Пайдаланылған әдебиеттер


Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер



жүктеу 0.67 Mb.
бет15/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
1) Бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр сілкінді». «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің қүдіретін терең меңгеріп қана қоймай, санамызда мәңгілікке жатталады».
а) Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда»; «Ол болашақта өз мүдделері және күллі адамзат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы үміттеміз»; «Менің барынша құрметіме сендіруімді қабыл алғайсыз»;
ә) Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы».
2) Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде ауызекі, кітаби тілге тән лексиканы себепсіз қолдану: «Студенттерді қорқытып қойса болғаны екен. Көрмеген кітапхананың есігін ашып, өмірінде ұстамаған кітапты ұстап көреді»; «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім».
3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану: «Бұл жылдар сені аңсай сағыну, тосу жылдары еді. Мен бұл кезеңде адамдардың жүрегінде мәңгі-бақи өшпейтін бір сезім болатынын, ол - махаббат сезімі екенін ұқтым». «Саған «Ақша қарыңмен!» деп құттықтау айтқым келді. Сол себептен
баяу аяңдап келіп, үйреншікті бұрыштан сені іздедім».
Ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз қолдану: «Ананың мейірімі мен махаббаты шексіз. Ақын жазушылардың романдарын оқығанда ананың жанашырлығы, балаға деген сүйіспеншілігі әсерлі суреттеледі. Себебі оның бір элементі болса да өмірден алынған».
Өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану: «Үлкендердің алдын-ала ойластырылып жасаған бұл жоспарларының тамаша нәтижесі болғаны жұртқа жақсы белгілі»; «Ұстаздардың адамдық пен аярлыққа, әділетсіздік пен жалғандыққа, крепостнойлық тәртіпке қарсы ащы сындар айтып, мысқыл сөздерді боратуы кадеттердің ой-өрістерінің дамуына, өмірге, қоғам құбылыстарына қатысты біршама дұрыс көзқарастарының қалыптасуына едәуір ықпал етті».

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет