Пайдаланылған әдебиеттер


Лексикология және стилистика



жүктеу 0.67 Mb.
бет2/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, оның баю жолдарын қарастырса, стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді.
Семасиология және стилистика. Семасиология – тіліміздегі бейнелегіш тәсілдердің мағынасын, оның өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Семасиологиялық стилистиканың міндеті – тіліміздегі бейнелегіш құрамдарды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсету.
Грамматика және стилистика. Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу объектісі етіп алады. Ол грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ грамматикалық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бірдей емес. 1. Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі жеткізу үшін морфологиялық формаларды қандай жағдайда қалай болатындығын қарастырады. Яғни морфологиялық тұлғадағы сөздердің, олардың варианттарының ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоционалды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді. 2.Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі, реңдері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлеп жеткізуде синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану заңдылықтарын зерттейді.
Фонетика және стилистика. Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін зерттесе, стилистика дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде мәнерлі құрал ретінде пайдалану жағын көздейді. Стилистика фонетикалық единицалардың мәнерлі қолдану заңдылықтарын зерттейді.
Біз бұл салыстырудан тіл білімінің әр саласының зерттеу объектілері де, мақсаттары да бір-бірінен өзгеше екендігін байқаймыз. Сөйтіп фонетика, грамматика, семасиология тілдің құрылысын қарастырса, стилистика тілдік единицалардың қолданылу заңдылықтарын зерттейді.
Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелелерін, жалпы халықтық тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың өздеріне тәң ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс қамтиды.
Сөйтіп, стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдін қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.
Стиль ұғымы да сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы - сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары.
Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл бірліктері пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы:
«Тындаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» бен «Әй, тыңдандаршы!» дегенді салыстырсақ; біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде - үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де - ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр басқа.
«Ана тілін құрметтей білуді насихаттау - басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылым мен техниканың, мәдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмірдің әр саласын тани білу құралы, ой мен пікірді білдіретін қарым-қатынас құралы бола алатыны ана тілімізді сүйе білудің айрықша мәнің түсіндіріп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді де елемеу деген сөз емес. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың зиянын оқытушыларға да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мұның интернационалдың мәні зор екендігі түсінікті де» (І.Кеңесбаев).
Орыс тілі - жұлдызым Ана тілін білмеген -
Қадірлі бізге әманда! Ақылы жоқ желікбас.
Бірақ қырғыз өз тілін Ана тілін сүймеген -
Білмегені жаман да! Халқын сүйіп жарытпас! (Б.Сарыноғаев).
Мысалдың екеуінде де – ана тілі туралы сөз болған. Екі мысал да сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі жағынан біріншінің публицистикалық стиль, екіншінің көркем сөз стилі екенің аңғару қиын емес.
Немесс, мынадай фактіні алайық: ғылыми стильде оқулық жазылады және лекция оқылады. Мұнан оқулық – жазбаша, лекция – ауызша яғни сөйлеудің әр түрлі формасы бір стильде келген. Сөйтіп, сөз формасы мен стиль ұғымдары бір емес.

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет