Оқулық Алматы, 2014 Әож 577 (075. 8) Кбж 28. 072я73 к 98



жүктеу 1.59 Mb.

бет7/14
Дата22.04.2017
өлшемі1.59 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

 
Д  
у,  8
  жэне  в деп  аталады. 
а, 
fi,  8
  жэне 
е
  ферменттері 
ядрода, ал 
у
 ферменті митохондрияда кездеседі.
66 
10-ТАРАУ 
Нуклеин қышқылдарының биосинтезі: репликация
Эукариоттық ДН Қ  полимеразаларынын  касиеттері
Мае с асы (кДА)
Табиғи
Каталитикалық негізі 
Басқа суббөліктері 
Орналасуы 
Қосымша қасиеттері 
3'—>5' экзонуклеазадық 
Праймазалық 
Қасиеттері
Процессивтілік 
Нақтылық 
Репликация
Репарация 
_______
Мэлімет көзі: Komberg, A., and Baker,  ТА.,  1992. DNA Replication, 2nd ed. New-York:  WH. Freeman & Co
Ядро
Ядро
Ядро
Ядро
Митохондрия
Жоқ
Бар
Бар
Жоқ
Бар
Бар
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Бар
Төмен
Жоғары
Жоғары
Төмен
Жоғары
Жогары
Жогары
Жоғары
Төмен
Жогары
Бар
Бар
Бар
Жоқ
Бар
Жоқ

Бар
Бар
Жоқ
10.4-KECTE
Эукариоттық  полимеразалардың  прокариоттық  ‘полимеразалармен 
қандай ұқсастыгы бар?
Суббөліктері ең көп болатын 
а
 полимеразасы (Pol а) тұңғыш болып табылды. Оның 
праймерлерді жасау қабілеті бар, бірақ оның 3'—*-5’ түзету қасиеті жэне процессивтілігі 
төмен  болады.  РНҚ  праймерді  синтездегеннен  кейін  Pol 
а
 
ферменті  шамамен  20 
нуклеотидті қосады да, Pol 8 жэне е-мен алмастырылады.  Pol 8 эукариоттардың негізгі 
полимеразасы болып табылады. Ол 
PCNA {proliferating cell nuclear antigen
 -  клегкалық 
пролиферациялаушы ядролық антиген) атты арнайы белокпен арақатынасады. 
PCNA -  
прокариотгардың  қысқыш  пішінін  түзетін  Pol  III  суббөлігінің (р)  қызметін  атқаратын 
эукариоггық фермент.  Ол ДНҚ-ны қоршайтын үш бірдей молекуланың тримері болып 
табылады  (10.21-сурет).  ДНҚ-полимераза  е  қызметі  анық  емес,  дегенмен  жақында 
жасалган тәжірибелер оның жетекші тізбектің синтезіне қатысатыны туралы мәліметгер 
бар.  Сонымен  қатар,  ол  Pol  8  ферментін  артга  қалған  тізбеісгің  синтезінде  алмас- 
тыра апады. ДНҚ-полимераза р репарациялық фермент болып табылады. Pol 
у
 
ферменті 
митохондрияда ДНҚ репликациясын  жүзеге  асырады.  Жануарлардан  бөлініп  алынған 
бірнеше  ДНҚ-полимеразаларының  экзонуклеазалық  белсенділігі  төмен  болды  (а  мен 
Р  ферменттері).  Осы  қасиеттері  бойынша  эукариотгық  ферменттер  прокариоттық
ферментгерден  ерекшеленеді.  Жануарлар  клеткаларында  бөлек  экзонуклеолитикалық 
ферменттер болады. 
\  
^  
л
г
.
,
»
Д
і
.»* ftjf e - -f
Эукариоттық репликативтік айыр
Эукариотгардың  ДНҚ  репликациясының  негЬгі 
қадамдары 
прокариоттық 
репликацияға ұқсас  келеді.  Айырмашылықтар  10.5-кестеде  көрсетілген.  Эукариоттар- 
ДЫҢ репликациясы да жартылай консервативті механизм бойынша іске асады.

Биохим ия 
67
Б И О Х И М И Я Л Ы Қ   Б А Й Л А Н Ы С Т А Р
ЕМДЕУ ІСІ
Т елом ераза ж эне ісік
Сызықты 
ДНҚ 
молекуласының 
репли­
кациясы  молекулалардың  ұштарында  қиын- 
шылықтар 
тудырады. 
Синтезделетін 
ДНҚ 
тізбегінің  5'-ұшында  қысқа  РНҚ тізбегі  болады. 
Сакиналы  ДНҚ  тізбегінің  репликациясында 
қиыншылыктар  болмайды,  себебі  ДНҚ  поли­
мераза  I  РНҚ  праймердің  5'-ұшынан  келеді 
де,  сақиналы  ДНҚ  репликациясын  аяқтаған 
кезде  РНҚ  праймерді  ДНҚ-мен  алмастырады. 
Дегенмен, сызық тәрізді ДНҚ-да бұл жағдайдың 
болуы  мүмкін  емес.  Матрицалық  ДНҚ-ның 
5'-ұшы 
қиыншылық 
тудырмайды, 
себебі 
ДНҚ  полимераза  5'-ұшынан  бастап,  3’-ұшына 
қарай  соңғы  РНҚ  праймерден  бастай  алады. 
Матрицалық  ДНҚ-ның  3'-ұшы  қиыншылық 
тудырады,  дегенмен  -   суретті  (А)  қара.  Жаңа 
тізбектің  5'-ұшында орналасқан  праймер  (келесі 
бетте  жасыл  түспен  көрсетілген)  алмастырыла 
алмайды.  Барлык  ДНҚ-полимеразалар  прай- 
мерді  қажет  ететінін  ұмытпаңыз.  Праймер 
алдында  ештеңе  жоқ,  сондықтан  РНҚ  праймер 
алмастырылмайды.  РНҚ  тұраксыз  жэне  біраз 
уақыттан  кейін  ыдырайды.  Нәтижесінде  белгілі 
бір механизм табылмағанша, ДНҚ эр репликация 
циклы сайын қысқарып отырады.
Эукариоттық 
хромосомалар 
ұштарында 
теломер  атты  арнайы  құрылымдар  болады. 
Теломер 
қайталанатын 
ДНҚ 
тізбектерінен
39
59
■59
-39
39
а
Теломераза
•59
-39
И И И И Н И И И
Праймер үтігі
Н Ж
р   59 
ДН К полимераза
и ч н н н
■ и - и - и
тұрады. Адамның сперматозоиды мен жұмыртқа 
клеткасының 
ДНҚ-сында 
теломер 
тізбегі 
5'-ТТАГГТ-3'  болады  жэне  ол  1000-нан  ас-там 
рет  қайталанады.  Қайталанып  отыратын  ДНҚ 
кодтамайтын  және  ДНҚ  тізбегінің  ыдырауын 
тежейтін  тізбек  қызметін  атқарады.  Кейбір 
мәліметтер  теломерлер  ұзындығының 
өмір 
ұзақтығымен  байланысын  сипаттайды  жэне 
көптеген  зертгеушілер  теломерлерді  жогалту 
табиғи  қартаю  процесімен  тығыз  байланысты 
деп  есептейді.  Нэтижесінде  ДНҚ  көптеген 
қысқарулардан  кейін  өмірге  кабілетсіз  болады 
да, клетка өледі.
Дегенмен,  ұзын  теломері  болса  да,  клетка 
бәрібір  өледі.  Осы  жагдайдың  болмауын  тело­
мераза  ферменті  қамтамасыз  ете  алады.  Бұл 
фермент  теломерлер  синтезін  іске  асырады 
(суреттің  Ә  бөлігін  қара).  Теломераза  ферменті 
-   теломерге  комплементарлы  болатын  РНҚ 
бөлігі  бар  рибонуклеарлы  белок.  Адамдарда 
РНҚ  бөлігінің  тізбегі  5'-СССиАА-3'  болады. 
Теломераза  хромосома  ұшындағы  5'-тізбекпен 
байланысып, 
өзінің 
кері 
транскриптазалық 
белсенділігінің 
көмегімен, 
ДНҚ-ны 
оның 
3'-ұшында 
синтездейді 
(қызыл 
түспен 
көрсетілген)  және  бұл  жагдайда  оның  РНҚ-сы 
матрица болады. Осының арқасында матрицалык 
тізбек  (күлгін  түспен  көрсетілген)  элонгациясы 
іске асады да, теломерлер ұзарады.
Теломер репликациясы.
(а)  қалыңқы  тізбектің  реплика­
циясында  қысқа  РНҚ  праймерлер 
қосылады 
(ақшыі  қызыл)  және 
ДНҚ  полимеразамен  үзартылады. 
Әр  тізбектің  5-үшындагы  прай­
мер 
алынганда 
оның 
орнында 
репликацияның 
келесі 
ауданын- 
да  оқылатын  тізбек  қаімайды. 
Нәтилсесінде  тЬбектің  5'-ұшында 
үзік түзіледі.  (ә)  жүлдызшалар ДНҚ 
репликация  көмегімен  көшіріле  ал- 
майтын тізбектерді көрсетеді.  Тело- 
меразачен  теломерлік ДНҚ-ны  син- 
тездеу 5 '-ұштарды үзартады.
39
39
59
-------1
Пранмср уііп
Эукариоттарда  да  үздіксіз  түрде  репликацияланатын  5'—►З'  жетекші  жэне  үзіліп 
репликацияланатын  3'—>5'  қалыңқы  тізбектері  болады.  РНҚ  праймер  спецификалық 
ферментпен  синтезделеді,  бірақ  праймазалық  белсенділік  Pol  а  ферментіне  қатысты 
болады.  Эукариоттық  репликативті  айырға  қатысатын  құрылымдар  10.22-суретте
көрсетілген.

68 
10-ТАРАУ
Нуклеин қышқылдарының биосинтезі: репликация
БИОХИМ ИЯЛЫ Қ  БАЙЛАНЫ СТАР
(ЖАЛҒ АСЫ)
Теломер  табиғаты  белгілі  болғаннан  кейін 
зерттеушілер  оны  «жастық  фонтаны»  деп 
атады.  Егер  біз  оның  қалай  ясұмыс  істейтінін 
түсінетін  болсак,  клеткалар  (мүмкін  жеке 
организм)  ешкашан  өлмес  еді.  Жақында 
жасалған  жұмыстар  теломераза  ферментінің 
қан 
клеткалары, 
ішек-қарын, 
тері 
мен 
т.б.  қарқынды  өсетін  ұлпаларда 
белсенді 
болатынын  және  жетілген ұлпаларда 
белсенді 
еместігін
  анықтады.  Жетілген  үлпалардың 
клеткалары 
бөлінген 
кезде, 
олардың 
теломерлері  қысқарады.  Нәтижесінде  ДНҚ
©   Сызыкты матриианын
Матрицалык тізбек
Сызыкты 
хромосома үіпи
РНҚ
праймер
V
Праймер жойылган кезде хромосоманың 
осы бөлігі жогалады
©   Теломераза жұмыс істеу механизм! 
РНК-сы кері транскрипцнянын
Теломеразаның РНҚ-сындағы 
ДНҚ-нын узаруы
III
3’
(
  Теломераза
П
Теломеразаның 
РНҚ матрнцасы 
^
Жетекші тізбектің 
3'-ұшы ұзарады
РНҚ праймер
Қалыңкы тізбек  полимера замен 
узартылады
оөліп  кетеді,  өмірге  қажето  ген  жогалады 
жэне  клетка  өледі.  Бұл  қалыпты  қартаю  мен 
өлім процестерінің механизмі бола алады.
Теломераза 
ферментінің 
ісік 
клетка- 
ларында  қайта  белсенденуі  үлкен  тосын 
оқига  болды.  Бұл  олардың  өлмейтіндігін 
және  карқынды  бөлінуі  мен  өсуінің  себебі 
бола  алады.  Зерттеулер  ісік  терапиясына 
жол  ашты:  егер  біз  ісік  клеткаларында 
теломеразаның  қайта  белсенделуін  тежей 
алсак,  ісік  табиғи  жолмен  ыдырай  алады.
Теломеразаны  зерттеу  мұзтаудың  тек  шыңы 
гана.  Теломеразадан  басқа  хромосомалардың 
тұтастығын сақтайтын механизм болуы керек.
13-тарауда  сипатталатын  эдістің  көмегімен 
зерттеушілер  теломеразасы  болмайтын  гене­
тикалык  модифицирленген  тышқан  алды.
Тышқанның 
теломерлері 
эр 
репликация
қысқарып  отырды,  бірақ 
соңында  барлык  хромосомалардың  қысқаруы 
тоқтады. 
Нәтижесінде 
хромосомалардың 
ұзындығын  реттейтін  басқа  механизмнің 
болуы  мүмкін  екендігі  анықталды.  Қазіргі 
таңда 
теломерлерді, 
рекомбинация 
мен 
ДНҚ  репарациясы  аймақтарында  зерттеу 
жұмыстары жагіғастырылуда. 
\
Оказаки  фрагменттерінің  (эукариоттарда  эдетте  150-200  нуклеотидтен  тұрады) 
түзілуі  Pol 
cl
 
ферментімен  басталады.  РНҢ праймер алынғаннан жэне бірнеше нуклео­
тид  қосылганнан  кейін  полимераза  диссоциацияланады  да,  Pol  8  мен  байланысқан 
PCNA  белогымен  алмастырылады. 
RFC
  (С  репликация  факторы  -   replication  factor 
С)  атты  белок  Pol  5  мен  PCNA  байланысын  орнатады.  РНҚ  праймер  ыдырайды, 
бірақ  эукариоттарда  FEN-1  жэне  RNase  HI  деп  аталатын  ферменггер  РНҚ-ны 
ыдыратады.  Pol  5  ферментінің  тізбек  бойымен  жылжуы  нэтижесінде  пайда  болған 
үзіктер  нуклеотидтермен  толтырылады.  Прокариоттық  репликациядағы  сияқты 
топоизомеразалар  бұралу  деформациясын  жеңілдетеді  жэне  RPA  аггы  SSB  белок  бір
циклы  сайын

Б иохим ия 
69
тізбекті ДНҚ-ны ыдыраудан сақтайды. Соңында, ДНҚ лигаза ферменті фрагменггердің 
арасында қажеггі байланыстар түзеді.
10.5-КЕСТЕ
Эукариотты к ж ән е  прокариоттык Д Н Қ  репликацияларының айырмашылықтары
Прокариоттар
Эукариоттар
Бес полимераза (I, И, III, IV, V) 
Полимеразалардың функциялары:
Бес полимераза (а, р, у, о, 
е) 
Полимеразалардың функциялары:
I -  синтез, түзету, репарация жэне РНҚ 
а  -  полимеризациялаушы фермент.
праймерді жоюға қатысады.
II -  репарацияға қатысады.
III -  негізгі  полимеризациялаушы 
фермент
IV, V -  қалыпсыз жағдайдағы 
репарациялаушы ферменттер
Полимеразалар экзонуклеазалар
қызметін атқарады.___________
Бір репликация ориджині болады 
Оказаки фрагменттері  1000-2000 
нуклеотидтен тұрады.
ДНҚ-мен ешқандай белок 
байланыспайды.
Р -  репарациялаушы фермент.
у -  митохондриалды ДНҚ синтезін іске
асырады.
8 -  негізгі полимеризациялаушы 
фермент, 8 -  жетекші тізбекті 
репликациялайтын фермент 
Барлық полимеразалардың 
экзонүклеазалық қасиеті болмайды.
Бірнеше репликация ориджині болады 
Оказаки фрагменттері  150-200 
нуклеотидтен тұрады.
ДНҚ-мен гистондар байланысады.
Прокариоттык  жэне  эукариоттық  репликациясының  ең  маңызды  айырмашылық- 
тарының  бірі  ретінде  прокариоттық  ДНҚ-ның  гистондармен  байланыста  болмауын 
атап  кетуге  болады.  Гистондардың  биосинтезі  ДНҚ-ның  биосинтезімен  бірге  жүреді. 
Эукариоттык репликация  кезінде гистондар түзілгеннен кейін тез арада ДНҚ-мен бай­
ланысады.  Эукариоттық  ДНҚ  репликациясы  БИОХИМИЯЛЫҚ  БАЙЛАНЫСТАР: 
ЕМДЕУІСІ бөлімінде  жақсы сипатталған.
PCNA
Полимераза 6
Жетекші тіэбек 
матрнцасы
Жаңадан синтезделген 
жетекші 
тізбек
Хелнказа (Т антигені)
5’
3'
Топоизомераза
Калынкы тізбск матрнцасы
Праймаза
Жанадан синтезделген
квлынкы 
тізбек
ДНҚ  і
лигазаі
ДНҚ полмераза а
Полимераза  6
FEN-1
10.22-СУ PET.  Э укариотты к репликативті  айы рды ң  нсгізі. 
Праймазалық белсенділік ДНҚ полмераза а-мен 
байланысты.  Бірнеше нуклеотид енгеннен кейін ДНҚ полимераза S байланысады мсэне синтездің  көп  бөлігін 
жүргізеді. FEN-1 және РНҚаза Н ферменттері РНҚ праймерлерін жояды.

70 
10-ТАРАУ
Нуклеин қышқылдарынын биосинтезі: репликация
Б И О Х И М И Я Л Ы Қ   Б А Й Л А Н Ы С Т А Р  
ЭВО ЛЮ Ц И ЯЛЫ Қ БИОЛОГИЯ
Ө здігінен  р е п л и к а ц и я л а н а т ы н   Р Н Қ -л а р
Бұл  тарау  ДНҚ  репликациясына  арнал- 
ғанымен, 
РНҚ 
репликациясы 
зерттеудің 
қызулы 
аймағының 
бірі. 
«РНҚ 
әлемі» 
гипотезасының  қолдаушылары  тұқым  қуа- 
лайтын  тұңғыш  молекула  -   РНҚ  болғанына
-   қарапайым  қосылыстарды  алып,  оларды 
күрделі  молекулаға  айналдырған  алғашқы 
молекула  екеніне  сенеді.  Эволюцияның  қалай 
басталғанын 
көрсету 
үшін 
зерттеушілер 
планетада  тіршіліктің  басталуына  дейін  және 
кейін  пайда  болған  молекулалар  арасындағы 
байланысты  табулау  керек.  Негізінде,  зерт- 
теушілер пробиркада тіршілік ететін организм 
алғысы  келеді.  Егер  зерттеушілер  қолдан, 
жасанды  өмір  жасай  алатын  болса,  олар 
эволюцияның  миллиард жылдар  ішінде  қалай 
іске асқанын  көрер еді.
Өткен  жылдың  қаңтарында,  Джеральд 
Джойс  пен  Трэйси  Линкольн  мақала  жария- 
лады.  Олар  мүмкіншіліктері  шектеулі  жағ- 
дайда  көбею,  өзгеру  жэне  бәсекелесу  қабілеті 
бар 
кіші 
РНҚ 
молекулаларын 
жасады. 
Зертгеуді  олар  24  РНҚ  үлгісінен  бастады. 
Олардың  барлығы  көбейе  алады,  бірақ  көбею 
деңгейлері  эртүрлі  болды.  Кейде  синтез  қате 
жүреді  де,  мутациялар  орын  алды.  Кейбір 
мутациялар  өмір  сүру  қабілетін  арттырды 
да,  әлсіздердің  орнын  алмастырды.  Жүйе  100 
сағат  боиы  жұмыс  істеді.  Осы  уақыт  ішінде 
олар репликацияланатын  молекулалардың ам- 
плификациялану дәрежесінің  1023 есеге дейін 
көтерілгенін  байқады.  Бастапқы  молекулалар 
өліп,  басқа  молекулалармен  алмастырыл-
ды.  Нәтижесінде  олар 
in  vitro
  жағдайындағы 
химиялық эволюцияны  көрсетті.
Эволюция ны 
биологтар 
үшін 
зерттеу- 
лер  өте  қызықты  болды,  алайда  олар  эво- 
люцияның  өзін  дәлелдей  алмады.  Тіршіліктің 
анықтамасына  көптеген  аспектілер  кіраді 
жэне  репродукциялық  сәтгілік  олардың  бірі. 
РНҚ 
молекулаларының 
репродукциялык 
қасиетін  анықтау  үлкен  кадам.  Бұл  олар- 
дың  дамуын  сипаттайды.  Келесі  қадам  РНҚ 
молекулаларының  дамуы  мен  жаңа  қасиет- 
терге  ие  болуын  дәлелдеу  болып  отыр.  Бұл 
зерттеудің  маңызды  аймағы  болып  отыр  жәНе 
ғалымдар оның жетіспейтін бөліктерін зерггеу 
үстінде. 
і  ' 
‘Ц
.T v   •
*
т Ш - Ш Ш :
• 
л:і

t х
һ Лш jf J
 
4«VV
г
ТҮИІН
Зерттеушшер  рет икацт нъщ \ж арт ьт ай 
консервативті 
е к е н ін  
қалай 
аньщтады? Е.соіі
  бактериясы  азот  көзі  l5NH4Cl  болатын  қоректік  оргада  өсірілді 
Осындаи  қоректік  ортада  жаңадан  пайда  болған  барлық  азоггық  қосылыстар 
N -мен  таңбаланады.  l5N-MeH  таңбаланған  клеткалар  тек  ,4N   бар  қорекгік  оргаға 
тасымалданды.  Өсуцің  эр  циклынан  кейін  ДНҚ  үлгісі  алынып,  тығыздық- 
градиентінде  центрифугалау  эдісінің  көмегімен  талданды.  I5N   мен  141М-нщ  50/50 
қатынасы  бар  ДНҚ  қоспасы  пробирканың  ортасында  орналасады.  50/50  гибридті
ДНҚ бір ¥Рпақтан кейін талданды да, нэтижесінде жартылай консервативті репли- 
кация ашылды.

Репликация қай багытта жүреді?
 
Репликация процесі репликация ориджинінен 
екі багытта жүреді. Басқаша айтқанда, ДНҚ-ның эр тізбегі репликацияланады жэне 
эр  репликация  ориджинінен  қарама-қарсы  бағытта  екі  репликативті  айыр  пайда
болады.
Екі тізбек қарама-қарсы  багытта болса да

репликация ДНҚ-ны  бойлай  қалай 
іске  асады?
 
Өсіп  келе  жатқан  екі  тізбектің  синтезі  эртүрлі  жүреді.  Тек  жетекші 
тізбек  үздіксіз  түрде  5'-3'  багытта  3'-5'  матрицасында  синтезделеді.  Басқа  тізбек 
(қалыңқы  тізбек)  Оказаки  фрагменттері  деп  аталатын  кіші  фрагментгер  (әдетте, 
1000-2000  нуклеотид)  көмегімен  жартылай  үздіксіз  түрде  синтезделеді  Қалыңқы 
тізбектің фрагменттері ДНҚ лигаза ферментінің көмегімен бір-біріне жалғанады.
Супер спираіъденгенДНҚ-да репликация қалай іске асады 
?
 ДНҚ- гираза ферменті 
репликативті  айыр  алдында  теріс  суперспирапьдар  түзеді  де,  репликацияның 
жалғасуына  жағдай  туғызады.  ДНҚ  гираза  ферменті  бұралу  деформациясын
жеңілдетеді.
Репликацияга  дайын  бір  тізбекті  ДНҚ  қалай  қоргалады 
?
  Жалғыз-тізбекпен 
байланысатын  белок  (single-strand  binding  protein  —  SSB)  ДНҚ-ның  бір  тізбекті 
аудандарымен берік байланысады да, оларды нуклеазалар әсерінен сақтайды.
Праймерлер қайдан пай да болады?
 
Праймаза атты фермент ДНҚтізбегін матрица 
ретінде  пайдаланып,  ДНҚ  синтезіне  қажетті  комплиментарлы  РНҚ  тізбектерін
синтездейді.
Түзету  процесі  репликация  нақтылыгын  қалаи  жақсартады?
 
Сутектік
байланыстардагы  қателер  арқасында  дұрыс  емес  нуклеотидтің  енуі  әр  1 0 Ч 0 5 
жұп  нуклеотид  сайын  орын  алады.  Дегенмен,  ДНҚ  полимераза,  түзету  қасиетіне 
байланысты дүрыс емес  нуклеотидтерді эр  109- 10 И) негіз сайын түзете алады.
Репликация  клетканың  бөлінуЫен  қалай  байланысқан?
 
Клетканың  бөлінуі 
кезінде  репликация  бірнеше  белоісгардың  эссріне  (ориджинді  танитын  кешен, 
рспликацияны  активтейтін  белок  пен  репликацияны  лицензиялаушы  факторлар) 
тәуелді  болады.  Процесс  G,  жэне  S  кезеңдерінде  синтезделген  циклиндер  атты
белоктар көмегімен реттеледі.
Эукариоттық  палимеразалардың  прокариоттық  паличеразаіарчен  қандай 
ұқсастыгы  бар?
 
Эукариоттарда  бес  полимераза  болады.  Олар  а-дан  е-га  дейін 
белгіленеді.  Негізгі  полимеризатор  қызметін  8  атқарады.  Полимеразалар  өлшемі, 
күрделілігі,  процессивтілігі  мен  экзонуклеазапық  жэне  репарациялық  белсенділік 
бойынша ерекшеленеді. ү ферменті  митохондрияда, ал  қалгандары  ядрода болады.
Б и о х и м и я 
71

ШОЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Жаттығулардың интерактивті түрі OWL вебпарағында қолжетімді
72 
10-ТАРАУ 
Нуклеин қышқылдарының биосинтезі: репликация
10.1  Клеткадагы генетикалық ақпараттың ағымы
1. Еске түсіріңіз. 
Репликация, транкрипция, трансляцияга аны қтама 
беріңіз.
2.  Ойланыңыз  және  қолданыңыз. 
Төмендегі  анықтама  ш ындыққа 
жатады 
ма 
әлде  жатпайды  ма?  Неге?  «Клеткадагы  генетикалық  ақпараттың  агымы 
ДНҚ 
РНҚ—*белок болады».
дұрыс
дұрыс
10.2 
ДНҚ 
р е п л и к а ц и я с ы
4. Е ске түсіріңіз. Неге Д Н Қ  репликациясы жартылай консервативті деп аталады?
Осы  процестің  жартылай  консервативті  болатындығының  тэж ірибелік  дэлелі
қандай?  Егер  репликация  консервативті  болған  ж ағдайда  тәжірибелерден  қандай 
нәтиже күтер едіңіз?
5.  Е ск е  түсіріңіз.  Репликациялық  айыр  деген  не?  Неге  ол  репликация  үшін 
маңызды?
6. Е ске түсіріңіз. Репликация ориджинінің құрылымдық қасиеттерін сипаттаңыз.
7. Е ске түсіріңіз. Репликация үшін Д Н Қ  спиралін тарқату процесі неге маңызды?
8.  О й л а н ы ң ы з   ж ән е  қ о л д а н ы ң ы з.  Д Н Қ   репликациясыны ң  жартылай 
консервативті 
табиғатын 
дэлелдеген 
М езельсон-Сталь 
тәж ірибесіндегі 
экстракциялау әдісінің көмегімен қысқа Д Н Қ  фрагменттері түзілді. Осы тәжірибеде 
ұзын Д Н Қ  фрагменггерін қолданған кезде қандай нэтиже алар едіңіз?
9. О й л а н ы ң ы з  ж ән е қ о л д а н ы ң ы з.  Д Н Қ  спиралін тарқатусыз репликациясының 
іске асуына жағымсыз әсердің себебін табыңыз.
10.3 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал