Пайдаланылған әдебиеттер



жүктеу 0.67 Mb.
бет11/52
Дата10.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#23700
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
358305
Қазақ драматургиясы, 358300
Сайқымазақтар бастарын жерге жеткiзе иiп тағзым еткен қалыптары есiкке қарай жылыстай бердi.
Олардың опыр-топыр есiктен шыға беруi-ақ мұң екен, көршi қоршаудан ханның бәйбiшeci көрiндi. Ол үстiне түгел көмiп тұратын, зер шайып, кестелеген қызыл көйлек киiптi. Оның сүйретiлген ұзын етегiн он бес әйел көтерiп келедi.
Ханшаның әбден қапысыз опалап-сүрмеленген бemi қағаздай аппақ. Оның үстiне; бет-аузын төгiлген ақ селдiр пердемен қымтап алыпты.
Басына өне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара icnemmi биiк сәукеле кuinmi. Оның салпыншақ қызыл мауыты етегi екi иығын жауып тұр. Мойнына әр жер әр жерiне лағыл мен меруерттi алма ­кезектестiрiп көз қадаған алтын алқа тағыпты. Сәукеленiң өзге салтанаты аз болғандай, оның қақ ұшар басына хан mәжiciнiң төбесiндей алтын төбелдiрiк орнатылыпты. Оның қақ ортасында баданадай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ боп жанып жатыр.
Төбелдiрiктiң mөбeciнe үкi қондырылған. Оның ұзын майса қауырсындары ханшаныц екi құлағына жеткенше екi айырылып төгiлiп тұр.
Ханша әр аттаған сайын басындағы ауыр сәукеле бұлғалаңдап, әр бағытқа ауып-ауып түседi. Жан-жағынан бiрнеше әйел қолымен демеп келедi. Бәйбiшенiң мөлт қара шашы екi иығынан төгiле құлапты.
Осынша ұзын-шұбақ шерудi хан әйелдерiн күзететiн бip топ азбан құл бастапты. Олар адымдарынан жер ойылатындай-ақ, маң-маң басыn, маңғаздана қалыпты, ханшаға құрмет көрсетiп, тағзым етiп, бастарын uin тұрған қалың қауымға танауларын көтерiп кiсімсiне қарайды.
Ханша ханнан сәл кейiнiрек барып отырды.
Автор сол замандағы ханшаның киiм киiсiн, өзiн-өзi ұстауын, оны маңайы қалай қарсы алғанын шынайы суреттеген.
Стилизация - тiлдiк материал мен сыртқы тiлдiк белгiлердiң ұйымдасу қағидасына сәйкес әдейi құрастырылған көркем баяндау. Осы анықтамаларда да екi нeriзгi ой бар: сипаттамалық тiлдiк белгiлер және баяндауды құруға талпыныс, яғни жазушының мақсат пен мiндетке лайық шығармашылық ыңғайы. Сөйлеу тiлiнiң көркем мәтiндегi стилизациясын жан-жақты қарастыра отырып, Г.О.Винокур шартты түрде екi түрге бөледi: 1) бейресми ерiктi қарым­-қатынас стилизациясы; 2) ауызша сөйлеу стилизациясы. Осылай шектеу белгілi бip белгiлердiң бар екенiн анықтауға көмектеседi, олар белгiлi бip эстетикалық эффектке және әсерге қол жеткiзудi қамтамасыз етедi, суреттелiп отырған нысанға ұқсас болуды (бұл жағдайда тiлдiк) да қарастырады. Егер де бейресми epiктi қарым­-қатынас стилизациясы немесе тiлдiң лексикасы мен фразеологиясы арқылы берiлетiн «күштi» конструкциялар болса, ал ауызша сөйлеу стилизациясы - фонетикалық және синтаксистiк деңгейде iске асатын «әлсiз» конструкцияларды құрайды.


3-лекция
Тіл мәдениеті туралы түсінік. Тіл мәдениетінің нысаны, сөз мәдениеті туралы ғылыми кезқарастар. Тіл мәдениетін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті, сөйлеудің тиімділік теориясы. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тіл мәдениетінің негізгі салалары. Тіл мәдениеті, орфографиялық норма, орфоэпиялық норма, грамматикалық норма.



жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет