ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім Қараша 2015 жыл



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/6
Дата15.02.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ОҚУШЫЛАР,  АТА-АНАЛАР,  ҰСТАЗДАР  ГАЗЕТІ.

Білім


ҚАРАША

2015  ЖЫЛ

АЙНАСЫ


Көпті   көрген қарияларды құрметтеп,олардың

қажеттіліктеріне  жарай  білу,әрқашанда  алдын

кеспей,сыйлау-жас 

ұрпақтың 

басты

міндеті,бұлжымас борышы. Олардың өнегесі мен



өмірлік  тәжірибесінен,  жеке  тұлғалық  адами

қасиеттерінен сабақ алу бүгінгі ұрпақ үшін баға

жетпес қазына болып саналады.Өйткені,өскелең

ұрпақтың  кемеңгер ақылшысы-айбыны асқақ

ардагер  аталар  мен  ақ  жаулықты  әжелер.Олар

үнемі  көңіл  бөлуді,назар  аударуды,олармен

тілдесіп  отыруды    қажет  етеді  және  өзінің

білгенін  өзінен  кейінгіге  үйретуден  еш

жалықпайды.Қай  уақыттада  даналығы

дария ақсақал мен аяулы әжелердің жас

буын  өкілдеріне  айтар  ақылы  мен  үлгі

тұтарлық  өнегесі  мол.Қазіргі  кезде

жастары  80-нен  асқан  ардагерлердің

балалық,  жастық  шағында  басынан

өткізгендері сұрапыл соғыс. Өздері көрген

қиындықты  ұрпағы  көрмесе  екен  деп,

олардың болашағы үшін соғыс және еңбек

майданында аянбай тер төккен аға ұрпақ

өкілдері  әрқашанда  құрметтке  лайық.

«Қарты бардың қазынасы бар» дегендей,

қаншама  қиындық,  дағдарыс  болса  да

халқымыздың  үлкеніне  деген  ізеті,

қариясына деген құрметі төмендеген емес.

Қазыналы  қарияларға құрмет көрсету қай

кезде  де  адамгершіліктің  биік  өлшемі

ретінде бағаланады.Ол негізінде  байлыққа

да,билікке де, тіпті  жоқтыққа да тәуелді

емес.Ең бастысы –көңілің  кең,ниет  түзу

болса болғаны. Осындай қарияларымызды

құрметтеу  мақсатында    мектебімізде



Қарттарым асыл қазынам

атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ел мүддесін бәрінен биік

қоятын,өзінен  кейінгілерге  ізетін  аямайтын,ізінен  ерген

ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген

қарттарымыздың  орны    ерекше.  Ортамызда  жүрген

қарияларымыздың    елі,  халқы  келешек

ұрпағы  үшін  жасаған  игі  істері  ерекше

ықыласқа  ие.  Арамызда  өмірлерінің  көп

бөлігін  бала  тәрбиесі  мен  білім  беруге

арнаған ардагер ұстаздарымыз да аз емес.

Олардың өмір  жолдары –  бүгінгі ұрпаққа

таптырмас  байлық.  Қазіргі  таңда

мектебімізде 21 ардагер  ұстаз бар ол кісілерге

мейлінше 

қамқор 

болып 


үлкен

мерекелерден  тыс  қалдырмаймыз.Осы

орайда мектебімізде 1 қазан « Қарттар күні»

және  «Ұстаздар  мерекесі»  қарсаңында

аталған білім ордасында  талай жыл еңбек

еткен  ардагер  ұстаздарға  арнап  мектеп

оқушыларының  мерекелік  концерті

ұйымдастырылды.  Дастархан  жайылып,

құрмет  көрсетілді.  Денсаулықтарына

байланысты  келе  алмаған  қарттардың

шаңырақтарына арнайы сыйлықтар апарып

табысталды. 

Мереке 

қарсаңында



мектебіміздің  ардагер  ұстазы  Солянова

Тамара Григорьева  85 жасқа толды. Мерейлі

той  иесіне  мектеп  кәсіподақ  комитетінің  атынан  бағалы

сыйлығын және қалалық оқу бөлімінің құттықтауын табыс еттік.

Тамара апай өз сөзінде үлкен еңбектің арқасында ғана жеңіске

жететіндігін айтып кейінгі ұрпаққа деген ризашылығын білдіріп

алғысын  айтты.  «Жүрегі  таза  жүз  жасайды»  демекші,  білім

мәртебесін  арттыруға адал  еңбек еткен  ардагер ұстаздарға  зор

денсаулық, береке бірлік отбастарына қуаныш тілейміз!

№3 мектеп- лицейінің кәсіподақ   ұйымы


А й н а с ы

 2

Білім

№3 мектеп-лицейінде қалалық семинар

Тәрбие  тал  бесіктен  басталады.  Аясы  кең

саланың  қамтитын  жұмысы  да  жетерлік.

Қазіргі  таңда  бала  тәрбиесіне  қатысты

мәселелер  көптеп  айтылып  жүр,  БАҚ-да  да

көрсетіліп жүр. Сол себепті жасөспірімдердің

тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлген қоғам, білім

саласы, ішкі істер органдарының жұмысы да

ауқымды.  Барлығының  илегені  бір  терінің

пұшпағы. Осынау аясы кең тәрбие саласының

қыр-сырын, бағытын бағамдау мақсатында №3

мектеп-лицейінде ашық есік күні өтілді.

Қала  мектептерінің  тәрбие  ісі  жөніндегі

орынбасарларына  арқау  болған    семинарда

“Оқушы 


бойында 

өзіндік 


бастама

қалыптастырудағы зияткерлік және тәрбиелік

үдерістердің  жаңашалану  бағыттары”

тақырыбы себепші болды. Мұндай ашық есік

күндер қаладағы 57 мектепте де кесте бойынша

өтіледі. Ең алғаш болып біздің мектеп бастады.

Алдымен семинарды қалалық білім бөлімінің

басшысы  Есжанов  Асқарбек  Темірбекұлы

бастап  ашып,  одан  соң  мектеп  директоры

Абдыкалыкова Меруерт Наушақызы семинар

мақсатын,  барысын  таныстарды.  Одан  әрі

семинарға қатысушылар бағдарлама бойынша

төрт топқа бөлініп сабақтарға қатысты. Бұл күні

№3  мектеп-лицейі  осы  тақырып  аясында

тәрбие сағаттарын дебат, үйірме жұмыстарын,

оқушылар қолымен салынған сурет көрмелерін

семинарға 

қатысқан 

ата-ана,мектеп

директорының орынбасарларының назарына

ұсынды. Алдымен бірінші секция бойынша 10

«А» сыныбында «Менің болашақ мамандығым»

тақырыбында  тәрбие  сағаты  өтілді.  Сынып

жетекшісі 

Алдамжарова 

Жаңагүл


Әбжамиқызы. Жаңагүлдің тәрбие сағаты өте

қызықты  өтті.  Бір  сабақта  бәрнеше  әдісті

қолданып  сабаққа  қатысыушы  мектеп

директорлары орынбасарларының көңілінен

Оқушы бойында өзіндік бастама қалыптастырудағы зияткерлік

және тәрбиелік үдерістердің жаңашалану бағыттары

шықты. Тіпті сабақтың

қалай тез яқталғанында

байқамай  қалып,  сабақ

соңында  рахметтерін

айтты.  Сабағының  бір

ерекшелігі  алдын  ала

оқушыларды  «Бір  күн

ата-анамның  жұмыс

орнында» 

жобасы


негізінде,  оқушыларын

ата-аналараның  жұмыс

орындарына 

барып


азаннан кешке дейін сол

мамандықтың 

қыр-

сырына  қанығып,  өз



көздерімен 

көріп,


мамандыққа 

деген


қ ыз ы ғу ш ыл ы қт а ры н

арттырып,  өз  беттерінше  мамандықты  таңдай  білетіндей  етіп

тәрбиелеу.  Сонан  соң  олар  сабақ  барысында  алған  әсерлерімен

сыныптастарымен  бөлісіп,  оз

ойларын  білдіріп  жатты.  Бұл

сабақпен  қатар  өткен  3  «Б»

сыныбындағы қазақ хандығының

550 жылдығына орай «Қазақ елі –

менің  Отаным»  тақырыбында

өтілген  мазмұнды  сабақ  болды.

Мұнда  оқушылар  хандардың

киімін  киіп,  көрініс  көрсетіп,

тарих  туралы  білімдерін  тақтаға

ілінген қартадан байқатып жатты.

Сынып жетекшісі Ермағамбетова

Азила Паттақызы. Және де 2 «Е»

сыныбында жасөспірімдердің жол

ережелерін  білуі,    жол  травматизімінің  алдын  алу  мақсатында

«Безопасный маршрут» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Сынып

жетекшісі  Тажгуразова  Ляззат  Бекболатқызы  бұл  сабақты  өте

қызықты етіп өтті. Жол ережелеріне байланысты көрініс те, сұрақ-

жауапта,  практика  түрінде  де  өтілген  сабақ  қонақ  ретінде

қатысқандарға  қатты  ұнады.  Оқушылары  жол  полициясы

қызметкерінің киімін киіп, жол айырықтары макет ретінде жасалып,

көрнекілік ретінде үлкен билбордттар, мектеп алдындағы орналасқан

Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған өтпелдер

сабақ мазмұнын байытты.  Сонымен қатар жас лидерлер мектебінің

«Бүгінгі білім – бала көзімен» тақырыбындағы өтілген дөңгелек үстел

тартысты  болды.  Оған  мектебіміздің  бітіріп  кеткен  түлегі  2011

жылғы мектепішілік Парламенттің оқушылар Президенті, қазіргі

таңда олыстық «Нұр Отан» ХДП-ның облыс бойынша «Жас Отан»

жастар қанатының төрағасы Сабанбаев Абылай, 2012 жылдың түлегі



Озық тәжірибе-ортақ әдіс

3

А й н а с ы

Білім

оқушылар Президенті, қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы

ҚМУ  2  курс  студенті,  жастар  қоғамдық  клубының

төрағасы  Есмағамбет Ердаулеттер келіп қазіргі мектептегі

белсенді оқушылармен кездесіп қызықты әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ,  «Толағай»  интелектуалды  эстафаталары

семинар тақырыбын ашты. «Актерлік шеберлік» мектебі

аясында  оқушылар  қазақ,  орыс,  ағылшын  және  кәріс

тілдерінде  мазмұнды  қойылымдар  қойды.  «Оқу  мен

тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы куратор қызметі» тақырыбында мектебіміздің кураторлары «Шаңырақ» оқушылар

қауымдастығы жұмысының бір парасын көрсетті.  Және де мектептегі көркем-эстетикалық секциялар жұмыстары

таныстырылды. Нәтижесінде семинарға қатысушылар сабақтардың маңыздылығына, өтілуіне жақсы жағынан өз

ойларын айтып, алған әсерлерімен бөлісіп, рахметтерін жаудырды.

Директордың тәрбие  ісі -жөніндегі орынбасары  Абдықадыров Қанат Әлібекұлы

Қазан айының алғашқы аптасы-ұстаздар күні аталып

өтетіні белгілі. Жылдағы үрдіс бойынша биыл да ұстаздар

мерекесі  өте  жоғары  деңгейде  аталып  өтті.  Таңертең

мектепке кіргеннен бастап, кез-келген ұстазда мерекелік

көңіл-күй болғаны рас. Олай дейтінім, ұстаздарға деген

құрмет  мектептің  кіре  беріс  жерінен  басталған,

оқушылардың  айналаны  гүлдер  мен  шарлармен

безендіргенін ерекше атап кету керек. Мерекенің барлығы

жақсы, бірақ соның ішінде ұстаздар күні-әсіресе біздер

үшін ең ерекше есте қалатын мерекелердің бірі. Себебі,

мейрамға 11 сынып оқушылары жақсы дайындалады, яғни

ұстаздарға  деген  ыстық  ықыластарын  сол  күні  ұстаз

болып,  өзін-өзі  басқару  ісінде  көрсетеді.  Оқушылар

өздерінің  білімдері  бойынша  алдын-ала  пән  таңдап,

сабақ  жоспарларымен  танысып,  таңертең  ерте  келіп,

сабақтарды өткізеді. Соңынан, оқушылар ойынша, ұстаз

болу өте жауапкершілікті қажет ететін, білімді, кез-келген

шәкірттің  жүрегінен  орын  ала  алатын  тұлға  екенін

мойындады. Сонымен қатар, шыдамды, өте мәдениетті,

әр оқушыға талап қоя білетін жан екенін де толығымен

Ұстаз-Ұлы  тұлға

құптады.  Сабақтардың  барлығы  өтілгеннен  кейін,

мерекелік іс-шараны тамашалауға мектебіміздің барлық

ұстаздар қауымын, алдын-ала шақыру қағаздарын беру

арқылы акт залына жинады. Мектебіміз бұрынғы жұмыс

жасап кеткен ардагер ұстаздарды да үнемі естен шығарған

емес. Ол кісілерге де алдын-ала ескерту беріліп, төрден

орын берді. Мерекелік шараны мектебіміздің директоры

міндетін  атқарушы  Абдыкаликова  М.Н  ашып  беріп,

ұстаздар  қауымына  еңбектерінің  жемісін  көріп,

шәкірттері биіктен көрінулерін тілесе, ардагер ұстаздарға

ұзақ  өмір  тілеп,  жылда  осындай  мерекелерге  жете

берулеріне жүрек жарды тілегін айтты. Содан кейін барып

мектебіміздің жас әншілері өнерлерін барынша паш етсе,

11 сынып оқушыларының да біліммен қатар өнерден құр

алақан емес екенін байқадық. Мерекелік іс-шараның өте

жоғары  деңгейде  өткенін  келген  қонақтар  мен  қатар

ұстаздар  қауымы  айтып  кетті.  Оқушылардың  жасаған

жақсылықтарына алғыстарын айтып, келешекте жақсы

азамат болып өсіп, алда күтіп тұрған ҰБТ-да ең жоғары

балл  алуларына  шын  жүректен  тілектес  екендіктерін

жеткізді.

Біз, ұстаздарға осындай құрметтен басқа не керек?

11 «Б» сынып жетекшісі Махмутова Г.С


А й н а с ы

 4

Білім

Учитель- одна из наиболее сложных профессий   в мире, потому

что быть учителем- это больше, чем просто уметь что-то делать.

4 октября был замечательный праздник – День Учителя, когда

мы можем выразить свою благодарность нашим учителям за их

непростой  и  благородный  труд,  за  внимание  и    терпение,  за

желание видеть нас, своих учеников, успешными и счастливыми.

В  День  Учителя  во  всех  школах  особенная  праздничная

атмосфера. Все нарядные, с букетами цветов, открытками. В этот

день  звучит  много  теплых  и искренних  слов  в  адрес  учителей,

которые они, конечно, заслуживают слышать каждый день. В этот

день мы стараемся порадовать их не только прилежанием в учебе,

но и придумываем всякие поздравления, сценки, флешмобы. В

актовом зале нашей школы всегда проходят большие праздничные

концерты, куда приходят учителя.

Говорят, для учителя настоящий праздник- это видеть успехи

своих учеников , осознавать,  что его старания и усилия помогут

нам в будущем стать теми, кем мы хотим. К сожалению, это был

последний в нашей жизни День Учителя, проведенный в школе.

Мы  будем  стараться  оправдать  надежды

учителей,  сделав  подарком  высокие  баллы  на

ЕНТ. И мы уверены, мы не забудем никогда нашу

школу и наших учителей!

11 «Г» класс, Шалабай Камила

Спасибо Вам, дорогие учителя!

Ұстаздар Мерекесіне орай 11-сыныптардың ұйымдастыруымен

мерекелік іс-шара өтті. Барлық  жоғарғы сынып оқушылары  өз

белсенділіктерін көрсете білді. Өнерлерін ортаға салып, ұстаздар

қауымын қуантты. Менде өз өнерімді ортаға салып мұғалімдер

күнінде рэп жанрындағы әуенмен тілек білдірген болатынмын.

Ардагер мұғалімдерімізді қонаққа шақырып, қажырлы еңбектерін

бағалап  оларға сый-сияпат ұсынды. Мұғалімдер ұжымы қошеметке

бөленіп, ризашылықтарын білдірді. Аталған мерекелік іс-шара

жоғары деңгейде өтті.

Ұстаз ана - болашақтың анасы,

Ұстаз ана - ақыл-білім панасы,

Жүзіндегі пәк мейіріміңді көргенде

Әр шәкірттің оянады санасы

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін

Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала

Ұлағатты Ұстаздар Мерекесі!

көңілдеріңіз  әр  оқушының  жан-дүниесін

нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде.

Мұғалімнен  өнеге-білім  алып,  өмір  теңізіне

құлаш  ұрған    кез  келген  шәкірт  ұстазымен

мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының

бағбаны»., бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған

теңеулер.  Мұндай  мадақтауларды  жалғастыра

берсек,  даналық  сөздер  тізбегі  шексіздікке

ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық,

отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік

тілейміз.

№3 мектеп-лицей абыройы асқақтай беруіне

тілектеспін!!!



11 «В» сынып оқушысы Амангелдин Мұстафа

Кез  келген  елдің  болашағы  –  оның  халқының  денсаулығына

байланысты  екендігі  –  дәлелдеуді  қажететпейтін  шындық.  Ал

біздің  болашақтағы    бағытымыз  –  салауатты  өмір  салты.  «

Ауырып  ем  іздегенше,  ауырмайтын  жолізде»  дегенді  өсіп  келе

жатқан  ұрпақтың  санасына  сіңіріп,  олардың  өз  денсаулығына

деген  жауапкершілікті  қалыптастыру -  баршаның  борышы.Дені

сау  адам  өзі  үшін  де,  ол өмір  сүріп  жатқан  қоғам  үшін  де  керек.

Қоғамдағы  небір  жұмысты  да  сол  денсаулық  иесі  ғана  атқара

алады.  Адам  бұл  өмірде  мәңгілік емес.  Сол  берілген  аз  ғұмырды

дұрыс  пайдалана  білмесең,  ғұмырың  текке  өтті  дей  бер.

«Денсаулық  –  зор  байлық»  деп  атамыз  қазақ  бекер  айтпаған

болар.  Әр  адамның  өмірінде  денсаулықтың  орны  бөлек.

Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз

жөн.  Деніміз  сау  болмаса,  ауру  меңдеп,  қалжыратса,  шалқыған

байлықтан, ақшадан не пайда?!   Осыдан біз ненің бірінші байлық

екенін  аңғарамыз.  Жастар  –  болашағымыздың  алтын  тірегі.

Жастар  арасындағы  нашақорлық    пен    маскүнемдіктің  алдын

алу  үшін  мен  мынадай деректер  мен  цифрларды  ұсынғым  келіп

тұр.  Адам  денсаулығына  зиянын  тигізетін  жат  әдеттерден  аулақ

болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар:

темекі  тарту,  спирттік  ішімдіктерге,  есірткілік  заттарға  салыну.

Арақтың  орнына  қымыз  бен  қымыран  іш,  темекі  тартудың

орнына  таза  ауада  көбірек  жүр.  Жастарға  есірткіні  пайдаланба,

көңіл  көтеретін  мәдени  көпшілік  орындарына  баруды  әдетке

айналдыр  дер  едім.  Еңбек  адамды  тәрбиелейді.  Сондықтан

жұмыс  істеуден  қашпаған  жөн.  Жалқаулыққа  салынудың  соңы

Салауатты өмір салты!

жақсылыққа  апармайды.  Имандылық  жолына

түсіп,  жылына  бір  келетін  оразаны  тұтып,  оның

тәртібін  сақтағаныңыз  дұрыс.  Дүниеде  бұған  тең

келетін  ештеңе  жоқ.  Сөз  соңында  қайра

айтарымыз,  халық  денсаулығы  тек  медицина

қызметкерлерінің  кәсіби  тірлігі  ғана  емес,  бүкіл

қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға

арналған  үйлескен  іс-қимыл  әрекеттерінің  жемісі

екенін  баршамыз  да  ұғынуға  тиіспіз.  Сонда  ғана

қоршаған  ортаны  сақтай  отырып,  таза  су  ішіп,

дұрыс  тамақтанып,  иманды  және  салауатты  өмір

салттарын  тұрақты  қалыптастырсақ  болашақтың

жарқын  кепілі  болмақ.

Біз    салауатты  өмір  салтын  ұстансақ,  біздің

денсаулығымыз жақсы болады!

Дене шынықтыру  пәні мұғалімі  Тасжуреков Д.Н

Мерекелік сәттер

Ұстанымымыз - салауатты өмір салты


5

А й н а с ы

Білім

Сыр елі - жыр елі

Шалқыған  шаттық әні бақтарында,

Бөленген көшелері ақ қайыңға

Дарияның жағасында бір қала бар,

Айналған Сыр елінің мақтанына – деп

ақын  ағамыз  М.Әміреев  жырлағандай,

мыңдаған  жылдық  тарихы  бар,  ежелгі

өркениеттің  ошағы  болған,  қазақтың

тұңғыш Астанасы болған туған қалам –

Қызылордаммен мақтанымын.

Әр  адамның  сүйікті  қаласы  болады.

Менің сүйікті қалам – Қызылорда. Мен осы жерде туып-

өстім. Қызылорда көркімен, жанға жайлы табиғатымен

есте  қалады.  Қызылорда  күн  өткен  сайын  құлпыра

түскендей.

Бұл  қаланың  тарихи,табиғи  және  мәдени  орны  да

ерекше.  Оның  тарихына  көз  жүгіртсек,    Қызылорда

қаласының  қалыптасу  тарихы  бұрыңғы  маңызын

жоғалтпай,  тек  аты  ғана  бірнеше  рет  өзгертілді.

Қызылорда қаласы – Сыр бойы атрабының әлеуметтік

және мәдени орталығы.

1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында

алғаш  қорған  ретінде  салынған,  оның  ішіндегі  ақ

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы - дегендей, туып-

өскен  қалам  Қызылорданы  жақсы

көремін.  Қызылорда-еліміздің  тұңғыш

астанасы.  Қаланың  тарихи  мұражайы  ,

ескерткіштер  мен  ескерткіш  тақталар

орнатылған  ғимараттарға  қарап  оның

тарихы  тереңде  екенін  білесің.    Жыл

сайын  жаңа  үйлер,  әсем  ғимараттар,

мектептер  салынып,  қаланың  сәулетін

арттыруда.  Қала  көшелері  көгалданды-

рылып  гүлдермен  көмкерілген  гүлзарлар,  шамдар  көз

тартады.

Қызылорда қаласында әдемі жерлер көп .Қызылорда

қаласы - біздің кіндік қанымыз тамған  жер.Бұл қала  1938

жылдың  15  қаңтарында  құрылды.Бұл  кең  байтақ

Қызылорда жерінің аумағы  226мың км

2

.Біздің көркем де



әдемі қаламыз қазіргі таңда жаңару үстінде. Қызылорда

облысында үлкен «Арал теңізі» және киелі «Сыр өзені»

бар.Сыр  өңірінде  ұлы  тұңғыш  ғарышкерлер  ғарышқа

ұшқан Байқоңыр қаласы бар.Қызылорда қаласында сұлу

да  әсем  демалыс  орындары  көп.Қызылорда  облысы

Қазақстан  бойынша  жер  көлемі  жөнінен  4  орынды

алады.Отаным  -  елім  тірегім,  Қызылордам  -  менің

жүрегім!  дегендей  Қызылорда  керемет  қала.Қызылорд

қаласы-бұрында Қазақстанның астанасы болған қала.Сыр

ордасы,жыр ордасы Қызылорда!  Менің қалам – мен үшін

дүние  жүзіндегі  ең  қымбат,  ең  асыл  мекенім.  Әр  бір

адамның сүйікті қаласы бар. Көбіне адамдар

сүйікті қалам деп өзі туылған, балалық шағын

өткізген жерді айтады. Өйткені әр адам өзінің

балалық  шағынан  естеліктерді,  тұрған

мекенін әр қашан жүрегінде сақтайды.  Мен

бұл  қалада  туылмасам  да,  оны  шын

көңіліммен жақсы көрем. Мен оған сіңісіп

кеткенім  соншалықты  оның  әсемдігін

толықтыра түсетін табиғаты, жаңадан пайда

болып келе жатқан зәулім болмаса да аяғына

нық тұрған үйлері, саябақтары, әрбір үйшігі,



Ел  -  елдің  бәрі  жақсы,  Өз  елің  бәрінен  жақсы

кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сәйкес бекініс Ақмешіт

деп  аталды.  1853 жылы  Орынбор  генерал  губернаторы

В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып,

орыс  әскерлерімен қамалға баса кіріп, Қоқандықтарды

қуып шығады, қала Перовск деп аталады. 1922-1925 ж.ж.

қала  қайтадан  Ақмешіт  деп  аталады.  1925-1929ж.ж.

Қазақстанның астанасына айналады. 1925 жылы Кызыл-

Орда аты берілді. 1992 жылы Қызылорда деп өзгертілді.

Қызылорданы кейде «Сыр Отаны» деп те атайды.

Қызылорданың  көрікті  жерлері  өте  көп.  Әсіресе,

«Қорқыт  ата»  монументіне  туристтер  өте  көп  келеді.

Көрікті жерлері: Демалыс паркі, Президент паркі, Илья

Ильин  атындағы  саябақ  және  т.б.  Мәдени  жерлеріне

келетін  болсақ,  Н.Бекежанов  атындағы  кәсіпқой-

сахналық  мекеме,  Қызылорда  облыстық  ауыл-

шаруашылығы департаменті, Қызылорда қаласындағы

жастар саябағы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану

музейі  және  т.б.  Туған  қаламмен  қай  жағынан,  қалай

мақтансаң да мақтануға тұрарлық. Күннен күнге жасарып,

көркейіп, әсем қалаға айналып келе жатқан қаламның

қанатын кеңге жайған қыран  құстай биікке шарықтай

беретініне сенімім мол!

8 «б» сынып оқушысы Таджибаева Манавар

Жайнай  бер,  Қызылорда  тақырыбында  сынып

жетекшіміз сынып сағатын өткізіп туған қаламыз туралы

қызықты  мәліметтермен  танысып,  бейнефильм

тамашаладық.  Сабақ соңында  өзіміз салған  суреттерді

тақтаға іліп көрме жасадық. Барлық достарымның да өз

қаласын жақсы көретіні көздерінен, салған суреттерінен

көрініп тұрды.

Қызылорда -менің елім

Өзіңмен өсіп келемін.

Өзіңді мақтан етемін,

Өзіңе мәңгі сенемін.

Гүлдене бер, жайнай бер, менің Қызылордам!

Олжабай Нұрдәулет   4 б сынып оқушысы

тіпті Қызылорданың өзінде өскен бір тал гүлінің өзі менің

өмірімде  үлкен  орын  алады.  Бұрынғыдан  қалған

ескерткіштері, көпірлері, үйлерді жанап өтетін көшелері

мен үшін өте қымбат.Қызылорда  тыныш, дамып келе

жатыр. Бір сөзбен айтқанда оны құрметтемеуге, жақсы

көрмеуге еш себеп жоқ.  Кейде қаламның көшелерінде

келе  жатып  тұнық  ойға  берілемін.  Кей  кезде  қаламыз

шулы, тынышсыз болса да мен оған қуанамын. Неге деген

сұрақ туындар мүмкін. Себебін мен өзім де білмеймін.

Мүмкін осы қалада тұрып жатқаныма, шашымды сыйпай

өтетін көктемгі желге, төбемізде жарқырап тұрған күнге,

Қазақ еліндей тәуелсіз мемлекетіміздің ішінде тұрып, бой

көтере  бастаған  қаламыздың  өркендеуіне  куә

болғанымнан болар. Қаранғы айлы түндерде көшелеріңді

кезіп, сенің күн өткен сайын көркейгеніңді көрудің өзі

бақыт.  Менің  қалам  талай  үміттерді

ақтап,  көзінде  оты  бар,  жанары

сөнбеген жастардың және оған сенген

тұрғындардың көңілінен шыға білген.

Бұл  қалада  тұратыныма  мен  шексіз

бақыттымын.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал