Оқулық. Алматы: «Нур-пресс», 2005. 90 с



жүктеу 1.02 Mb.

бет1/9
Дата29.01.2017
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 

 

А л м а с   Ж Ұ М А Ғ А Л И  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К Р И М И Н О Л О Г И Я 



 

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ 

 

 

 

 

ДӘРІСТЕР 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 

 

2004 

 

ББК 67.51я7 

Ж 81 

 

 

 

Пікір жазғандар:  

 

Заң ғылымдарының кандидаты  – НұрланДулатбеков. 

Заң ғылымдарының кандидаты – Дина Бұғыбайқызы. 

 

 

 

 

 

 

Жұмағали А. 

Ж 81  Криминология. Оқулық. – Алматы: «Нур-пресс», 2005. – 90 с. 

 

 

ISBN 9965-620-51-2 

 

”Криминология”  оқулығы  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттк  тiлде  тұңғыш  рет 



оқырман  қолына  тиiп  отыр.  Бұл  оқулық  жоғарғы  заң  оқу  орындарына  арналған 

криминология  курсының  жалпы  бљлiмiн  қамтиды.  Құрылымы  типтiк  оқу  бағдарламасына 

сѕйкес.  Оқу  құралы  жоғарғы    оқу  орындарының  студенттерiне,  оқытушыларына  жѕне 

қылмыстылық мѕселесiмен шұғылданғысы келетiн жалпы оқырман қауымға арналған. 

 

 

 



ББК 67.51я7 

 

 

 

 

 

 

 



 

                                                                    

  ©  Жұмағали А., 2005. 

ISBN 9965-620-51-2         

                                                      © Нур-пресс, 2005. 



 

 

3



М А З М Ұ Н Ы

 

 

Сөз басы 

 

1-тақырып: Криминологияның пəні, түсінігі жəне жүйесі 

1. Криминологияның пəні 

2. Криминологияның түсінігі 

3. Криминологияның жүйесі 

4. Криминологияның міндеттері 

5. Криминологияның өзге ғылым салаларымен арақатынасы 

6. Криминологияның қысқаша тарихы 

 

2-тақырып: Қылмыстылық 

 

1.  Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері 

2.  Қылмыстылықтың көрсеткіштері 

3. Латенттік қылмыстылық 



 

3-тақырып. Детерминация жəне қылмыстылықтың себептері 

 

1.  Себептілік туралы философиялық ұғым 

2.  Қылмыстылықтың себептері туралы негізгі теориялар 

3.  Қылмыстылықтың себептерін топтастыру 



 

4-тақырып: Қылмыскердің тұлғасы 

 

1.  Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы 

2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы 

 

5-тақырып: Криминологиядағы виктимология 

 

1. Виктимологияның түсінігі 

2. Виктимологияның пəні 

3. Виктимділіктің түсінігі мен түрлері 

4. Жəбірленушілерді топтау 

5. Виктимизация 



 

6-тақырып: Қылмыстық мінез-құлық механизмі 

 

1.  Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы 

2.  Сыртқы орта жəне тұлғаның қалыптасуы 

3.  Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизміндегі  

Орны 

 

 

 


 

 

4



7-тақырып: Қылмыстылықтың алдын алу 

 

1.  Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары 

2.  Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі 

3.  Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері 

4.  Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері 

 

8-тақырып: Криминологиялық болжау 



 

1. Криминологиялық болжаудың түсінігі 

2. Болжаудың түрлері 

 

9-тақырып: Криминологиялық зерттеу əдістері 

 

1.  Криминологиядағы жалпы ғылымдық əдістер 

2.  Криминологиядағы нақты социологиялық əдістер 

3.  Криминологиядағы нақты статистикалық əдістер 

 

10-тақырып. Криминологияның ерекше бөліміндегі қылмыстылық 

түрлерінің бөліну критерийлері 

 

Сөз соңы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

5



Осы еңбегімді ғылымның бәйгесіне қосқан

 

рухани әкем бүгінгі күні жасы 

 

жетпіске жеткен ұстазым 

 

проф. Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановқа,

 

сондай-ақ осы күнді көре алмаған 

 

жетелеп жүріп өсірген 

 

әжем  Сара Сейдалықызының және  

 

көкем Қабдымәжит Жұмағалиұлының рухтарына

 

арнаймын

 

 

 

СӨЗ БАСЫ

 

 

ХХ ғасыр соңында қылмыстылық құбылысы өзінің өркениетке қарсы 

тұра  алатын  пәрменін  танытып,  әлемдік  өркениетті  жекпе-жекке 

шақырды.  Қылмыстылық  жеке  мемлекеттің  аумағынан  шығып, 

трансұлттық  сипатқа  ие  бола  бастады.  Қылмыскер  үйінде  отырып-ақ 

теңіздің  арғы  жағындағы  банк  жүйесіне  кіріп  қылмыс  жасай  беретін 

немесе  порноөнімдер  мен  есірткі  заттарын  жарнамалай  беретін  күйге 

жетті.  Адамзаттың  қол  жеткен  техникалық  құралдары  өмір  сүруді 

қаншалықты  жеңілдетсе,  қылмыс  жасауды  да  соншалықты  жеңілдетті. 

Осындай  ғаламдық  деңгейдегі  келеңсіз  құбылыспен  күресу  әлбетте  бір 

ғана құқық саласының, тіпті, барлық құқық салалары біріксе де қолынан 

келмесі анық. Ол үшін қоғамның барлық саласын қамти алатын кешенді 

шаралар  керек-ақ.  Осы  шараларды  бір  тізеге  қосып,  үйлестіріп  жол 

бастап  отыра  алатын  ғылым  саласы  бір  болса  криминология  бола 

алатыны  хақ.  Тіпті, 2002 жылғы  ТМД  мемлекеттері  криминологтарының 

Санкт-Петебургтегі  конференциясында ''Криминологияны  қылмыстық-

құқықтық  циклдағы  пәндердің  методологиясы  деп  тану  керек''  деген 

тезис жарияланды.



 

Қазақстан  Республикасының  криминологтарының  есімі  ТМД 

көлемінен  шығып,  шет  елдерге  де  таныла  бастады.  Қордаланған 

криминологиялық білімдеріміз еш бір мемлекеттің білім қоржынынан кем 

түспейді.  Сөйте  тұра,  Қазақстандық  криминология  оқулығын  жазу  тек 

1995 жылдың еншісіне бұйырыпты (авторы - проф. Е.І.Қайыржанов). Осы 

оқулықтың  екінші  басылуын  қоса  алғанда  (Алматы, 2000) екінші 

криминология оқулығы 2003 жылы жарық көрді (авторы - С.Х.Жадбаев). 

Бірақ 

жоғарыдағы 



оқулықтардың 

барлығы 


да 

орыс 


тілінде. 

Криминологияның  күрделі  сала  екендігі  өз  алдына,  кейбір  теминдердің 

толық  орнықпауына  байланысты  қазақ  тілді  студенттерге  бұл  жағдай 

қолайсыздық  тудырып  отыр.  Сол  себептен  осы  ақтаңдақтың  орнын 

толтыруға  ұмтылыс  есебінде  алғашқы  мемлекеттік  тілдегі  дәрістеріміз 

жарық  көріп  отыр.  Және  қол  бастаудан  да,  жол  бастаудан  да  тауып 

айтсаң  мереке  қылып,  қауып  айтсаң  келеке  қылатын  сөз  бастаудың 

қиындығын ескергендеріңіз жөн. Мереке қылатын да, келеке қылатын да 

өздеріңіз, қадірлі оқырман!!!  Олай болса, іске сәт!!!

 


 

 

6



 

1-тақырып: Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі 

 

1. Криминологияның пәні; 2. Криминологияның түсінігі;  

3. Криминологияның жүйесі; 4. Криминологияның міндеттері;  

5. Криминологияның өзге ғылым салаларымен арақатынасы;  

6. Криминологияның қысқаша тарихы

 

 

1.  Криминологияның  пәні.  Криминология - салааралық  ғылым. 

Сол  себепті  оның  анықтамасын  бір  сөйлеммен  айтып  шыққанда 

түсініксіз  болып  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  да  криминолгияның  қандай 

ғылым  саласын  екендігін  білу  үшін  ол  туралы  жалпы  картинаны 

қалыптастыру керек, ол үшін, әрине, оның нені зерттейтіндігін, яғни пәнін 

анықтау ләзім. 



 

Жалпы,  криминолгия  сөзі  екі  бөліктен  тұрады,  яғни  латынша 

''crіmen-қылмыс’’  және  грекше ‘’logos-ілім’’.  Демек,  қылмыс  туралы  ілім 

болып  шығады,  бірақ  та  оның  атауы  аталған  ғылымның  немен 

айналысатындығын  әлі  де  толық  ашпайды.  Себебі,  қазіргі  күні  қылмыс 

мәселесімен  айналысатын  ғылымдар  саны  бірқатар.  Оның  ішінде 

қылмыстық  құқықтың  да,  қылмысты  іс  жүргізу  құқығының  де, 

қылмыстық-атқару  құқығының  да  ғылымдары,  сол  сияқты  құқықтық 

психология,  социология  (құқық  социологиясы,  қылмыс  социологиясы 

және 


қылмыстық 

құқық 


социологиясы), 

философия 

(құқық 

философиясы мен қылмыс философиясы), статистика ғылымдары, тағы 



да басқа бірқыдыру ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да 

қылмыс  мәселелерімен  айналысқанмен  әрқайсысы  әр  қырынан  келеді. 

Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады.

 

Демек,  криминологияның  ең  алғашқы  айналысатын  мәселесі - 

қылмыс  сияқты  боп  көрінеді,  бірақ  бұл  әлі  де  нақты  емес. 

Криминологияның  ең  басты  мәселесі,  жүрегі  -  қылмыстылық.  Жұрт 

қылмыстылық  пен  қылмысты  бір-ақ  нәрсе  деп  ойлауы  әбден  ықтимал. 

Тіпті,  қылмыстылықтың  жасалған  қылмыстардың  жиынтығы  деп  те 

түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылық - қылмыстардың 

жиынтығы,  бірақ  ішкі  жағы  мүлде  олай  емес.  Себебі,  қылмыс  адам 

әрекетінің  бір  түрі  ғана,  ал  қылмыстылық - құбылыс.  Қылмыстылық 

қылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие 

болған.  Бұл  жерде  диалектиканың  санннан  сапаға  өту  заңын  еске 

түсірген  жөн.  Екі  қылмыс  қылмыстылық  емес,  он  қылмыс  та,  тіпті,  жүз 

қылмыс  та  қылмыстылық  сапасына  ие  емес,  ол  үшін  міндетті  түрде 

масса  керек,  яғни  жаппай  болуға  тиісті.  Мысалға,  ешкім  де  сиырды  бар 

болғаны  он  сегіз  триллион  клетканың  жиынтығы  деп  айта  алмайды.  Иә 

ол сырттай қарағанда он сегіз триллион клетканың

*

 жиынтығы, бірақ сіз 



әр  жерден  дәл  сондай  он  сегіз  триллион  сиыр  клетекасын  жинағанмен, 

бәрібір ол сиыр болмайды (әрі кетсе ‘’соғым’’ болуы мүмкін). Яғни, жеке 

клеткада  жоқ  қасиеттер  сиырда,  яғни  организмде  бар.  Клетка  өзі  сиыр 

сияқты  бұзауын  іздемейді,  шөп  жемейді  т.б.  дегендей.  Дәл  осындай 



 

 

7



ойды  тамшы  мен  теңіз  туралы  да  айтуға  болады.  Жоғарыдағы  сияқты 

бір-екі  немесе  жүз  тамшы  әлі  теңіз  емес,  басқаша  айтқанда  әлі  де 

теңіздік  қасиеттерге  ие  емес  (флора  мен  фаунаның,  кеменің  жүруі, 

шулау,  толқын  тудыру).  Яғни  қылмыстық  құқық,  қылмыстық  іс  жүргізу 

және  қылмыстық  атқару  құқықтарының  ғылымдары  қылмысты  әр  түрлі 

қырынан  келіп  қарастыруға  тырысса,  криминология  ол  мәселелерді 

емес,  қылмыстылық  атты  құбылысты  зерттейді.  Бұл  криминология 

пәнінің алғашқы компоненті.



 

Криминологияға  қылмыстылықты  зерттеп  қоя  салу  мақсұт  емес. 

Әрбір зерттеудің түбінде қоғамға келетін пайда болу керек. Оның екінші 

айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Осы себептерді 

анықтау  нәтижесінде  ғана  тиімді  нәтижелерге  қол  жеткізуге  болады. 

Жоғарыда аталып өткен ғылымдардың ешқайсысы да қылмыстылықтың 

себептеріне  қол  салмайды,  тек  әр  қырынан  тиіп-қашып  жанап  өтеді. 

Мысалға,  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығында  қылмыс  құрамының 

белгілерін анықтау үшін жеке сол қылмыстың себептері дәлелдеу пәніне 

кіреді және олардың алдын алу үшін сот жеке қаулы да шығара алады. 

Ал  кең  көлемде,  құлашты  кеңге  сілтей  отырып,  жан-жақты  әр  түрлі 

көзқарастырды  жинақтай  отырып,  қылмыстылықтың  себептерінің 

жүйесін  қалыптастыру  криминологияның  еншісінде.  Осы  сияқты, 

криминология  жалпы  қылмыстылықтың  себептерін  ғана  емес,  сонымен 

қоса,  жеке  қылмыстардың  себептерін  де  зерттейді.  Ал  жеке  қылмыс 

пен 


қылмыстылықтың 

айырмашылығын 

жоғарыда 

сөз 


еттік. 

Криминология  мәселелерінен  қалам  тартқан  авторлар  осы  екі 

компонентті  екі  бөліп  қарастыруды  жөн  көреді.  Демек,  криминолгия 

пәнінің  үшінші  құрамдас  бөлігі  -  жеке  қылмыстардың  себептері  мен 



жағдайлары.

 

Бірақ  бұл  да  қылмыстылық  атты  жағымсыз  құбылыстың  пайда 

болатын  қайнар  көзін  толық  ашпайды.  Себеп  өзі  секіріп  қылмыс 

жасамайды  және  мынау  қылмыстылықтың  себебі  деп  маңдайына 

басылған  фактор  болмайды,  ол  жәй  қарапайым  өмірде  орын  алып 

жүрген  мән-жайлар,  оларды  қылмыстылық  себебіне  айналдыратын 

адамдардың  өздері.  Олар  осы  жағдайларды  өз  санасында  қорыту, 

бағалау  арқылы,  өн  бойынан  сүзіп  өткізгеннен  кейін  ғана  олар  себепке 

айналады,  бірақ  біреу  үшін  қылмыс  жасауға  жеткілікті  себеп  болып 

табылатын  фактор  екінші  біреу  үшін  себеп  емес,  керісінше,  жігерді 

қайраушы  жағдай  болуы  мүмкін.  Мысалға,  жеңіл  ойға  бой  алдыратын 

адам  үшін  жұмыссыздық  атты  фактор  қылмыс  жасау  үшін  жеткілікті 

себеп  болса,  келесі  біреу  оны ‘’құдайдың  жіберген  сынағы’’  деп 

бағалайды. Сондықтан,  қылмыстылықтың  пайда болатын бастауларын 

ашу  кезінде  себептер  мен  өзге  де  жағдайларды  бағалайтын  қылмыс 

жасаушы адамның да жеке қасиеттерін айқындап, зерттеудің де маңызы 

зор.  Сонымен,  криминологияның  пәнін  құрайтын  келесі,  төртінші 

компонент - қылмыскердің тұлғасы.



 

Осыған дейін криминология әжептәуір нәрселерді зерттеп тастаған 

сияқты, бірақ қылмыстылықтың пайда болуына әсер ететін тағы бір жай 


 

 

8



бар,  ол - жәбірленушінің  мінез-құлқы.  Кейде  жәбірленушілердің  өздері 

қылмыс  құрбаны  болуға  тікелей  үлес  қосады,  не  болмаса,  тікелей  оны 

ұғынбаса  да  жанама  түрде  себепкер  болады.  Айталық,  толық  таныс 

емес,  кездейсоқ  адамдарды  үйге  әкеліп  спирттік  ішімдік  ішеді,  не 

болмаса  ұрыс-керіс  үстінде ‘’Қане,  ұршы  мені,  ұра  алмайсың,  еркек 

емессің’’  деген  сияқты  сөздермен  қайрайды.  Егер  де  болашақ 

жәбірленушілер  өздері  үлес  қоспағанда,  не  себепкер  болатын 

жайлардың  алдын  алып  жүргенде  әлде  қалай  болар  еді.  Сондықтан, 

криминология жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын зерттеуді 

өз мойнына алады және ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның 

зерттеу  пәніне  кірмейді  (қылмыстық  іс  жүргізу  оларды  тек  қорғауды 

жүзеге асырады). 



 

Бірақ  криминологияның  шаруасы  мұнымен  де  түгесіліп  қалмайды. 

Өйткені,  қылмыстылық  пен  оның  себеп-жағдайларын  анықтағаннан 

жарытып пайда келмейді. Осы ғылымның және оның ғана емес, барлық 

қылмыстық-құқықтық  циклдегі  құқық  салаларының  басты  мақсаты - 

қылмыстылықты  болдырмау,  яғни  оның  алдын  алу.  Қылмыстық 

құқықтық бағыттағы құқық салалары мен олардың ғылымының да қоғам 

үшін  керегі - қылмыстылықтың  алдын  алу  үшін  күресетіндігінде.  Осы 

жерде ‘’Өз өзіне қарсы шығатын екі-ақ ғылым бар’’ деп те қалжыңдауға 

болады,  яғни  бірі - медицина,  екіншісі - қылмыстық-құқықтық  циклдегі 

ғылымдар.  Қалжыңдап  айтқанда,  медик  сырқат  болмас  үшін  күреседі, 

бірақ  сырқат  жоқ  болса,  дәрігерге  жұмыс  та  жоқ,  дәл  сол  сияқты, 

қылмыспен  күресетін  мамандар  қылмыс  болмасын  дейді,  болмаса, 

оларға да жұмыс жоқ. Әрине, мұның тек қалжың екенін ұмытпаған жөн, 

әйтпесе,  қатты  жұмыс  істеп  кетсек,  жұмыссыз  қалады  екенбіз  деп 

ойлауға әсте болмайды. 



 

Қорыта  айтқанда,  криминология  ғылымының  пәнін  құрайтын  

келесі, алтыншы компонент - қылмыстылықтың алдын алу.

 

Қылмыстылықтың  алдын  алу  үшін  де  белгілі  бір  әрекеттер 

жасалуы  керек.  Соның  бірі - қылмыстылықты  болжау.  Мысалға,  А. 

пункітінен  Б.  пункітіне  бір  машина  шықты  деп  есептейік  және  оған 

жететін бес жол бар. Осы автокөлікті жылжып келе жатқан қылмыстылық 

деп есептесеңіз,  оны тоқтату - оның алдын алу. Тоқтату үшін, әлбетте, 

оның  қай  жолмен  жүретіндігін  білу  керек,  әйтпесе,  бос  әуре  болады, 

барлық  жолдарды ‘’мемлекет’’  жауып  тастай  алмайды.  Қай  жолмен 

жүретіндігін  білу  дегеніміз - оны  болжау.  Демек,  криминогияның  пәнін 

криминологиялық болжау да құрайды.

 

Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:



 

1) қылмыстылық; 

2) қылмыстылықтың себептері; 

3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары; 

4) қылмыскердің тұлғасы; 

5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы; 

6) қылмыстылықтың алдын алу; 

7) криминологиялық болжау.  

 

 

9



Кейбір  авторлар,  осы  тізімге  тағы  бір  компонентті  қосады,  ол - 

криминологиялық зерттеулердің әдістері. Басқа бір авторлар оған қарсы 

шығады.  Қосқысы  келетіндер  өз  ұмтылысын  криминология  ғылымының 

сан  салалы  болғандықтан,  онда  өз  қанынан  өзгенің  қаны  көп  екендігін 

ескеріп, оның әдістері де сан қилы болып келетіндігімен түсіндіреді. Сол 

себептен,  жан  жақтан  құралған  ғылыми  тәсілдерді  (социологиялық, 

статистикалық,  психологиялық,  биологиялық,  математикалық  т.б.)  бір 

жерге біріктіру де аталған ғылым пәніне ену қажет деп есептейді.



 

Ал  оған  қарсы  шығатындар  кез  келген  ғылымның  пәні ‘’нені 

зерттейді?’’  дегенді  білдірсе,  оның  әдістері ‘’қалай  зерттейді?’’  дегенді 

білдіреді дейді, яғни ‘’нені зерттейдіге’’ ‘’қалай зерттейдіні’’ қосу орынсыз 

деп санайды олар. 

 

2.  Криминологияның  түсінігі.  Жоғарыда  тізімі  келтірілген 

криминология  пәнінің  компоненттерін  қолдана  отырып,  оның  түсінігін 

беру - анықтама берудің ең оңай жолы, яғни криминология дегеніміз - 

қылмыстылықты,  оның  себептерін,  жеке  қылмыстардың  себептері  мен 

жағдайларын,  жәбірленушінің  мінез-құлқы  мен  тұлғасын,  қылмыскердің 

тұлғасын,  сондай-ақ  қылмыстылықтың  алдын  алу  мен  болжауды 

зерттейтін  салааралық  ғылым.  Не  болмаса,  ғалымдардың  бір  шоғыры 

осылардың  бәрін  тізбектеп  жатпай  қысқартылған  да  анықтама  береді, 

олардың  айтуынша  криминология - қылмыстылықты,  оның  себептерін 

және қылмыскер тұлғасы мен қылмыстылықтың алдын алуды зерттейтін 

салааралық  ғылым  саласы.  Олар  жоғарыда  айтылған  компоненттерді 

жоққа  шығармайды,  бар  болғаны  оларды  ірілендіріп  біріктіреді,  яғни 

қылмыстылықтың  себептерін,  жеке  қылмыстардың  себептері  мен 

жағдайларын,  сондай-ақ  жәбірленушінің  мінез-құлқы  мен  тұлғасын 

қылмыстылықтың  себептеріне  шоғырландырса,  қылмыстылықтың 

алдын алу мен болжауды бір деп қарастырады.



 

Криминология ғылымын басқа қырынан да келіп анықтаушылар бар. 

Бірақ  ол  негізгі  түсінікті  толықтырушы  ғана  анықтама.  Криминология 

қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері қылмыстылықты 

құрамаса  да  онымен  тікелей  байланысты  жағымсыз  құбылыстарды 

зерттейді.  Олар,  айталық,  жезөкшелік,  өзін  өзі  өлтіру,  маскүнемдік, 

наркомания  т.б.  Осылардың  бәрі  де  (қылмыстылықты  қоса  алғанда) 

әлеуметтік  ауытқулар.  Әлеуметтік  ауытқуларды  зерттейтін  ілімнің  аты - 

әлеуметтік  патология.  Бірақ  соңғы  ілімнің  айналысатын  мәселесінің 

барлығы  криминолгия  үшін  қажет  емес,  тек  оның  ішіндегі  ең  бір 

асқынған,  қоғамға  қауіпті  түрлеріне  ғана  криминология  ғылымы 

қызуғышылық танытады. Осыны ескере отырып, криминология дегеніміз 

-  әлеуметтік  патология  деп  аталатын  жан  жақты,  конгломерат  ілімнің 

өзегі болып табылады деушілер бар. 



3. 

Криминологияның  жүйесі.  Криминология  құқық  саласы 

емес. Бірақ құқық салаларына тән қасиет мұнда да бар, ол - жалпы және 

ерекше  бөлімдерден  тұру.  Криминологияның  жалпы  бөлімі  (немесе 

жалпы  криминология)  жоғарыда  аталған  өз  пәнін  (қылмыстылық,  оның 

себептері  тағы  басқалары)  жалпылама  қарастырады,  яғни  онда 


 

 

10



ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме қозғалмайды. Ал ерекше 

бөлімде  болса  (немесе  ерекше  криминология)  нақты  қылмыстылықтың 

түрлері  алынып,  жалпы  бөлімде  алынған  білімдер  нақты  қолданылады. 

Мысалға,  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығы  алынып,  тек  қана 

соның  деңгейі,  қарқындылығы,  динамикасы  (жалпы  бөлімде  барлық 

қылмыстылықтың  осындай  көрсеткіштері  зерттеледі),  тек  қана  соның 

себептері (жалпы бөлімде барлық қылмыстылықтікі), тек қана кәмелетке 

толмағандардың  жасаған  қылмысын  жәбір  шегетіндердің  мінез-құлқы 

мен  тұлғасы,  тек  қана  кәмелетке  толмаған  қылмыскердің  тұлғасы,  тек 

қана  осы  қылмыстылықтың  түрінің  алдын  алу  мен  болжау  сөз  болады. 

Дәл 

осы 


сияқты 

әйелдердің 

қылмыстылығы, 

рецидивистік 

қылмыстылық,  кеден  қылмыстылығы,  коррупциялық  қылмыстылық  т.б. 

жөнінде де осылай айтуға болады.  



 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал