Өз н Өз н Өз н «Өзенмұнайгаз»



жүктеу 235.35 Kb.

бет1/3
Дата10.06.2017
өлшемі235.35 Kb.
  1   2   3

Өз  н

Өз  н

Өз  н

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ

№2 (7) АҚПАН 2017

www.facebook.com/OzenMunaiGaz/

www.ozen.kz

«Өзенмұнайгаз» АҚ экономикасы:

2015-2016 ЖЫЛДАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

С

оңғы екі жылдағы «қара алтын» бағамының 

құлдырауы салдарынан туындаған әлемдік 

нарықтағы дағдарыс – негізгі табыс көзі 

мұнай өндіру болып табылатын елдер мен 

компаниялардың �кономикасына елеулі 

өзгерістер енгізді. Алдағы уақытта мұнай 

бағамының бұрынғыдай жоғары деңгейде мүмкін 

болмайтындығы бар�аға анық. Себебі, сұраныс пен 

ұсынысқа қарай бағаның құбылуы әлемдік нарықтың 

негіздеріне тікелей байланысты болып отыр.

САРАПТАМА

Нарықтық экономика жағдайына байланысты 

2015 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Ұлттық Банкі 

теңгені еркін айналымға жіберді. Енді ұлттық валю-

та бағамының ауысу динамикасы мұнай бағасының 

өзгеруімен байланысты.

Бүгінде мұнайдан өңделетін өнімдердің бағасын 

нарық арқылы реттеу кезеңіне бірте-бірте көшу 

үстіндеміз. Мәселен, 2016 жылдың 4 тамызынан 

бастап, ішкі нарықтағы дизель отынының бағасын 

мемлекеттік реттеу жүйесі алынып тасталды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ «қара алтын» өндіруші 

компания ретінде әлемдік және отандық мұнай 

нарығының елеулі бір бөлігі болып есептелінеді. 

Олай дейтініміз – қабылданған міндеттемелерге 

сәйкес, экспортты және ішкі нарықты мұнаймен 

қамтамасыз етіп отыр. Демек, мұнай нарығында 

орын алатын кез-келген өзгерістер компания эко-

номикасына тікелей әсер етеді.

2015-2016 жылдардың қорытындысы бойынша, 

компания әлі дербес және нарық өзгерістеріне жедел 

жауап беретін қабілетке ие емес екендігін байқатты. 

Соның нәтижесінде өзін-өзі қамтамасыз ете алатын-

дай қаржылық қорының жоқтығы білінді.

Мысалы, 2015 жылы мұнайдың бір баррелінің ор-

таша бағасы 52,5 долларды құраса, теңгенің орта-

ша айырбас бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 222 

теңге көлемінде болды. Сол кезеңде компанияның  

таза ақшалай шығыны (-52) млрд.теңгеге жеткен еді. 

Былтырғы жылы мұнайдың бір баррелі орта есеппен 

43,7 доллар болса, теңгенің орташа айырбас бағамы 

бойынша 1 АҚШ доллары 342 теңгені құрады. Бұл 

кезеңнің таза ақшалай ағыны шамамен 34 млрд.теңгеге 

жетті. Нәтижесінде 2015-2016 жылдардағы таза 

шығын көлемі (-18) млрд.теңге шамасында болды. 

(Жалғасы 2-бетте)


2

№2 (7)


 АҚПАН 2017

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ

https://www.facebook.com/OzenMunaiGaz/

(

Өз  н



САРАПТАМА

Басты қағидамыз – қауіпсіздік 

(Соңы. Басы 1-бетте)

2016 жылдың қорытындысы бойынша 

«Өзенмұнайгаз» АҚ қаржылық оң көрсеткішке  

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басшылығы мен 

Маңғыстау облысы  әкімдігінің тікелей қолдауы 

арқылы жеткендігін айта кеткен жөн. Атап 

айтқанда:

 • Ел Үкіметінің 31.08.2016 жылғы қаулысына 

сәйкес, 2016 жылға «Өзенмұнайгаз» АҚ пайдалы 

қазбаларды өндіру салығының ставкасы 13-тен 9 

%-ға дейін төмендетілді;

• Бюджеттен қосымша құн салығын қайтару;

• Мұнай бағасына қарай экспорттық-кедендік 

баж салығының дифференциалдык әдіске көшуі;

• «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ішкі нарықты мұнай 

өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында тікелей 

мұнай өңдеу процессингіне көшу нәтижесінде, 

мұнай ішкі нарыққа өзіндік құнынан төмен емес 

баға арқылы сату жүзеге асырылды. 

Жоғарыда аталған іс-шараларды қоспағанда, 

2016 жылы компанияның қаржылық нәтижесі 

(-42) млрд. теңге көлемінде шығын болып, өзін-

өзі қаржыландыру деңгейіне жете алмас еді.

2017 жылы жағдайымыз жақсарады деп 

айтуға әлі ерте. Өйткені, бекітілген бюджет 

параметрлеріне сәйкес,  теңгенің орташа айырбас 

бағамын 1 АҚШ доллары - 320 теңге мөлшерімен 

алғанда компанияның шығынсыздық нүктесі 

баррельіне 59 АҚШ долларын құрайды.

Анықтама: Шығынсыздық нүктесі – 

компанияның табысы шығындарды (ағымдағы 

және күрделі) жабуға ғана жеткілікті болып 

табылатын Brent маркалы мұнай бағамының 

ең аз көрсеткіші, яғни, компания нөлге жұмыс 

істеуі үшін қажетті мұнай бағасы. 

Қазіргі уақытта әлемдегі мұнайдың баррелінің 

бағасы шамамен 55-57 доллар екені баршаға аян. 

Мұнай бағамы компанияның шығынсыздық нүктесі 

деңгейінен төмен. Соңғы екі жыл ішінде Brent мар-

калы мұнай бағасының құбылуы – сұраныс пен 

ұсынысқа әсер ететін әлемдегі оқиғалар аясында 

болды.


Мысалы, 2015 жылдың соңында әлемдік нарықта 

артық мұнай көлемі тәулігіне 2 млн. баррельге 

дейін өсті. Оған АҚШ-тағы тығыз қабаттардан 

өндірілетін мұнай (сланцевая нефть) өндірісінің 

қарқынды өсуі және мұнай экспорттаушы мем-

лекеттер ұйымының (МЭМҰ/ОПЕК) квотаға 

өзгеріс енгізбей тұра, керісінше өндіріс көлемін 

одан әрі арттыруы әсерін тигізді. Ал мұнай 

сұранысына келер болсақ, әлемдік экономиканың 

өсу қарқынының баяулауы, АҚШ-тың мұнай 

қорларының ара-тұра артуы және т.б. әсер етті.

2016 жылы мұнайдың төмен бағамдары одан әрі 

сақталуына байланысты (2016 жылғы қаңтар айын-

да мұнайдың бір баррелінің бағамы 25 АҚШ долла-

рына дейін төмендеді) мұнай экспорттаушы елдер 

(МЭМҰ, Ресей және басқалар) нарықтағы мұнай 

өндіру көлемін қысқартуға келіссөздер жүргізген 

болатын. Нәтижесінде Вена қаласында 2017 

жылдың 1-ші жартыжылдығының соңына дейін, 

тәулігіне 1,2 млн. баррель мұнай өндіру көлемін 

қысқарту туралы келісімге қол жеткізілді. Соның 

салдарынан мұнайдың бір баррельге есептегендегі 

бағасы 55 АҚШ долларына дейін өсті.

Бағаның өсуінен 2017 жылдың ақпан 

айындағы ақпараттарға сәйкес, АҚШ-тағы мұнай 

қондырғыларының саны 597-ге жетті. Бұл 2015 

жылдың соңынан бері қарай рекордтық көрсеткіш 

болып отыр.

МЭМҰ бас хатшысының соңғы мәлімдемесі 

бойынша, Венадағы келіссөздерінің шешіміне 

қарамастан және оның орындалысы деңгейін еске-

ре отырып, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың 

теңесуі әзірге әлде-қайда ерте екендігін айтты. 

Өйткені, нарықтағы тұрақтандыру жөніндегі 

мәміле бойынша өз міндеттемелерін МЭМҰ 

елдері 90%-ға орындаса, оған кірмейтін елдер 50% 

шамасында орындауда. Жетекші аналитикалық 

агенттіктердің мәліметінше, Венадағы келісімнің 

тиімділігін бағалау тым ерте және оның аяқталуына 

әлі 4 айдан астам уақыт бар.

Осылайша, бір жағынан Венадағы 

келіссөздер нәтижесі нарықтағы мұнай 

бағасын тұрақтандыруға оң серпінін берсе, 

екінші жағынан АҚШ-тың тығыз қабаттардан 

өндірілетін мұнай өндірісінің өсуі кері әсерін 

тигізуде.

«Bank of America Merill Lynch» сарап-

шыларының айтуынша, американдық мұнай 

өндірушілерін «қолда» ұстау үшін МЭМҰ және 

Ресейге мұнайдың баррелінің бағасы 40 доллар 

деңгейінде ұстауға көнулері қажет. Егер де мұнай 

бағамдары қайтып, барреліне 60-70 доллар диа-

пазонына келсе, АҚШ-тағы мұнай өндірісі көлемі 

жыл сайын тәулігіне 720 мың баррельге арта-

ды, оның салдарынан 5 жылдың ішінде нарыққа 

күнделікті 3,5 млн. баррель мұнай қосады. Ол 

шамамен әлемдегі қосымша сұраныстың үштен 

екі бөлігін қамтиды.

Жоғарыдағы фактілерді ескере отырып, 

жетекші сарапшылар мен ірі мұнай өндіруші ел-

дер болжамдарында айырмашылық байқалады. 

Болжамдарға сәйкес, алдағы уақытта мұнай 

бағасы барреліне 30-дан 70 долларға дейінгі 

диапазонда болуы мүмкін. Бірақ мұнай 

бағасының әлемдік нарықта өзгеруі ең алдымен 

сұраныс пен ұсынысқа байланысты екендігін 

ұмытпағандығымыз абзал.

Аталған құбылмалы кезеңде «Өзенмұнайгаз» 

АҚ үшін ең – өзекті мәселе қаржылық 

тұрақтылықты сақтап қалу болып табылады. 

2015-2016 жылдардың қорытындысы бойын-

ша, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін 

қор көлемі 54 млрд. теңгені құрады. Аталған сома 

шығындарды жабу үшін, акционер тарапынан 

көрсетілген қаржылай көмек болып табылады. 

Бірақ «Өзенмұнайгаз» АҚ үшін кемінде жылдық 

персонал шығындары (еңбекақы, ұжымдық 

шарт бойынша төлемдер және т.б.) шамамен 

80 млрд. теңге көлемінде ақшалай қор жина-

уы қажет, ол мұнай бағамдарының төмендеуі 

кезеңінде компанияға жұмысшылар алдындағы 

міндеттемелерді бір жыл бойы толық орындауға 

мүмкіндік береді.

Жоспарлы қаржы қорын қысқа мерзімде жи-

нау үшін ағымдағы теңгенің орташа айырбас 

бағамы динамикасын ескере отырып, мұнайдың 

бір баррелі жыл бойы 97 АҚШ долларын құрауы 

тиіс. Ондай бағаның алдағы уақытта бола қоюы 

екіталай. Немесе 2017 жылға жоспарланған кен 

орны шығындары мен мұнай өндіру деңгейін 

сақтай отырып, үш жыл бойы мұнайдың бір 

баррелі 68 АҚШ долларынан төмен емес 

деңгейде болуы тиіс.

Егер шығынсыздық нүктесіндегі 

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның шығындар құрылымын 

қарасақ:


• Мұнай бағасына байланысты салықтық 

жүктемелер (пайдалы қазбаларды өндіру салығы, 

ренттік салық, экпорттық-кедендік баж салығы) 

- 35%;


• Монополиялық қызметтер шығындары 

(мұнай мен электр тасымалдау) - 17%;

• Кенорын шығындары (ағымдағы және 

күрделі) - 48%;

Салықтық жүктемелер құрамындағы ренттік 

салық және экспорттық-кедендік баж салығы 

мұнай бағасына тікелей тәуелді. Сондай-ақ, 

ағымдағы ережелерге сәйкес, компанияның 

экономикалық көрсеткіштеріне қарай пайдалы 

қазбаларды өндіру салығының төмендетілген 

ставкасын қолдану қарастырылған. Қазіргі таңда 

төмендетілген ставканы тұрақты түрде қолдану 

мақсатында, салық кодексіне өзгерістер енгізу 

мәселесі қарастырылып жатыр.

Әлемдік және ішкі нарыққа шикі мұнайды та-

сымалдау шығындары Қазақстан және Ресейдің 

монополиялық компаниялары қызметінің 

тарифінен құралады. Тарифтер электр 

энергиясының тарифі сияқты мемлекет арқылы 

реттеледі.

Компания шығындырының 48% - кенорын 

шығындары, оның жартысынан көбі компания 

персоналына арналған шығындар (9509 адам) 

және Жаңаөзен қаласында орналасқан ҚМГ 

еншілес ұйымдарының (шамамен 5100 адам) 

жұмыс көлемімен байланысты шығындар. Қалған 

бөлігі негізінен Жаңаөзен қаласында орналасқан 

сервистік компаниялардың және отандық тау-

ар өндірушілердің қызметі мен тауарларынан 

құралады.

Осылайша, салықтық жүктемелер акционер 

тарапынан көрсетілген қолдаулар арқылы мұнай 

бағасына байланыстырылған болса, ал кен орын 

шығындарының көлемі компанияға тікелей бай-

ланысты. 

2015-2016 жылдардағы дағдарыс кезеңіне 

қарамастан компания жұмыс орындарын сақтап, 

еңбекақы және әлеуметтік төлемдерді индексация 

арқылы арттырып, Жаңаөзен қаласында орналасқан 

ҚМГ еншілес ұйымдардың жұмысшыларын қажетті 

жұмыс көлемімен қамтамасыз етіп отырды. Со-

нымен қатар, басқа да кен орын шығындары бой-

ынша, олардың экономикалық тиімділігін ескере 

отырып, шығындарды оңтайландыру бағытында 

жұмыстар жүргізді.

Жоғарыда айтылғандай, мұнай өндіруші компа-

нияларына әлемдік мұнай нарығында орын алған 

ережелер мен өзгермелі теңге бағамдары өз талап-

тарын қойып отыр. Сол себептен «Өзенмұнайгаз» 

АҚ-да нарықтың бір бөлігі ретінде осы өзгерістерге 

бейімделуі қажет. Компанияның қаржылық 

тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы басты 

басымдық төмендегідей болуы тиіс:

• Дағдарыс кезеңінде қаржы қорының мөлшері 

жылдық персонал шығындары деңгейінен кем бол-

мауы;


• Кен орын шығындарын тиімді пайдалану, мыса-

лы, қарапайым есеппен жұмысшылардың жылдық 

еңбекақысын индексациялауға жұмсалған қаражат 

көлемін жабу үшін, компания жылына кем деген-

де 100 мың тоннаға дейін мұнай өндіру көлемін 

арттыру қажет. Ал ҚМГ еншілес ұйымдарының 

тарифтерін индексациялау нәтижесінде көтерген 

жағдайда мұнай өндіру көлемі 130 мың тоннаға 

артуы қажет.

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласындағы 

негізгі кәсіпорын ретінде, нарықтық жағдайға 

қарамастан көптеген әлеуметтік жүктемелерді 

көтеріп келеді.  Бірақ, бұдан әрі қарай жоғарыда 

айтылған қисынды себептерді ескере отырып, 

алдағы уақытта белгіленген мөлшерден тыс 

қосымша жүктеме,  жұмыспен қамту, еңбекақы 

мен әлеуметтік төлемдерді көбейте беру 

жөніндегі міндеттемелерді «Өзенмұнайгаз» АҚ 

экономикалық тұрғыдан артық жауапкершілікті 

әрі қарай алып жүруге қауқарлы емес болса, өзінің 

мойнына ала алмайды.     

Жасұлан БАЛУАНОВ, 

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының 

экономика және қаржы жөніндегі 

орынбасары

МҰНАЙШЫ – КОМПАНИЯ БАЙЛЫҒЫ 

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында еңбекті 

қорғау және техника қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 

басқосу өтіп, оған «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ қоршаған 

орта және еңбекті қорғау департаментінің жетекші 

маманы Рақымжан Саудабай, «ҚазМұнайГаз» 

БӨ» АҚ техника қауіпсіздігі, қоршаған орта 

және еңбекті қорғау департаментінің директоры 

Бақытжан Аманиязов пен жетекші маман Наурызбек 

Дүйсекенов қатысты. Жиында өндірістегі қауіпсіздік, 

жұмысшылардың арнайы киімі, еңбекті қорғау бойын-

ша баяндамалар жасалып, қоғам жұмысшыларының та-

рапынан қойылған түйткілді сұрақтарға жауап берілді. 

Аталған шараға «Өзенмұнайгаз» АҚ өкілдерінен 

бөлек, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Кен-Құрылыс-

Сервис» ЖШС, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «КМG 

EP-Cartring» ЖШС, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС 

өкілдері де қатысты. 

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ техника қауіпсіздігі, 

қоршаған орта және еңбекті қорғау департаментінің 

директоры Бақытжан Аманиязов алдағы уақытта 

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да техника қауіпсіздігі бойын-

ша басқарма құру аса маңызға ие екендігін мысалға 

келтірді. Өз кезегінде Рақымжан Саудабай бүгінде жа-

затайым оқиғалардың алдын алу, оған жол бермеу бой-

ынша қауіпсіздік шараларын іске асыруда, қабылданған 

«Алтын ережелерді» мұнайшыларға таныстыруда 

елеулі жұмыстар атқарылғандығын атады. 



«Өзенмұнайгаз» АҚ экономикасы:

2015-2016 ЖЫЛДАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

3

№2 (7)


 АҚПАН 2017

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ

https://www.facebook.com/OzenMunaiGaz/

(

Өз  н



ІШКІ АУЫСТЫРУЛАР 

ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Басты құндылығымыз – ашықтық 

«Өзенмұнайгаз» ак�ионерлік қоғамындағы  өзекті мәселенің бірі – өндірісті 

жұмыс кү�імен қамту болып отырғаны белгілі. Бүгінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-

да кадр тап�ылығын мердігер мекемелер, ен�ілес компаниялар арқылы 

толықтыру белгіленген тәртіп бойын�а жүзеге асуда. Оған «ҚазМұнайГаз» 

АҚ  бойын�а  мораторий  жариялануы  себеп  болып  отыр.  Бұған  қатысты 

Персоналды  басқару  және  еңбекақы  төлеу  жөніндегі  басқару�ы  дирек-

торы  Ерболат  Сәрсенов  бірне�е  рет  «Өзен»  корпоративтік  басылымында 

жарияланған мақалаларында егжей-тегжейлі жазған болатын.

Тағы да айта кететін жайт, әзірге 

жарияланған мораторий бойынша 

штаттық құрамға жұмысшыларды 

қабылдау жүргізілмейді. Жұмысқа 

қабылдау туралы өтініш айтып 

келетін қала тұрғындарының 

көпшілігі мұның жайын түсінбей 

жататын сәттер аз емес. Дегенмен, 

өндірісті маманмен қамтамасыз ету 

саясаты төмендегідей тәртіппен 

жүріп жатыр:



– «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 

еншілес компанияларынан 

жұмыскерлер ауыстыру арқылы. 

– Жұмысқа қабылдауға 

жарияланған мораторийге бай-

ланысты, персоналды ұсыну 

қызметін көрсетуші мердігер 

мекемеден жұмыс күшін тарту;

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тап-

сырысын орындайтын мердігер 

мекемеде жұмыскерлерді қабылдау 

белгілі талап бойынша жүргізіледі. 

Мердігер мекемеге жұмысқа 

қабылданғандарға жалақы көлемі 

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның штаттық 

құрамындағы жұмыскердің 

лауазымдық окладынан 75% 

мөлшерде төленеді (жұмысқа 

қабылданған жұмыскерлер ыстық 

тамақ, сүт және арнайы киіммен 

қамтамасыз етіледі). Мердігер ме-

кемеге жұмысқа алынатындардың 

50 пайызын Жаңаөзен қаласының 

әкімдігі тарапынан жіберілетін 

тұрғындар құрайды. 

«Өзенмұнайгаз» АҚ тарапы-

нан берілген мамандықтарға деген 

қажеттілік негізінде Жаңаөзен 

қаласы әкімдігі арнайы комиссия-

сы жұмыспен қамту орталығында 

тіркеуде тұрған мүжәлсіз отбасы, 

жетім балалар, толыққанды емес 

отбасы, үйінде бірде-бір отбасы 

мүшесі жұмыс істемейтін стату-

сы бар қала тұрғындары ішінен 

іріктейді. 

Бұдан басқа жұмысқа қабыл-

данатын жұмыскерлердің 50 % 

Қоғамның кәсіподақ ұйымымен 

келісіп, жанұясында бірде-бір 

адам жұмыс жасамайтындығына 

байланысты мүжәлсіз отбасына 

айналған Қоғам зейнеткерлерінің, 

жұмыс жасайтын мүгедектер немесе 

денсаулық жағдайына байланысты 

жұмыстан шыққан мүгедектердің 

жанұя мүшелері құрайды. 

Екі тараптан жасақталған Комис-

сия хаттамасы негізінде, іріктелген 

үміткерлер, кезең-кезеңімен пер-

соналды ұсыну қызметін көрсетуші 

мердігер мекеме «Mangystau 

Service Company» ЖШС-не 

жұмысқа жіберіледі.

Былтыр Жаңаөзен қаласы 

әкімдігі тарапынан құрылған Ко-

миссия хаттамасы негізінде 32 

(отыз екі) тұлдыр жетім және 

балалар үйінің тәрбиеленушілері 

және 13 (он үш) мүжәлсіз отбасы, 

толыққанды емес отбасы стату-

сы бар қала тұрғындары жұмысқа 

қабылданды. Қоғам тарапынан 20 

(жиырма) зейнеткерлердің балала-

ры жұмыспен қамтылды. 

Сонымен, 2017 жылы осы 

бағытта атқарылатын жұмыстар 

реті төмендегідей болмақ: 

Қалалық әкімдік тарапынан 

жіберілген 10 (он) мүжәлсіз от-

басы, толыққанды емес отбасы 

статусы бар қала тұрғындары, 

Қоғамға қарасты ӨҚБ-дың тара-

пынан жолданған 34 (отыз төрт) 

зейнеткердің балалары жұмысқа 

жолданып, медициналық байқаудан 

өткізу және оқыту жұмыстары 

жүргізіліп, бүгінгі таңда жұмысқа 

орналастырылды. 

Сондай-ақ, жұмысқа қабыл-

данатын қызметкердің 50 пайы-

зын қала тұрғындары, 50 пайызын 

Қоғамның зейнеткерлікке шыққан 

жұмысшыларының балалары 

құрайды деген тәртіппен жүргізіле 

бермек. Осыған орай, жұмысқа 

қабылданған зейнеткерлердің 

балалары - 54, қала тұрғындары 

- 55 адамды құрады. Бұдан кейін 

де мердігер мекемеге жұмысқа 

қабылдау кезең бойынша жүргізіліп, 

осы тәртіппен жалғаса береді.

«ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ-на 

қарасты ен�ілес мекемелер-

ден  ауысу ережесі

 

Өткен 2016 жылы «Өзен-

мұнайгаз» АҚ-дағы босаған 

ваканттық жұмыс орындарын 

еншілес мекемелер арқылы 

толықтыру жұмыстары басталып 

кетті. 2017 жылы да осы бағытта 

жұмыстар одан әрі жалғасын табуда. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компания-

лар тобы арасында жұмыскерлерді 

холдингішілік ауыстыру арқылы 

ваканттық орындарды жабу жөнінде 

шешім негізінде «Өзенмұнайгаз» 

АҚ бас директоры Дәулетжан Ха-

санов, «Өзенмұнайсервис» ЖШС 

бас директоры Нұрсейіт Союнов, 

«КенҚұрылысСервис» ЖШС-і 

директоры Салтанат Ысқақов, 

«ҚазГӨЗ» ЖШС  директоры Кәрім 

Нағманов, «СӨТБ» ЖШС дирек-

торы Дүйсен Медеуов, «KMGEP 

Catering» ЖШС бас директоры 

Бектұрбай Киялбаев жоғарыда 

көрсетілген еншілес мекемелердің 

ішінде ауыстыру тәсілі арқылы ма-

мандарды қабылдауды іске асыру 

жөніндегі келісімге қол қойған. 

Келісім бойынша еншілес ме-

кемелерден ауысу жұмыскерді 

қабылдаушы мекеменің сұранысына 

сай, өндіріс жұмысының ырғағын 

сақтай отырып және технологиялық 

процестерге зиян келтірмей, бос 

ваканттық орынға тараптардың 

келісімі негізінде іске асады.

Бірінші кезеңде – «Қаз Мұнай Газ» 

БӨ» АҚ-ның «Өзенмұнайсервис», 

«КҚС», «КМG-ЕРCatering», 

«ҚазГӨЗ» ЖШС секілді Жаңаөзен 

қаласындағы мекемелерінен – 

159 жұмыскер ауыстырылды. 

Алдағы уақытта – 26 жұмыскер 

ауыстырылмақшы. 

• Екінші кезеңде – «Қаз Мұнай-

Газ» БӨ» АҚ-ның Маңғыстау об-

лысында орналасқан «Қаражан-

басмұнай» АҚ, «ТКжҰҚКБ», 

«Тұлпармұнайсервис» секілді 

еншілес мекемелерден 39 жұмыскер 

ауыстырылды. Алдағы уақытта – 25 

жұмыскер ауыстыру жоспарлануда; 

• Үшінші кезеңде – «ҚазМұнай-

Газ» БӨ» АҚ-на қарасты еншілес 

компаниялардан ауысатын 

жұмыскерлер болмаған жағдайда, 

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның 

еншілес мекемелерінің Жаңаөзен 

қаласында тұратын жұмыскерлерін 

ауыстыру жоспарлануда;

Қазіргі уақыта ішкі ауысу 

ережесіне сәйкес еншілес мекеме-

лерден ауысып келген мамандар 

жемісті еңбек етуде. Солардың 

бірі Бербай Тоқбаев пен Аманқос 

Тоғжан №2 МГӨБ қарасты №2 

МГӨЦ жұмыс істейді. Оператор 

болып жұмыс істейтін қос маман 

бұған дейін «КенҚұрылысСервис» 

ЖШС мекемесінде ұзақ жылдар 

бойы еңбек етті. Биылғы жылдың ба-

сында «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапы-

нан берілген сұраныс нәтижесінде 

олар ауысуға өтініш беріп, арнайы 

комиссия қарауынан кейін ауыс-

тырылды. Бербай мен Аманқос 

қазір 12 сағаттық (7 күндік)  жұмыс 

тәртібімен мұнай газ өндіру це-

хында өздерінің кәсіби біліктілігін 

көрсетуде. Жаңа ұжымға сіңісіп 

үлгерген қос оператор маман жеті 

күндікте жұмыс істейді. Осы секілді 

мамандар бүгінде «Өзенмұнайгаз» 

АҚ-ға қарасты бірнеше басқамаларда 

баршылық.   

Бұған дейін мамандыққа деген 

сұраныс бойынша еншілес меке-

мелерден барлығы 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал