Пайдаланылған әдебиеттер



жүктеу 0.67 Mb.
бет24/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
6-лекция
Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы. Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стиль; таза публицистикалық шағын стиль; газет шағын публицистикалық стилі. Газет тілінің өз ішінде жіктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.). Публистикалық стильдің ықпал ету, әсер ету қызметі. Публистикалық стильдің жазбаша және ауызша түрлері. Публицистикалық стиль лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері. Публицистикалық стильдің фонетикасы. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі. Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет тілі. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық өрісі мен ақпараттық нормасы. Сөйлем мәнерлілігінің құралдары. Шешендік сөз мәдениеті. Шешендік сөздің текстері мен түрлері. Әлемуметтік-саяси тақырыптағы шешендік өнер. Сот процесіндегі шешендік өнер. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге байланысты шешендік өнер. Шешендік өнер және әдеби тілдің функциональдық стильдері. Сөйлеудің функциональдық-мағыналық түрлері. Шешендік сөздің құрылымы.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М., 1981.

  1. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

  2. Виноградов В.В. Предисловие к книге. Ефимов А.И. Стилистика русского языка. М., 1969.

  3. Степанов Ю.С. Семиотика. М., 1971.

  4. Солнцев Ю.С. Язык как системно-структурное образование. М., 1977.

  5. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.

  6. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М, 1959.

  7. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. М., 1957.

Античные теории языка и стиля. М.-Л., 1936

Публицистикалық стильге қойылатын талап - қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болу. Ол - тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады. Публицистика қоғам өмірімен тығыз байланысты болады. Публицистиканың үгіт-насихаттық сипаты басым. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолданады, қажетті синтаксистік құрылысты пайдаланады.


Публицистикалық стиль жазбаша және ауызша формаларда қолданыла береді. Мәселен, оның ауызша түріне радио, теледидар шолушылары мен комментаторлардың әңгімелерін және т.б. жатқызуға болады. Сондай-ақ газет, журналдардағы әңгіме, интервью, очерк, т.б. бір екі тексті келтірейік.
1. ...Қазақстан! Одақтағы бауырлас, біртұтас он бес республиканың бірі. Отанның оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім; күн келбетті, нүр сәулетті Қазақстан.
Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, жұпар ерке жел...
Жанға сая панамыз - Қазақстан!
Аспаны бар ашық, таза, көк мәлдір, көлдері бар көз жасындай мөп-мөлдір... Бәрінен де жаны таза, бәрінен де сыры мөлдір ұл өсірген, қыз есірген туған жер...
Біздің асыл анамыз - Қазақстан.
2. ...Жел мен топыраққа түтіккен Жамалдың жүзінде бұл шақта басқа бір шырай бар еді. Ол - енді жұбайын сағынған әйел, ұлын сүйген ана ғана емес, әлгі бір көк болат темірдей тегеурінді ер - еңбек адамы. Қысқы үскірік, жазғы ыстық бұл әйелге бұйым емес. Мақсат мүддесі біреу-ақ: жауды жеңу, ол үшін мұнай селін ағызу...
Күн батса-ақ бұл өңірді тас қараңғы түнек басады. Мұнай қаласы көзін жұмып жіберіп, сыйымсыз денесін түн қойнына тығып, қымтап тастайды. Соғыс кезі - жағдай осылай. Бұл атырапты жау көзінен жасырғысы келгендей, аспандағы ай да ақ сәулесін шымылдықтай жинап алып, жүректері дүрсілдеп, дамылсыз соғады да тұрады. Көк болат темір жер бетін әжімдей айғыздап, дамылсыз жылжиды да жатады. Көк болат темір тау өзеніндей сарқырап, ақ қазанға қара көк мұнай тасқынын дамылсыз құяды да жатады. Бұл арадағы бар қимылдың тұтқасы оператор Жамалдың қолында. (Газеттен).
Публицистикалық стильде перифраз жиі кездеседі, айтылмақшы зат пен құбылысқа оқушы назарын аудару үшін ол зат пен құбылысты басқа экспрессивті-эмоциональды реңі бар сөздермен ауыстыруда жиі қолданылады.
Мысалдар: жүгері - дала падишасы; мақта - ақ алтын; кемір - қара алтын; Бүкілодақтық конкурстың жүлдегері; жарыс озаты; Ленин орденінің кавалері; Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы, т.б.
...Қазақ халқының ағартушы-ғалымы және тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) өз ұлтының орыс халқымен достық қатынасының жалынды насихатшысы ғана емес, алғашқы қарлығаштарының да бірі болды. Ол - қазақ халқына ағарту, орыс білімі мен ғылымын кен, тарату жолында бел байлаған үлкен күрескер еді. («Қазақстан мектебі»).
Публицистикалық стильде жалпы саяси лексика, интернационалды терминдер жиі қолданылады: жоспар, съезд, совет, комсомол, социализм, өкімет, партия, т.б.
Публицистикалық стильдер күрделі тіркестер, штамп сөздер жиі қолданылады. Әсіресе, күнделікті баспасөз (газет, журнал) беттерінде мынадай тіркестер жиі ұшырайды: жоғары көрсеткіштерге жетті, бастамаларын қостай отырып, жоспарын асыра орындады, социалистік жарысқа қосыла отырып, кеңінен өрістетіледі, т.б.
«Қостанай облысындағы шаруашылықтардың бастамасы бойынша, көктемгі егіске ойдағыдай әзірлену, астық өндіру мен мемлекетке астық сату жөнінде 1986 жылдың және он екінші бесжылдық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарыс кеңінен өрістетілді... Бастамашылар өз уәделерінде берік тұрғанын дәлелдеген: Қостанай облысы механизаторларының жеңіске жеткені жайында жаңа хабар келіп жетті...».
Публицистикалық стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер мол пайдаланылады.
«Қәрі Қаратау жотасы бүгін ажарлы-ақ. Күлімдеген күн көзінің аялаған нұрының астында шашырай жайылған қойдың алдын қайырмай, еркін жіберген Тұрсынбай қоржынындағы кітапқа қол салды. Теріскейден салқын самал соғып тұр. Жігіт жалпақ сүр тастың үстіне жайлана отырып, кітап беттеріне үңілді. Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары!» шығармасын оқып жүр, толғанып жүр. «Қарапайым еңбек адамдары жайлы қалай шынайы жазады. Иә, баяғының қойшысындай, ой бақпай, қой бағып ғана жүру - бізге ұят. Бүгінгі күннің талабы солай...» (Газеттен).
Публицистикалық стильде тілдің көркемдегіш тәсілдері, әсіресе риторикалық сұраулар, сөз қайталаулар да мол қолданылады: ... Дала да дидары биыл дән дариясынан әсем келбет тапқандай құлпырып кеткен. Ақ бидайдың алтын сабақтары бастарын төмен иіп, жер-анаға тағзым еткендей. Ең ғажабы осынау кең алқапта теңіз болып тербелген егін жай ұқыпты қолмен орналастырғандай теп-тегіс, тап-таза. Мұсаның қуанатыны - диқанның маңдай терінен нәр алып, жайқалған ұлан-ғайыр мол астықтың шығымы; көңіліне күдік алатыны - соны ысырапсыз қамбаға құю.
Иә, ойлы азаматты, осындағы ауыл ағасын, бұл жағдайлардың тебірентіп, толғандыруы әбден-ақ заңды еді. Өйткені, Чкалов атындағы совхоз егістігінің тең жарымдайы осы. Мұса Әбдібеков басқаратын екінші бөлімшенің үлесіне тиген. (Газеттен).



жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет