықтырады. Дүние бір ұйқысы қанып оянған жас баладай, балғын да ерке: құшақтағаныңды, иіскелегеніңді күтеді. (Б.Майлин).
Көркем әдеби стильде синоним, антоним сөздер талғанып, таңдалып қолданылады: ұзын арқау кең тұсау мұнда болмағанда, қысқа жіп күрмеуге келмес менмін. Лайығы осы болды деп, ол екеуі шешсе, мен шырық бұзам ба? (М. Әуезов).2. Өзі бір етінен ет кесіп беретін жайсаң жігіт еді. (Ғ. Мүсірепов).
Көркем әдеби тілде терминдер де, кәсіптік сөздер де, архаизм-историзмдер де қолданыла береді. Олар кейде кейіпкердің ерекшеліктерін, ортасын, білімін, мінезін, т.б.жайып аша түседі. Мысалы:
Қайлаңыз онша болмады ғой,- деп қасақана соқтыққанда, Ермек басын шайқады. Содан кейін үзіп-үзіп жай сөйлеп, ұзартып әкетті әңгімені. Қайланы ұштап, суарудың, құлаштап сілтеу мен тежей сілтеудің өзінде көп мән бар көрінді. Көмір алу үшін ствол, шурф, штрек, лава, пештердің неге керегін, олардың қиын техникаларын жайлап айтқанда, Мейрам қарапайым жұмысшының мамандығына таң қалады. (Ғ. Мұстафин).
Жазушы образ жасауда тілдік құралдарды шебер пайдаланады, сондай-ақ, сөздердің өзін шебер байланыстыра отырып, тілдің көркемдігін арттырады. Мысалы: Бақтығүл атқа мінісімен: «Айда, тарт!», - деп тебініп жіберіп, қозғалып кетті. Көп сәйгүлік сатұр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ертұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығымен қуалай тартып берді. (М. Әуезов).
Көркем шығарманың бір ерекшелігі - көп жанрлы болып келуі. Проза, драма, поэзия және т.б. жанрдың әрқайсысының өзіне тән тіл ерекшелігі бар. Олар әдеби тіліміздің байлығын өз жанрына байланысты еркін қолданады. Мәселен, кейде шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздер экспрессивті-эмоциональды мақсаттар үшін лайықты пайдаланылады.
Мысалдар: ...Япырай, бұл кісі болса, білімді адам. Біз де бір жұрттың сөз ұғарлық басы бар жастарымыз дейміз. Адамды адамға жанастыратын тіл-ау. (М. Әуезов).



жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет