Оқулық Өңделген және қайта толықтырылған төртінші басылымы



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6

М. ХАЛИКОВА, Ш. ЕРГАШЕВА

ӘДЕП

4

Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң

4-сыныбына арналған оқулық

Өңделген және қайта толықтырылған

төртінші басылымы

Өзбекстан Республикаcы Xaлыққа бiлiм беру

министрлiгi бекiткен

ТАШКЕНТ

«YANGIYO‘L POLIGRAF SERVIS»

2017


UO‘K:  17=512.122(075.2)

KBK:  74.200.51

X  71

Халикова,  Мохира.

Әдеп  4:  Жалпы  орта  бiлiм  беретiн  мектептердiң  4-сыныбына 

арналған  оқулық  /  М.  Халикова,  Ш.Ергашева.  -  Өңделген  және 

қайта  толықтырылған  төртінші  басылымы.  -  Ташкент:  «Yangiyo‘l  

poligraf  servis»,  2017.  -  96  б.

 

   


 

 

 



 

UO‘K:  17=512.122(075.2)

    ISBN  978-9943-4935-4-4                                            KBK:  74.200.51ya72

Республикалық  мақсатты  кітап  қоры  есебінен

баспадан  шығарылды.

©  «Yangiyo‘l  poligraf  servis»,  2011-2017.

©  М.  Халикова,  Ш.  Ергашева,  2011-2017.

ISBN  978-9943-4935-4-4



Шартты  белгiлер:

Нақыл  сөздер  мен 

хадистер

Сұрақтар  мен  тап-

сырмалар

Ақылды  ширайтын 

көңілді  тапсырмалар

Өздігінше  оқуға  арналған 

қосымша  тапсырмалар

«Yuksak  ma’naviyat

–  yengilmas  kuch»

шығармасынан  алынған 

пiкiрлер

Өзбекстан  Республика-

сы 

конституциясы ның 



баптары

Мәтiндегi  түсiнiксiз  сөз  -

дердiң  түсiндiрме  сөздiгi

Пiкiр  жазғандар  –  C.  Алимов,  филология  ғылымдарының  кандидаты;

       


Ш.  Ризаев,  филология  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент;


       

Ш.Эгамбердиева,  Касон  ауданы  95-мамандан ды рыл-

ған  мектеп  директоры;



       

М.  Рахимова,  бастауыш  сынып  мұғалімі.

3

АЛFЫ  СӨЗ

Әдепті,  білімді  және  ақылды,  еңбексүйгіш, 

иманды  перзент  тек  қана  ата-ананың  ғана 

емес,  сондай-ақ  бүкіл  қоғамның  ең  үлкен 

байлығы  болып  саналады.

Қадірменді  оқушы!  Қолыңыздағы  бұл  кітап  сіз дің 

1-2-3-сыныптарда  «Әдеп»  пәнінен  алған  білім деріңізді 

толықтырады.  Бұл  кітаппен  достаса  біл сеңіз,  тек  қана 

әдеп  ережелерін  емес,  сонымен  бірге  өмірде  өзіңіз 

үшін  қажетті  болған  көптеген  мәліметтерге  ие  бола

-

сыз.


Сіз  жайлап  ұлғайып,  үлкен  өмірге  адым  тастау

-

дасыз.  Міне  осындай  өмірмен  танысуыңызға,  оның 



тәртіп-ережелерін  меңгеруіңізге  «Әдеп»  деп  аталатын 

осы  оқулық  көмек  береді.

Адам  өз  әдебімен  сұлу  көрінеді.  Сол  себепті 

де  ата-бабаларымыз  жастайынан  әдеп  ережелерін 

біліп  алуға  үндеген.  Мысалы,  Әлішер  Науаидың  мол 

шығармашылық  мұрасында  әдеппен  байланысты 

ғибратты  сөздер  де  молынан  кездеседі.

Әркім  жасаса  жақсылық,

Жақсылықтан  жақсылыққа  жетері  анық.

Қадірменді  оқушы!  Сізге  ұсынып  отырған  осы 

оқулықта  жоғарыда  айтылғандай  асыл  пікірлер  өте 

көп.  Сіз  оларды  ықыласпен  оқып,  келешекте  одан 

өмірде  пайдалануыңызға  сенім  білдіреміз.


4

ӨЗБЕКСТАН  —  КЕЛЕШЕГІ  ҰЛЫ  МЕМЕЛЕКЕТ

1. Елімізде  жақсы  абыройға  ие  болған  адам

-

дардан  кімдерді  білесіңдер?



2. Спорт,  өнер  және  ғылымның  түрлі  сала

-

ларында  ұлы  жетістіктерге  жеткен  жер-



лестеріміз  туралы  айтып  беріңдер.

Ана  отанымыз  Өзбекстан  көне  тарихқа  ие.  Бұл 

жұрттан  дүниені  таңдандырған  көптеген  ғұламалар 

шыққан.


Ата-бабаларымыз  жұрттың  азаттығы  мен  тәуел-

сіздігі  үшін  ғасырлар  бойы  күресіп  келген.  1991-жыл 

Өзбекстан  өз  тәуелсіздігіне  ие  болды.

Тәуелсіздік  жылдары  елімізде  барлық  салалар 

бойынша  теңдесі  жоқ  жетістіктер  қолға  ендірілді. 


5

Жастардың  білім  алуы,  өздерінің  қабілеттіліктерін 

көрсету  үшін  көптеген  жағдайлар  жаратылды.  Біздер 

үшін  жарық  оқу  мекемелері  мен  спорт  кешендері 

құрылды. 

Бүгінде  Өзбекстан  жедел  дамып  жатқан  мем ле-

кеттердің  біріне  айналған.  Жастарымыз  спорт  жарыс-

тарында  отанымыздың  туын  жоғары  көтеріп  келеді. 

Сол  сияқты,  музыкалық  таңдаулар  мен  пән  олимпиа

-

даларында  өте  жақсы  нәтижелерге  ие  болды.



Мемлекетімізде  істеп  шығарылып  жатқан  шикі-

заттарға  бүтін  дүниенің  ұсыныстары  артып  келе-

ді.  Себебі  олар  табиғилығы  және  сапасымен  ерек-

шеленіп  тұрады. 

Жұрттың  келешегі  жастардың  қолында.  Сол  үшін 

де  жақсы  білім  алып,  белгілі  бір  кәсіпті  меңгеріп, 

Өзбекстанның  дамуына  өз  үлестерімізді  қосуымыз  ке

-

рек.



1.  Тарихта  ұлы  әскербасы  және  мемлекет  қай-

раткері  болған  әйгілі  ата-бабаларымыз  кім  еді?

A.  Әлішер  Науаи

Б.  Әмір  Темір

В.  Ибн  Сина

Г.  Абу  Райхан  Беруни

 

2.  Тек  қана  өз  елімізде  істеп  шығарылған  ав



-

томобильдер  қатарын  дұрыс  белгіле. 

А.  Лада,  Матиз,  Дамас

Б.  Тойота,  Ласетти,  Тико

В.  Ласетти,  Каптива,  Малибу

Г.  Епика,  Мерседес,  Нексия 



6

ОТАНЫМ  МЕНIҢ

Бүркiт  Ысқақов

Көп  аузынан  түспейтiн 

Отан  деген  немене? 

Оның  тұлға,  түс-кейпiн, 

Досым,  бiлгiң  келе  ме?

Отан  деген  ұлы  сөз, 

Басталады  кiшiден. 

Барлық  жерде,  әрбiр  кез 

Кездесер  ол  кiсiмен.

Отан  –  сенiң  ата-анаң, 

Отан  –  досың,  бауырың. 

Отан  –  өлкең,  астанаң, 

Отан  –  аудан,  ауылың.

1. «Отаным  менің»  өлеңі  қандай  тақырыпта 

жазылған?  Мазмұнын  айтып  беріңдер.

2. Тәуелсіздік 

жылдарында 

жас 


ұрпақ 

үшін  жаратылған  жағдайлар  туралы  өз 

пікірлеріңді  ортаға  салыңдар.

3. Өзбекстан  қандай  шикізаттарды  дайындай

-

ды? 


4. Жұртымызда  қандай  автомобильдер  істеп 

шығарылады?

5. Біз  отанымыздың  дамуына  қандай  үлес 

қоса  аламыз?

6. Ата-анаңыз  немесе  аға-әпкелеріңмен  тә уел-

сіздік  жылдарында  қол  жеткен  жетістіктер 

ту ралы  сұқбаттасыңдар.  Олардан  біліп  ал-

ған  мәліметтеріңізді  достарыңа  айтып  берің-

дер.


7

ЕЛ  ТЫНЫШТЫFЫ  –  ЖҰРТ  БАЙЛЫFЫ

Қандай  жағдайларда  сен  білім  алуыңа, 

дос тарыңмен  түрлі  ойындар  ойнауыңа  бола

-

ды?  Мерекелерді  атап  өт.  Оны  тойлау  үшін 



не  қажет?

Отанды  үлкен  бір  жанұяға  ұқсатуға  болады.  Оның 

құрамындағы  адамдар  сол  жанұяның  мүшелері.  Егер 

жанұя  ынтымақпен,  тату-тәтті  өмір  сүрсе,  мұндай 

отбасы  құт-берекелі  болады.  Мұндай  жанұяларға 

баршамыз  қызыға  қарай мыз.  Демек,  мемлекеттің 

өркендеуі  үшін  де  адамдар  бір-бірімен  ынтымақта 

жасауы  керек.

Еліміздегі  бейбітшілік  пен  тыныштықтың  арқа-

сында  білім  меңгеріп,  күнделікті  міндеттерімізді 

орын дап,  жанұямыз  құшағында  бейбіт  өмір  сү-

ріп  келеміз.  Өкінішке  орай,  осындай  бейбіт  тұр-

мысымызды  көре  алмай  жатқан,  кейбір  жауыздар  да 

кездеседі.  Олар  түрлі  жолдармен  тыныштығымызды 

бұзуға  тырысады.  Біз  жас тар  жақсы  оқып,  ата-ана

-

мыз  бен  ұстаздарымыздың  сөздеріне  құлақ  салсақ, 



оларға  қарсы  күрескен  боламыз.  Әрқашан  да  сақ  бо

-

лып,  бөтен  күдікті  адамдардың  алдамшы  сөздеріне 



ермеуіміз  керек.

Мемлекетіміздің  Бірінші  Президенті  айтқанын-

дай,  «Егер  біз  тату  болсақ,  ел-жұрттың 

мүддесі  үшін  бір  жағадан  бас  шығарып  өмір 

сүрсек,  өз  арамыздан  сатқын  шықпаса,  өзбек 

елін  ешкім,  ешқашан  жеңе  алмайды».



8

1. Бүгінгі  күнде  әлемде  болып  жатқан  қандай 

уақиғаларды  білесіңдер?

2. Тынышсыздықта  өмір  сүріп  жатқан  мемле-

кеттердегі  балалардың  жағдайлары  туралы 

пікірлесіңдер.

3. Тыныштықты  сақтау  үшін  нелерге  көңіл 

бөлуіміз  керек?



ҰЛЫ  ОТАНСҮЙГIШ

Ұлы  ғұлама  бабамыз  Нажмиддин  Кубро  даныш

-

пан  әрі  батыл  адам  болған.  Шынайы  отансүйгіштік, 



ерлік  дегенде  осы  бабаларымыздай  адамдар  көз 

алдымызға  келеді.

Өткен  заманда  Шыңғысхан  бастаған  моңғол-татар- 

лары  елімізді  жаулап  алған  еді.  Басқыншылар  ауыл-

дарды,  қалаларды  талан-тараж  етіп,  талқандады.

Нажмиддин  Куброның  ілім  үйренемін  деп  түрлі 

мемлекеттерден  келген  төрт  жүзден  астам  шәкірттері 

бар  еді.  Ол  шәкірттерін  бір  жерге  жинап,  былай 

деді:

–  Елімізге  келген  бұл  пәлекет  барлық  жақты 



бүлдіреді.  Әрқайсың  өз  елдеріңе  қайтыңдар.

–  Ұлы  шайх,  ат-көліктеріміз  дайын,  уақытты 

өткізбей,  сіз  де  тыныш  жерлерге  кетіңіз,  -  деп  өтінеді 

шәкірттері.

–  Мен  бұл  соғыста  құрбан  болуым  анық,  бірақ 

өз  Отанымды  тастап  кете  алмаймын.  Ал  сіздерге  ақ 

жол,  –  дейді  шайх.

Нажмиддин  Кубро  халқын  жинап,  Отанды  қорғауға 

шақырды.  Екі  арада  кескілескен  шайқас  басталды.  


9

Нажмиддин  Кубро  бірнеше  дұшпанды  ұрып  құлатты. 

Абайсызда  оның  кеудесін  бір  оқ  теcіп  өтті.  Шайх 

күш-қуатынан  айрылып,  хәлден  тая  бастағанын  сез

-

се  де,  тамшы  қаны  қалғанша  соғыс  алаңын  тастап 



кетпеді.  Дұшпан  туын  мықтап  ұстаған  бойы  жан  тап

-

сырды.



Нажмиддин  Куброның  асқан  ерлігі,  тіпті,  Шың-

ғысханды  да  таң  қалдырған  деген  аңыздар  да  бар.

Тыныштық  туралы  мақалдардың  мазмұнына 

сәйкес  келетінін  таңдап  алып,  оны  жал-

ғастырыңдар  және  оны  дәптерлеріңе  жазып 

қойыңдар.

 

 

1. Ата-аналарыңмен  отансүйгіштік  тақырыбын-



да  әңгімелесіңдер.  Өздеріңе  ұнаған  өнегелі 

әңгімелер  мен  аңыздарды  дәптерлеріңе  кө-

ші ріп  жазыңдар.

2. «Ұлы  отансүйгіш»  әңгімесінен  алған  әсер- 

леріңді  достарыңмен  бөлісіңдер.  Нажмиддин 

Кубро  не  себепті  шәкірттерімен  кетпеді? 

3. Бейбітшілік  тақырыбындағы  өлеңдерді  жат-

тағансың  ба?  Бірін  айтып  беріңдер.



1)  Отан  үшiн  отқа  түс  –

2)  Тыныштықпен  ел  көгерер

3)  Ұрыс  ырысты  қашырар,

4)  Ер  қадiрiн  –

a)  Жаңбырменен 

жер  көгерер.

б)  ел  бiлер.

с)  Ынтымақ 

халықты  асырар.

д)  күймейсiң.

10

ӨЗБЕКСТАН  –  КӨП  ҰЛТТЫ  МЕМЛЕКЕТ

1. Өзбекстанда  қандай  ұлт  өкілдері  жасайды?

2. Өзге  ұлт  өкілдерінен  достарың  бар  ма? 

Олар  туралы  айтып  бер.

Өзбекстан  –  көп  ұлтты  мемлекет.  Бүгінгі  таңда 

елімізде  130-дан  астам  ұлт  пен  ұлыстар  тату-

тәтті  өмір  сүріп  келе  жатыр.  Әрбір  ұлт  өзінің 

ежелгі  дәстүрлері,  әдет-ғұрыптары  және  тарихымен 

басқа  ұлттардан  ерекшеленіп  тұрады.  Өзбек  халқы 

қонақжай,  еңбексүйгіш  және  балажандылығымен  дү-

ниеге  танылған.


11

Соғыс  дәуірінде  Өзбекстанға  эвакуацияланған  түрлі 

ұлт  өкілдеріне  қатысты  мыңдаған  адамдарды  өзбек 

халқы  өте  ауыр  жағдайларына  қара май  орыс,  укра

-

ин,  белорус  басқа  ұлт  өкілдерінің  жас  балаларын  өз 



бауырына  алды.  Халқымыз  бір  түйір  нанды  да  тең 

бөліп  жеген.  Бұл  -  өзбек  хал қы на  тән  кеңпейілділіктің 

бір  көрінісі.

Елімізде 

өмір 

сүретін 


ұлттардың 

мәде ниеті 

мен  тілінің,  діні  мен  әдет-ғұрыптарының  өр-

кендеуіне  барлық  жағдайлар  жасалған.  Бүгінгі  таңда 

Өзбекстанда  150-ге  жуық  ұлттық  мәдени  орталықтар 

қызмет  етуде.

Түрлі  ұлт  өкілдері  бірігіп  еңбек  етсе,  тату-тәтті 

өмір  сүрсе,  жұртымыз  бұрынғыдан  да  көркейіп, 

өркендейді.

Конституциямызда  Өзбекстан  Республикасы  өз  ме

-

кен-жайында  жасайтын  барлық  ұлт  пен  ұлыстардың 



тілі,  әдет-ғұрпы  және  дәстүрлерінің  құрмет  етілуін 

қамтамасыз  етеді.  Олардың  өркендеуі  үшін  жағдай 

жасалуы  да  белгіленген.   

Киелі  кітаптарымызда  да  адам  құрметтеліп, 

қадірленеді.  Сондықтан  да  адамдарды  қай  ұлттан 

болса  да  әрқашан  құрмет  етіп,  өз  көмегімізді  аяма-

уымыз  керек.

Ұлт  –  тілі,  мәдениеті,  тарихы,  өнері,  дәс-

түрлерi,  өмір  сүретін  аймақтары  ортақ  болған 

адамдар  тобы.

Эвакуация  –  қауіпсіз  жерлерге  көшіру.


12

Торкөздегі  әріптерді  дәптерлеріңе  дұрыс  орна

-

ластырып,  ұлт  аттарын  дұрыс  жазыңдар.



Қ

Қ

А

А

З

К

З

Ө

Е

Б

А

Т

Р

Т

А

Ж

Т

К

Ә

І

ТIЛ  БIЛГЕН  –  ЕЛ  БIЛЕДI

Бақдәулеттің  әпкесі  Арайлым  колледжде  оқиды. 

Ол  өте  әдепті  әрі  ақылды  қыз,  Зулфия  атындағы 

мемлекеттік  сыйлықтың  иегері.  Арайлым  ағылшын 

және  орыс  тілдерін  өз  ана  тіліндей  біледі.

Арайлым  интернет  арқылы  Өзбекстанның  түрлі 

аймақтары  мен  шет  мемлекеттеріндегі  достарымен 

хат  жазысып,  пікірлесіп  тұрады.  Олар  туралы  ата-

аналарына,  інілеріне  әуестене  сөйлеп  береді.

–  Әпке,  мен  де  сізге  ұқсап  достарымның  көп  бо

-

луын  қалаймын.  Сол  үшін  мен  не  істеуім  керек  бо



-

лады?  –  деп  сұрады  бір  күні  Бақдәулет  әпкесінің 

әңгімесіне  әуестене  тыңдап.

–  Бұл  үшін  сен  тіл  білуің,  адамдарды  шын 

көңілден  жақсы  көруің  керек.


13

–  Ондай  болса,  маған  тіл  үйренуіме  жәрдем 

бересіз  бе?

–  Әрине,  тіл  білген  –  ел  біледі,  дейді  ғой.  Бұл 

үшін  өзіңде  қызығу,  ынтығу  болуы  шарт.  Сон

-

да  ғана  тіл  үйренесің,  басқа  халықтар  туралы  да 



мәліметке  ие  боласың.  Міне  маған  басқа  тілде 

сөйлейтін  достарым  өздері  туралы,  елі,  әдет-

ғұрыптары  туралы  қызықты  мәліметтерді  жазып 

тұрады.  Кеше  ғана  досым  Элиза  өз  отаны  –  Ұлы 

Британия,  ағылшындардың  мақтанышы  болған  Биг 

Бен,  Темза  дариясы  мен  Британия  мұражайы  жай

-

лы  қызықты  мәліметтер  жазып  жіберіпті.  Оның  айту



-

ынша,  мұражайда  біздің  тарихымызға  тиісті  көптеген 

экспонанттар,  қолжазбалар  бар  екен.  Мен  де  оған 

Өзбекстан  жайлы,  яғни  тұрмыс-салтымыз,  әдет- 

ғұрыптарымыз  жөнінде  жазамын.

–  Алақай,  қандай  жақсы,  мен  де  тез  арада  тіл 

үйреніп,  достарымның  көбеюін  қалаймын,  –  деді  көзі 

жайнаған  Бақдәулет.



Биг  Бен  –  Ұлы  Британияның  астанасы 

Лондондағы  тарихи  сәулетті  ескерткіштердің 

бірі.

Темза  –  Лондон  қаласынан  ағып  өтетін  дария.

1. Неліктен  Бақдәулет  әпкесі  Арайлымға  қы- 

зықты?

2. Досы  көп  болуы  үшін  нелерге  көңіл  бөлу 



керек?

3. Егер  шетелде  досың  болса,  оған  не  туралы 

жазып  жіберер  едің?

 


14

БАБАЛАРЫМЫЗ  АРДАҚТАҒАН  САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Жоғарыдағы  суреттерде  қандай  ұлттық  дәс- 

түрлеріміз  бейнеленген?  Халқымыздың  қандай 

салт-дәстүрлерін  білесіңдер?

«Салт  –  дәстүр»  өте  кең  мағыналы  түсінік  бо

-

лып,  адам  және  адамзат  үшін  қадірлі  нәрселерді 



аңғартады.  Дәстүр  мың  жылдар  бойында  адам

-

дар 



арасында 

ардақталып, 

ата-бабаларымыз

-

дан  ұрпақтарға  өтіп,  өңделе  түскен  материалдық 



және 

рухани 


байлықтарымыз, 

үрдістер 

және 

әдет-ғұрыптарымыз, 



қасиеттеріміз 

болып 


табы

-

лады.  Біздің  ата-бабаларымыз  ата-анаға  деген 



құрмет,  отансүйгіштік,  тыныштық,  азаттық,  ағарту, 

мейір-шапағат,  жомарттық,  қонақжайлылық  сияқты 

дәстүрлердi  өте  қадірлеген.

Бізде  әлемнің  басқа  халықтарына  ұқсамайтын  әдет-

ғұрыптар,  мерекелер,  той-жиындар  мен  салт-дәстүрлер 


15

бар.  Ата-бабаларымыз  ежелден  атап  өтіп  жатқан  Нау

-

рыз  мерекесі  де  солардың  бір  айғағы  болып  саналады.



Наурыз  –  табиғаттың  оянуы,  ізгілік,  жаңару  және 

жасару  мерекесі.  Ертеде  Наурыз  мерекесі  күні  адам- 

дар  халыққа  ең  жақсы  әдеттерін  көрсеткен,  әдемі 

киімдерін  киген,  дәмді  тағамдар  әзірлеген.  Қазір 

де  бұл  мерекені  өте  кең  түрде  атап  өтеміз.  Нау-

рыз  күні  үлкен  тайқазандарда  сүмелек,  хәлімдер 

әзірленеді,  ойын-күлкілер  қыза  түседі.  Сонымен  бірге, 

науқастардан,  жәрдемге  мұқтаж  адамдардың  хәл-

жағдайларынан  хабар  алынады.

Асар  –  ата-бабаларымыздан  кейінгі  әулетке  өтіп 

келе  жатқан  әдемі  бір  үрдіс.  Адамдар  асар  жолымен 

биік-биік  ғимараттар,  көпірлер,  медреселер,  мешіттер 

құрған.  Бұл  дәстүр  қазірде  өз  жалғасын  тауып  отыр.

Үлкендерге 

құрмет, 

кішілерге 

ізет 

көрсету 


де  дәстүр  саналады.  Туыс-бауырларды  жоқтау, 

науқастардан  хабар  алу  да  сауап  жұмыстардың  бірі.

Ұлттық  дәстүрлеріміз  арасында  адамды  тұлғалық 

және  рухани  жақтан  шынықтыруға,  халық  арасында 

бірлікті,  ынтымақты  күшейтуге  қызмет  ететін  көкпар, 

күрес  сияқты  көне  ұлттық  ойындар  да  бар.  Бұл  ой

-

ындарда  жеңімпаз  атану  үшін  әділдік,  мәрттік,  ерлік 



және  епшілдік  талап  етіледі.

Дәстүрлер  –  халық  байлығы.  Оларды  ардақтап 

кейінгі  ұрпақтарға  жеткізу  әрқайсысымыздың  мін-

детіміз  болып  саналады.



Асар  –  арап  тілінен  алынған  сөз,  «көпшілік», 

«қоғам»,  «топ»,  «дода»  деген  мағыналарды 

білдіреді.  Көпшілік  болып  бір  жұмысты  орын

-

дау,  ізгілік  пен  мейір-шапағатқа  толы  дәстүр  – 



асар  деп  аталады.

16

Көкпар  (ұлақ)  –  Орта  Азия  халықтарының 

көне  ұлттық  ойындарының  бірі.  Бұл  ойын, 

негізінен,  өнім  жинау  нау қанының  аяқталу 

мерекесінде,  той  мен  сер-уендерге  байланыс-

ты  өткізілген.

АСАР  –  ЕЛГЕ  ЖАРАСАР

(Әлішердің  хикаясы)

Біздің  ауыл  тұрғындары  өте  тату-тәтті  өмір  сүреді. 

Ауылдағылар  жалғыз,  науқас  адамдардан  хабар  алу- 

ды,  қиналғандарға  жәрдем  беруді  өз  борыштары  деп 

біледі.  Егер  де  біреу  үй  тұрғызбақшы  болса  немесе 

той  жасамақшы  болса,  барлығы  кеңесіп,  қолдарынан 

келгенінше  көмек  көрсетеді.

Маған,  әсіресе,  әр  жылы  Тәуелсіздік  және  Нау-

рыз  мерекелерінде  өткізілетін  асарлар  ұнайды.  Бұл 

күні  ерте  оянып,  әкеммен  ауылға  шығамыз.  Ауыл 

тұрғындарымен  бір  жанұя  мүшелеріндей  бірлесіп, 

жұмылып  еңбек  етеміз:  көшелер  мен  арық  іштерін 

тазалаймыз,  түрлі  көшеттер  отырғызамыз,  ағаштарды 

бұтап,  оларды  әктейміз.  Соңыра  ауыл  тұрғындары 

дастарқан  басына  жиналып,  баршасы  алып  келген 

тағамдарын  ортаға  қойып,  көпшілікпен  бөліседі.

Асар  –  өте  көңілді  шаралардың  бірі.  Оған  әркім 

өз  үлестерін  қосқысы  келеді.  Асар  біткен  соң,  көше 

мен  үйлердің  тазалықтарына  әуестеніп,  көңілің  тау

-

дай  көтерiледi.



1. Салт-дәстүр  дегенде  нені  түсінесің?  Ата-

бабаларымыздың 

ардақтаған 

дәстүрлері 

жайлы  айтып  бер. 


17

2. Ұлттық  ойындарымыздың  қайсысы  адамды 

мәрттікке,  адалдыққа,  ерлік  пен  епшілдікке 

тәрбиелеуге  қызмет  етеді?

3. Асар  деген  не?  Сен  де  асарға  қатысқансың 

ба?


4. Атаң  мен  әжең  немесе  әке-шешелеріңмен 

дәстүрлер  туралы  сұқбат  құрыңдар.  Саған 

қай  әдет-ғұрып  немесе  салт-дәстүр  әсер 

етті?  Неліктен?



ӨЗБЕКСТАН  –  МӘДЕНИ  ЖӘНЕ  РУХАНИ 

МҰРАЛАРҒА  БАЙ  ӨЛКЕ

1. Жоғарыдағы  суреттерде  мәдени-рухани  мұра 

ларымыздың  қандай  үлгілері  бейнеленген?

2. Сен  тұратын  аймақта  да  көне  ескерткіштер 

бар  ма?  Олар  туралы  әңгімелеп  бер.

2–Әдеп, 4-сынып



18

Біз  ата-бабаларымыз  қалдырған  мәдени  және  ру

-

хани  жәдігерліктерімізбен  қанша  мақтансақ  та  жара



-

сады.  Олар  жаратқан  туындылар  мен  жаңалықтар  біз 

үшін  мәдени  мұра  болып  саналады.

Адамзат  тарихында  ең  ұлы  емдеуші  ретінде 

танылған  асыл  бабамыз  –  Әбу  Әли  Ибн  Сина.  Бүкіл 

дүниедегі  дәрігерлік  саласының  мамандары  қазіргі 

күнге  дейін  ол  жаратқан  көп  томды  «Тиб  қонунлари» 

кітабына  сүйенеді.

Отандасымыз  Имам  ал-Бұхаридің  аты  бүкіл  ислам 

әлемінде  құрметпен  тілге  алынады.  Ол  ең  сенімді 

хадистерді  жинап,  «Ал-Жоме  ас-сахих»  кітабын 

құрастырған.  Бұл  кітап  ислам  дінінде  «Құраннан» 

кейінгі  маңызды  дереккөз  қызметін  атқарады.

Ал  Әбу  Райхан  Беруни  кітаптарынан  көне 

дәуірлер  мен  сол  дәуір  адамдары  жайлы  құнды  мә-

лі меттерді  оқимыз.

Еуропада  әл-Фраганус  атымен  әйгілі  болған  Ахмад 

әл-Ферғани  ашқан  жаңалықтар  дүниеге  танылған.  Ол 

Мысырдағы  Ніл  өзені  деңгейін  өлшейтін  аспапты  ой

-

лап  тапты.  Бұл  аспап  арқылы  ол  мыңдаған  адамдар



-

ды  су  тасқынынан  сақтап  қалды.

Мырза  Ұлықбек  Самарқанда  обсерватория  сал ғыз-

ды.  Сол  арқылы  жұлдыздар  ғылымын  зерттеді.  Оның 

«Зижи  Курагани»  шығармасында  1018  жұлдыздың 

ғарыштағы  орны  анық  көрсетілген.

Ұлы  бабаларымыздың  аты  мәңгі  өшпейді.  Бел

-

гияда  Ибн  Синаға,  Литвада  Мырза  Ұлықбекке, 



Мәскеу,  Токио  мен  Бакуде  Әлішер  Науаиға,  ал  Мы

-

сыр  астанасы  Каирде  Ахмад  әл-Ферғани  құрметіне 



ескерткіштер  орнатылған.

Еліміз  тарихи  мұраларға  да  бай.  Дүние  жүзі 

халқы  Самарқан,  Бұхара  және  Хиуа  қалаларын 


19

көруді  армандайды.  Түрлі  дәуірлерде  құрылған 

сәулетті  ескерткіштер  тарихымыздың  қаншалықты 

ұлы  екендігінен  дерек  береді.  Сондықтан  да  бабамыз 

Әмір  Темір  өзі  құрғызған  Ақсарай  ұстынына  (пор

-

талына)  «Құдіретімізге  шүбәңіз  болса,  біз  құрғызған 



ғимараттарға  қараңыз»,  –  деп  жаздырған  еді.

Өзбекстан 

Республикасы 

Конституциясының 

49-стать ясында  әрбір  азамат  халықтың  тарихи,  руха

-

ни  және  мәдени  мұрасын  көз  қарашығындай  сақтауы 



айтылған. 

Мұндай 


ескерткіштер 

жалпыхалықтық 

байлық  саналып,  оларды  әдейі  бұзып-жою  қылмыс 

есептеледі.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал