Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 154.04 Kb.

бет1/18
Дата14.05.2017
өлшемі154.04 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Өзгерістер жолындағы репортаждар:
Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті 
журналистерге арналған нұсқаулық
Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау жөніндегі институт               

УДК 070
ББК 76.12
     O-99 
Cоғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институт  (IWPR)  дағдарыс  және  қақтығыс 
аймақтарындағы  жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  қолдау  көрсетеді.  Ұйымның 
бағдарламалық қызметі жария ету, тренингтер өткізу және институционалды жобалар арқылы 
бұқаралық ақпарат құралдарының потенциалын арттырады. Сондай-ақ, IWPR коммерциялық 
емес ұйымдардың халықаралық желісін ұсынады. 
Жекелеген бөлімдердің авторлары мен редакторлары: Колин Биклет, Энтони Борден, Йигал 
Дэвис,  Штефан  Жукес,  Джон  МакЛеод,  Эндрю  Штроляйн,  Стэйси  Салливан,  Джон  Валти, 
Джон Вест.
Беттелуі мен дизайны: Кэти Смит. Мұқабадағы сурет: Панос. Мұқаба ішіндегі сурет: Cоғыс пен 
бейбітшілікті жариялау институты (IWPR)
Қазақ тіліне аударылған. Аударған Ақбота Жылысова. Редакторы – Жұлдыз  әбділда.
2004 Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт 
Нөмірі: 978-9967-25-947-8 
O-99   Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы 
 
жергілікті журналистерге арналған жетекшілік. – Б.: 2010. – 270 б.
О 4502020000-10
ISBN 978-9967-25-947-8  
 
 
 
 
УДК 070
 
 
 
 
 
 
 
 
ББК 76.12
 
 
 
 
 
 
 
 
© IWPR 2007

IWPR Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігіне, осы басылымды 
жарыққа шығаруға, өзге де оқытуға және бұқаралық ақпарат құралдарын 
дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдем жасаған 
басқа да ұйымдарға үлкен алғыс білдіреді. 

  
5
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
1.  Не үшін журналист болу керек?                                6
2.  Халықаралық стандарттар                                  10
3.  Мақалалардың  құрылымы                                  22                             
4.  Ақпарат  көздері                                                                      45
5.  Сұхбат  алу  техникасы                                                          62                                       
6.  Мәліметтерді пайдалана отырып, 
  мәселенің мән-жайын ашу                                  80                                                                                            
7.  Дәйексөздер  келтіру                                                            92
8.  Жаңалықтарды бағалау және 
  мақалалардың  стилі                                            103
9.  Баспа  стильдері                                                      130
10. Жала жабу жөнінде                                   137
11. Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау                 166
12. Адам құқығы және журналистика                 211
13. Экономикалық  журналистика                              224
14. Журналистердің  қауіпсіздігі                                    241
15. IWPR үшін қалай жазу керек?                      260
М
азМұны
 

  
6
  
а
қпарат
 
алу
 
және
 
тарату
 
процесі
 
қашаннан
 
күрделі
,
 басқаша 
айтқанда,  ешқашан  журналистиканың  алтын  дәуірі  болған 
емес. Бүгінгі күні де айтарлықтай өзгеріп кеткен ештеңе жоқ. 
Қырым соғысының барысын баяндаған алғашқы әскери кор-
респонденттен бастап, Вьетнамдағы қақтығыс кезіндегі жур-
налистерге  дейін,  тіпті  күні  бүгінгі  Таяу  Шығыстағы  таусыл-
майтын қақтығыстарды жария етіп жүрген журналистердің өзі 
де мемлекеттік шенеуніктердің қырағы бақылауына алынып, 
түрлі шектеулер мен цензураны жеңуге мәжбүр болған.
Сондай-ақ,  журналистердің  көп  жағдайда  шабуыл  құрбаны 
болып  жататыны  да  жасырын  емес.  Журналистерді  қорғау 
жөніндегі  Комитеттің  келтірген  мәліметтеріне  қарағанда, 
соңғы он жыл ішінде 346 журналист өздерінің кәсіби міндетін 
атқару барысында қаза болған (журналистер құқығын қорғай-
тын өзге ұйымдардың мәліметі бұдан да жоғары). 
Өлім  көрсеткіші  өте  жоғары  Ирак  сияқты  қақтығыс  аймақ-
тарында  журналистер  тіптен  қорғансыз,  онда  олар  от  пен 
оқтың ортасында жүреді. Репрессивті режим жағдайларында 
журналистерге шабуыл жасап, түрмеге қамайтын болса, тұ-
рақты әрі демократиялық қоғамның өзінде де кәсіби міндет-
терін орындағаны үшін және қылмыстық оқиғалар мен кор-
рупция  жағдайларын  жазғаны  үшін  журналистерді  өлтіріп 
кетіп жатады. 
Журналист жұмысындағы қиындық тікелей дене жарақатын 
салумен  шектелмейді.  әрине,  мұндай  жағдай  журналистің 
тағдырына  әсер  етеді.  Алайда,  бүгінгідей  экономиканың 
глобализациялануы  жағдайында  көпұлтты  корпорациялар 
бұқаралық  ақпарат  құралдарын  өз  монополияларына  ай-
налдырып,  байыпты  журналистиканың  «аузына  құм  құюға» 
әрекет етуде. Репортерлік қызметті жүзеге асыруға бөлінетін 
бюджет  те  қысқарып,  шетелдік  тілшілер  қосыны  жабылып 
қалып  жатыр.  Халықаралық  жаңалықтар  жергілікті  жердің 
ыңғайымен  шектеліп,  «құрбан»  болып  кетуде.  Оқиғаларды 
баяндау  кезінде  де  саясаттағы  өткір  мәселелер  екінші  ке-
зекке  ысырылып,  жекелеген  тұлғалар  мен  ұсақ-түйек 
сенсацияға негізделген журналистика алға шығып кетіп оты-
ратыны байқалады.  
К
іріспе
Кіріспе
Оқырманға жаңалықты 
жеткізу үшін журналист 
шенеуніктердің бақылау 
әрекеттерін, әртүрлі 
шектеулер мен цензураны 
жеңуге мәжбүр 

  
7
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бұл тенденциялар аса қауіпті болғанына қарамастан, оның 
оң  әсері  бар  екенін  де  естен  шығармаған  жөн.  Мұндай 
жағдайлар  жергілікті  журналистердің  жарқын  болашағына 
ықпал  етеді.  Кейбір  негізгі  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
маңызды  халықаралық  жаңалықтардан  бас  тартқанымен, 
бұл  жағдай  жергілікті  журналистердің  мемлекет  ішінде  оң 
өзгерістердің  енуіне  үлес  қосып,  халықаралық  дәрежеде 
кеңею  мүмкіндігін  арттырады.  Қазіргі  коммуникациялық 
құралдардың  мүмкіншілігіне  қарай,  бүкіл  әлем  бізге 
жақындай  түседі.  Бұл  өз  кезегінде  жергілікті  бұқаралық 
ақпарат құралдарына халықаралық күн тәртібіне әсер етуге 
мүмкіндік береді. 
Бұл  аралықта  жекеменшік  қорлар  мен  батыстық  үкіметтік 
ұйымдардың қолдауына сүйенген бұқаралық ақпарат құрал-
дарын дамытуды көздейтін халықаралық ұйымдар өз қызметін 
жандандыра  түседі.  Ондай  ұйымдар  бейбітшілікті  сақтап, 
даму  мен  демократияны  қамтамасыз  етуге  көмек  көрсету 
мақсатында  қаржыландырылады.  Ал  ол  қаржы  жергілікті 
бұқаралық ақпарат құралдарын нығайтуға жұмсалуы тиіс. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт (IWPR) 
сондай    ұйымдардың  бірі.  Қазіргі  кезде  институт  оңтүстік-
шығыс Еуропадағы, Еуразия, Таяу Шығыс және Африкадағы 
жиырмаға  жуық  мемлекетте  жұмыс  істейді.  Оның  міндеті 
–  жергілікті  журналистердің  медиа  ұйымдарда  қызмет 
етуіне  жағдай  туғызып,  оларды  оқытуға  және  жазғандарын 
жариялауға қолдау көрсету.  
Біздің  тәжірибеміз  жергілікті  репортерлердің  толып  жатқан 
кедергілерге  төтеп  беруге  мәжбүр  екенін  көрсетеді.  Көп 
жағдайда  оларға  тікелей  қысым  көрсетеді,  ол  аз  болса 
журналистер  ресурс  тапшылығын  және  кәсіби  қолдаудың 
жоқтығын сезінеді. 
Соған  да  қарамастан,  біз  жергілікті  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының өздеріне көрсетіліп жатқан көмекке арқа сүйей 
отырып,  бар  мүмкіншіліктерін  көрсететінін  де  байқаймыз. 
Мұндайда журналистер қауымы ерекше батылдық танытып, 
халықаралық  нақтылық  стандарттарын  толыққанды  сақтай 
отырып, объективті әрі бейтарап ақпарат таратады.  

  
8
  
IWPR  жеңіп  алған  көптеген  халықаралық  сыйлықтар 
біздің  жүйемізде  жұмыс  істейтін  жергілікті  журналистердің 
жетістіктерінің мойындалуы деп білеміз.
БҰҰ  ДБ  деректеріне  сүйенсек,  соңғы  жиырма  жыл  ішінде 
«81  мемлекет  демократиялық  бағытқа  айтарлықтай  қадам 
жасаған,  бүгінгі  күні  әлемдегі  200  мемлекеттің  140-ында 
көппартиялы  сайлау  өткізеді.  Бұл  бұрынғыдан  әлдеқайда 
көп».  Дамушы  демократия  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі 
жергілікті  журналистер  үшін  маңызды  рөл  атқарады.  Ол 
журналистердің  толыққанды  жұмыс  істеуіне  мүмкіндіктер 
туғыза отырып, өте үлкен жауапкершілікті де жүктейді. 
Жаңа  коммуникациялық  технологиялар  болса,  бірыңғай 
ойын ережесін қалыптастыруға ықпал етіп, тең мүмкіндіктер 
жасайды. Бүгінгі күні ақпаратты алу да, тарату да бұрынғыдан 
әлдеқайда  оңай.  Бір-бірінен  алшақтап  кеткен  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  түрлі  салалары  қазір  жақындасып 
келеді.  Бұл  әрекеттер  мәтінге  де,  желіге  қосылған  аудио 
және бейнематериалдарға да қатысты (соңғысы, әрине, ин-
тернетке  қосылған  компьютердің  болуына  және  арнаның 
мүмкіншіліктеріне де байланысты). 
Бұл  жаңалық  журналистер  үшін  ғана  емес,  тұтастай  қоғам 
үшін үлкен қолдау болып отыр. 
Бірақ,  жаңа  мүмкіндіктер  кәсіби  біліктілікті  арттыру  мен 
оқиғаны  жауапкершілікпен  баяндауды  алдыңғы  шепке 
шығарып  отыр.  Қолдарыңыздағы  тәжірибелік  нұсқаулық 
ретінде  жазылған  осы  кітапта  дәл  осы  мәселе  туралы  сөз 
болады.  Мақсат  –  айтарлықтай  дағдарыс  аймағындағы  ел-
дерде  жұмыс  жасап  жатқан  жергілікті  журналистерге  көмек 
көрсету.
Бұл  оқу  құралы  журналистиканың  халықаралық  дәрежеде 
мойындалған  негізгі  стандарттарын  көрсетіп  қана  қоймай, 
журналистік  материалдар  дайындаудың  негізгі  тәсілдеріне 
байланысты құнды, пайдалы кеңестер береді. 
Кіріспе
Демократияның 
дамуы бүкіл әлемдегі 
журналистер қауымы 
үшін үлкен әрі маңызды 
рөл атқарып отыр

  
9
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кітапта  жалпы  мәселелерге,  саяси,  экономикалық  және 
гуманитарлық  салаларға  байланысты  ақпараттарды  қалай 
беру керектігі сипатталған. Сондай-ақ, басылым қорғаныс пен 
қауіпсіздік турасынан кеңес беріп, қақтығыс аймақтарындағы 
оқиғаны  анық-қанық  суреттеуге  мүмкіншілік  ашады.  Жала 
жабу  мәселесіне  қатысты  да  құнды  деректер  бар.  Біздің 
оқытушы  бағдарламаларымыздың  бір  бөлігі  ретінде  жа-
зылып  шыққан  оқу  құралы  Соғыс  пен  бейбітшілікті  баян-
дау  жөніндегі  институтқа  мақала  жазудың  шарттары  мен 
талаптарын  да  қарастырады.  әр  бөлімде  жаттығулар  мен 
пікірталас тудыратын бөлімдер бар, сонымен қатар қосымша 
анықтамалық  ақпараттар  берілген.  Тәжірибелік  нұсқаулық 
халықаралық жаттықтырушымен бірге ғана емес, әркімнің өз 
бетінше қолдануына да ыңғайлы етіп құрастырылған. 
Оқу  құралы  бірнеше  тілге  аударылған  (толығырақ  мәлімет 
алу  үшін  www.iwpr.net  сайтына  кіруге  болады).  Беттерді 
бөлу  бірнеше  тілде  өткізілетін  оқыту  семинарлары  үшін  де 
қолайлы.  
Журналистердің  құқықтарымен  қатар  міндеттері  де  бар. 
Көптеген  қоғамда  бүтін  бір  буынның  ғұмырына  тең  немесе 
тіпті одан көп уақыттан бері журналистердің алғаш рет өздері 
тұрып жатқан елдегі оқиғалар туралы еркін ақпарат таратуы-
на мүмкіндігі туып отыр. Егер олар өздерінің кәсіби стандарт-
тары мен жұмыс істеу сапасын дұрыс белгілейтін болса, ол 
болашақ ұрпақтың дамуына жол сілтеумен ғана шектелмейді. 
Журналистердің сапалы жұмысы қоғамның көшбасшыларын 
сүт бетіне шығарып, түрлі қоғамдық топтардың арасындағы 
келіспеушілікті  жойып,  тұрақты  және  демократиялық 
дамудың іргетасын қалайды. Нұсқаулық журналистерге осы 
маңызды міндеттерді орындау барысындағы көмекші құрал 
ретінде пайдалануға арналған.
Энтони Борден, 
атқарушы директор
Бүтін бір буынның 
ғұмырына тең немесе 
тіпті одан көп уақыттан 
бері журналистердің алғаш 
рет өздері тұрып жатқан 
елдегі оқиғалар туралы 
еркін ақпарат таратуына 
мүмкіндігі туып отыр 

  
10
  
1-тарау
н
е
 
үшін
 
журналист
 
болу
 
КереК
?
Американдық 
актер Шон Пенн 
Белградтағы 
IWPR-дың оқыту 
семинарына қатысуда
е
гер
 
қолыңызға
 
осы
 
кітапты
 
алған
 
болсаңыз
, онда сіз не 
журналистсіз, не осы салаға қызығушылық тудырып жүрген 
азаматтардың  бірісіз  деп  үлкен  сеніммен  айтуға  болады. 
IWPR-дың оқыту семинарларын өткізу барысында біз әлемнің 
түкпір-түкпірінен жиналған журналистерден олардың не үшін 
журналист болғанын сұрадық. әрине, жауаптар әртүрлі бол-
ды.  Мұнда  дұрыс  немесе  бұрыс  жауап  деген  болмайды. 
Бірақ,  әңгіме-дүкен  барысында  кейбір  жайттар  қайта-қайта 
қайталана береді. әлбетте, кейбір дилеммалардың жалпыға 
ортақ екені де байқалады.
 
Бұл  тарауда  біз  жұртшылықтың  неліктен  журналист  болуға 
құмар болатынына бірнеше негізгі себепті алға тартып, осы 
орайда алдарынан шығатын қауіп-қатер мен кейбір жаңылыс 
қадамдарды талқылаймыз. Алдағы берілетін жаттығуларды 
орындай отырып, өз көзқарастарыңызды айқындай аласыз-
дар.  
Қоғамға қызмет ету
Көптеген  адамдар  қоғамға  қызмет  ету  үшін,  әділетсіздікпен 
күресіп,  саяси  тұлғаларды  халық  алдында  жауапкершілікке 
тартып,  дағдарыс  кезінде  мемлекетке  көмек  көрсету  үшін 
журналист болғылары келетінін айтады. Шынымен де, жақсы 
журналистика  қоғамға  қызмет  етеді.  Бірақ,  басқа  саланың 
адамдары да қоғамға қызмет етеді ғой: мысалы, дәрігерлер 
мен ұстаздар немесе саясаткерлер (өздерінің айтуы бойын-
ша). Қоғамға қызмет ету мақсаты сіздің не себептен журна-
лист болғыңыз келгенін барынша анық-қанық түсіндіріп бере 
алмайды.

  
11
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Журналистің ақиқатты 
анықтауға құқығы бар ма? 
Журналист ретінде сізге 
«шындықты бұрмалаған» 
деген айып тағылса, не 
істеуге болады? 
Ақиқатты жариялау
Атаққұмар  журналистер  өздерінің  шындықты  іздеп  жүрген-
дері  туралы  көп  мәлімдейді.  Кітапта  сипатталған  стандарт-
тар  бойынша  деректерді  тауып  оны  көрсету  қашаннан-ақ 
журналистиканың күрделі міндеттерінің бірі. Бірақ, «ақиқат» 
деген  де  күрделі  түсінік.  әрине,  халықаралық  журна-
листиканың негізгі  қағидасы оқырманға екі тараптың да өз 
«шындығын» беру. Журналистің ақиқатты анықтауға құқығы 
бар  ма?  Журналист  ретінде  сізге  «шындықты  бұрмалаған» 
деген айып тағылса, не істеуге болады?
Өз Отаныңызды таныстыру
Көптеген  репортерлер  үлкен  партиоттық  сезімге  ие.  Бұл 
табиғи  жағдай.  әрі  басын  қатерге  тігіп  жүрген  журналистің 
патриот  болуы  түсінікті  де.  Журналист  деген  де  адам.  Көп 
жағдайда  олар  да  өздерін  қандай  да  бір  қоғамдастықтарға 
теңестіреді.  Ол  қоғамдастықтар  аймақпен,  тілмен,  дінмен, 
этникалық құраммен немесе азаматтықпен байланысты бо-
луы мүмкін. Алайда, патриоттық сезімнен туындайтын осын-
дай  бөлінушілік  журналистиканың  негізгі  принципіне,  яғни 
объективтілік пен тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қайшы кел-
мей  ме?  Журналистика  қызық  әрі  оқылымды  болуы  керек. 
Жазылуы ауыр, біржақты және менторлық стиль тартымсыз 
әрі жиіркенішті болуы мүмкін. Онсыз да әсірерақымшылықтан 
шаршаған қоғам үшін бұл тіптен қызықсыз. 

  
12
  
1-тарау: Неге журналист болу керек?
Күн тәртібін анықтау
Журналистика  билік  басындағыларға  мемлекетте  шын 
мәнінде  не  болып  жатқаны  туралы  ақпаратты  жеткізуге 
көмектеседі.  Саясаткерлер  мен  жоғары  лауазымды  ше-
неуніктер  ниеттерінің  түзу  екеніне  қарамастан,  шынайы 
жағдайдан  бейхабар  болып  жатады.  Айналасындағылар 
жоғарыдағы  басшыларға  қалайда  жағуды  көздеп,  оларға 
тек  кейбір  жайттарды  ғана  жеткізіп,  көп  нәрсені  жасырып 
қалуы мүмкін. Және олар мұны сол шенеуніктер үшін дұрыс 
шешім деп қабылдауы да ғажап емес. Ал журналистика билік 
басындағыларға ақпарат тарататын тікелей ақпарат көзі бола 
алады.  Бірақ,  бұл  арада  белгілі  бір  қауіп-қатер  де  болмай 
қалмайды. Оны мойындау керек. Журналист басшыларына 
ақпаратты жеткізуге талпына отырып, жетекшісіне жағу үшін, 
сол топта қолдау табу үшін жалған ақпарат жеткізуі мүмкін.
Қоғам мүддесін көздеу
Кез  келген  азаматтық  қоғамның  негізі  –  ақпаратпен  жан-
жақты  қамтылған  қоғам.  Батыл  әрі  әділетті  баспасөздің 
қоғам  алдында  салмағы  болады.  Соны  пайдалана  отырып 
олар өзгерістер әкеліп, жағдайды жақсарта алатын қоғамдық 
күштердің  ұйымдаса  әрекет  етуіне  жәрдемдеседі.  Бұл  сая-
си  жетекшілер  мен  үкіметтегі  басшылардың  әрекеті  тура-
лы  сенімді  ақпаратқа  қол  жеткізуге  болатынын  білдіреді. 
Мемлекеттік  саясат  әділ  және  тиімді  ме?  Уәделі  жоспар-
лар  мен  жобалар  орындалып  жатыр  ма?  Азаматтардың 

  
13
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Тәуелсіздік дегеніміз – 
айналадағылардың сені 
жаппай жек көруі
құқығы сақтала ма? Сақталмайтын болса, неге олай? Қалай 
болғанда да, журналистиканың осы бір классикалық рөлінің 
өзі тәуекелге бел бууға мәжбүрлейді. Шенеуніктер ғана емес, 
оппозиционер саясаткерлер мен бейресми топтар да, оның 
ішінде үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар да 
бар, өздерінің арыз-шағымын айтып, сіздерден әділетті және 
байыпты болуды талап етеді. әкімшілік құқық бұзушылықтар 
мен  саяси  махинацияларды  зерттеу  жауыңыздың  қатарын 
көбейтпесе,  досыңызды  арттырмайтыны  анық  (бұл  табыс-
ты жұмыс та емес). Журналистер арасындағы көне мәтелге 
сүйенсек, «тәуелсіздік деген – айналадағылардың сені жап-
пай жек көруі». 
Әуесқойлық
Тойымсыз әуесқойлық – бір қарағанда әдеттегі нәрсе сияқты 
болғанымен, журналист үшін баға жетпес қасиеттердің бірі. 
Жақсы журналистке табиғи сезімталдық тән. Олар күнделікті 
жұмысының  өзін  жақсы  атқарады  және  содан  ләззат  ала-
ды.  Олар  «жаңалықтың  жоқшысы»  болып  табылады  және 
қолына  түскеннің  бәрін  оқиды.  Өздерінің  ұстанымына 
қайшы, қарсы тараптағы басылымдарды да қалт жібермейді. 
Олар  ұдайы  мәселенің  мән-жайын  ашуға  талпынады  және 
әрқашан  «неге?»  деген  сұраққа  жауап  тапқылары  келеді. 
Ал  бұл  сұрақтың  жауабын  тапқан  уақытта  тез  арада  оны 
басқалармен  бөлісуге  асығады.  Бірақ,  жанұшыра  жаңалық 
іздей  жүріп,  журналистер  көптеген  қиындықтарға  кезігеді. 
Жаңалық  тізбегінен  адасып  қалмау  біраз  тер  төгуді  қажет 

  
14
  
етеді. Кәсіби деңгейді жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін өз 
жұмысыңа  адалдықпен  қарау  қажет.  Көптеген  репортерлер 
өздері бейхабар тақырыптағы жаңа мақаланы жазуға кіріскен 
уақытта  білімсіздіктерінің  кесірінен  тақырыпты  түсіну  үшін 
басынан  бастап  зерттеп,  уақыттарын  кетіріп,  азап  шегеді. 
Кейбір журналистер дер шағында белгілі бір салаға маман-
дануды көздесе, енді біреулері сол салада терең білім алуға 
талпынып,  ойға  қонымды  дүниелер  жазуға  тырысады.  Енді 
біреулері тек қана жазып шығады. 
Ықпал
Журналистер  үлкен  ықпалға  ие  болуы  мүмкін,  көпшілікті 
бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуге итермелейтін 
негізгі жайттардың бірі де осы. Аудиторияны қалыптастыру 
сіздің  мансабыңыз  үшін  пайдалы  болуы  мүмкін.  Неме-
се  сіздің  белгілі  жұмысыңыз  жағдайды  түбегейлі  өзгертуі 
мүмкін. Оның қауіпті болуы да ғажап емес. Мансапқұмарлық 
объективтілік  пен  бейтараптылық  принциптеріне  кедергі 
келтіреді.  Ал  билік  басындағылармен  немесе  оппозицио-
нерлермен бірігіп кеткен репортер елдің сенімінен шығады. 
Тоқмейілсушілік оқиғаны баяндау ісіне бей-жай қарауға алып 
келеді. Ал өзіңізге ықпал еткісі келетін топтар сізді қырағы на-
зарда ұстайтын болса, мұның ақыры жеке өміріңізді қатерге 
тігуге әкеліп соқтыруы да мүмкін. 
1-тарау: Неге журналист болу керек?

  
15
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Ең мықты журналист 
қандай да бір оқиғаны елге 
жеткізу кезінде ұсақ-
түйекке дейін мән беріп, 
соның егжей-тегжейін 
анықтау арқылы ғана та-
нымал болады. Шын жур-
налистке одан өзге әдістің 
де, айланың да керегі жоқ   
Танымалдылық
Көптеген журналистер танымал болуға ұмтылады, бұл кейбір 
журналистер  үшін  ынталандыру  іспетті.  Жас  репортерлер 
CNN-дегі Кристиан Аманпур, ABC-дегі Петер Дженнингс не-
месе  BBC-дағы  Джереми  Паксман  сияқты  бүкіл  әлемге  та-
нымал журналист болғылары келеді. Олар күндердің күнінде 
өздерін теледидар экранынан көруді армандап жүреді. BBC-
дің  Бағдаттағы  бір  тілшісі  Парсы  шығанағындағы  екінші 
соғыстың кезінде аты шығып, артынша кітап жазу жөніндегі 
келісім-шартқа қол қойды. Алайда, танымалдылықтың пайда-
лы жағымен қатар, бір-ақ сәтте абыройсыз ететін екінші жағы 
болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, журналистік қызметтен 
маңызды  ештеңе  жоқ.  Ең  мықты  журналист  қандай  да  бір 
оқиғаны  елге  жеткізу  кезінде  ұсақ-түйекке  дейін  мән  беріп, 
соның егжей-тегжейін анықтау арқылы ғана танымал бола-
ды. Шын журналистке одан өзге әдістің де, айланың да керегі 
жоқ.   


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал