ОҚулықпен жерлестер жеңісі 3 б ет 3 б ет 8 б ет халық игілігіне бағытталған реформа



жүктеу 407.63 Kb.

бет1/4
Дата11.09.2017
өлшемі407.63 Kb.
түріОқулық
  1   2   3   4

№67 (8761) жексенбі, 23 тамыз 2015 жыл

novaiya-zhizn.kz

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 

ДАЯРЛЫҚ

МЕКТЕПКЕ - 

ОҚУЛЫҚПЕН

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ

3 б


ет

3 б


ет

8 б


ет

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН 

РЕФОРМА

Ағымдағы аптада ауданымызға Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған 

«100  нақты  қадам»  ұлттық  жоспарын  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу 

мақсатында  Шығыс  Қазақстан  облысы  экономика  және  бюджетті 

жоспарлау  басқармасы  экономика  бөлімінің  басшысы  Жұлдыз 

Мәусітқызы Жүрекбаева келіп қайтты. Кездесу барысында ел дамуына 

берік негіз жасайтын нақты бағыттарды аудан халқы қолдап отырғаны 

анық байқалды.

Билік пен халық арасындағы екіжақты еркін пікір алмасу түрінде болған 

кездесу ауданымыздағы тіректі елдімекен Преображенкада өтті. – Мемле-

кет басшысының «100 нақты қадам» немесе 100 нақты тапсырмасы қоғам 

өміріндегі және мемлекет дамуындағы реформаларды жан-жақты қамтиды, - 

деп көрсетті Жұлдыз Мауситқызы. Әрі қарай спикер қазақстандықтардың өмір 

сүру деңгейін көтеруге бағытталған бес институционалдық реформаларының 

әр тарауына жеке тоқталып, алда күтіп тұрған өзгерістер бойынша тереңдете 

түсіндіріп берді.

Экономикалық  өрлеу  және  индустрияландыруды  жеделдетуге  бағыт-

талған  реформалар  аясында  кедендік  және  салықтық  процедуралар-

ды  оңтайландыру  ұсынылады.  Жекелей  алғанда,  бұл  кедендік  салықтар 

санының  қысқартылуы,  сондай-ақ,  кедендік  процедуралар  кезінде  одан 

өтушілерге  көрсетілетін  қызметтердің  барынша  қарапайым  және  ыңғайлы 

көрсетілуі болып табылады. Салық саясаты саласында қазіргі қолданыстағы 

салықтық тәртіптерді оңтайландыруды көздей отыра, салықтық кірістер мен 

шығыстарды  есептеуді  міндетті  түрде  жүргізу  ұсынылады.  Сонымен  бірге, 

тұрғын  халықтың  кірістері  мен  шығыстарын  жалпылама  мәлімдеуді  енгізу 

жоспарлануда. Салық салуды қатаң бақылау мақсатында, жеке тұлғалардың 

кірістері  мен  шығыстарын  мәлім  етуге  кезең-кезеңмен  өту  ұсынылады. 

Бұл шара 2017 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, 

ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне, 2020 жылдан бастап барлық жеке 

тұлғаларға қатысты айтылған. Мәлімдеуге жылжымалы және жылжымайтын 

мүліктерді сатып алу бойынша тіркеудегі табыс пен шығыстар жатады.

Мемлекетіміздің  қарыштап  басатын  қадамдарының  ішінде  білімге 

айрықша  мән  берілуі  ұстаздар  қауымының  көңілін  қуантты.  Білім  беру  са-

ласында жоғарғы мектептерде жан басына қаржыландыруды және табысты 

мектептерді ынталандыру жүйесін енгізу, сонымен бірге, он алдыңғы қатарлы 

колледждер мен жоғарғы оқу орындарында экономиканың алты жетекші са-

лалары  үшін  білікті  мамандарды  даярлап,  олардың  тәжірибесін  басқа  оқу 

ордаларына тарату жоспарлануда. Әрі қарай, Ж.Жүрекбаева тұрғындарды 

әлеуметтік қорғау шараларын тиімді жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» 

реформасы  аясында  жаңа  форматтағы  атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету 

ұсынылатынын  атап  өтті.  Аталмыш  шара  көпбалалы  және  аз  қамтылған 

отбасыларға берілген арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау есебінен 

жүзеге асырылады.

Жаңа  форматтағы  атаулы  әлеуметтік  көмек  жұмысқа  қабілетті  отбасы 

мүшелерінің барлығы жұмыспен қамтылған жағдайдың өзінде кірісі төменгі 

өмір сүру деңгейінің 50% төмен көрсеткіштегі отбасыларға ғана беріледі.

«Есепті  мемлекетті  қалыптастыру»  реформасы  аясында  мемлекеттік 

органдардың  қарамағындағы  кез  келген  ақпаратқа  қолжетімділік  туралы 

заңды  әзірлеу  жұмысы  жоспарға  алынды.  Сондай-ақ,  мемлекеттік  орган-

дар  басшыларының  тұрғын  халық  алдындағы  жетістіктерін  ашық  есеп 

беру  арқылы  айту  тәжірибесін  енгізу  ұсынылды.  Сонымен  қатар,  олардың 

есебін  ресми  сайттарға  орналастыруын  қадағалау  жоспарлануда.  Негізгі 

мемлекеттік органдардың статистикалық деректер қорын онлайн режиміне 

қосу ісі де қолға алынбақ. Онда барлық бюджеттік және шоғырландырылған 

қаржылық есеп, сыртқы қаржылық аудит нәтижелері, мемлекеттік саясаттың 

тиімділігі  мен  сапасын  бағалау  қорытындылары,  республикалық  және 

жергілікті  бюджетті  игеру  есебі  орналасатын  болады.Реформа  аясында 

халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіруге арналған «Мем-

лекет  азаматтар  үшін»  атты  мемлекеттік  корпорация  құру  ұсынылған.  Ел 

азаматтары барлық мемлекеттік қызметтерді бір орталықтан алатын бола-

ды. Осындай тұрғындарға оңтайлы шаралар тек жақсы нәтиже көрсетеріне 

сеніміміз мол. - Бүгінде біз, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін кең көлемді 

жаңғырту жолымен мемлекет дамуының жаңа кезеңіне аяқ басып келеміз. 

Реформа жарияланған сәттен бергі барлық жұмыстар қатары игілікті және 

берік түрде іске асырылуда. Бұл орайда, сіздердің сенімдеріңіз бен белсенді 

түрде  қолдау  танытып,  әрекет  етулеріңіз  маңызды,  -  деп  сөзін  аяқтады 

Жұлдыз Мәусітқызы.

Әрине,  мемлекет  тарапынан  қолға  алынып  жатқан  шаралар  тек  халық 

игілігі үшін атқарылып жатқаны игі. Себебі, елдің басты байлығы оның аза-

маттары екені хақ.

Жансая СМАҒҰЛОВА

ЕЛБАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ 

АЛДАҒЫ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кездесуге  елдің  ірі  экспорттаушылары,  «Атаме-

кен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның 

іскер топтарының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы қатысушыларға арнаған сөзінде 

әлемдік экономикадағы күрделі ахуалға назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен металл бағасының 

төмендігі кемінде 5 жыл бойы сақталуы ықтималдығын 

атап  өтті.  Қазақстан  Президенті  біздің  негізгі  сауда 

серіктестеріміз  Қытай  мен  Ресей  тарапынан  отандық 

экспорттық өнімдерге деген сұраныс күрт төмендегенін 

де  айтты.  -  Бұл  үрдіс  де  қысқамерзімді  емес.  Ресей 

экономикасының құлдырауы 2 есе күшейе түсті. Қытай 

экспортының  көлемі  8,3  пайызға  қысқарды,  –  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  2014  жылдан  бастап  Америка 

доллары барлық әлемдік валюталарға қатысты нығайып 

келе жатқанына назар аударды.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Ұлттық  банктің  бағалауы 

бойынша,  Қазақстан  экспорты  бірінші  жартыжылдықта 

73  пайызға  азайғанын  атап  өтті.  -  Біз  қазірдің  өзінде 

кәсіпорындарымыздың  бәсеке  қабілетінің  төмендеп, 

табыстарының  азайғанын  көріп  отырмыз.  Бұл  жағдай 

кәсіпорындарда  жұмыспен  қамтылған  еңбеккерлерге 

әсер етуде. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының 

ақпаратына сәйкес, көптеген кәсіпорынның Ресейге экс-

порты төмендеп кеткен. Бұған қоса, олардың Қазақстан 

нарығындағы  өнімдерін  ресейлік  өндірушілер  тықсыра 

бастады, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет  басшысы  қалыптасқан  жағдайда  ел  ал-

дында іс-қимылдың үш нұсқасының бірін таңдау міндеті 

тұрғанын  айтты.  -  Біріншісі  –  ештеңе  істемей,  теңге 

бағамын ұстап тұру және жағдайдың жақсарғанын күту. 

Алайда,  мұндай  саясаттың  өтемі  өндірісті  қысқарту, 

жұмыс орындарынан айрылу және алтын-валюта қорын 

түгесу  болады.  Екінші  нұсқа  –  теңге  бағамын  біртіндеп 

әлсірету. Сыртқы нарықтардағы ахуал нашар әрі белгісіз 

болып  тұрғанда  мұндай  жол  да  алтын-валюта  қорын 

көп шығындайды. Сондықтан, бар мүмкіндіктердің бәрін 

есептей келе, мейлінше дұрысы теңгенің еркін айырбас 

бағамын  енгізу  және  инфляциялық  таргеттеуге  көшу 

болмақ, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мұның мәжбүрлі шара екеніне 

назар аударды. Қазақстан Президенті Үкімет пен Ұлттық 

банктің  шешімі  экспорттаушылардың,  «Атамекен» 

ұлттық кәсіпкерлер палатасының, еліміздегі шағын және 

орта  бизнестің  өтініші  бойынша  қабылданғанын  атап 

өтті.  -  Бәсекеге  қабілеттілікті  қалпына  келтіру  арқылы 

біз  шамамен  миллионға  жуық  адам  жұмыс  істейтін 

кәсіпорындардағы  жұмыс  орындарын  сақтай  аламыз. 

Отбасылық  коэффициентін  ескерсек,  бұл  3,5  мил-

лион қазақстандыққа әсерін тигізеді. Кәсіпорындардағы 

жағдайдың  жақсаруы  жұмысшыларыңыздың  еңбекақы 

деңгейіне де әсер етуі тиіс. Келешекте ахуал жақсарады 

деп күтеміз, бұл дағдарысты еңсеруге, экономика өсімін 

әрі  қарай  қамтамасыз  етіп,  рецессияны  болдырмауға 

мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  тек  айырбас  бағамы  есебінен 

экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  қалпына  келтіру  

мүмкін еместігін айтты.

Нұрсұлтан  Назарбаев  индустриялық-инновациялық 

саясаттың  жаңа  жағдайларға  бейімделуі  тиістігін  атап 

өтті. - Еңбек өнімділігінің өсіміне, жеке бизнестің қатысу 

үлесін  ұлғайтуға  негізделген  сервистік-индустриялық 

модельге  көшу  керек.  Мемлекет  қолдау  шараларын 

бәсекеге қабілетті компанияларға ғана көрсетуге тиіс, – 

деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан  Президенті  құрылымдық  экономикалық 

реформаларды  жандандыру  бағытындағы  жүйелі 

шаралардың  қабылданатынына  назар  аударды. 

Еңбек  нарығы  жұмыс  жүргізудің  жаңа  жағдайларына 

бейімделіп,  елеулі  еңбек  ресурстарының  ауысуына  да-

йын болуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  Үкіметке  азаматтық  қызмет-

керлерге  еңбекақы  төлеудің  жаңа  үлгісін  енгізуді, 

әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақысын және 

мүгедектерге жәрдемақыны, шәкіртақыны көбейтуді қоса 

қамтитын  әлеуметтік  бастамаларды  іске  асыру  шара-

сын қазіргі жағдайды ескере отырып 2017 жылдан 2016 

жылға ауыстыруды ұсынды.

Сондай-ақ,  Нұрсұлтан  Назарбаев  Ұлттық  банк-

ке  халықтың  айырбас  бағамының  өзгеруінен  шеккен 

шығынын  азайту  мақсатымен  жеке  тұлғалардың  2015 

жылғы 18 тамыздағы жағдайға сәйкес теңгемен ашылған 

және есепшоттарында 1 миллион теңгеге дейінгі қалдық 

сомасы бар шұғыл депозиттері үшін өтемақы төлеу тетігін 

енгізуді тапсырды. - Азаматтарға олар салымдарын ар-

наулы есепшоттарға қайта ресімдеп, оны банктерде бір 

жыл бойы сақтаған жағдайда өтемақы ретінде айырбас 

айырмасы төленетін болады. Бұл шара 1 миллион 700 

мың адамды немесе барлық салымшының 86 пайызын 

қолдауға көмегін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Үкіметке «Тұрғын үй құрылыс 

жинақ банкі» салымшыларына қатысты тетікті де ойлас-

тыруды тапсырды.

Соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік көңіл-күйдің 

нашарлауына жол бермеу үшін қиындықтарға қарамастан 

барлық қажетті шаралардың қабылданатынын атап өтті.

Akorda.kz


№67 (8761) жексенбі, 23 тамыз 2015 жыл

2

Біздің сайт: novaiya-zhizn.kz

Ел жаңалықтары

«ХАН ҚОРЫҚ» ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ: 

ҰЛЫЛАРДЫҢ ІЗІМЕН

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ 

РЕФОРМАЛАРЫ ДАҒДАРЫСТЫ 

ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ЖАУАП ҚАЙТАРУДЫҢ 

ТИІМДІ ТЕТІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Бұл  туралы  ОКҚ-да  өткен  Дөңгелек  үстел  аясында  ҚР 

Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының бірінші орынбаса-

ры Лейла Мұзапарова мәлімдеді.

«Кез  келген  экономикалық  құбылыс  сияқты  экономикалық 

дағдарыстың да жағымсыз жақтарымен қоса, жағымды әсерлері де 

бар. Сонымен, дамыған және дамып жатқан елдердің құрылымдық 

жаңғыртылуын,  жаңа  технологиялық  драйверлердің  құрылуын 

білдіретін  экономикалық  өсудің  жаңа  үлгісінің  қалыптасуы  қазіргі 

дағдарыстың жағымды әсері болып табылады», - деді спикер.

Құрылымдық  дағдарыстар  жекелеген  елдердің  экономикалық 

алға  басуына  алғышарттарды  құрайтыны  аталып  өтілді.  Жаңа 

заманның талабын нақтырақ түсініп, сәйкес жауаптарды таба ала-

тын елдер алға қарай озып шығу мүмкіндігіне ие болады.

«Бұл тұрғыдан алғанда біздің Президент ұсынған бес институцио-

налды реформа дағдарысты құбылыстарға жауап қайтарудың тиімді 

тетігі ғана бола алмайды. Себебі, оларда Ұлттық қордың ресурста-

рын іске қосатын жаһандық дағдарыстан шығудың қадам бойынша 

көрсетілген жоспары бар. Бұл жағдайда Қазақстанның стратегиялық 

артықшылығы  дағдарысқа  қарсы  шаралардың  шабуылдық  сипа-

ты  болып  табылады,  себебі  әлемдік  экономикадағы  шиеленіскен 

жағдайға  қарамастан  экономикалық  алға  басу  үшін  платформаны 

даярлау туралы сөз болып отыр», - деді Л.Мұзапарова.

Оның  айтуынша,  бүгін  бізге  тиісті  стратегияны  құрып, 

дағдарыстың жағымсыз әсерін жеңу және болдырмау бойынша ғана 

емес, экономикалық алға басу стратегиясын жүзеге асыру бойынша 

белсенді шараларды қолдану маңызды



М.МҰҚАНОВ: «2015 ЖЫЛҒЫ 

БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ 

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ 

ӨСУІ 1,7% ҚҰРАДЫ»

2015  жылғы  бірінші  жарты  жылдықтың  қорытындылары 

бойынша  қазақстандық  экономиканың  өсуі  1,7%  құрады.  Бұл 

туралы  Орталық  коммуникациялар  қызметінде  өткен  бри-

финг  барысында  «Экономикалық  зерттеулер  институты»  АҚ 

Басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов хабарлады.

«Әлем  экономикасында  қалыптасып  жатқан  экономикалық 

жағдай  ахуалында  2015  жылғы  бірінші  жартыжылдықтың  қоры-

тындылары  бойынша  экономиканың  қазақстандық  сегментінің 

өсуі  1,7%  құрады.  Өткен  жылдың  тиісті  кезеңінде  104,4%  жет-

кен  негізгі  капиталға  инвестициялардың  ұлғаю  үрдісі  байқалады. 

Инвестициялардың осындай оң серпіні Қазақстанның экономикалық 

дамуына қолдау көрсете алады», - деп атап өтті спикер.

Мақсат  Мұқановтың  айтуынша,  әлемдік  сұраныстың,  әсіресе, 

Қазақстанның негізгі серіктес елдері Ресей мен Қытайда төмендеуі 

сыртқы  сауда-саттықтың  қарқындарына  теріс  әсерін  тигізді,  онда 

айналыс көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Атап 

айтсақ,  2015  ж.  қаңтар-шілдесінде  сыртқы  сауда  айналымы  39,5 

млрд. АҚШ долл. құрап, 2014 ж. сол кезеңімен салыстырғанда 36%-

ға төмендеді.

Ұлытауда  өтіп  жатқан  «Хан 

Қорық»  жастар  фестивалінің 

екінші  күні  іс-шараға  қатысу-

шылар қазақ халқына маңызды 

тарихи  жерлермен  саяхаттады. 

Олардың  ішінде  –  Алаша  хан, 

Жошы  хан  және  Домбауыл-

әулие кесенелері. 

Таң  студенттерге  әдеттегі  бо-

лып кеткен таңғы астан басталды. 

Жиналғаннан  кейін  қатысушылар 

автобустарға мініп, 400 шақырым-

ды  құрайтын  сапарға  аттан-

ды.  Күздің  қара  суығы  бастал-

мас  бұрын  соңғы  жылуын  беріп 

үлгергісі  келетіндей  шақырайып 

тұрған  тамыздың  күні  жас  зерт-

теушілердің  қазақтардың  ғана 

емес, бүкіл түркі әлемінің тарихы-

на  ерекше  маңызды  болып  табы-

латын  тарихи  ескерткіштерімен 

танысуға  деген  ниеттерін  арттыр-

маса, түсірген жоқ. 

Фестиваль қатысушыларының бірінші мақсаты 

аңыз бойынша барлық көшпенділердің арғы атасы 

болып есептелінетін Алаша хан кесенесі болды. 

Он  метрлік  алып  ғимарат  Ұлытау  даласында 

бой көтеріп, бүкіл Азиядан туристер мен табыну-

шыларды тартуда. 

«Кесене  Қазақ  хандығы  құрылған  кезде  XV 

ғасырда  салынған  болатын.  Тарихшылардың 

пікірінше,  оны  қазақтардың  ұлттық  мемлекетінің 

билеушілері – Керей мен Жәнібек хандар тұрғызды. 

Біздің пікірімізше, бұл ғимарат жаңа ғана құрылған 

елдің орталығы, қазақ тайпаларының басшылары 

маңызды мәселелерді шешу үшін жиналған орын 

болды», - деді Ұлытау мұражай-қорығының дирек-

торы Бахтияр Қожахметов. 

«Осылайша,  кесененің  салынуын  Қазақ  хан-

дығының  құрылуымен  тікелей  байланыстыруға 

болады», - деп қосты ол. 

Діни  ғимараттың  асқақтығы  ешкімді  бей-жай 

қалдырмайды. 500 жыл бойы далада тұрғанымен, 

бойында  ешбір  міні  жоқ.  Кесенені  салушылар 

қолданған  бірегей  инженерлік  шешімдер  ұзақ 

уақыттан  кейін  де  ішкі  жасауды  сақтап  қалуға 

мүмкіндік берді. Айта кетер болса, отыз градустық 

аптап ыстықта да ғимараттың іші салқын – темпе-

ратура 20 градустан жоғары көтерілмейді.

Алаша  хан  мазарымен  байланысты  тағы  бір 

қызықты дәстүр – оған қызмет бабымен көтерілген 

адамдардың келуі. «Егер бұрынғы заманда осын-

да  хандар  мен  сұлтандар  келсе,  қазіргі  уақытта 

оларды  бизнесмендер  мен  саясаткерлер  алмас-

тырды», - деп атап өтті Бахтияр Қожахметов. 

Естелікке  қалатын  бірнеше  фотосурет  жаса-

ғаннан кейін «Хан Қорық»-қа қатысушылар сапар-

ларын  ары  қарай  жалғастырды.  Олардың  келесі 

мақсаты  –  Домбауыл  кесенесі  –  ІХ-Х  ғасырда 

салынған  діни  құрылыс,  Қазақстанның  діншіл 

адамдары  келіп  сыйынатын  танымал  жерлердің 

бірі. 

Аңыз бойынша, осы жерде Кетбұғаның әкесі – 



Жошы ханның кеңесшісі мен әйгілі «Ақсақ құлан» 

күйінің авторы жерленген. 

Пирамидаға  ұқсас  ғимарат  балбалдармен 

және рулық тамғалары бар түркі құрылыстарының 

қалдықтарымен  қоршалған.  Жергілікті  ақсақал-

дардың  айтуынша,  бұл  Қазақстан  көшпенділері 

үшін осы жердің маңыздылығын көрсетеді. 

Студенттердің барған келесі жері Еуразияның 

ұлы билеушілерінің бірі – Жошы ханның мазары 

болды.  Ол  жақында  ғана  қайта  құрылып,  біздің 

көзімізге жаңарған күйде көрінді. 

Кесененің  жасыл  күмбезі  оны  қоршап  тұрған 

алтынмен  жалатылған  даладан  ерешеленіп 

тұр.  Қызыл  күйділірген  кірпіш,  шаруашылық 

құрылыстарының іргетастары осы жерге көшпен-

ділер  ақсүйектерінің  жиі  келгенін  көрсетеді,  деп 

атап өтті Бахтияр Қожахметов. 

Осындай  сәулет  ескерткіштерімен  танысу 

Қазақстан  жастарының  өз  халқының  тарихын 

және  бай  тарихи  мұрасын  тереңірек  зерттеп-

білуге ниетін тудыратыны сөзсіз. 

Ұлытауда  өткізіліп  жатқан  жастар  фестивалі 

мақсаттарының  бірі  елдегі  мәдени  туризмді 

көпшілікке тарату болып табылады. «Бұл кесене-

лерге Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары 

түгіл,  жергілікті  халықтары  да  келмеген  жағдай 

да бар. Сондықтан да, біз экспедицияларды, сту-

денттер жиындарын ұйымдастырамыз – еліміздің 

әр  азаматы  шетелде  ғана  емес,  Қазақстан 

ішінде  де  саяхаттауға  болатынын  білуі  тиіс»,  - 

деді  Қазақстандық  ұлттық  географиялық  қоғам 

басшысының орынбасары Сәулет Сәкенов. 

«Хан  Қорық»  фестиваліне  қатысушыларға 

қарап,  отандық  туризмнің  болашағы  зор  деп 

сеніммен  айтуға  болады.  Тарихты  білуге  және 

бұл  туралы  достарына,  таныстарына  айтуға  де-

ген үлкен тілек қазақстандықтардың назарын ішкі 

туризмнің шынайы әлеуетіне аудартатыны сөзсіз.



СІМ: «ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЕАЭО-ҒА КІРУІ 

ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТПЕЙДІ»

Қазақстан 

Республикасы 

Сыртқы істер министрлігі Еура-

зиялық  интеграция  департа-

ментінің 

директоры 

Сәуле 

Сейтімбетова  ОКҚ-да  өткен 

брифинг  аясында  Қырғызстан 

кіргеннен  кейін  Еуразиялық 

экономикалық  одақтағы  ше-

шімдерді  қабылдау  жүйесі  өз-

гермейтінін мәлім етті.

«Шешімдерді  қабылдау  жүйесі 

өзгерген  жоқ,  ол  сол  қалпында 

қалып отыр. Қырғызстан Одақ бо-

йынша басқа серіктестерімен бірге 

дауыс беру кезінде тең құқықтарға 

ие болды», - деп атап өтті спикер.

Бұған  қоса  Сәуле  Сейтім-

бетова  Одақ  туралы  шартта 

интеграцияның барлық, яғни: мем-

лекет  басшылары,  үкімет  басшы-

лары, 


Премьер-Министрлердің 

орынбасарлары 

деңгейіндегі 

Кеңес  мүшелері  деңгейінде  консенсус  қағидасы 

бекітілгенін еске салып өтті. Жалғыз ерекшелік – 

Алқа.


«Бұл  органда  шешімдерді  қабылдаудың  екі 

жолы  бар:  консенсус  және  дауыстардың  үштен 

екісінің  біліктілікті  басымдылығы.  Жоғарғы  кеңес 

анықтайтын сезімтал мәселелер бойынша консен-

сус болады. Қалғандары бойынша Алқа аясында 

шешімдерді үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ету 

үшін – дауыстардың 2/3», - деп нақтылады ол.

СІМ  өкілі  атап  өткендей,  ұлттық  мүдделерге 

сәйкес  келмейтін  кез  келген  шешімдерді 

оқшаулап,  консенсус  қабылдай  алатын  жоғары 

тұрған деңгейлерге шығаруға болады.

Орталық коммуникациялар қызметі


№67 (8761) жексенбі, 23 тамыз 2015 жыл

3

Біздің сайт: novaiya-zhizn.kz

МЕКТЕПКЕ – ОҚУЛЫҚПЕН

Білім

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЯРЛЫҚ

Самар ауылындағы екі орта және бір баста-

уыш  мектеп  пен  бір  балабақшаның  жаңа  оқу 

жылына  даярлығы  бойынша  мекеме  басшы-

ларымен  кездесу  өткізіп,  бүгінгі  қалыптасып 

отырған ахуалды көзімізбен көріп қайттық.

№1  Самар  орта  мектебінде  жөндеу  жұмысы 

аяқталуға  жақын.  Мектептің  даяр  болуы  туралы 

баспасөз  бетінде  жарияланған  болатын.  Жұмыс 

күннен күнге қыза түсуде. Құрылысшылар мектепті 

жөндеу жұмысын бір-екі күнде аяқтайды, айнала-

сын  тазалау  жұмыстары  да  қоса  атқарылып  жа-

тыр. Мектеп ұжымы ішіндегі тазалау жұмыстарына 

белсене қатысуда. 

Ж.Болғанбаев  атындағы  орта  мектепте 

ағымдық жөндеу жұмысы аяқталған. «Біздің бүгінгі 

басты проблемамыз – су мәселесі», - дейді мек-

теп  директоры  Ж.Бақыраева.  –  Былтыр  жөндеу 

жұмысы жүргізілгенде су құбырын жөндеу сметаға 

кірмей,  кейінге  қалдырылған  болатын.  Енді  қазір 

ауылдық  округ  әкімшілігі,  «Самар»  КМК  ШЖҚ, 

аудандық  білім беру бөлімі ол жайында хабардар. 

Биыл екінші жыл осы мәселе үшін СЭС мектептің 

даярлығы  бойынша  актіге  қол  қоймай  отыр.  Су 

таңертең  1-2  сағат  ағады  да,  күні  бойы  жоқ  бо-

лады.  Балалар  қолын  жуып,  су  ішулері  керек, 

сондықтан  да  санитарлық-гигиеналық  жағынан 

тазалық сақтауға қауіп төнуде», - деп жалғастырды 

сөзін Жанат Тоқтарқызы. 

Мектеп  электр  қуатымен  жылытылады.  Жы-

лыту  жүйесі  тексеріліп,  дайын  тұр.  Ең  басты 

тақырып  -  оқулықпен  қамтамасыз  ету.  -  Бірінші 

сыныпқа  келетін  оуқшылар  кітаппен  толықтай 

қамтамасыз етіледі. Ал, төртінші сыныптан бастап 

жаңа кітаптарды аудандық білім беру бөлімі бөліп 

отыр.  Бұл  арада  негізгі  оқулықтар  туралы  айты-

лып  отыр.  Аз  қамтылған  отбасының  балалары-

нан басқалары пәндер бойынша қажетті қосымша  

құралдарды, мысалы хрестоматия сияқты, өздері 

сатып алады, - деді мектеп директоры.

«Мектепке  жол»  акциясына  мұғалімдердің 

өздерінен бастап, жекелеген кәсіпкерлер де көмек 

беруде.  Қазіргі  күні  кәсіпкерлер  тарапынан  12 

555  теңгенің  көлемінде  көмек  көрсетілді.  Көмек 

қолын созғандар – Б.Сембинова, К.Оразаметова, 

Б.Смағұлова.  Көмекке  мұқтаждардың  тізімінде 

10  бала  бар.  Оның  ішінде  5  бала  қамқорлыққа 

алынғандар.  Сонымен  бірге,  «Жалпыға  білім 

беру»  қоры  арқылы  да  көмек  көрсетілетін  бола-

ды», - дейді Жанат Тоқтарқызы.

Мектеп  ҰБТ  қорытындысы  бойынша  аудан 

мектептері  арасында  алдыңғы  қатарлар  сана-

тында.  Мектепті  аяқтаған  16  түлектің  төртеуі 

білім грантына ие болған, оның ішінде біреуі «Ал-

тын белгі» иегері. Биылғы оқу жылына 16 оқушы 

11  сыныпқа  келеді,  екі  оқушы  «Алтын  белгіге» 

үміткер.  ҰБТ-ға  дайындық  жұмысы  оқу  жылының 

басынан  басталады.  Бірінші  сыныпқа  43,  мекте-

палды даярлық тобына 40 бала келеді деген бол-

жам жасалып отыр. Шағын орталықта 20 бала бо-

лады. Мектеп кадрлық құрамы жас мамандармен 

толыққан.

Самар  бастауыш  мектебінде  биыл  185 

оқушы  мектеп  партасына  отырады.  Мектеп  оқу 

жылының  басталуына  толық  даяр  дейді  мек-

теп  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары 

Т.Марковская. Мектептегі 27 оқушы аз қамтылған 

отбасынан  шыққан балалар.  «Мектепке жол»  ак-

циясына  «Қазпочта»  АҚ  филиалы  үн  қосып,  бір 

сөмке  және  кеңсе  тауарларын  әкелді.  Мектеп 

мұғалімдері  де  өз  қаражаттарын  қосып,  барлық 

мұқтаж  оқушыларды  қажетті  оқу  құралдарымен 

қамтамасыз етуге атсалысуда. 

Барлығы  115  мың  теңгеге  жөндеу  жұмысы 

жүргізілген, оның ішінде ата-аналар 21000 теңгеге 

демеушілік  жасады.  Бірінші  сыныпқа  33  бала 

келеді.  Кадр  мәселесі  шешілген.  От  жағу  мау-

сымына  даярлық  та  толықтай,  сұйық  отын  қоры 

желтоқсан айына жететіндей жинақталған. 

Самар  ауылындағы  бірден-бір  және  үл-

гілі  «Дәншік»  балабақшасында  245  бала 

тәрбиеленеді.  Тәрбие  ошағының  биылғы  басты 

жаңалығы қосымша екі топ ашылмақшы. Бұл топ 

мектепалды  даярлық  топтары.  Қазақ  тілді  топқа 

23,  орыс  тіліндегі  топқа  18  бала  жазылды.  Бұл 

білім  беру  мекемелері  арасында  бәсекелестікті 

тудырып  отыр.  Ол,  әрине,  дұрыс.  Ата-ана  өзінің 

баласы үшін ең тиімді жағын таңдайды. Білім беру 

сапасы осыған қарап көтерілетін болады. Сондай-

ақ, білім беру мәселесіне жаңаша көзқарас туды-

рып, ата-ана мен оқушының таңдау құқын жүзеге 

асыруына мүмкіндік береді. 

Жаңа топтарға қажетті мамандар бар. Олардың 

барлығы  да  жоғары  білімді.  Бастауыш  сыныпта 

сабақ берген тәжірибелі мұғалімдер, бірнеше жыл 

осы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. 

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері 

бірінші  сыныпқа  баруға  дайын  болып  шығады. 

Сабақ  «Біз  мектепке  барамыз»  бағдарламасы 

бойынша  жүргізіледі.  Бұл  топтың  мектептегі 

топтан  айырмашылығы  –  бала  түстен  кейін  де 

балабақшада  қала  алады.  Түстен  кейін  оларға 

варьетивтік  сабақтар  жүреді.  Ата-ана  алаңсыз, 

кешке жұмыстан кейін баласын алып кете алады. 

Ақысы балабақша топтарымен бірдей. Бұл жайын-

да балабақшаның әдіскері Қалима Дүсіпова айтып 

берді.


Жалпы балабақша 11 топты қарсы алуға толық 

даяр. Ішкі ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Жазда балабақшада кезекші екі топ ашық болды. 

Екі аптаға ғана үзіліс жасалды. Ұжым мамандар-

мен толық қамтамасыз етілген. Барлығы да білім 

жетілдіру  курстарына  барып  тұрады,  шеттерінен 

өнерлі,  ізденгіш  жастар.  Ауыл,  аудан  көлемінде 

ұйымдастырылатын  шаралардан  тыс  қалмайды. 

Ылғи  да  белсенділік  танытады.  Аудан  бойынша 

өтетін  мәдени-танымдық,  ойын–сауық  шаралар-

дан ылғи ұжым да, тәрбиеленушілері де жүлдегер 

атанған,  облыс  аумағына  да  шығып,  оқушылар 

үздік  білім  танытады.  Жыл  бойы 

семинар-сабақтар  өткізеді.  Мем-

лекеттік  тілдегі  топтарда  өзге 

ұлттардың балалары тәрбие алуы 

бойынша  да  үлгі  көрсете  алады. 

Былтыр балабақша облыс бойын-

ша  «Үздік  аула»  номинациясын 

жеңіп алған. 

Қандай 

ата-ана 


болсын 

өзінің  өмірге  келген  баласының 

тәрбиесіне,  білім  алуына  жете 

көңіл  бөлетіні  сөзсіз.  Бала  - 

болашағымыз.  Ертеңгі  күні  те-

рер  жемісіміз  -  берген  тәрбиеміз 

бен  алған  біліміне  байланысты. 

Балғындардың алаңсыз оқуы үшін 

білім  ошақтарының  жаңа  оқу  жы-

лына  дайындығы  қапысыз  болуы 

тиіс.

Клара НҰРПЕЙІСОВА



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал