Оқушыларды физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту



жүктеу 113.82 Kb.
бет2/5
Дата10.02.2022
өлшемі113.82 Kb.
#17120
1   2   3   4   5
2-практикалық сабақ-Байтурсын
Топ ымы, мысалдар. Топты арапайым асиеттері Аны тама, Физикада математикалық әдістері (1), Векторлар рісі, МФТ дәрістер, зертханалық жұмыс 2021 2022, Кернеулік векторыны а ыны. Электр рісі графиктік т рде рбір н, 3 тапсырма, Емтихан с ра тары Электрді атомистік т р ыда ы таби аты, Механиканы физикалы негіздері Механика Механика, 3 тапсырма АЖСТ, 1тапсырма Сақина түрлері
Физикалық ойлау деп оқушылардың: а)физикалық құбылыстарды бақылау,

ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,

б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау,

в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау,

г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу

ебдейліктерін дамытуды түсінеміз.

Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әреке- тінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсіл- дерді қолдана білуі, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, г)физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.б.



Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель сұлбаларды жасай білуге үйрету арқылы дамы- тылады. Бұған шала өткізгіштер мен электромагниттік толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде электрониканың және радио телевизиялық техниканың қарыштап дамығаны белгілі.

  1. Табиғаттың объективті заңы - энергияның сақталу және айналу заңы-мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы, материя қозғалысы формаларының өзгеруі, энергияның сақталуы туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика курсын "қызыл жіптей көктеп" өтеді. Бұл оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету - оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл. Мысалы, капиллярлықтың себебі – сұйық-

тардың беттік керілу құбылысы, жарық жылдамдығының бір ортадан екінші ортаға өткендегі өзгеруі - жарықтың сынуының себебі дене жылдамдығының өзгеруі-күш әсерінің салдары, ал ауа салмағының салдары - атмосфералық қысым болып саналады; физикалық парадокстар мен софизмдерді шешу де - бұл мақсат үшін әсерлі тәсілдің бірі.

  1. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көру, жинақтау) тәсілі негізінде дамы- тылады. Мысалы, балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, сабын суы көпіршіктеріп шығаруы, Паскаль шарымен (сумен және түтінмен толтырылған) тәжірибе жасауы арқылы жеке фактіларды қорытып, Паскаль заңын түсіндіріп, оның тұжы- рымдамасын береміз.

  2. Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. Мәселен, Паскаль, Бернулли, Ленц заңдары энергияның сақталу және айналу заңының дербес түрі ретінде қорытылып шығары- лады; Ньютон заңдары, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының жеке бір дербес түрі ретінде қарастырылады; Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдар - газның кинетикалық теориясының дербес түрі. Ойлаудың аналитикалық және синтетикалық тәсілдері физикалық есептерді шығаруда да көп қолданылады.

Индуктивтік ойлауды дамытуда бақылаудан және зерттеуден алынған фактілерді қорытындылаудың (элементар бөлшектердің қасиеттері, электролиз туралы Фарадей зандары, т.т.) маңызы зор. Дедуктивтік ойлауға дағдыландыруда физикалық құбылыстарды классификациялау мен жүйелеу, салыстыру мен аналогия (ұқса- ту) тәсілдерін пайдалану да тиімді. Мысалы, физика сабақта- рында термометрлердің, насостардың, механикалық қозғалыс- тардың түрлері, тегі, класы бойынша классификациясы беріледі. Мұны тақтада мынадай әр түрлі формада сызып көрсеткен жөн:

жүктеу 113.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет