ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен V щ т



жүктеу 3.16 Mb.

бет1/2
Дата22.03.2017
өлшемі3.16 Mb.
түріОқулық
  1   2

004

ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы

Б-  БөрібаевД

Г 

А. 

Мадьяра

■мшммйіММівійаіммввмвніаУЬМмЗВЬшйіішііні



г

Алматы, 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ



Б. БӨРІБАЕВ, Г. А. МАДЬЯРОВА

w e b

-

т е х н о л о г и я л а р

ОҚУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Білім және 

әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен

V  Щ

  Т

Алматы,  2011



КБЖ 32.973-018.1 я73 

Б 79

Пікір берушілер:

Түкеев У.А., әл-Фараби атындагы ҚазҮУ-нің «Ақпараттык жүйелер»

кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор

Сейкетов А.Ж., Халыкаралык ақпараттық 

технологиялар

университетінің  профессоры, т.ғ.д.

Бөрібаев  Б., М адьярова  Г.А.

Б 79 

Web-технологиялар:  Оқулық.  -  Алматы:  ЖШС  РПБК  «Дәуір»,

2011.- 360 бет. 

Щ Ш Ш Щ

  Чч 

ISBN 978-601-217-201-0

Оқулық  қазіргі  кездегі  web-сайттар  кұруға  арналған  кең  колданыстағы 

HTML,  CSS,  JavaScript,  Perl  және  PHP  тілдерін  окып-үйренуге  арналған. 

Оқулықта  программалау  тілдерінен  көптеген  мысалдар  келтіріліп,  оларды 

орындау жолдары  карастырылады. Әрбір тарау бакылау сұрактары  мен тап- 

сырмалармен толықтырылған.  Оқулыкты  студенттермен  қатар  осы  тілдерді 

өздігінен үйренушілер де пайдалана алады.

ӘОЖ 004.7(075.8) 

КБЖ 32.973-018.1 я 73

ISBN 978-601-217-20

С.Торайғыров

атындағы  ПМУ-дІң

академик  С.Бейсөмб^

атындағы  ғылымц  _ . 

_  

_

О Ь.Мэрюаев, Г.А. Мадьярова, 2011

К І Т А П Х А Н  АГ^ҒИЖоғары оку орындарының

імдастығы, 2011


КІРІСПЕ

Қазірп  кезде  Интернет  желісінің  кең  өріс  алуына  байланыс-

ты  web-сайттар  жасау  жұмыстары  өзекті  іске  айналды.  Әрбір

мекеме  немесе  жеке  тұлға  өзі  не  бизнесі  жайлы  жарнамалық

мэліметтерді  жылдам  құрастыратын,  өзгертетін  деңгейде  болуы

тиіс.  Бұл  оқулықтың  мақсаты —

 студенттерді  қарапайым  сайттар

жасауға үйрету болып табылады. Мұнда  HTML, CSS, JavaScript,

Perl  және  Php  тщдерін  пайдаланудың  негізгі  технологиялары 

қарастырылған.

Бірінші  тарауда  web-технологиялардың  қолдану  орталары 

мен негіздері қарастырылады.

Екінші  тарауда  web-қосымшаларын  құру  технологиялары 

сипатталып,  HTML  гипермэтінді  белгілеу  тілінің  мүмкіндіктері 

келтірілген  жэне  оның  web-парақтар  жасай  алатын  басқа  тіл- 

дермен байланысу жолдары жайлы айтылады.

Үшінші  тарау  стильдердің  сатылы  кестелерін  (Cascade  Style 

Sheets)  қолдану  мәселелерін  қамтыған,  онда  CSS  сипаттамала- 

рының  синтаксисі,  стильдерді  құжат  ішінде  немесе  сыртында 

беру,  CSS  атрибуттарының  жиі  қолданылатын  мысалдары,  эле- 

менттерді позициялау тэсілдері келтірілген.

Төртінші  тарау  динамикалық  web-парақтар  жасай  алатын 

JavaScript  программалау  тіліне  арналып,  World  Wide  Web  орта- 

сында  осы  тілді  пайдалану  жолдарынан  мысалдар  келтіріліп, 

программалық кодтар берілген.

Бесінші  тарауда желілердегі  сервер  жағынан  эр  түрлі  іс-әре- 

кетгер  атқара алатын  Perl тілінің мүмкіндіктері жэне РНР тіліне 

қысқаша  мағлұматтар  берілген.  Кітап  көлемінің  шектеулілігіне 

байланысты тіл операторлары толық қарастырылмаған.

Барлық  материалдар  практикалық  есептер  мен  мысалдар 

арқылы  түсіндіріледі.  Көптеген  мысалдарды  тікелей  Интернет 

Explorer  программасы  арқылы  орындап  тексеруге  болады.  Бұл 

оқулық web-сайттар жасауға арналған мемлекеттік тілде шыққан 

алғашқы  кітаптардың  бірі  болғандықтан,  пікірлеріңіз  бен  ұсы- 

ныстарыңызды  редакцияға  хабарлауларыңызды  сұраймыз  жэне

олар  болашақтағы  оқулықтардың  сапасын  жаксартады  деген 

үміттеміз. 

-

3



1 WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

қ о л д а н у

 

о р т а л а р ы



1.1 Ж елілік технологиялар негіздері

Web


жұмыс

концепциясы.  Компьютерлік  желілер  Web  технологиялардың

техникалық

алма


Компьютерлік  желі  дегеніміз  -   бір-бірімен  мәлімет 

са  алатын,  кем  дегенде  екі  компьютердің  байланыс  жасауына 

арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша  айтқанда,  желі  деп  дербес  компьютерлердің,  диск, 

принтер,  модем,  факсимильдік  аппарат  тэрізді  есептеу  құрыл- 

ғыларының  бір-бірімен  байланысқан  жиынын  айтады.  Компью- 

терлік  желі  эрбір  қызметкерге  басқалармен  мэлімет  алмасып 

құрылғыларды  ортақ  пайдалануға,  қашықта  орналасқан  қуатты 

компьютерлердегі  мәліметтер  базасымен  қатынас  құруға  және 

тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі  құрамына  кіретін  компьютерлер  мынадай  жұмыстар 

атқарады: 

’ 

'  '!,г 




 

желімен қатынас құрып байланысуцы ұйымдастыру;



• 

олардың арасында мэлімет алмасуды басқару;

• 

желі  тұтынушыларына  есептеу  құрылғыларын  пайдалануға 



беріп, оларға эртүрлі қызмет көрсеіу.

Бірнеше  компьютерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз ету 

үшін оларды өзара байланыстыру керек. Ол үшін компьютерлердің 

арасында өзара ақпараттық байланыс ұйымдастыру қажеттігі ту- 

ындайды.

Әр түрлі компьютерлердің арасында өзара ақпараттық байла­

ныс ұйымдастыру келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-  ақпараттарды өте үлкен қашықтықтарға тасымалдау (жүздеген, 

мындаған километрге);

-  өте  бағалы,  құнды  ақпараттық,  программалық  жэне  аппарат- 

тык  ресурстарды  бірнеше  компьютерлердің  ортақ  пайдалануы. 

Бұл  ресурстар  -   қуаттылығы  мол,  сиымдылығы  талаптарға  сай

4


жинақтауыш,  жоғары  өнімді  баспа  құралдары,  мәліметтер  база- 

сы, программалық  жабдықтамалар жэне т.б. болуы мүмкін;

-  мәлімет  жинақтауыштармен  жұмыс  істегенде  компьютерлер 

арасында өзара жылдам ақпарат алмасу;

-  ауқымды  жобалар  жасап,  бірігіп  жұмыс  істегенде,  пайдалану-

шыларға  мәліметтердің  соңғы  көшірмесін  кез  келген  уақытта 

алып отыру.

Компьютерлер арасындағы байланысты үйымдастырудың үш

негізгі тәсілі бар:

1.  қатар  орналасқан  екі  компьютерді  арнайы  кабель  көмегімен 

олардың коммуникациялық порттары арқылы біріктіру;

2.  модем  арқылы  сым  немесе  спутниктік  байланыс  торабы  кө- 

мегімен бір компьютерден екіншісіне мэліметтер беру;

3.  компьютерлерді компьютерлік желіге біріктіру.

Көп  жағдайларда  екі  компьютер  арасында  байланыс  ұйым-

дастырғанда  бір  компьютерге  ресурстарды  жеткізуші  (програм-

малар, мәліметтер жэне т.б.) рөлі, ал екіншісіне осы ресурстарды

қолданушы рөлі бекітіледі. Мұндай жағдайда бірінші компьютер



сервер

,  ал  екіншісі  -  



клиент

  немесе 



жүмыс  станциясы

  деп 


аталады.

Сервер  — сыртқы  жады  көлемі  өте  үлкен,  жұмыс  өнімділігі 

жоғары  компьютер.  Ол  бірігіп  пайдаланылатын  бағасы  қымбат

ресурстарды  басқару  арқылы  басқа  компьютерлерге  қызмет 

көрсетуді қамтамасыз етеді.

Клиент -  сервер қызметін  пайдалана алатын  кез келген  ком­

пьютер.

Кейбір  жағдайларда  бір  компьютер  эрі  сервер,  эрі  клиент  те 



бола алады. Ол компьютер оз ресурстарын жэне сақталып отырған 

мәліметтерін  баска  компьютерлерге  береді  жэне  сонымен  қатар 

солардың ресурстары мен мәліметтерін пайдалана алады.

Клиент деп пайдаланушы атынан  сервер қызметін  пайдалана 

алатын, қолданбалы программаларды да айтуға болады.

Барлық желілер бір-біріне ұксас болғанымен, олар екі түрге:

• 

құқыктары  бірдей  қарапайым  компьютерлерден  тұратын



оіррангші желіге;

• 

ерекшеленген сервер негізіндегі желіге бөлінеді.



5

Мүмкіндіктері  эр  түрлі  болатындықтан,  біррангілі  желілер 

мен ерекшеленген сервері бар желілер арасында бірсыпыра айыр-

машылықтар  бар.

Біррангілі желілер

Біррангілі желіде барлық компьютерлердің құқығы бірдей бо- 

лады, яғни компьютерлер арасында иерархия жэне ерекшеленген 

сервер  жоқ.  Әдетте  әрбір  компьютер  сервердің  де,  клиенттің  де 

рөлін  атқара береді;  басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап- 

ты жеке компьютер болмайды. Пайдаланушы өз компьютеріндегі 

ортақ пайдалануға болатын мәліметті өзі шешеді.

Әрбір  компьютер  бір  мезгілде  сервердің  де,  клиенттің  де 

рөлін  атқара алатын  болғандықтан,  қуатты  серверді  немесе  күр- 

делі желілер кұруға керекті  құрылгыларды арнайы орнатуцың қа- 

жеттілігі жоқ. Сондықтан сервер негізіндегі желілерге қарағанда

біррангілі желілердің бағасы да арзан болады.

Сонымен қатар біррангілі желілерде программалық қауіпсіздік 

пен олардың жұмыс өнімділігіне қойылатын талаптар ерекшелен­

ген  сервері  бар  желілерге  қарағанда төмендеу болады.  Ерекше­

ленген сервері  бар желілерде серверлер тек өз қызметін атқарады 

да, клиент немесе жұмыс станциясы рөлін атқара алмайды.

Microsoft  Windows  NT  Workstation,  Microsoft  Windows  for 

Workgroups  жэне Microsoft Windows  сияқты  операциялық жүйе- 

лерде көбінесе біррангілі желілер қолданылады. Сондықтан мұн- 

дай  компьютерлерде  біррангілі  желіні  ұйымдастыру  үшін  қо- 

сымша программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Ерекшеленген сервері бар желілер

Біррангілі  желіге  біріктірілетін  компьютерлер  саны  10-нан 

артық болса,  онда ол көптеген мэселелерді шеше алмайды.  Сон- 

дықтан  мұндай  желілер  өзгертіліп,  олар  ерекшеленген  сервер 

негізінде  жұмыс  істейді. 



Ерекшеленген  сервер

  деп  тек  басқару 

рөлін  атқаратын,  ал  клиент  немесе  жұмыс  станциясы  ретінде 

пайдаланылмайтын  серверді  айтады.  Сервер  желілік  клиентгер- 

ден  түсетін  сұранысты  жедел  өңдеу  жэне  файлдар  мен  каталог- 

тарды қоргау ісін арттыруга арналган. Сервер негізінде жасалған

желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады.

6


Желілер  көлсмі  мен  жслілік  трафик  (мәлімст  тасымалдау)

мөлшері  ұлғайғанда,  серверлер  сандарын  да  көбейткен  дұрыс.

Пайдаланушылардың  қазіргі  заманғы  талаптарына  сай  келу

үшін үлкен желілерді  мамандандырылған, яғни бір бағытта ғана 

қолдануға лайықталған етіп жасайды.

Желілердіц жіктелуі



1 .1 -к е с т е .  Компьютерлік желілердің жіктелуі

Желінің түрлері

Жіктеу белгілері

географиялық қамтылу аймағына

қараи

өндірістік бөлімдер көлеміне (мас- 

штабына) байланысты

топологиясына -  бір-бірімен 

байланысу схемасына немесе 

құрылымына қарай

басқарылуына байланысты

жергілікті;

ауқымды;

аимақтық.

бөлімдер желісі; 

кампустар желісі; 

корпоративтік желілер

шиналық топология; 

сақина топологиясы; 

жұлдыз топологиясы; 

бұтақ тәрізді топология; 

толық байланысты топология; 

аралас топология

бір орталықтан басқарылатын

желі;

бір деңгейлі  компьютерлер 

желісі  (бір рангылы).

Жергілікті  (локальный  -   Local  Area  Network,  LAN)  -   бір

мекеменің  ғимараты  көлеміндегі  немесе  жақын  тұрған  ғима-

раттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге

10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашыктықтары 

10 км-ға дейін).

Ауқымды,  ғалам ды қ  (глобальные  -   Wide  Area  Network,

WAN) I  бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді 

қамтитын ашық желі түрі.

Аймақтық,  интранет  (региональный  -   Metropolitan  Area 

Network MAN) -  бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес ме- 

кемелер компьютерлерін біріктіреді.  Бұлар бір мекемеге, ұйымға 

немесе  министрлікке  кіретін  жабық  желілер,  мысалы,  қорғаныс 

министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

7


Бөлімдердің  желісі  жеке  бір  бөлімнің  компьютерлерін  бі- 

ріктіре  алады.  Компьютер  сандары  жұмыс  топтарына  қарағанда

Желін

серверге беріле алады. 



В 

|  


В  Н

9  

и*шу


Кампустер желісі бірнеше шағын желілерді бір үлкен желіге

біріктіреді.  Мүндай  желілерде  аппараттық  және  программалық 

жабдықтамаларды,  эр  түрлі  технологияларды  интеграциялау 

мәселелерін  шешу  керек.  Желінің  едәуір  бөлігі  жұмыс  топтары 

мен бөлімдер желілерінің айналасында топтастырылады.  Кампу­

стер  желісі  жекелеген  желілердің  байланысын,  қымбатқа  түсе- 

тін  желілік  ресурстарды  тиімді  пайдалану  мәселелерін  шешеді. 

Біріктіру  барысында  бүкіләлемдік  желінің  байланыстыру  мүм-

кіндіктері қолданылмайды.

Корпоративтік желілерді ірі мекемелер, банктер мен олардың 

филиалдары,  сақтандыру  мекемелері  т.с.с.  кұрады.  Бұл  желілер 

пайдаланушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді.

Желілер  көбінесе  байланыстыру  схемасы  бойынша  жіктеле- 

ді.  Осы  тұргыдан  алғанда  төмендегі  желі  түрлері  жиі  қарасты 

рылады.

Ш иналық  топология  -   ең  арзан  түрі,  бірақ  бір  байланыс 



арнасы  істен  шықса,  желі  жұмысы  бұзылады.  Оның  үстіне,  бір 

мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет ал- 

масуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

Сақина  тәрізді  топология  да  қарапайым  желі  түрі,  мұнда 

ақпарат бір багытта ғана айналыста болады жэне эрбір компьютер 

мәліметті  қабылдап алып  ары  қарай жөнелтіп  отырады.  Желінің 

компьютерлер  арасындағы  бір  байланыс  арнасы  істен  шықса,

желі жұмыс істеи алмаи қалады.

Жүлдыз  топологиясы  бойынша  орталық  түйінді  кейде 

мультиплексор,  көп  портты  қайталауыш  немесе  шоғырлауыш 

деп  атайды.  Оған  жұмыс  станцияларының  арасында  байланыс 

жасау  міндеті  жүктелген.  Бұзылған  түйінді  желінің  құрамынан 

шығарып тастау мүмкіндігі осы құрылымның ыңғайлы жағы бо- 

лып  табылады.  Бірақ,  егер  орталық түйін  бұзылса,  онда  барлык

желі жұмыс істеи алмаиды.

Бұтақ  тәрізді  топология  -   жоғарыда  аталып  өткен  негізгі 

үш топологияның біріктірілуі негізінде құрылады. Компьютерлік 

желі  бұтағының  түбірі  ақпараттардың  коммуникациялық  арна-

8


Шиналық топология;

Сақина топологиясы;

Жүлдыз топологиясы,*

Бүтақ  тәрізді  топология/

Ш

Г*31



г

■ діавиц


г

w i g

Толық байланыспгы

топология; 

Аралас топология

1.1-сурет.

  Желіллердің топологияға байланысты жіктелуі

лары  (ағаш  бұтақтары)  тоғысатын  нүктеде  (тамыры)  орналаса- 

ды.  Бұл  кұрылым  шина,  сақина  немесе  жұлдыз  сияқты  негізгі 

топологиялардың бірін тікелей қолдану мүмкіндігі жоқ жерлерде 

пайдаланылады.

Толық  байланысты  топология  -   ең  қымбаты,  бірақ  ең 

сенімді  жұмыс  істейтін  топология,  оның  бір  байланыс  арнасы 

істен  шыққанмен,  мәлімет  басқа  арналық  жолдармен  жеткізіле 

береді.

Аралас  топология  —  компьютерлердің  арасында  жеке  өз 



алдына  (туынды)  байланыстар  орнатылған  ірі  желілерде  қол-

9


данылатын топология  болып табылады.  Бұл топология бойынша

жеке  өз  алдына  негізп  топологиялардың  оірі  арқылы  оаиланыс- 

қан  компьютерлерді 

(ішкі желілер)

  бір үлкен  желіге  біріктіреді. 

Сол себепті де бұл топология аралас деп аталады.

Бір орталы қтан басқарылатын желі,  мұнда бір компьютер- 

сервер желі жұмысын басқарады. Жергілікті желілер көбінесе бір 

сервер арқылы басқарылады. 

I

Бір  деңгейлі  компьютерлер  желісі  (біррангылы)  -   мұнда 



желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып сана- 

лады. Басқаша айтсақ, кез келген компьютер мәлімет алмасу үшін 

бір-бірімен  сәйкес  келетін  программалармен  жабдықталған.  Олар- 

дың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

Алдагы  тарауларда  кездесетін  біркатар  ұғымдарга  анықтама 

бере  кетейік.



Желі  сервері

  -   бұл  желіге  қосылған  және  желіні  қолдану- 

шыларға  белгілі  бір  қызмет  жасайтын,  мысалы  ортақ  қолда- 

нылатын  мәліметтерді  сақтау,  баспаға  беру,  мәліметтер  база- 

сын  басқару  жүйесіне  (МББЖ)  деген  сұранысты  өңдеу,  т.б. 

жұмыстарды атқаратын компьютер.



Файлдық  сервер

  -   желіні  қолданушылардың  мэліметтерін 

сақтайтын және осы мәліметтермен олардың жұмыс істеуіне мүм- 

кіндік  беретін  компьютер.  Осыган  орай  бұл  компьютерде  үжен 

дискілік  кеңістік  болады.  Файлдық  сервер  пайдаланушылардың 

мәліметтерді  бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді. Сонымен 

қатар ол келесі қызметтерді де атқарады:

• 

мәліметтерді сақтау;



• 

мэліметтерді архивтеу;

• 

эр  түрлі  пайдаланушылар  жұмыс  істейтін  мэліметтерді  өз- 



герту; 

Ш

• 



мэліметтерді тасымалдау.

Мәліметтер  базасы  (деректер  қоры)  сервері —

  мәліметтер

базасы  фаилдарын  басқаратын,  өндейтін  және  сақтау  функция-

ларын орындайтын  компьютер.  Мәліметтер базасы  (МБ) сервері 

келесі функцияларды орындайды:

мэліметтер  базасының  тұтастығын,  тольщтьп'ын,  өзектілігін 

қорғай отырьт сақтау;

10


• 

МБ  сұраныстарын  қабылдау  жэне  өңцеу,  сондай-ақ  нәти- 

желерді жұмыс орнына өңцеуге жіберу;

• 

МБ  қолданудағы  автоматтандырылған  мүмкіндіктерді  қамта- 



масыз  ету,  пайдаланушылар  есебін  және  енгізу  жүйелерін 

қолдау, олардың мүмкіндіктерін шектеу;

•  басқа  жерлерде  орналасқан,  таратылып  берілген  МБ-ны 

қолдау, МБ-лардың басқа серверлерімен байланыстыру. 



Қолданбалы  программалар  сервері

  —  пайдаланушылардың

қолданбалы программаларын орындауға арналған  компьютер.

Коммуникацияльщ  сервер -

 енгізу-шығарудың  кезекті  порт- 

тарына,  жергілікті  желінің  қолданушыларына  қолайлы  мүмкін- 

дік  беретін  құрылғы  немесе  компьютер.  Коммуникациялық 

сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап,  бөл- 

шектенген  модем  жасауға  болады.  Коммуникациялық  серверге 

қосылған  қолданушы  бұл  модеммен  тіпті  модем  жұмыс  орнына 

жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.



Мүмкіндік сервері-

шалғайдағы тапсырмаларды өңдей алатын 

ерекшеленген  компьютер.  Шалғайдағы  жұмыс  орнындағы  про­

граммалар  осы  серверде орындалады.  Шалғайдағы  жұмыс  орны 

пернетақтадан  қолданушы  енгізген  командаларды  қабылдайды, 

ал орындалған тапсырма нәтижесі қайтарылады.



Факс-сервер

  -   жергілікті  желіні  пайдаланушыларды  қара- 

пайым  жэне  факсимильді  мәліметтермен  қамтамасыз  етуді  іске 

асыратын құрылғы немесе компьютер.



Мәліметтердің  қосымша  көшірме  сервері

  -   жұмыс  стан- 

цияларында жэне файлдық серверлер орналасқан мәліметтер кө- 

шірмесін кайта қалпына келтіруді, сақтауды жэне құруды жүзеге 

асыратын  құрылғы  немесе  компьютер.  Мұндай  сервер  ретінде 

файлдық  серверлердің  бірі  қолданылуы  мүмкін.  Аталған  сер- 

верлердің  бэрі  де  бір  ғана  ерекшеленген  компьютерде  жұмыс 

атқара алатынын айта кету керек.

Желінің коммуникациялық кұрылғыларына мыналар жатады:

• 

қайталауыштар;



• 

коммутаторлар (көпірлер);

• 

бағыттауыштар (машрутизаторлар);



• 

шлюздер.


11

Желінің  жұмыс  сенімділігі,  алдымен,  мэлімет  алмасу  ор- 

тасының  физикалық  сипаттамаларымен  анықталады  (коаксиал- 

ды  кабель,  есулі  кос  сым  (витая  пара)  т.б.).  Мәліметтер  алмасу 

кезінде  компьютерлер  арақашықтығын  шектейтін  сигналдардың 

бэсеңдеуі  кез  келген  желілік  ортада  болып  тұрады.  Мұндай 

шектеулерді  болдырмай  желі  жұмысын  кеңейту  үшін  арнайы 

құрылғылар -  қайталауыштар,  көпірлер жэне  коммутаторлар ор- 

натылады. Кеңейту құрылғылары енгізілмейтін желі бөлігін 



желі 

сегменті

 деп атау қалыптасқан.



Қайталауыш  (повторитель)

 -  келген сигналды  күшейтетін 

немесе  регенарациялайтын  құрылғы.  Қайталауыш  пакетті  бір 

сегменттен  қабылдап,  оны  қалғандарына  береді.  Мұнда  қай- 

талауыш  өзіне  жалғанған  сегменттерді  ажыратпайды.  Жұмыс 

кезінде  қайталауыштар  арқылы  байланысқан  сегменттерде  тек 

екі станцияның арасындағы мәлімет алмасу қамтамасыз етіледі.

Коммутатор  немесе  көпір

  -   бұл  да  кайталауыш  сияқты 

бірнеше  сегментті  біріктіретін  құрылғы.  Мұның  қайталауыштан

аиырмашылығы  өзіне  жалғанған  сегменттерді  ажыратады  жэне 

келесі коммутаторлардың мәлімет  алмасуын қамтамасыз етеді.

Маршрутизатор

  -  мәлімет алмасудың бір хаттамасы бойын- 

ша  эр  түрлі  типтегі  желілерді  біріктіруші  құрылғы.  Маршрути­

затор тапсырылған адресті тексеріп, мэліметті сонда көрсетілген 

маршрут бойьшша бағыттайды.

Шлюз

  -   мәлімет  алмасуцың  эр  түрлі  хаттамаларын  қол- 

данатын, эр түрлі желі объектілері арасьшдағы мэлімет алмасуды 

ұйымдастыратын құрылғы.



Бақылау сүрақтары:


  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал