Қоюшы-режиссері Қр жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚРмәдениет



жүктеу 20.09 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі20.09 Kb.

 «Ғашықтың тілі...», авторы Мар Байджиев (Комедия) 

Қоюшы-режиссері  ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚРмәдениет 

қайраткері Дунай Еспаев 

Отыз жыл бойы қызмет-қызмет деп жүріп, дем аламаған адал да 

қарапайым ұстаздар Мұхамбет пен Сүйімхан демалысқа кетейін десе үш 

жолдаманың орнына екі-ақ жолдама тиеді қолдарына. Енді шаруаға ебі жоқ, 

керек десе ана тілін де білмейтін қыздары Дездемонаны тастайтын жер жоқ... 

Дегенмен сабақты ине сәтімен деген барлығы да өз шешімін табады, Тіпті 

тілсіз махаббат-Ғашықтың тіліне ұласады. Ол қалай дейсіздер ме. Онда  

Сәкен театрына келіп осы комедияны тамашалаңыздар. Спектакльде ҚР 

еңбек сіңірген қайраткер Қ.Кемалов, ҚР мәдениет қайраткерлері Б.Кемалова, 

Н.Жансүгірова,Б.Ахметов, Ш.Нукина,Қ.Жырымбаева, Республикалық театр 

фестивалінің лауреаты Д.Заитова, дарынды жас актерлер А.Мұқашев, 

М.Матамова, Б.Нұрмағамбетов өнер көрсетеді. Спектакльде осы қойылымға 

арнайы тапсырыспен жазылған белгілі ақын М.Асанның сөзіне жазылған 

М.Сютишевтің «Тілсіз махаббат» әні алғаш рет орындалады. 

 

У.Шекспирдің «Король Лир» трагедиясы 

Режиссері –Д.Жумабаева 

Қоюшы суретшісі-И.Ибрашева 

Киім  суретшісі - Н.Абдрахманов  

Патша оқиғасы  – жасы еңкейген шақта алғаш рет өмірдің ащы 

шындығымен кезіккен, бойындағы озбырлықтан ақылынан айырылысқан 

адам жөнінде әңгіме. Адам болмысы, оның өмірдегі орны және қоғамдағы 

қадірі – осы трагедияда қозғалған негізгі тақырыптар.    

 

 

К.Жұмабековтың «Мылтықсыз майдан» драмасы 



Режиссері - ҚР мәдениет қайраткері А.Крықбаев 

Қоюшысуретшісі - Ибрашева.И 

Қиында, қауіпті ішкі істер қызметкерлерінің күнделікті жұмыстары туралы 

жазылған. Негізгі тақырыбы Қарағанды облыстық Ішкі істер бөлімінің жол 

полициясы, сержант Қайрат Жұмабековтың ерлігіне негізделген. 

Қ.Жұмабеков Астана-Қарағанды бағыты бойынша бес-алты автобуста келе 

жатқан жолаушыларға  жүк машинасы қарсы алдынан шығып қауіп 

төндірген кезде, өз өмірін қиып, балаларды аман сақтап қалды. Сондай-ақ 

Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ішіндегі кейбір  келеңсіз жайттарда 

көрсетілген. Ең бастысы күнделікті тұрмыстағы қауіп-қатердің алдын алу, 

тәртіпті сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген адал полиция қызметкерлерінің 

өмірін суреттейді.    

 

 

 

 

 


Жабал Ерғалиев ҚР еңбек сіңірген қайраткер «Жетім тағдыр» /драма/ 

 

Шығармада көтерілген басты тақырып - бүгінгі күннің әлеуметтік 



қайшылықтары мен екі жастың шынайы махаббаты және бақытқа жетер 

жолдағы күресі. Бір бірін өлердей сүйген екі ғашық шаңырақ көтеріп, 

махаббат дариясына кәусарларын қандырғысы келгенмен, Жәзираның ата-

анасы «детдомда» өскен тұл жетімге қыздарын бергісі келмей жолдарын кес-

кестеп, ақыры Сәбитті жындыханаға мәжбүрлеп апарып тоғытады. Алайда 

алған беттерінен қайтпаған екі ғашық қаладан безіп, ауылдың қамкөңіл 

қариясы Есен мен мейірім нұры төгілген Жәнипаның шаңырағынан пана 

тауып, соларға бала болып, өз жолдарын табады. Тағы көтерілген басты 

мәселе абыройдан жұрдай, имандылықтан безген шен-шекпенділердің бет-

пердесі, өмірге деген немкетті көзқарастары, қарапайым халықты жаншуға 

даяр менмендіктері де мен мұндалайды. Ең бастысы – қаймағы бұзылмаған, 

ұлттық үрдіс пен бабалардан жалғастығын тауып келе жатқан ізгі 

қасиеттерімізді сақтап қалған ауылдың кеңдігі, тіршілік көзін жандандырып, 

нар тұлғалы ұрпақ тәрбиелеп жатқандығы мен қала адамдарының 

психологиялық қайшылықтары таласты қыздырып, көңілге әр түрлі ой 

салып, жүректі қан жылытады. Адам - азбасын, ұрпақ - тозбасын дейді. 

 

 

Өтен Ахмет «Жұлынқұрт» /трагедия/ 



Жұлынқұрт  (есірткі)  ХХI – ғасыр дерті. Бұл дерттің залалы атом 

бомбасынан кем емес. Осы дерт қоғамымызды, ұрпақтарымызды жайлап 

кетпей тұрып жастарды сақтандырып, дұрыс жол сілтеу бағытындағы 

трагедия. 

 

 

Ш. ПЬЕРРО «КҮЛ ҚЫЗ» /ертегі/ 



Новая  жена почтенного человека  невзлюбила  его добрую и красивую 

дочь. Отца девушки мачеха держала под каблуком, поэтому Золушка, за 

которую некому было заступиться, была у злой женщины и двух ее дочерей 

на правах служанки , а все свободное время проводила на ящике с злой. 

Когда король устроил бал, разодетые сестры поехали во дворец. Золушка 

помогла им собраться, а после отъезда разрыдалась. Появилась крестная – 

фея, которая превратила тыкву в карету, мышей – в лошадей, крысу – в 

кучера, а Золушкино старое платье – в роскошный наряд, а еще подарила ей 

хрустальные туфельки, правда, взяла обещание, что девушка вернется до 

полуночи. Золушка стала королевой бала, но про сестер не забыла, но они не 

узнали в красавице замарашку – сестру. Принц влюбился в прекрасную 

незнакомку.В 23:45 Золушка убежала и заспанная встретила сестер. На 

следующий день все таким же образом появились во дворце. Убегая, 

Золушка потеряла туфельку. Принц долго ищет обладательницу изящной 

обувки. Туфелька пришлась впору лишь Золушке, на которую  обратил 

внимание придворный кавалер. Она простила сестрам все обиды и вышла 



замуж за принца. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал