Оқушы жұртшылығымызға ұсынып отырған «Офицердің күнделігі» атты шағын кітаптың



жүктеу 17.98 Kb.

Дата06.02.2017
өлшемі17.98 Kb.

ТАНЫСТЫРУ 

Оқушы жұртшылығымызға ұсынып отырған 

«Офицердің күнделігі» атты шағын кітаптың 

авторы — Совет Армиясының гвардия полков-

нигі Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан со-

ғысы майдандарында көрсеткен ерліктері бү-

кіл совет халқына мәлім. А. Бектің «Арпалыс» 

атты романын. М. Ғабдуллиннің «Менің май-

дандас достарым» атты очерктерін, генерал 

Панфилов атындағы даңқты гвардия диви-

зиясы туралы жазылған жүздеген әңгіме, ма-

қала, очерктерді оқыған әрбір совет азаматы-

на полковник Б. Момышұлының басынан 

өткен уақыйғаларды мақала тілімен баяндау 

орынсыз сыяқты болып көрінетіні де рас. Бі-

рақ, оқушыларымызға бұрын көркем шығар-

малардың геройы ретінде таныс Бауыржанды, 

бұл жолы көркем шығарманың авторы ретін-

де таныстыру үшін, оның өмірбаяны туралы 

қысқа мәлімет бере кетуді орынды көрдік. 

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы қазіргі 

Онтүстік Қазақстан облысындағы Жуалы ау-

данында, Алатау бөктеріндегі Мыңбұлақ деген 



жерде туған. Жасында Жамбыл қаласындағы 

интернатта тәрбиеленіп, сондағы орта мектеп-

ті бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойына өз 

ауданында, Қазақстанның астанасы Алматы 

қаласында, мекеме қызметінде болады. 

1936 жылы Бауыржан Момышұлы Совет 

Армиясының қатарына шақырылады. Содан 

бергі 15 жыл ішінде ол қатардағы солдаттан 

гвардия полковнигі дәрежесіне шейін есті. 

1941 жылы, Ұлы Отан соғысы басталғанда, 

Бауыржан Алматыда, әскери қызметте, аға 

лейтенант болатын. Сол жылдың жазында 

Алматыда ұйымдасқан даңқты гвардия диви-

зиясында алғашында батальон командирі, ке-

йін сол дивизияның даңқты Талғар полкінің 

командирі болды. А. Бек романында суретте-

летін Москва түбіндегі ұрыстардағы Б. Мо-

мышұлы басқарған Талғар полкінің жауын-

герлері көрсеткен ерлік — өмір шындығы. 

Отан соғысының соңғы жылдарында (1944— 

1945) Б. Момышұлы гвардия дивизиясының 

командирі болды. Соғыс жеңіспен аяқталған-

нан бастап Б. Момышұлы Совет Армиясы 

бас штабының академиясына оқуға түсіп, оны 

бітіріп шықты, 

Бауыржан соңғы жылдары әскери маман-

дығын арттырумен қатар, қалам қайраткері 

болу талабына да зер салып жүр. Оның со-

ғыс жылдарында жазған күнделіктері, солдат 

өмірінен туған мақал-мәтелдерден іріктеп ал-

ғандары, майдан өмірінің елеулі уақыйғала-

рынан жазған көркем очерк, әңгімелері орта-

лық және республикалық газет, журналдар 

бетінде басылып жүргені көпшілігімізге мә-

лім. Бауыржанның қолжазбзлары көп. Олар-



дық көпшілігі орыс тілінде жазылған еңбек-

тер. Бірқатар шығармаларында Бауыржан Со-

вет Армиясының қатарында қызмет ететін 

жастарды батырлық ден батылдыққа, төзім-

ділік пен тәртіптілікке, тапқырлық пен табан-

дылыққа қалай үйрету керек деген мәселелер-

ді көтереді. Бауыржан өзінін «Офицер дәпте-

рі» атты қолжазбалары туралы: «Көрген-біл-

генімді, өмір шындығынан туған ой-пікірімді 

қағаз бетіне түсіргенде, мен өзімді қаламы 

төселген жазушы болдым деп жүргенім жоқ, 

менің жазғандарым жазушыларға материал 

болса да жеткілікті», — дейді. Бірақ бұдан 

автордың өз еңбектері бөгде кісінің көмегін-

сіз жариялауға жарамайды деген ұғым тумай-

ды. Оған осы кітап айғақ. 

Бұл кітапқа кірген әңгімелер мен очерктер 

қаламы төселген жазушының шығармасы емес-

тігі де даусыз. Сонымен қатар, бұл еңбектер-

дің әрқайсысынла өмір шындығы, солдат сы-

ры, отанын сүйген адамның жан сезімі бар. 

Бұл шығармалар мыңдаған совет солдатының 

тағдырына жауапты командирдің демалыс уа-

қытында ғана жазылған, совет командирінің 

ауыр борышын атқару жолындағы арпалыс-

пен араласа туған, автордың өз сөзімен айт-

қанда, «аттың жалында, автоматтың жанын-

да» жазылған еңбектер. 

Біз Бауыржанның қалың дәптерінің ішінен 

алынған қолжазбаларын бөлек кітап етіп 

ұсынғанда, оқушы жұртшылығымыз осы ай-

тылған ерекшеліктерін ескерер деп сенеміз. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал