Пайдаланылған әдебиеттер



жүктеу 0.67 Mb.
бет22/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
5-лекция
Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері: таза ғылыми шағын стиль; ғылыми-оқулық шағын стилі; көпшілікке арналған шағын ғылыми стиль. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистиіқалық белгілері. Ғылыми стиль мәдениеті. Ғылыми стильдегі стилистикалық арнаулы категориялар мен үғымдарды білдірудің құралдары. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері. Терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар (мазмұнға сәйкестігі; дәлдік; бір мағыналылық; синонимі болмайтындығығы; қысқалық, т.б.). Норманың кәсіби варианты. Терминдердің қалыптасуы, стандарттағы және сөйкестендірілуі. Академиялық сөйлеу кезіндегі және лекция оқу үстіндегі шешендік өнер. Ғылыми стильдегі ойлау стилі, ғылыми стильдегі стилистикалық категориялар, стилистикалық ұғымдардың берілу сипаты.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М., 1981.

  1. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.

  2. Виноградов В.В. Предисловие к книге. Ефимов А.И. Стилистика русского языка. М., 1969.

  3. Степанов Ю.С. Семиотика. М., 1971.

  4. Солнцев Ю.С. Язык как системно-структурное образование. М., 1977.

  5. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.

  6. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М, 1959.

  7. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. М., 1957.

Античные теории языка и стиля. М.-Л., 1936

Функционалды стильге жататын әрбір стильдің - сөйлеу, кітаби-жазба, іс қағаздар мен ресми стильдің, публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет стильдерінің - өзіндік ерекшеліктері бар. Күнделікті тұрмыстағы сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилі бір-біріне ұқсастау келсе, ғылыми стильмен іс-қағаздары стилі бір-біріне жұықтау, ал көркем әдебиетте жүйелілік көбіне бейнелі түрде берілсе, ғылыми тілде логикалық байланыс мықты сақталады, өйткені онда ғылыми пікір дәлелмен беріліп жатады. Әрине ғылыми стильде де бейнелі жеткізу деген болады. Бірақ ол көп кездеспейді. Айтылатын ой дәл, жүйелі, бір мағыналы, дәлелді болып келеді, ондағы терминдер әр ғылым саласына байланысты атау түрінде қалыптасады. Қандай ғылыми еңбек болмасын ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуыға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдің пайдаланылуы бірдей болмайды. Әр сөз ғылыми стильде өзінің лексикалық мағынасын сақтайды. Өйткені бейнелілік көп мағыналық ғылыми стильге тән ерекшелік емес. Лексикалық ғылыми еңбектерде де термин көп қолданылады. Мысалы: «Тіл традициясындай мықты орныққан құбылысты коммуникатив әлемінен табу тым-ақ қиын...» стилистика тіл салаларының /ярустарының/ баршасын орынды пайдалануды көздейді, сөз бен сөз тіркестері, стиль амалы арқылы екшеліп отырады, көп жанрлы әдебиетіміздің дамыған әдеби тіліміздің жан-жақты өрбуіне көркем сөз шеберлерінің қосары көп... көркем, ғылыми т.б. стильдердің саралануы лексика, фразеология, грамматика, фонетика нормалары орнығуына, ұлт әдеби тілінің шын мәніндегі мұқалмас қатынас құралы болуына даңғыл жол ашады... Бұл мысалдағы сөйлемдер бір типтес, ой әрі күрделі әрі жүйелі, нақты ойды дәлелдеп айту басым. Әр сөйлемнің баяндауыш формалары бір келкі, яғни жіктік жалғауының үшінші жағымен келген, қолданылған терминдер лингвистика, коммуникатив, стилистика, ярус, стиль, лексика, фразеология, грамматика, фонетика, норма т.б.


Ал медицина ғылымында да терминдер өте көп қолданылатыны белгілі: астма /демікпе, бұлығу/, стрептоцид, аллергия, альбуцид /микробты қыратын зат/, аспирин, стоматит, бронхит, гайморит, гинеколог, инсулин /белоктік зат/, инфаркт, часотка, диабет т.б.
Мысал келтірейік: Диуритин - теобромин және солицил натрийден тұратын қан тамырды кеңнейтетін қасиеті бар дәрі. Осы сөйлемдегі теобромин, солицил натрий деген сөздер медиктерге бірден түсінікті. Екінші бір мысал: акрехин - азоттан синтетикалық жолмен алынатын дәрі, безгекке қарсы қолданылады. Суда еритін сарғыш кристаллды ащы дәмді, ұнтақ таблетка түрінде шығарылады.
Безгек плездомиясының /қан паразиты/ бір - шизонттар адам организмінде өсіп-өне келіп ол безгек ауруын қоздырады. Ал акрехин болса, сол паразиттің өсіп-өнуіне жол бермей тоқтатады...
Бұл мәтіндегі сөйлемдердің баяндауыш формалары үшінші жақ жіктік жалғаумен келген, ғылыми стильге тән терминдерде көп алынған және бірыңғай сөйлем мүшелері арқылы бір затты әр жақты сипаттау, бір затқа түсінік беріп кету тәрізді стильдік, дәлдік ерекшеліктер сақталған. Ғылыми стильге тән терминдерде жеткілікті.
Кейбір терминдер қолданылуына қарай бірнеше мағынаны білдіріп тұрады. Мысалы, единица деген сөз – математика ғылымында бірді білдіретін цифр, ал литр – единицы измерения десе «өлшеу бірлігі» деген сөз, енді бірде бүтіннің бір бөлігі деген мағынаны білдіреді.
Көркем әдебиетте де «единица» деген сөз айтылады. Онда бейнелілік мағына береді, эмоционалды-экспрессивтік те мағынағы ие болады. Ғылым тілінің мәнерлілігі сөздердің дұрыс қолданылуында жүйелі баяндауында Абай: единица жақсысы, Ерген иелі бейне нөль. Единица нөльсызақ өз басындық болар сол. Единица кеткенде, не болады өңкей нөль? дегенде ақын «единица» деген сөзді ел бастаған жеке адам, бір бүтін тұлға мағынасында қолданған. «Единица» деген сөз көркем әдебиетте ғана емес, лингвистикалық ғылыми еңбектерден де кездеседі. Тілге қатысты ғылыми мақаладан келтірейік. «Шумақты құрайтын - поэтикалық ойдың, интонациясының және синтаксистік құрылымының тұтастығы. Ал соңғы тұтастың күрделі синтаксистік единица арқылы жүзеге асады «Күрделі синтаксистік тұтастық» дегеніміз өзі не? Орыс лингвистикасында көбінесе, «сложное синтаксическое целое» деп аталатын бұл категория көптен назар аударып келеді. Әр маман әр қилы, мысалы, М.В.Ломоносов «период» деп, А.М.Пешковский, «сложное целое» деп В.В.Виноградов «сложное синтаксическое целое» немесе «высказывание» деп аталған бұл құбылыс, сөз жоқ, тіл табиғатында, оның ішінде поэзия тілінде де орын алады. Бұл жөнінде бұрын-соңды пікірлерді жинақтап, нақтылы фактілерді талдай отырып, біршама айқын анықтама берген Н.С.Поспелов: «Күрделі синтаксистік тұтастық және сөйлемге қарағанда, автордың аяқталған жеке бір ойын білдіретін әлдеқайда үлкендеу синтаксистік автономия /дербес единица/ болып табылады. Дейді және ол әр қилы амал тәсілдермен өзара байланысқан сөйлемдер тобынан тұрады дегенді айтады. Әдетте, белгілі бір айтылған ой жазушының тұтасқан сөзі /связанная речь/ екені мәлім. Ал тұтас мәтіннің құрылымын синтаксистік жағынан талдағанда, әрбір жеке сөйлемді алып, соларға қарай талдамай, айтылған ойға /высказываниеге/ қарай анализ жасау қажеттігін біз де құптамаймыз» ғылыми стильге байланысты алынған бұл мәтінде мынадай терминдер кездеседі: «поэтика», «интонация», «категория», «синтаксис», «единица», «лингвистика», «период», «поэзия», «факт», «автономия» т.б.
Екіншіден, сөйлемдер әдеби құрылған, құрмалас сөйлем саны көп терминдердің кейбіреулеріне мүше ретінде алынған, төл сөз кездеседі, «сөз жоқ», «әдетте» сияқты қыстырмалар бар, әр сөйлемдегі басыңқының баяндауыш формалары /асады, келеді, алады/ тұлғалас болып беріледі, ой жүйелі баяндалған, мәтінде соңғы тұтастық, күрделі синтаксистік құрылымының тұтастығы сияқты орынды ғылыми стильге тән қайталаулар ұшырасады.
Ғылыми стильде жиі кездесетін қыстырма сөз бұрын айтылған ойды еске түсіріп, негізгі мәселеге көңіл білдіртеді, ойды жинақтап айтуға көмектеседі. Мысалы, сонымен, сөздердің денотатқа /өмірдегі затқа/ байланысты айтылуы сөз варианттарын тудырады, ол сөздер мағыналары жағынан тепе-тең келсе де сөйлемдерде, сөйлеуде жұмсалу дәрежесі әр қилы болады дегенде, алғашқы бір сөйлемнің өзінде үш қыстырма бірден алынған, ол қыстырмалар ойды дәлелдеу, қорытыңдылау, түсіндіру қызметін атқарып тұр.
Ғылыми стильде сұраулы, лепті сөйлемдер кездеспейді, егер кездессе, тек көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен оқулықтарда ғана күрделі мәселелерге ерекше назар аудартуды мақсат еткенде ғана сұрақ қойылады, оған мынадай мысал алайық: «бір сөз екі түрлі сөйлемде бірдей қызмет атқара тұрып, өзінің синонимді топтағы сөздерімен екі түрлі қарым-қатынаста болғаны қалай? Яғни алғашқы сөйлемде «көркем» деген сөз өзінің төрт түрлі синонимдік сыңарларымен жаппай қолданғаны несі?» деуге болады.
Мұндағы жұмбақ, сыр сөздерінің қандай қызмет атқаруында емес, сөйлемде қандай сөздерге қатысты болып келуінде дегенде, қойылған сұраққа автор өзі жауап беріп тұр, осындай құрылған сөйлем де ғылыми стильде ұшырасады. Негізгі мәселеге сұрақ қойып көңіл аударту, қайталау, түрлі формула, анықтама, схема, таблицалардың пайдаланылуы математика ғылымына байланысты жазылған ғылыми еңбектерде жиі кездеседі. Мысалы: «... Есеп шығарған кезде мына сияқты аса маңызды жағдайды ескеру қажет: функцияның тек бір ғана максимумы немесе тек бір ғана минимумы болса, онда максимум функцияның бүкіл анықталу облысындағы ең үлкен мәні болады, ал минимум ең кіші мәні болады. Бұған квадрат үш мүшелік мысал бола алады...»
/х/ функциясының ең үлкен және ең кіші мәндерін екінші ретті туында көмегімен қалай табу керек?
1. Функцияның бірінші ретті туындысын /х/-ті табамыз.
2. Бірінші ретті туындыны нөлге теңестіріп, /Ғ/х/=0 теңдеуін шешеміз.
Олардың ішінен нақты түбірлерін таңдап аламыз. /яғни аргументтік
кризистік мәндерін табамыз/.
3. Функцияның екінші ретті туындысын /Ғ/х/-ті табамыз да, оның кризистік нүктелердегі мәндерін анықтаймыз. Егер /Ғ/х/ 0 болса, онда осы нүктеде функцияның максимумы бар, егер /Ғ/х/=0 болса, функцияның максимум, минимум мәндері жөнінде нақты ешнәрсе айта алмаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда функцияның экстримум мәндерін оның бірінші ретті туындысы көмегімен зерттеу керек.
Матеметика ғылымына байланысты алынған осы мысалдан мынадай қорытынды пікір шығаруға болады: құрмалас сөйлемдердің кейбіреулері көбіне шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы болып келген, іліктес салалас, ыңғайлас салалас түрлері бар: «функция», «максимум», «минимум», «аргумент» сияқты терминдер де жеткілікті алынған, квадрат «үшмүшелік» деген тіркестің мағынасын түсіндіріп тұрған қыстырма, бұдан басқа да қыстырмалар жеткілікті келтірілген: негізгі мәселеген көңіл бөлдірту үшін автор /х/ функциясының ең үлкен ең кіші мәндерін екінші ретті туынды көмегімен қалай табу керек?» деп, сұрақ қойып, оған толық жауап берген пікірді дәлелдеу, толықтыру, дәлелді санамалап айтып анықтау басым болған, «нақты түбірлерін - аргументтің кризистік мәндерін» деген сияқты оңашаланған айқындауыш мүше және таблицаның алынуы да ой айқындығый туғызып тұр.
Қазақ тіл білімінде ғылыми мәтінге байланысты арнайы зерттеулер жоқ, сондықтан ол туралы көп қарастыру қажет болады.

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет