Өзі де лебіз айтып, француз тілінде шыққан бір-бір кітап



жүктеу 28.97 Kb.

Дата15.02.2017
өлшемі28.97 Kb.

өзі де лебіз айтып, француз 

тілінде шыққан бір-бір кітап 

пен менің орындауымдағы 

Тәттімбет күйлері бар (бейне-

материалмен безендірілген) 

бір-бір дискі сыйлады,-деген 

Құнан аға маған Сәбит 

Мұсатаевтың телефонын берді. 

Титтей факті жолында табаны 

таусылатын жорналшы 

байғұста шаршау бар ма, 

түнделетіп Сәбит Мұсатаевқа 

қоңырау шалдым: 

- Сәуле  қарындасымыз-қазақ 

халқының маңдайына біткен 

күйші Тәттімбет 

Қазанғапұлының бес  ұлының 

бірі Жагпардан тарайды,-деді 

Сәбең. - Қазіргі аты-жөні 

бойынша Алез Сәуле - тарих, 

мәдениет, өнертану саласында 

маманданған аудармашы. 

Тарихшы француз азаматы 

Алез Гзавьемен некелескелі 

(неке тойларын біздің елімізде, 

онан соң Парижде дүрілдетіп 

тұрып өткізді өздері), күйеу 

баламыздың Тәттімбет өмірі 

мен шығармашылығына көңілі 

кетеді ғой. Содан Тәттімбет 

шығармаларын шебер ойнай 

білетін асқан домбырашы 

Қабдылқұмарды іздеп тауып 

алдық та (мұқым Алматы мені 

Астанадан 

ұлы атамыздың 

шертпе күйлерін  Қабекеңдей 

шебер тартатын кісі көрмедік), 

оның орындауында Тәтекем 

күйлерін жазып алуды мақсат 

тұттық. Содан "құланның 

қ а с у ы н а - м ы л т ы  қ т ы ң 

басуындай" боп, Гзавье 

баламыз бәрін де Франциядан 

өзі жасатып әкелуге ықылас 

білдірді, осы жолы соның іске 

асқандығының тұсау кесерін 

жасадық. 

«Қарағандының Майқұдығында 

тұратын егіндібұлақтық тума 

талант, осыдан отыз жыл 

бұрын марқұм Еркін 

Мұқажанов 

ұйымдастырған 

Тәттімбет атындағы 

ұлт-


аспаптар оркестрінің жетекші 

домбырашысы болған 

Қабдылқұмар Кәріпбеков 

жақында Астана 

қаласына 

шақырылып, француз 

тарихшысының  қолынан XIX 

ғасырда өмір сүрген асқан 

күйші Тәттімбет шығармалары 

мен өмірбаяны жазылған 

көзайым тарту сыбағалады. 

Бұл туралы біз осыдан бір апта 

бұрын республикалық "Хабар" 

телеарнасынан көрдік те, өскен 

ортасында "Құнан" атанып 

кеткен 


Қабдылқұмар 

ағамыздың пәтеріне жеттік. 



- Астана сапарынан Бәтима 

екеуіміздің оралғанымыз осы,-

деді жасы жетпісті желкелесе 

де жас баладай аңғалдығы 

қалмаған ақкөңіл 

Қабдықұмар. - Мына Бәтима 

түсіндіріп айтпаса, сол француз 

күйеудің аты-жөніне тілім де 

келмейді. 

- Бәтке, онда  құлағым Сізде. 

Құнан ағаның  қолын сағындық, 

Тәтекемнің қырық өрім күйінің 

ішіндегі кереметі 

"Көкейкестіні" сұңқылдата 

отырсын онда!... Айтпақшы, 

"француз күйеуіміз" кім? 

- Тыңдай бер онда!... Біздің 

астаналатып жүргенімізге 

себепші-Алез Гзавье есімді 

француз азаматы аруағыңнан 

айналайын Тәтекем 

бабамыздың Жағпарынан 

тараған нәсіл Жағпарова 

Сәуленің күйеуі. "Қыз бала-

жатжұрттық" демей ме, сол 

Сәуле мамандығына 

байланысты Сорбонна деген 

француз 


қаласында тұрған 

кезінде Гзавьемен көңіл 

жарастырған ғой. Айтпақшы, 

нақты жәйттерді  қызымыздың 

Астанада тұратын немере 

ағасы, Тәтекемнің 

Мұсатайынан тараған  ұрпақ 

Мұсатаев Сәбиттен сұрап 

алғаның жөн, күнім. Мына 

Құнанның домбырашылығы 

арқасында Тәтекем 

ұрпақтарымен туыстай болып 

кеттік. Осы жолы да Сәбеңнің 

сәулетті мекен-жайында  қонақ 

болдық, өнерді бағалай білетін 

кісілер ғой шетінен!... 

Осы тұста домбырашы ағамыз 

да әңгімеге араласты: 

-  Қысқасы, сол күйеу бала 

француз тілінде Тәттімбет 

туралы кітап шығарып, 

күйлерін дискіге жаздыртып, 

Астанаға Сәбендерге жеткен 

ғой. Содан Алматыдағы 

Тәтекең 

ұрпақтары жолай 

көліктерімен бізге соғып, 

Астана төріндегі Тәуелсіздік 

Сарайында  ұйымдастырылған 

тұсаукесер рәсіміне алып 

барды. Рәсімге өнер адамдары 

қатысып  құттықтады, Г.Алездің 

-Қабдылқұмармен 

таныстырып жүрген кім? 

- Өзі әнші, өзі домбырашы! 

Ерлан Төлеутаев деген 

жорналшыға мың да бір 

рахмет, сол сері ініміздің 

арқасында осы  Қабекеңмен 

мұнан бірер жыл бұрын 

табысқамыз. Ерлан өзі  қазір 

Алматыда 

қызмет етеді... 

Айтпақшы, Сәуленің анасы мен 

бауырлары Алматыда тұрады, 

мен сізге ағасы Мүсілімнің 

телефонын берейін, біраз 

мағлұматты содан алуыңызға; 

болады. • 

...Көп 


ұзамай Мүсілім 

Жағпаровпен де тілдестік, тіпті 

Интернет арқылы сайт 

алмастық, Мүсілімнен бірден-

ақ Гзавьенің фотобейнесін алуға 

көмектесуді сұрадым, әрине. 

Содан бірнеше минуттардан 

соң тарихи-зерттеу 

қаракеттерімен Ақтөбе 

маңатында жүрген Гзавье 

Алездің өзімен де тілдесіп 

үлгердім. 

- Ғафу өтінемін, ноутбукімде 

дәл  қазір лайықты бейнем жоқ 

екен, бірер күннен соң 

Интернетпен жіберітініме 

кепілдік беремін,-деді бізге 

телефон арқылы танысқан 

күйеу бала Гзавье 

француздарға тән ілтипатпен 

һәм әдемі акцентімен. 

Қарағанды жерінен тағы бір 

таныс тапқаныма 

қуаныштымын.. 

Сонымен,  қолда бар мәлімет 

арқылы сіздерге алыстан 

жеткен тарту туралы әңгімелеп 

отырмыз,  құрметті оқырман 

Францияда басылған кітапта 

Қ.Кәріпбековпен бірге 

Тәттімбеттің күй тарту дәстүрін 

жалғастырып жүрген  Қайрат 

Айтбаев, Нұрғаным 

Жексенбаева, Ақжусан 

Иманғазықызы есімді 

жастардың бәдіреті берілген 

қазақтың күйшілік дәстүрі, 

Тәтекемнің өмірбаяны мен 

шығармашылығы туралы 

айтылған. 

Әңгіменің жалғасы бар деп 

білерсіздер. 



Қарқаралы. - 2010. - 24 қараша (№ 95/96). - 4 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал