Өзін-өзі тану пәнін оқытудың Ғылыми негізінде мектеп оқушыларының шығармашылығын дамыту



жүктеу 20.46 Kb.
бет2/2
Дата04.11.2022
өлшемі20.46 Kb.
#23311
1   2
Блисбек А
«Идеялар тарелкасы» әдісі арқылы
Барлық ойды бір жүйеге келтіріп тұжырымдау үшін «Идеялар тарелкасы» толтырылады.
Бағдарламаның келесі кезеңі «Ой толғаныс» бұл күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқа сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпаратты өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйсіну, тапсырманы жасау барысында өзгелердің әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
«ВЕНН диаграммасын» оқушыларды талдау, бағалау жоғары деңгейдегі ойлау қызметіне әкелетін салыстыра білу қабілетін дамытуда пайдалануға болады. Когнетивті психологияға сәйкес бұл қызмет түрінің басқаларда артықшылығы схема түрінде синтезделген ақпараттық есте жақсы сақталуы болып табылады. Сабақты бекіту үшін бұл стратегия тиімді болып табылады. Егер «ВЕНН диграммасын» сабақтың басында қолданса, сабақтың соңында оған міндетті түрде қайта оралып, ақпаратты толықтыруға ұсыныс беріледі. Сабақтың соңында бар білімімізге жаңа ақпаратты толықтырып қана қоймаймыз, алдағы білімімізді нақтылаймыз, мүмкін кей ақпаратты, басқа дөңгелекке өзгертеміз.
«Таңда да таста» әдісі, бұл әдісте сынып ішінде оқушыларға бір сұрақ қойылады (кіріспе немесе бекіту сұрақтары болуы мүмкін), сұрақтың мүмкін жауабы сынып ішіне ілініді. Оқушылар сұрақтың жауабы болатын бұрышқа жиналады. Жиналған топ өз пікірлерін дәйекті айғақ келтіріп дәлелдейді. Оқушылардың қаншалықты дұрыс жауап бергендігі турасында брифингті мұғалім жасайды.
Осындай тапсырмаларды сабақ үрдісінде жиі қолданамын. Мен үшін болашақтың білімді жастарын дайындау жауапты әрі қызықты іс. Білім нәрімен сусындап өскен өскелең ұрпақтың алдағы уақытта талай белестерді бағындырып, абыройлы мамандық иелері болып шығарына хақ сенемін.
жүктеу 20.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет