Өзге ұлт өкілдерінің талабы қуантады Текей батыр Балаға жасалған қиянат



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/7
Дата03.02.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№2 (1364) 

12 – 18 қаңтар

2017 жыл


1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

намыс


универсиада – 2017

Баспасөз – 2017 



Бүгінгі санда:

Өзге ұлт өкілдерінің 

талабы қуантады

Текей батыр

Балаға

жасалған қиянат

4-бет

5-бет

7-бет

 − Жұмабай Орынғалиұлы, өзіңізден 

екі жыл ішінде бір тақырып бойынша 

үшінші сұхбатты алып отырмын. Бұған 

себеп – таңдаған тақырыбыңыздың 

мемлекеттік тұрғыда аса құндылығы, 

халыққа жақындығы мен қажеттілігі, 

6 жыл бойына еш тынбастан анықтау-

зерттеумен майдангер қазақ офицерлері 

санын 12 мыңға жеткізіп тынғаныңыз 

дер едім. Бұл сан айтуға оңай болға-

нымен, солардың әрқайсысын ине-

мен құдық қазғандай күйде іздеп-

тапқан, жинақтаумен ретке келтірген 

бір адам екеніне мән берсек, кәдімгі 

фантастикалық көрсеткіш демеске 

шара жоқ.

«Екінші дүниежүзілік соғыстағы 

қазақ офицерлері» атты кітабыңызды 

6-бет

2-бет

Күлтегін – 

Көне мұра

Келесі нөмірден оқитындарыңыз:

– 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында 

өтетін қысқы спорт бәсекесіне еліміздің 

дайындығы қай деңгейде? 

– Универсиадаға дайындығымыз өте 

жоғары. Негізінен үш тарап жұмыс жаса-

уда. Бірінші тарап – еліміздің Мәдениет 

және спорт, Сыртқы істер, Ақпарат және 

коммуникация лар министрліктері Уни-

версиаданы өткізуге байланысты өздеріне 

тиесілі ауқымды жұмыстар атқаруда. 

Ал екінші тарап – Алматы қаласының 

әкімдігі дайындық жұмыстарын 

пысықтауда. Ұйымдастыру комитеті 

болса, қызмет көрсету және спорттық 

нысандарды әзірлеуді қадағалауда. Соны-

мен қатар спортшылар мен делегаттарды 

күтіп алу, орналастыру, тамақтандыру, 

арнайы көліктермен қамтамасыз ету, 

қонақтарды шығарып салу секілді іс-

шараларды атқарамыз.

2011 жылы Азияда ойындарын 

өткізу мәртебесін жеңіп алған кезде 

Халықаралық Студенттік спорт феде-

рациясына Универсиада ойындарына 

қатысты жоспарымызды таныстырған 

болатынбыз. Осының негізінде 2016 

жылы жолдарға жөндеу жұмыстары 

жүргізіліп, көліктер жаңартылды. 



жалғастырумен  25 томдық етіп жа-

зып, баспаға тапсырыпсыз. Қазақстан 

 тарихында жалғыз автордың рекордтық 

көрсеткіші саналатын бұл аса қомақты 

еңбегіңізде тамаша деректердің мол 

екені сөзсіз. Енді оқырмандарға 

ерекшеліктерімен есімдері еріксіз селт 

еткізетін жеке тұлғаларды атасаңыз?

− Құттыгерей, қыркүйекте берген 

сұхбатымда ерен ерлік көрсеткен танк 

ротасының командирі Ж.Рахметов, 

атқыштар батальонының командирі 

Ш.Қабдоносов, танк командирлері 

Қ.Сәрсембаев пен И.Бектемісов, 

 СУ-76 командирі Ж.Берқалиев, пуле-

мет ротасының командирі С.Оралбеков 

туралы айтқанмын. Мына сұрағыңа 

жауап ретінде толықтырайын.

Екі танк батальонын басқарған 

капитан Қанафия Абдуллиннің (Семей 

облысы) тек екі ұрыстағы ерлігін құжат 

бойынша оқыңыздар:



«Сметав боевое охранение противни-

ка тов. Абдуллин первым достиг линию 

обороны и своим танком уничтожил 2 

противотанковые пушки, 1 ДЗОТ, 3 

пулеметных точки, 8 человек пехоты 

противника. Остальные танковые 

экипажи воодушевленные примером 

командира батальона, в этой боевой 

операции уничтожило свыше взвода 

пехоты, 11 огневых точек, 2 миномета, 

4 противотанковых пушки».

Иә, соғыстың беймәлім сәттері де болады екен. Мемлекет аралық 

«Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы, Қазақстанның құрметті 

журналисі, тарихшы Жұмабай Доспановтың осы соғыс тақырыбын 

зерттей бастағанына 6 жыл болыпты. Осы жылдар ішінде жинақтаған 

материалдары бірнеше папкіге жүк болып тұр. Ұлы Отан соғысының  

біткеніне де біраз уақыт болды. Алайда ұлынан айырылған ананың, 

қосағынан айырылған жесірдің, әкесінен айырылған баланың үміті 

әлі де сөнер емес. «Алтын тапқан жерді белден қаз» дегендей, біз 

тарихшының алты жылда жинақтаған материалдары босқа кетпесін 

деп осы сұхбатты ұйымдастырып отырмыз.  

Жыл басталды. Әр жылдан жақсылық күтіп, үмітпен қарайтын елміз. 

Биыл да солай болмақ. Руханиятымызды кемелдендірсек, тілі мізге  

жанашырлықпен қарап, оның аясын кеңейтсек, тұғырын  биік тетсек 

деген мақсат әрқайсымыздың жүрегімізге  ұяласа  құба-құп. 

Қазпош

Та

индекс


мерзімі

аймақ/қала

аудан/ауыл

Жеке жазылушылар үшін

65367

6 айға


1748,16

1859,94


11 айға

3204,96


3409,89

мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 айға


3202,56

3314,34


11 айға

5871,36


6076,29

«ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

Ойтүрткі


мезгіл мезеттері 

Міне, қыс мезгілінің екінші 

айына да келіп жеттік. Қаңтар 

айын өткізудеміз. ата-бабамыз 

«Қыстың көзі қырауда» деп 

тегін айтпаған ғой. Қырау 

да, алай-дүлей боран да, 

сықырлаған сары аяз да 

табиғаттың осы мезгілінде 

көрініс табады. ауа райын 

болжау мамандары қаңтар 

айында, әсіресе Солтүстік 

өңірлерде қар, бұрқасын

екпінді жел, кейбір жерлерде 

көктайғақ болады дейді. Қазір  

қаһарлы қыс күшіне енген кез. 

Бұл шақ ауылдағы ағайынға 

да оңай соқпайтыны анық. 

ауласын омбы қардан аршып, 

қолындағы малының жем-

шөбін қамдап, біраз әбігерге 

түседі. Мұндайда үскірік аяз 

да жеңіл тимейді. ширақтық, 

табандылық танытатын кез де 

осы. Өйткені «Кәрі құдамыз» 

қыстың әлегі бөлек. 

Биылғы қаңтардың ерекшелігі 

– айдың соңында алматыда 

Дүниежүзілік қысқы 

Универсиада ойындары 

жалауын көтереді. Бұл маңызды 

шараны биік дәрежесінде 

өткізуіміз керек. Қандай ғажап, 

қазақ даласының, қазақ 

табиғатының қысында, ақ қар, 

көк мұзының үстінде әлемнің 

жас спортшылары өзара бақ 

сынасады. Ел мерейінің өсіп

мәртебесінің биіктегені осы емес 

пе. Иә, қаңтар айы халқымызға 

құт айы болсын!  

Жер бетінде баға жетпес 

ұлы қазынамыз – тіліміз бар. 

«Қолда барда алтынның қадірі 

жоқ» демекші, тілдің қадірін 

сезінетіндер бізде әлі де аз бо-

лып тұр. Керек етпейді.  Жуырда 

Алматыдағы жоғары оқу орын-

дарында білім алып жүрген бір 

топ студенттер поезбен ауыл-

дарына қайтып барады екен. 

Әлгілердің сөйлеген сөздерінің 

бәрі – орысша. Ара-арасында 

ағыл шын сөздерін де араласты-

рып, қосып қояды. Бұл не бол-

ды, сонда? Өз қаракөздеріміз 

солай жасап отырған соң, ішің 

қан жылайды екен. Олардың 

санасында, жүрегінде қазақ 

тіліне орын жоқ деген сөз бе? 

Міне, жастарымыздың сиқы 

осы. Университет ректорлары, 

факультет декандары, оқу-тәрбие 

жұмысының басшылары қайда 

қарап жүр деген ой келеді. Универ-

ситет, институт, академия болсын, 

онда тәлім алатын шәкірттер 

өз мамандықтарымен қатар 

мемлекеттік тілді де меңгерулері 

керек қой.  Мәселеге осы тұрғыдан 

келуге тиіспіз. Демек, тіл саласын-

да идеологиялық жұмыстардың 

ақсап тұрғанын көріп отырмыз.   

Атағы дардай оқу орнын тәмамдап 

қазақша бірауыз сөз білмей тұрса, 

бұл сол білім ордаларының бас-

шыларына сын болмақ. 

Мақала басында руханияты-

мызды кемелдендірсек деген ой 

айттық қой. Енді осы жайтты 

біраз тарқатсақ. Мамандығымызға 

сай, қоғаммен араласа жүріп, 

назарымызға іліккен көптеген 

мәселелерге зер сала жүретін 

әдетіміз бар. Көзімізге ілігетін сон-

дай бір келеңсіз көріністер аз емес. 

Бұлардың көбісі адамның ішкі 

мәдениетіне, тәлім-тәрбиесіне, 

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауына 

байланысты болып келеді. Біреуі 

тап-таза көшеге шырт-шырт 

тү кіріп бара жатса, енді біреуі 

үйі нен алып шыққан керексіз за-

тын қоқыс жәшікке жеткізбестен 

жолға лақтырып кетеді. Әлем дік 

өрке ниетке бетбұрып жатқан 

тұста, өз-өзімізді сол өр кениеттің 

талаптарына сай тәрбиелеуге неге 

ұмтылмаймыз? 

«Шошимын кейінгі жас 

 ба лалардан» деп дана Абай айт-

пақшы, кейінгі толқынның жүріс-

тұрысынан да қылаң беретін 

кемшіліктерді аз көрмейсің. 

Мәселен, қазіргі кейбір мектеп 

оқушы лары көшеде, оңаша жер-

лерде бір-бірлерімен балағаттап 

сөйлесуді әдетке айналдырыпты. 

Екі сөзінің бірі – балағат. Бұл 

қайдан жұққан әдет? Ондай 

оқушылардан ертең қандай 

азамат шығады. Демек, үйдегі, 

мектептегі тәрбие оларға әсер 

етпейді деген сөз. Әйтпесе, 

сөйтер ме еді. Ал тәрбие әсер 

ету үшін не істеуіміз керек? 

Батыстың киноларымен су-

с ы н д а п   ө с і п   к е л е   ж а т қ а н 

ұрпақтың санасына бір нәрсе 

қондыру да оңай шаруа емес. 

Дегенмен, мұндай мәселелерді 

 назардан тыс қалдыруға болмас. 

Шетелдік құндылықтарға бой 

ұрып бара жатқан жас толқынды 

жат әдеттерден арылтуға күш 

салғанымыз жөн. Әйтпесе ертең 

бәрі де кеш болып кетуі мүмкін. 

Қазақша тәрбие алған бала 

мұндайға бара қоймайды. Өйткені 

ана тілдің құдіреті жеңіл-желпі 

дүниелерге ұмсындырмайды. 

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

Қолда барда 

алтынның қадірі жоқ

Ауылдың сәні – 

қаңтардың қары

немесе Ұлы отан соғысының беймәлім беттері

АйтылмАғАн АқиқАт

Суретті түсірген Азамат қҰСАйынОВ

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды...

Абай

Дидар СаҒаДИЕВ, Бүкіләлемдік

қысқы Универсиадаға дайындық пен 

өткізу дирекциясы директорының 

орынбасары:

Сайыс 

басталар сәт 

таяп қалды


2

№2 (1364) 

12 – 18 қаңтар

2017 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

3

№2 (1364) 



12 – 18 қаңтар

2017 жыл


Бәрекелді!

тұсаукесер

кинО

қАлАмГЕРГЕ 



қҰРмЕт КӨРСЕтІлДІ

ынтымАқ түбІ – иГІлІК

ЖАз КӨңІл ЖыРлАР

«мАРЖАны СыРДың – 

ШиЕлІм»

Жаңа жыл қар-

саңында Қызыл-

орда  қала сындағы 

А.Тоқма ғамбетов 

атындағы 

 Мә дениет  үйінде  Ел 

Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына арналған 

мерекелік шара өтті. 

Аталған шарада шаһар басшысы Нұрлыбек 

Нәлібаев Қазақстанның Құрметті журналисі, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазу-

шы-публицист Итен Қарымсақұлына «Қызылорда 

қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі мен 

куәлігін тапсырды. Жиында өз саласының 

үздіктері мен қаланың дамуына зор үлес қосқан 

азаматтар марапатталды.  Әріптесімізді құттықтап, 

шығармашылық табыс тілейміз! 



Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамы-

ту қорының директоры Азат Шәуеев пен 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік 

тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық 

қорық-мұражайының басшысы Болат 

Жүнісбеков өзара шығармашылық ынтымақ-

тас тық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты – қазақ 

халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін 

кеңінен насихаттау, ғаламтор кеңістігінде мем-

ле кеттік тілдің қолдануаясын кеңейту болып 

табылады.

Ынтымақтастық меморандумының аясында 

«Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиялық порта-

лын бірлесіп толықтыруға, Ұлы Абайдың өмірі 

мен шығармашылығы, оның ақын шәкірттері, 

замандастарының естеліктері, абайтанушылардың 

Абайға арналған еңбектері, шығармалары жайында 

материалдар жинау жұмыстарын жүзеге асыру, 

ақпараттармен алмасу және бірлескен бастама-

ларды әзірлеуге қатысу көзделеді.

Жамбыл облысы Қарасай батыр 

ауылының №20 мек те бінде Тәуелсіздіктің 

25 жылдығына орай ақын Шарапат 

Исқақованың «Жаз көңіл ме нің жырларым» 

атты кітабының тұсауы кесілді. 

Тұсаукесерді ауыл ақсақалы Асық Уәлиев 

ашып, бата берді. Ауыл әкімі Жандос   Алтыбаев 

    құттықтау  сөз  сөйлеп,  мұндай  туындылар 

өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезім 

қалыптастыратынын баса айтты. Шара бары-

сында Нәзира Нұралиева, Гүлжанар Төкеева, 

Рабиға Білдебаева, Алмагүл Тайбекова, Айсара 

Оразбаева, Айгүл Тоқтабаева ақын өлеңдерін 

оқып, кітап жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.



Халықаралық Түркі әлемі телестудиясы 

шығарған «Маржаны Сырдың – Шиелім» 

атты фильм көпшілік көңілінен шықты. 

Фильм туралы пікірлерін жұртшылық бір-

біріне жамырай айтып, сыр шертісіп, мәз-

мәйрам боп жүр. 

Сыр өңірі ақ күрішімен, мыңғырған ма-

лымен, торлама қауынымен әйгілі. Қара 

кетпеннің құдіретін  әйгілеген диқан Ыбырай 

Жақаев, саясаттың құрбаны боп, елі үшін 

емексіп шет-жұртта қалған Мұстафа Шоқай, 

өлең сөздің құдіретін көрсеткен ақын Әбділда 

Тәжібаев пен  әдебиет майталманы, Қазақ 

Кеңес Энциклопедиясының негізін қалаушы 

Мұхамеджан Қаратаев, математик-ғалым, ака-

демик Асқар Жұмаділдаев пен жазушы Қуандық 

Түменбай – фильм кейіпкері. Осылар туралы әуелі 

облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ой қозғаса, со-

нан ауық-ауық Шиелі ауданының әкімі Қайратбек 

Сәрсенбаев жетістіктер жайлы ауыз толтырып 

айтып отырады. 

Фильмде туған жері туралы тебірене ой 

толғаған Асқар Жұмаділдаев: «Менің екі Ота ным 

бар, бірі – Мәскеу, онда білім алдым, екінші сі – 

Шиелі, онда кіндік қаным тамды» десе, жазу шы 

Қуандық Түменбай: «Диқан кетпеніне, қаламгер 

қаламына ие болсын» дейді. Сыр өңірінің екі 

перзенті әркім өз тірлігіне адал болсын деген 

ұстанымды айтып тұр. Фильмнің режиссері 

Доқтырхан Тұрлыбек.

Жүздесу


Бұл туралы тарихшы ғалым М.Қойгелдиев «1916 

жыл оқиғасына байланысты ғылыми әдебиетте 

болашақ Алаш партиясының негізін қалаған қазақ 

интеллигенттерінің «сатқындық» рөлі туралы пікір 

қалыптасқан» (Ә.Бөкейханов. Шығармалар. 1994.) 

дей келіп, «25 июнь жарлығы шығып, көтеріліс 

басталып кеткенде губерндік басшылар «Қазақ» 

газетін, оның редакторын, Бөкейханов пен 



1916 жылғы патша үкіметінің «25 июнь 

жарлығына» қатысты тарихи оқиғалар 

алашшыл ақындар шығармаларында да 

азды-кем орын алғаны рас.   

Осы уақыттарда әртүрлі пікір білдірген 

мақалалар баспасөз беттерінде, әсіресе, 

«Қазақ» газетінің 1916 жылдың 166-211 

сандарында кеңірек басылып, алаш 

зиялыларының айтқан ақылы өзгешерек 

болыпты. Тіпті мұны сол кездегі қазақ 

баласының солдатқа бару-бармауының 

қаншалықты дұрыс-бұрыстығына жауап 

қатқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, 

М.Дулатовтың бірлесіп жазған «Алаштың 

азаматы» мақаласынан да көруге болады.

Қазақстанның 2017-18 жылдар кезеңіне БҰҰ Қауіпсіздік 

Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттіктерінің басталуына орай

Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ

Сөз қадірін білетін 

жастарымыз өсіп келеді

арнайы 

бағдарлама қажет 

айдар СаДырБаЕВ,

Семей қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы

– Айдар Серікқазыұлы, өзіңіз басқарып 

отырған қалалық Ішкі саясат бөлімінің атқарып 

отырған жұмысына, оның ішінде жастар мәселесіне 

тоқталсаңыз?

– Бүгінде Семей қаласындағы халық саны  

340 мыңнан асса, оның 97 мыңға жуығы жастар. 

Шаһарда 4 жоғары оқу орны, 28 колледж бар.  

Алыс-жақын маңнан Семей қаласына білім іздеп 

келетіндердің саны күн өткен сайын артуда. 

Мәселен, «Серпін» бағдарламасы бойынша 

оңтүстік өңірдің 1040 студенті оқып жүр. 

Жастар саясатын іске асыру мақсатында 

2013 жылы арнайы ресурстық орталық ашылған. 

Орталықтың негізгі мақсаты – жастардың басын 

қосып, бағыт-бағдар беру. Жоғарыда аталған 97 

мың жастың 36 мыңнан астамы студенттер бол-

са, 14-19 жас аралығындағы жоғары сыныптың 

оқушылары да осы жастардың тобына кіреді. 

Үшінші жыл қатарынан «Жастар кәсіпкер-

лігін дамыту» жобасын  іске асырып келеміз. Осы 

уақытқа дейін мыңнан астам қыз-жігіттеріміз 

арнайы тренингтерден өтті. Онда жеке кәсіпті 

дамытуға байланысты пайдалы кеңестер берілді. 

«Ана тілі» газетінің №1 (1363) нөмірінде журналист 

Ақбота Исләмбектің Шығыс Қазақстан облысы Катонқара-

ғай ауылдық округінің әкімі А.Балтабаевпен «Шекара лық 

аудандарға ерекше мәртебе керек» деген сұхбаты жарық 

көрген болатын. Аталған материалда бүгінгі көкейкесті 

мәселе – шекаралық аудандардың жағ дайы, ондағы халық 

санының азайып кеткені жайлы айтылып, мәселені шешу 

жөнінде нақты ұсыныстар да берілген. Расында, Шығыс 

Қазақстан – еліміздің ең үлкен шекаралық аймақтарының 

бірі. Шекаралық аудандардағы халық санының қаншалықты 

азайып кеткенін білеміз. Мәселен, мен өзім отбасыммен 

бірге 1997 жылы бұрынғы Марқакөл ауданынан қалаға 

қоныс аудардым. Сол жылдары аудандар біріктіріліп, Теректі 

ауылдық округі аудан орталығы мәртебесінен айырылды. 

Жұмыс орындарында қысқартулар болды. 

Қазір шет жатқан елдімекендерде инфрақұрылым 

дамып жатқанымен, халықтың тұрақтауы аз. Әсіресе, 

 жастар қатарының сиреп бара жатқаны ерекше алаңдатады. 

Сондықтан бірінші кезекте, жастарды ауылды көркейтуге 

тарту үшін оларға қызметтік тұрғыда жеңілдіктер жасал-

са құба-құп. Жас мамандардың жалақысына қосымша 

үстемақы төленсе, артық болмас еді. Бұл бірінші мәселе. 

Екінші кезекте, өндірісті жандандыруымыз керек. Осы 

орайда кәсіпкерлерге, жергілікті шаруаларға жеңілдіктер 

қарастырылса деген ойым бар. Бұл бір жағынан, 

экономикалық тұрғыда серпін берсе, екіншіден, жаңа 

жұмыс орындары көптеп ашылар еді. Ал түптің түбінде 

бұл мәселелердің барлығын шешу үшін Үкімет арнайы заң 

шығарып, бағдарлама қабылдағаны абзал. 

Марал ҚАДЫЛБЕКҚЫЗЫ, 

заңгер 

Әр қаланың өз ерекшелігі бар. Кезінде Алаштың астанасы атанған Семей шаһары 

 туралы айтатын болсақ, қаланың дамып, өркендеуіне көңіл бөлініп, бірқатар ауқымды 

шаралардың атқарылып жатқанын байқауға болады. Қалалық ішкі саясат бөлімінің 

басшысы Айдар Садырбаевпен әңгімемізде қаланың рухани келбеті, сондай-ақ жастар 

мәселесі тілге тиек етілді.

тәрбиені, оның қалыптасуына жауапкершілікті 

мектепке жүктей салуы кей жағдайда теріс 

әсерін тигізіп жататыны жасырын емес. 

Жастардың қалыптасуына шенеунік ретінде 

емес, осы қоғамның бір мүшесі ретінде мен де 

жауаптымын. 

Қазір біз адамгершілік мәселелеріне көбірек 

көңіл бөлгеніміз жөн. Қанша жерден дағдарыс 

дегенімізбен, бүгінгі күнге шүкіршілік етуіміз 

керек. Әрқайсысының нәпақа табуға мүмкіндігі 

бар. Экономикалық дағдарыстың басталуы, 

шарықтау шегі, құлдырауы болады. 

Ал біз ең бастысы рухани дағдарысқа жол 

беріп алмауымыз керек. Ол біздің ертеңгі ұлы 

мақсаттарымызға, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлт-

тық идеясына нұқсан келтіретін бірден-бір 

теріс әсер тигізетін дүние деп қабылдаймыз. 

Сондықтан осы салаға баса назар аударудың 

маңызы ерекше. 



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Бағдагүл БАЛАуБАЕВА

– Тағы да қандай өзекті жайтты атап өтер 

едіңіз? 

– Жастардың теріс ағымдарға бой ұруы 

– елді алаңдатып отырған үлкен мәселе. Ел-

басы айтқанындай, діни экстремизм және 

онымен күрес мәселесі басты назарда болуы 

тиіс. Діннің атын жамылып, қандай да бір 

теріс пиғылды әрекеттерге үндегісі келетін, 

солардың жетегінде кетіп жатқан кейбір іні-

бауыр-қарындастарымыздың әрекетіне тосқауыл 

қою – бүкіл қоғамның міндеті.

Осы мақсатта облыс, қала басшылығының 

қолдауымен Ішкі саясат бөлімі жанынан  арнайы 

сектор ашылды. Теріс жолға түсіп кеткен 

 бауырларымызбен өзара жұмыс істеуге теолог 

маманы бекітілген. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал